Жаңалықтар

Google Earth

    Google Earth - желідегі жер немесе виртуаль глобус карта географиялық ақпараттық бағдарлама. Жер ғаламшары өте күрделі құрылым. Интернет падаланушылары үшін өзін ғарышкер сезіне алады. Google Earth – жоғарғы шешімдегі спутниктік фотоуреттердің негізіндегі жердің үш өлшемді (3 бойттық) моделін ұсынады. Ол үшін бағдарлама қалыпты жұмыс істеуі үшін барынша қуатты комьпютер мен жоғарғы жылдамдықты интернет керек болады. Бағдарлама байланыс каналына талғампаз және әп-сәтте ондаған мегабайт трафикті жоқ қылады (сағатына шамамен 50-70 Мб). Google-дің серверінде космос фотоуреттерінің жүз терабайтпен саналатын көлемінің сақтаулы жатқаны себеп. Бағдарламаны www.earth.google.kz сайтынан жүктеп алуға болады. Манипулятор доңғалағының көмегімен планетаны жақындату арқылы ландшафты ғана емес көше, ғимараттарды, тіпті машина, адамдарды да көруге болады. Мұндай детализация әлемнің кез келген нүктесінде емес, үлкен елді мекендердің аумағында ғана бар. Бірінші кезекте әркім өз туған жерін жоғарыдан көргісі келетіні анық. Елді-мекенге өту үшін сол жақ жоғарғы бұрышындағы басқару тақтасына жазу керек. Қалаған жерге әсем анимациямен апарып тастайды. Мысалы Вашингтоннан Аягөз қаласына санаулы секунтта ұшып баруға болады. Фотосуреттерден басқа бағдарлама көптеген қосымша мәліметтерді көрсетеді: объектінің ендік, бойлық бойынша дәл координатын, камераның биіктігін, фотосуреттің түсірілген күнін, 3D объектілер, панорамалар т.б жіктері бар. Жіктер (слой) — бұл картада бейнеленетін қосымша мәліметтер. Бұл жер бедері, жолдар, көшелер, атаулар, шекаралар т.б. Оларды көрсету/көрсетпеуге болады. Бұдан басқа ауа райы туралы ақпарат, көшелердің балама атаулары, фотогалереялар ұсынады. Фотогалереядағы фотосуреттерді пайдаланушылардың өздері қосады немесе пайдаланушылар сурет қоса алады. Қосымша құралдардың ішінде ландшафқа күннің түсу түймесі (күн түсу бұрышы) мен сызғышы бар. Сызғыш арқылы екі нүктенің арақашықтығын дәл километражын көрсетсе, екіншісі күннің белгілі уақытта қалай түскенін көрсетеді. Google Earth — біздің планетамыздың фотомоделін жасаудағы алғашқы талпыныс емес. 2007- жылы Майкрософт осы сияқты жобаны қолға алған, бірақ одан әлі белгі жоқ. NASA-ның осыған ұқсас World Wind 1.3 бағдарламасы бар. Тек Google компаниясы ғана сананы таң қалдырарлық өнім жасап шығарды. Күн сайын Google серверлері жаңа ақпаратпен толығып жаңарып отырады. Google Google Earth тегін нұсқасынан өзге GPS қабылдағыштарды қолдайтын және тағы басқа мүмкіндіктері бар Google Earth Plus-ты ұсынады. Ал, Google Maps сізге онлайн режимде бірқатар мүмкіншіліктерін қолдануға мүмкіндік береді. «Көрініс» түймесін басып Хаббл телескоптарына әрең байқалатын аспан денелерін, оның ішінде Марс пен Айға жеке өтіп көруге болады.   
04.12.2012 08:22 5773

 

 
Google Earth - желідегі жер немесе виртуаль глобус карта географиялық ақпараттық бағдарлама. Жер ғаламшары өте күрделі құрылым. Интернет падаланушылары үшін өзін ғарышкер сезіне алады.
Google Earth – жоғарғы шешімдегі спутниктік фотоуреттердің негізіндегі жердің үш өлшемді (3 бойттық) моделін ұсынады. Ол үшін бағдарлама қалыпты жұмыс істеуі үшін барынша қуатты комьпютер мен жоғарғы жылдамдықты интернет керек болады. Бағдарлама байланыс каналына талғампаз және әп-сәтте ондаған мегабайт трафикті жоқ қылады (сағатына шамамен 50-70 Мб). Google-дің серверінде космос фотоуреттерінің жүз терабайтпен саналатын көлемінің сақтаулы жатқаны себеп. Бағдарламаны www.earth.google.kz сайтынан жүктеп алуға болады. Манипулятор доңғалағының көмегімен планетаны жақындату арқылы ландшафты ғана емес көше, ғимараттарды, тіпті машина, адамдарды да көруге болады. Мұндай детализация әлемнің кез келген нүктесінде емес, үлкен елді мекендердің аумағында ғана бар. Бірінші кезекте әркім өз туған жерін жоғарыдан көргісі келетіні анық. Елді-мекенге өту үшін сол жақ жоғарғы бұрышындағы басқару тақтасына жазу керек. Қалаған жерге әсем анимациямен апарып тастайды. Мысалы Вашингтоннан Аягөз қаласына санаулы секунтта ұшып баруға болады. Фотосуреттерден басқа бағдарлама көптеген қосымша мәліметтерді көрсетеді: объектінің ендік, бойлық бойынша дәл координатын, камераның биіктігін, фотосуреттің түсірілген күнін, 3D объектілер, панорамалар т.б жіктері бар. Жіктер (слой) — бұл картада бейнеленетін қосымша мәліметтер. Бұл жер бедері, жолдар, көшелер, атаулар, шекаралар т.б. Оларды көрсету/көрсетпеуге болады. Бұдан басқа ауа райы туралы ақпарат, көшелердің балама атаулары, фотогалереялар ұсынады. Фотогалереядағы фотосуреттерді пайдаланушылардың өздері қосады немесе пайдаланушылар сурет қоса алады. Қосымша құралдардың ішінде ландшафқа күннің түсу түймесі (күн түсу бұрышы) мен сызғышы бар. Сызғыш арқылы екі нүктенің арақашықтығын дәл километражын көрсетсе, екіншісі күннің белгілі уақытта қалай түскенін көрсетеді.
Google Earth — біздің планетамыздың фотомоделін жасаудағы алғашқы талпыныс емес. 2007- жылы Майкрософт осы сияқты жобаны қолға алған, бірақ одан әлі белгі жоқ. NASA-ның осыған ұқсас World Wind 1.3 бағдарламасы бар. Тек Google компаниясы ғана сананы таң қалдырарлық өнім жасап шығарды.
Күн сайын Google серверлері жаңа ақпаратпен толығып жаңарып отырады. Google Google Earth тегін нұсқасынан өзге GPS қабылдағыштарды қолдайтын және тағы басқа мүмкіндіктері бар Google Earth Plus-ты ұсынады. Ал, Google Maps сізге онлайн режимде бірқатар мүмкіншіліктерін қолдануға мүмкіндік береді. «Көрініс» түймесін басып Хаббл телескоптарына әрең байқалатын аспан денелерін, оның ішінде Марс пен Айға жеке өтіп көруге болады. 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға