Жаңалықтар

Ибн Халдун

Ибн Халдун (1332-1406 жылдары) — XІV-XV ғасырлар белесінде өмір сүрген математиктердің арасынан бірінші болып қоғам дамуын талдады. Ол әртүрлі қоғамдардың құрылымындағы айырмашылықтардың себептерін айқындады. Себептердің бірінші түрі - бұл психологиялық құбылыс, ол сезімтал, отбасындағы және тайпадағы жеке мүшелері мен топтарын байланыстыратын себептердің сипатын анықтайды. Екінші түрі - экономикалық құбылыс, табиғи және географиялық жағдайлармен, еңбек, қолөнер және өнер бөлінісімен байланысты болады. Себептердің үшінші түрі - саяси құбылыстар, яғни билікке иелер мен билікке бағынатындар арасындағы қарым-қатынастар, меншік құру, өкіметтің, мемлекеттің пайда болуы. Ибн Халдун қоғамның экономикалық дамуының нұсқалары туралы біркатар пікірлер айтқан. Ол адам өңдіруші және меншік иесі болған кезде ғана қоғамдық тіршілік иесі болады деп түсінді. Ибн Халдун адамның әрекеттерін табиғи, материалдық қажеттіліктерге негізделген әрекеттермен байланыстырып қаратырады. Ол былай деп атап өтті: Aдамдардың ерекшеліктері қоғамдық өмір болып табылады. Бүл бірлескен өмір, қалада немесе ауылдық жерлердегі бірлескен қоныстану, бүл адамдадың бірігуге, адамдардың өздерінің кажеттіліктерін бірлесе қанағаттандыруға деген бейімділіктерімен түсіндіріледі, өйткені адам табиғатына өмір сүрудің қажетті құралдарын алуға бір-біріне көмектесуге ұмтылу тән. Ибн Халдунның ойынша, қоғамдық өмірдің негізін адамдардың өңдірістік қызметі, олардың өзара көмектері, өзара әрекеттестігі құрайды. Осы екі фактор адамдардың өмір сүруіне және дамуына мүмкіндік береді Өңдірістің өсуі мен артық азық-түліктің жинақталуы қоғам прогресінің басты факторлары болып табылады. Ибн Халдун қоғам мен мемлекетті ажыратып қарады, олардың арақатынастары мен дамуының заңдылықтарын айқыңдауға тырысты. Оның тұжырымдамасына сәйкес ададар қоғамды тіршілікке кажетті құралдарды бірлесіп өндіру үшін құрған, өйткені бір адамның қабілеті оның тамақтануға деген қажеттілігін қанағаттандыруға жеткіліксіз. Еңбек бөлінісі - бірігудің ең алғашқы факторы; бірлесуге деген басқа себеп - сырттан төнетін қауіп-қатерден қорғану жөне қоғамдарға біріккен адамдардын өздерінің алакөздік табиғатының пайда болуынан жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қоғамға климат пен баска да табиғи факторлар ықпал етеді, бірақ ең бастысы - шаруашылық нысандары өндіріс тәсілдері. Осыған байланысты Ибн Халдун екі кезеңін (күйін) бөліп қарайды: қарапайым немесе "ауылдық". Бұл кезеңде адамдар тек кажеттілерді ғана өндіреді және бұл ұйымның алдында азық-түлік бөлінісі проблемасы мүлде болмайды. Қоғамның нысаны толық тең дәрежелілік негізіндегі қандас туыстар ұйымы болып табылады. өркениетті немесе "қалалық" (қолөнердің, сауданың, ғылымнын, өнердің дамуы). Еңбек бөлінісінің дамуы және көптеген адамдардың күш-жігерлерін біріктіруі молшылық пен астамдық өндірісін тудырады, ол теңсіздік пен мәжбүрлеуге негізделген ұйымның пайда болуына әкеп соғады. Екінші кезеңге өміршілік (қоғам) (билік-меншік) сәйкес келеді. Ибн Халдун әл-Фарабимен мемлекеттің мәні туралы мәселе бойынша пікір таластырады, оның әл-Фарабиден айырмашылығы мемлекетті келісімшарттың немесе келісімнің негізінде пайда болған адамның жасанды туындысы емес, ұдайы қозғалыс пен дамуда болатын қоғамның табиғи дамуының қажетті күрделі және қарама-қайшылыққа толы өнімі деп карады.
04.12.2012 08:12 7986

Ибн Халдун (1332-1406 жылдары) — XІV-XV ғасырлар белесінде өмір сүрген математиктердің арасынан бірінші болып қоғам дамуын талдады. Ол әртүрлі қоғамдардың құрылымындағы айырмашылықтардың себептерін айқындады.
Себептердің бірінші түрі - бұл психологиялық құбылыс, ол сезімтал, отбасындағы және тайпадағы жеке мүшелері мен топтарын байланыстыратын себептердің сипатын анықтайды.
Екінші түрі - экономикалық құбылыс, табиғи және географиялық жағдайлармен, еңбек, қолөнер және өнер бөлінісімен байланысты болады.
Себептердің үшінші түрі - саяси құбылыстар, яғни билікке иелер мен билікке бағынатындар арасындағы қарым-қатынастар, меншік құру, өкіметтің, мемлекеттің пайда болуы. Ибн Халдун қоғамның экономикалық дамуының нұсқалары туралы біркатар пікірлер айтқан. Ол адам өңдіруші және меншік иесі болған кезде ғана қоғамдық тіршілік иесі болады деп түсінді.
Ибн Халдун адамның әрекеттерін табиғи, материалдық қажеттіліктерге негізделген әрекеттермен байланыстырып қаратырады. Ол былай деп атап өтті:
Aдамдардың ерекшеліктері қоғамдық өмір болып табылады. Бүл бірлескен өмір, қалада немесе ауылдық жерлердегі бірлескен қоныстану, бүл адамдадың бірігуге, адамдардың өздерінің кажеттіліктерін бірлесе қанағаттандыруға деген бейімділіктерімен түсіндіріледі, өйткені адам табиғатына өмір сүрудің қажетті құралдарын алуға бір-біріне көмектесуге ұмтылу тән.
Ибн Халдунның ойынша, қоғамдық өмірдің негізін адамдардың өңдірістік қызметі, олардың өзара көмектері, өзара әрекеттестігі құрайды. Осы екі фактор адамдардың өмір сүруіне және дамуына мүмкіндік береді Өңдірістің өсуі мен артық азық-түліктің жинақталуы қоғам прогресінің басты факторлары болып табылады.
Ибн Халдун қоғам мен мемлекетті ажыратып қарады, олардың арақатынастары мен дамуының заңдылықтарын айқыңдауға тырысты. Оның тұжырымдамасына сәйкес ададар қоғамды тіршілікке кажетті құралдарды бірлесіп өндіру үшін құрған, өйткені бір адамның қабілеті оның тамақтануға деген қажеттілігін қанағаттандыруға жеткіліксіз. Еңбек бөлінісі - бірігудің ең алғашқы факторы; бірлесуге деген басқа себеп - сырттан төнетін қауіп-қатерден қорғану жөне қоғамдарға біріккен адамдардын өздерінің алакөздік табиғатының пайда болуынан жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қоғамға климат пен баска да табиғи факторлар ықпал етеді, бірақ ең бастысы - шаруашылық нысандары өндіріс тәсілдері. Осыған байланысты Ибн Халдун екі кезеңін (күйін) бөліп қарайды:
қарапайым немесе "ауылдық". Бұл кезеңде адамдар тек кажеттілерді ғана өндіреді және бұл ұйымның алдында азық-түлік бөлінісі проблемасы мүлде болмайды. Қоғамның нысаны толық тең дәрежелілік негізіндегі қандас туыстар ұйымы болып табылады.
өркениетті немесе "қалалық" (қолөнердің, сауданың, ғылымнын, өнердің дамуы). Еңбек бөлінісінің дамуы және көптеген адамдардың күш-жігерлерін біріктіруі молшылық пен
астамдық өндірісін тудырады, ол теңсіздік пен мәжбүрлеуге негізделген ұйымның пайда болуына әкеп соғады. Екінші кезеңге өміршілік (қоғам) (билік-меншік) сәйкес келеді.

Ибн Халдун әл-Фарабимен мемлекеттің мәні туралы мәселе бойынша пікір таластырады, оның әл-Фарабиден айырмашылығы мемлекетті келісімшарттың немесе келісімнің негізінде пайда болған адамның жасанды туындысы емес, ұдайы қозғалыс пен дамуда болатын қоғамның табиғи дамуының қажетті күрделі және қарама-қайшылыққа толы өнімі деп карады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға