Жаңалықтар

Алтын Орда заманының ескерткіштері

Алтын Орда мемлекеті пайда болғаннан кейін мемлекеттер арасындағы сауда-саттық байланыстары жаңа сатыда дамыды. Өзбек хан тұсында Үстірт жазығында саудагер-көпестерге қызмет көрсететін керуен сарайлар тұрғызылған. Қазіргі таңда біздің өңірімізде орналасқан керуен сарайлардың тек төртеуі ғана белгілі. Есетмола жерінде Қосқұдық керуен сарайы құрылысының қираған үйіндісі сақталған. Керуен сарай 1946 жылы академик С.П.Толстов басқарған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы кезінде зерттелген Қосқұдық керуен сарайы және Есетмола қорымы Үстірт жазығының шетінде, Мыңсуалмас сайының солтүстік-батыс шетінде орналасқан. Керуен сарайдың қабырғаларының қалыңдығы 15 – 25 см, жақсы өңделген ірі әктастарды екі қатарға тік тұрғызып, ортадағы ішкі аралық шой тас-топырақпен толтырылып қаланған. Өлшемдері 41,6-40,8 м, пішіні төртбұрышты. Ескерткіштің сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 1,5 м, ал артқы қабырғаның қалыңдығы 1,2 м. Керуен сарайдың ішкі бөлмелерінің жоспары қазба жұмыстарын қажет етпей түгелдей дерлік көрініп тұр. Керуен сарай кең көлемдегі төртбұрышты алаңы бар, аумағы 30,5-25,5 м. Алаңға барлық тұрмыстық-шаруашылық бөлмелерден ені 0,9 м болатын есік орындары шығады. Ескерткіштің солтүстік және оңтүстік қабырғаларын жағалай 7 кішкене бөлмелер орналасқан. Бөлмелердің қабырғаларын өңделген ірі әктастарды екі қатарға тік тұрғызып, арасын шой тас-топырақпен толтырып қалаған. Алаң жағындағы қабырғалардың қалыңдығы 1,2 м, ал бөлме аралық қабырғалардың қалыңдығы 1 м. Бөлмелердің орташа көлемі 2,7-2,8-3 м. Бөлмелердің төбесі кірпіш пішінде өңделген әктастармен «балх» үлгісіндегі күмбездермен жабылған. Тұрыш елді мекенінен солтстік-батыс бағытында 18 км аралықтағы, Бесқұдықта Көптам (Белдеулі) керуен сарайының қираған қалдықтары кездеседі. Керуен сарай үлкен табиғи шұқырда орналасқан, айналасында құдықтардың екеуі көміліп қалып, үшеуінде ғана суы сақталған. Топографиялық картада бұл орын Бесқұдық деп аталады. Бүгінгі күнде керуен сарайдың іргетасының қалдықтары, тасты-топырақты үйіндіден жақсы байқалады. Ескерткіштің үстіңгі қабатында сақталған қабырғаның қирандылары мен үйінділерінің негізінде, ішкі аралық шой тас-топырақтың шашындыларын тазалау арқылы керуен сарайдың негізгі жоспары жасалды. Ғимарат құрылысының техникасы мен тәсілі жағынан Қосқұдық керуен сарайына ұқсас. Көптам керуен сарайының аумағы 2724 м болып, Солтүстік-Батыс – Оңтүстік-Шығыс линиясына бағытталған, пішіні төртбұрышты. Алтын Орда дәуірінде Маңғыстау өңірі көрсетілген алғашқы еуропалық карталар пайда бола бастады. 1375 жылмен белгіленетін Каталон атласында анық көрсетілген. Ал 1386 жылға тиісті Генуялық ағайынды көпестер Пициганилердің картасында Маңғыстауда үлкен қаланың белгісі қойылып Мелмессалак атымен берілген. Алтын Орда дәуіріне сәйкес Маңғыстауда қазірге дейін Кетікқала ескерткіші бізге белгілі. Кетікқала 6 га жерге созылған, 14-тей құрылыстардың іргетастары байқалады. Алаңның барлық жерлерінде 14 ғасырға тиісті шыны ыдыстардың сынықтары кездеседі.  
04.12.2012 08:27 9796

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға