Жаңалықтар

Көшпенділердің жерлеу рәсімі

Көшпенділердің жерлеу рәсімі Түріктер заманындағы жерлеудің сипатты белгісі — адамды атымен бірге жерлеу ғұрпы. Түрік заманынын Шығыс Қазақстан мен Алтайдағы, Жетісудағы обалары құрылымы және олжалары жағынан өте жақын. Жерлеудің сыртқы белгілері — тастан немесе топыраққтан уйілген аласа үйінділер, олардың астына әдетте тік немесе төрт бұрыш түрінде қаланған қабірлер. Өлік жерден сопақша етіп қазылған шұңқырға жерленген, өлікпен бірге киім- кешектері, сәндік заттары, қаруы қойылған. Аттың өлігін қуысқа, шұңқырдың түбінен жоғары таман, аяқтарын бүгіп бүйірінен салған. Кейде аттың орнына қабірге оның басы және кесек еттерін немесе тұяқтарымен бірге терісін көмген. VI — X ғасырлардағы қабірлердің көбі Шығыс Қазақстандағы Ертіс аңғарында зертгелді. Бұлар — Трофимовка-1 және 2, Зевакин, Покровка, Качира жоне Боброво-1 және 2 қорымдары, Бұқтырма СЭС-і су қоймасының аймағындағы зираттар. Қорымдағы обалардың бірінші тобының топырақ үйінділері бар. Обалар топ-топ болып орналасқан. Қабір үстіндегі үйінділердің диаметрлері 6 метрден 12 метрге дейін, биіктігі 15—50 сантиметрге жетеді. Қабірлер қайың бөренелермен жабылған. Еркектердің қабірлеріндегі заттар: қару-жарақ, ер-тұрман, әйелдер қабірлерінде — тұрмыс заттары, әшекейлер болып келеді. Қабірлерден сондай-ақ жылқы қаңқаларының жекелеген бөлшектері (бас, аяқ сүйектері) табылды. Қой сүйектері және қыш ыдыстардың сынықтары ас беру ғұрпының болғанын білдіреді. Обалардың екінші тобынан оба астында және қабір шұнқырында өліктердің өртелгенін көрсететін қалдықтар табылды. Боброво-2 қорымы обаларының бірінен өртенген сүйектердің қалдықтарымен бірге үш аттың қаңкасы, қару-жарақ, ат әбзелдерінің қалдықтары, тұрмыс заттары және әшекейлер, қыш ыдыстар шықты. Ертістің жоғарғы бойында IX—X ғасырлардағы обаларда өлікті өртейтін ғұрып бойынша үйілген тастың немесе топырақтың астына, не тастан қаланған қоршауда жекелей және бірнеше адамды жерлеген қабірлер анық- талды. Өлік басқа бір жерде өртеліп, содан кейін күлін жерлейтін жерге көміп, оның үстіне оба тұрғызылатын болған. Тұрмыс заттары мен ат әбзелдерін жерлеген адаммен бірге салған. Екі обадан қару-жарақ заттары табылды. Түріктердің VI — IX ғасырлардағы атпен қоса жерлейтін едәуір көп обалы қорымдары бар, соның ішінде ең үлгілісі Күдіргі болып табылатын Шығыс Қазақстан мен Алтайға қарағанда Қазақстанның басқа аудандарында мұндай обалы қорымдар сирек ұшырасады. Бұлар — Жетісудағы Тастөбе, Қызылқайнар, Аламысық, Орталық Қазақстандағы Егізқайнар қабірлері. Қабірлердің сыртқы белгілері — тастан, топырақтан немесе олар араластырылып үйілген аласа оба үйінділері, олардың астында жерден сопақша етіп қазылған шұнқырлар бар. Өлік ендік бағытында шалқасынан салынған. Аттың өлігі басқышқа немесе өлікпен бір деңгейге басын керісінше немесе нақ солай бағыттап орналастырылған. Олар Алтайдың өліктерді шығысқа қаратып жерлеуіне жақын. Мысалы, Жетісудағы Қырғыз жотасының етегіндегі Қызылқайнар қорымындагы түрік қабірі былайша көрінеді. Обаның диаметрі — 7 м, биіктігі — 0,3 м, тас үйілген, түбінен айналдыра тас қаланған. Үйінді астында 2 мола шұңқыры бар, олардың біреуінде басы шығысқа қаратылған өліктің қаңқасы жатты. Оң қолы денесін бойлай созылулы, сол қолы, сүйектердің жатуына қарағанда кіндігінің тұсына қойылган. Мола шұңқырынан мынадай көмілген құрал-саймандар: темір қанжар, темір саптыаяктың сынықтары, жебелердің темір ұштары, садақтың сүйек қаптырмалары, құрама белдіктің қола табақшалары, темір семсер табылды. Көршілес моладан ауыздықты аттың қаңкасы аршылып алынды — темір үзеңгі және киіз ердің қалдықтары табылды. Атпен қоса жерлеу Алматыға жақын жерден табылды, оның ерекшелігі — адам мен ат бір мола шұңқырына қойылған. Адамның өлігі басы оңтүстік- шығысқа қаратылып, ұзынынан шалқалап жатты, ал ат шұңқырдың оңтүстік бөлігінде басы солтүстік-батысқа қаратылып, аяқтары бүгіліп, сол жақ бүйірімен қойылған. Моладан садақтың сүйек қаптырмалары табылды, қаңқа сүйектерінін үстінде темір тиегі қола айылбас жатты. Айылбастың тиегінде адамның беті бедерленіп бейнеленген. Құрама белдіктен тік бұрышты 5 бастырма, белдіктің ұшы сақталған. Кеуде сүйектерінің үстінен екі күміс түйме табылды. Бас сүйектің оң жағында түйіспейтін екі шығыршықтан тұратын күміс сырға жатты. Қызылөзен қала жұртының қалалық зиратын қазған кезде Жетісуға тән атпен қосарлап жерлеудің қызықты жағдайы аңғарылды. Молада еркек пен әйелдің қабірлері аршылды, олардың басы шығысқа қаратылған, ал табалдырыққа басы батысқа қаратылып, аяқтары бүйіріне қарай бүгілген ат қойылған. Зерттеушілер оған түрік пен соғды әйелі жерленген деп жорамалдайды. Талас аңғарындағы Жамукет қаласы деп саналатын Қостөбе қаласы жұртының VI — IX ғасырлардағы зиратынан да атпен қоса жерленген өлік табылды  
04.12.2012 08:27 6863

Көшпенділердің жерлеу рәсімі
Түріктер заманындағы жерлеудің сипатты белгісі — адамды атымен бірге жерлеу ғұрпы. Түрік заманынын Шығыс Қазақстан мен Алтайдағы, Жетісудағы обалары құрылымы және олжалары жағынан өте жақын. Жерлеудің сыртқы белгілері — тастан немесе топыраққтан уйілген аласа үйінділер, олардың астына әдетте тік немесе төрт бұрыш түрінде қаланған қабірлер. Өлік жерден сопақша етіп қазылған шұңқырға жерленген, өлікпен бірге киім- кешектері, сәндік заттары, қаруы қойылған. Аттың өлігін қуысқа, шұңқырдың түбінен жоғары таман, аяқтарын бүгіп бүйірінен салған. Кейде аттың орнына қабірге оның басы және кесек еттерін немесе тұяқтарымен бірге терісін көмген.
VI — X ғасырлардағы қабірлердің көбі Шығыс Қазақстандағы Ертіс аңғарында зертгелді. Бұлар — Трофимовка-1 және 2, Зевакин, Покровка, Качира жоне Боброво-1 және 2 қорымдары, Бұқтырма СЭС-і су қоймасының аймағындағы зираттар. Қорымдағы обалардың бірінші тобының топырақ үйінділері бар. Обалар топ-топ болып орналасқан. Қабір үстіндегі үйінділердің диаметрлері 6 метрден 12 метрге дейін, биіктігі 15—50 сантиметрге жетеді. Қабірлер қайың бөренелермен жабылған. Еркектердің қабірлеріндегі заттар: қару-жарақ, ер-тұрман, әйелдер қабірлерінде — тұрмыс заттары, әшекейлер болып келеді.
Қабірлерден сондай-ақ жылқы қаңқаларының жекелеген бөлшектері (бас, аяқ сүйектері) табылды. Қой сүйектері және қыш ыдыстардың сынықтары ас беру ғұрпының болғанын білдіреді. Обалардың екінші тобынан оба астында және қабір шұнқырында өліктердің өртелгенін көрсететін қалдықтар табылды. Боброво-2 қорымы обаларының бірінен өртенген сүйектердің қалдықтарымен бірге үш аттың қаңкасы, қару-жарақ, ат әбзелдерінің қалдықтары, тұрмыс заттары және әшекейлер, қыш ыдыстар шықты.
Ертістің жоғарғы бойында IX—X ғасырлардағы обаларда өлікті өртейтін ғұрып бойынша үйілген тастың немесе топырақтың астына, не тастан қаланған қоршауда жекелей және бірнеше адамды жерлеген қабірлер анық- талды. Өлік басқа бір жерде өртеліп, содан кейін күлін жерлейтін жерге көміп, оның үстіне оба тұрғызылатын болған. Тұрмыс заттары мен ат әбзелдерін жерлеген адаммен бірге салған. Екі обадан қару-жарақ заттары табылды.
Түріктердің VI — IX ғасырлардағы атпен қоса жерлейтін едәуір көп обалы қорымдары бар, соның ішінде ең үлгілісі Күдіргі болып табылатын Шығыс Қазақстан мен Алтайға қарағанда Қазақстанның басқа аудандарында мұндай обалы қорымдар сирек ұшырасады. Бұлар — Жетісудағы Тастөбе, Қызылқайнар, Аламысық, Орталық Қазақстандағы Егізқайнар қабірлері. Қабірлердің сыртқы белгілері — тастан, топырақтан немесе олар араластырылып үйілген аласа оба үйінділері, олардың астында жерден сопақша етіп қазылған шұнқырлар бар. Өлік ендік бағытында шалқасынан салынған. Аттың өлігі басқышқа немесе өлікпен бір деңгейге басын керісінше немесе нақ солай бағыттап орналастырылған. Олар Алтайдың өліктерді шығысқа қаратып жерлеуіне жақын. Мысалы, Жетісудағы Қырғыз жотасының етегіндегі Қызылқайнар қорымындагы түрік қабірі былайша көрінеді. Обаның диаметрі — 7 м, биіктігі — 0,3 м, тас үйілген, түбінен айналдыра тас қаланған. Үйінді астында 2 мола шұңқыры бар, олардың біреуінде басы шығысқа қаратылған өліктің қаңқасы жатты. Оң қолы денесін бойлай созылулы, сол қолы, сүйектердің жатуына қарағанда кіндігінің тұсына қойылган. Мола шұңқырынан мынадай көмілген құрал-саймандар: темір қанжар, темір саптыаяктың сынықтары, жебелердің темір ұштары, садақтың сүйек қаптырмалары, құрама белдіктің қола табақшалары, темір семсер табылды. Көршілес моладан ауыздықты аттың қаңкасы аршылып алынды — темір үзеңгі және киіз ердің қалдықтары табылды.
Атпен қоса жерлеу Алматыға жақын жерден табылды, оның ерекшелігі — адам мен ат бір мола шұңқырына қойылған. Адамның өлігі басы оңтүстік- шығысқа қаратылып, ұзынынан шалқалап жатты, ал ат шұңқырдың оңтүстік бөлігінде басы солтүстік-батысқа қаратылып, аяқтары бүгіліп, сол жақ бүйірімен қойылған. Моладан садақтың сүйек қаптырмалары табылды, қаңқа сүйектерінін үстінде темір тиегі қола айылбас жатты. Айылбастың тиегінде адамның беті бедерленіп бейнеленген. Құрама белдіктен тік бұрышты 5 бастырма, белдіктің ұшы сақталған. Кеуде сүйектерінің үстінен екі күміс түйме табылды. Бас сүйектің оң жағында түйіспейтін екі шығыршықтан тұратын күміс сырға жатты.
Қызылөзен қала жұртының қалалық зиратын қазған кезде Жетісуға тән атпен қосарлап жерлеудің қызықты жағдайы аңғарылды. Молада еркек пен әйелдің қабірлері аршылды, олардың басы шығысқа қаратылған, ал табалдырыққа басы батысқа қаратылып, аяқтары бүйіріне қарай бүгілген ат қойылған. Зерттеушілер оған түрік пен соғды әйелі жерленген деп жорамалдайды. Талас аңғарындағы Жамукет қаласы деп саналатын Қостөбе қаласы жұртының VI — IX ғасырлардағы зиратынан да атпен қоса жерленген өлік табылды
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға