Жаңалықтар

Сәтбаев қаласы

Сәтбаев қаласы - Қарағанды облысындағы қала. Халық саны 70000 адам. Жезқазған қаласынан 16 км жерде орналасқан. Негізгі өндірісі - мыс. Сәтбаев қаласы - Қазақстандағы қала 1973 жылы құрылған. Қала аумағы 1,1 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 70,6 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ, 1 ауылдық елді мекен бар. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы өнімі құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 23 шаруа қожалығы, 2,2 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 25,0 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,1мың га - егістік алқаптар. 2006 жылы астыққа 0,1 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде картоп және көкөніс 0,1 мың га. Бірінші ұлттық ауылшаруашылық санағының алдын ала қорытындылары бойынша Жезқазған кенді аймағын жан-жақты зерттеп оның қазба байлықтарын игеру жөніндегі игі жұмыстар қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен тікелей байланысты.Қаныш атындағы қала жыл сайын өсіп өркендей түсуде.Топырағында дананың ізі қалған қалада бұл күндері Қ.Сәтбаев атындағы көше, мектеп, ғалымның ескерткіші бой түзесе, ең бастысы қазақтың біртуар ұлының ізбасарлары жарқын істердің жасампаз жалғастырушысы бола білуде. Іргетасы 1954 жылы жұмысшы поселкасы ретінде қаланып, Никольский аталған бұл мекен 1973 жылы қала мәртебесін алса, тәуелсіздік тұғырын көтеруге ұмтылған тұрғындардың өтініш – тілегіне орай 1990 жылдың 13 қыркүйегінде шаһарға оның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтің есімі берілді. 2000 жылдан бастап «Жасыл қала», «Таза қала», «Таза му», «Дизайн-2000», «экономиканың нақты секторларын дамыту» сияқты көптеген бағдарламалардың қабылдануы іске жаңаша серпін берген еді.Сол жылдың өзінде минералды су және жеміс сусындарын шығаратын завод, «Серебряная нить» тігін кәсіпорны, «Сарыарқа-нан», «Ақбұлақ» акционерлік қоғамдарында сапалы өнім өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтар орнатылды.. Кеншілер алаңы, Комаров көшелері жаңартылып, асфальт төселген басты көшелер жаңаша кейіпке енді. Қалада ықшам аудандар кеңесі құрылып, әкімдік негізгі шаруаларды солар арқылы қолға алады. Осылай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2000 жылы Сәтбаев үлгілі қала атанды. 2005-2007 жылдарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша 30,8 мың жаңа үй салынып, 350 отбасы жәйлі пәтермен қамтамасыз етілмек. Қалада кейінгі екі-үш жылдың бедерінде мешіт, шіркеу, №1 орталық аурухана, тіс емдеу орталығы көптеген сәнді дүкендер мен мейрамханалар бой көтерді. Сәтбаев қаласындағы білім ұялары С.Сейфуллин атындағы гимназия мен Абай атындағы мектеп-лицей республикадағы үздік мектептер қатарынан саналады. Барлық мектептер компьютер техникалары мен жабдықталған , 27 оқушыға бір компьютерден келеді.  
04.12.2012 07:57 16143

Сәтбаев қаласы - Қарағанды облысындағы қала. Халық саны 70000 адам. Жезқазған қаласынан 16 км жерде орналасқан. Негізгі өндірісі - мыс.

Сәтбаев қаласы - Қазақстандағы қала 1973 жылы құрылған. Қала аумағы 1,1 мың шаршы километрге тең.

Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 70,6 мың адамды құрады.

Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ, 1 ауылдық елді мекен бар.

2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы өнімі құрады.

2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 23 шаруа қожалығы, 2,2 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 25,0 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,1мың га - егістік алқаптар.

2006 жылы астыққа 0,1 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде картоп және көкөніс 0,1 мың га.

Бірінші ұлттық ауылшаруашылық санағының алдын ала қорытындылары бойынша Жезқазған кенді аймағын жан-жақты зерттеп оның қазба байлықтарын игеру жөніндегі игі жұмыстар қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен тікелей байланысты.Қаныш атындағы қала жыл сайын өсіп өркендей түсуде.Топырағында дананың ізі қалған қалада бұл күндері Қ.Сәтбаев атындағы көше, мектеп, ғалымның ескерткіші бой түзесе, ең бастысы қазақтың біртуар ұлының ізбасарлары жарқын істердің жасампаз жалғастырушысы бола білуде. Іргетасы 1954 жылы жұмысшы поселкасы ретінде қаланып, Никольский аталған бұл мекен 1973 жылы қала мәртебесін алса, тәуелсіздік тұғырын көтеруге ұмтылған тұрғындардың өтініш – тілегіне орай 1990 жылдың 13 қыркүйегінде шаһарға оның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтің есімі берілді.

2000 жылдан бастап «Жасыл қала», «Таза қала», «Таза му», «Дизайн-2000», «экономиканың нақты секторларын дамыту» сияқты көптеген бағдарламалардың қабылдануы іске жаңаша серпін берген еді.Сол жылдың өзінде минералды су және жеміс сусындарын шығаратын завод, «Серебряная нить» тігін кәсіпорны, «Сарыарқа-нан», «Ақбұлақ» акционерлік қоғамдарында сапалы өнім өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтар орнатылды.. Кеншілер алаңы, Комаров көшелері жаңартылып, асфальт төселген басты көшелер жаңаша кейіпке енді. Қалада ықшам аудандар кеңесі құрылып, әкімдік негізгі шаруаларды солар арқылы қолға алады. Осылай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2000 жылы Сәтбаев үлгілі қала атанды. 2005-2007 жылдарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша 30,8 мың жаңа үй салынып, 350 отбасы жәйлі пәтермен қамтамасыз етілмек. Қалада кейінгі екі-үш жылдың бедерінде мешіт, шіркеу, №1 орталық аурухана, тіс емдеу орталығы көптеген сәнді дүкендер мен мейрамханалар бой көтерді. Сәтбаев қаласындағы білім ұялары С.Сейфуллин атындағы гимназия мен Абай атындағы мектеп-лицей республикадағы үздік мектептер қатарынан саналады. Барлық мектептер компьютер техникалары мен жабдықталған , 27 оқушыға бір компьютерден келеді.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға