Жаңалықтар

Бейіш

  Бейіш - бұ дүниедегі жасаған күнәлары Алла тағала тарапынан кешірілген адамдардың о дүниедегі рахатқа бөленетін мәңгілік мекені. Қазіргі халық тілінде бейіш пен Жұмақ мәндес мағынада қолданыла береді. Бірақ бұлар абсолютті синоним емес. Бейіш ұғымының мазмұны кеңдеу. Өйткені, діни түсінікте «сегіз жұмақ» дейді, керісінше «сегіз бейіш» деп айтылмайды. Осыған қарағанда жұмақ бейіштің бөлім- бөліктері тәрізді. Демек, бейіштегі жұмақтың саны сегіз: 1. Дарис салам; 2. Дарил қырар; 3. Жаннат-Нағим; 4. Жаннат-Ғадін; 5. Жаннат Алмауи; 6. Дарил қарар; 7. Жаннат Фирдаус; 8. Жаннат нығыметі. Жұмақ пен Бейіштің мифологиялық санадағы бейнесін діни мазмұндағы әпсана өлең, әңгімелерде объективтенуіпен (жарыққа шығуынан) байқауға болады. Мысалы, Мәшһүр Жүсіптің «Хор қыздарының хикаясы» өлеңінде бейіш «жапырағы зop, мәуесі ешуақытта таусылмайтын мол, жемісі бал шырындай тәтті, ағып жатқан төрт кәусар бұлағы бар, нұр-сәулеге бөленген, түбі аспанда, басы төмен иіліп, салбырап тұратын ағаш» кейпінде сипатталады. Бейіштің мифологиялық санадағы бейнесіне фитонимдік ақпарат негіз болған. Бейіш ағашының аты Тоба деп аталады. бейіштегі жандар сол алып ағаштың мәуесін татып ләззат алады. Сонымен бірге бейіште түрлі гауһармен безендірілген алтын тақ; торғын, атласпен көмкерілген сән-салтанаты жарасқан орынжай да жұмақтағы жанды рақат сезімге бөлейді. Сондай-ақ бейіште шашы жұпар аңқыған, қасы туған айдай иілген, төсі маржан, тілі інжу, екі беті алмадай, гүл жүзді, шырын сөзді бал таңдайлы, сипаты әліптей, мінезі мүләйім, жүрісі сағымдай көтерілген жеп-жеңіл хор қыздары болады. Олар екеу-екеуден әнге салып, сандуғаштай сайрап, тоқсан түрлендіріп тамылжыта күй шертеді. Хор қыздарының теңдесі жоқ сұлулығынан, тамылжыған үнінен жұмақтағы жан ерекше ләззат алып, рахат сезімге кенеледі. Бұл - жұмақтағы әйелдердің, яғни хор қыздарының мифологиялық бейнесі. Сөйтіп, хор қыздарының діни мифологиялық санадағы бейнесіне антропонимдік, космонимдік, фитонимдік, зоонимдік ақпараттар негіз болған. Бұдан бақи дүниедегі бейіш пен жұмақтың үш түрлі үйлесімнен тұратыны байқалады: 1. бал шырынды жеміс, кәусар бұлақтар; 2. сән-салтанатты орынжай; 3. хор қыздары. Діни мифологиялық сана бойынша о дүниеде жұмақ есігін ашқан бейкүнә мумин жанды осы үш түрлі үйлесім ләззат пен рақатқа бөлейді екен делінеді. Сонымен діни санада ләззаттың, рахаттың бақи дүниедегі тұрағы үшеу екен. Қазақ паремиологизмдерінің концептуалды мазмұны ләззат пен рахаттың «фәни дүниеде» де қоныс тепкенін көрсетеді. «О дүннеде жұмақ бар деп, бұ дүниенің рахатын ұмытпа, бұ дүниеде рахат бар деп, о дүниенің тозағын ұмытпа» деген сөз орамы «рахат пен ләззат» тек бақи дүниеде ғана емес, «жалған дүниеде» де болатынын аңғартады. Жалған дүниедегі рахат пен лэззат та үш үйлесімнен тұрады: алған жарыңның жақсы болуы, яғни 1. жақсы әйел; 2. ішер асыңның дәмді болуы; 3. үй-жайдың жайлы болуы. Бірақ қазақ мақал-мәтелдері ішер ас, жайлы төсек, жақсы орынның болуы «алғаның жақсы болса», яғни жақсы әйелдің сипатымен байланысты деген санадағы мәнділікгі аңғартады.  
04.12.2012 07:55 11089

 

Бейіш - бұ дүниедегі жасаған күнәлары Алла тағала тарапынан кешірілген адамдардың о дүниедегі рахатқа бөленетін мәңгілік мекені. Қазіргі халық тілінде бейіш пен Жұмақ мәндес мағынада қолданыла береді. Бірақ бұлар абсолютті синоним емес. Бейіш ұғымының мазмұны кеңдеу. Өйткені, діни түсінікте «сегіз жұмақ» дейді, керісінше «сегіз бейіш» деп айтылмайды. Осыған қарағанда жұмақ бейіштің бөлім- бөліктері тәрізді. Демек, бейіштегі жұмақтың саны сегіз:
1. Дарис салам;
2. Дарил қырар;
3. Жаннат-Нағим;
4. Жаннат-Ғадін;
5. Жаннат Алмауи;
6. Дарил қарар;
7. Жаннат Фирдаус;
8. Жаннат нығыметі.
Жұмақ пен Бейіштің мифологиялық санадағы бейнесін діни мазмұндағы әпсана өлең, әңгімелерде объективтенуіпен (жарыққа шығуынан) байқауға болады. Мысалы, Мәшһүр Жүсіптің «Хор қыздарының хикаясы» өлеңінде бейіш «жапырағы зop, мәуесі ешуақытта таусылмайтын мол, жемісі бал шырындай тәтті, ағып жатқан төрт кәусар бұлағы бар, нұр-сәулеге бөленген, түбі аспанда, басы төмен иіліп, салбырап тұратын ағаш» кейпінде сипатталады. Бейіштің мифологиялық санадағы бейнесіне фитонимдік ақпарат негіз болған. Бейіш ағашының аты Тоба деп аталады. бейіштегі жандар сол алып ағаштың мәуесін татып ләззат алады. Сонымен бірге бейіште түрлі гауһармен безендірілген алтын тақ; торғын, атласпен көмкерілген сән-салтанаты жарасқан орынжай да жұмақтағы жанды рақат сезімге бөлейді. Сондай-ақ бейіште шашы жұпар аңқыған, қасы туған айдай иілген, төсі маржан, тілі інжу, екі беті алмадай, гүл жүзді, шырын сөзді бал таңдайлы, сипаты әліптей, мінезі мүләйім, жүрісі сағымдай көтерілген жеп-жеңіл хор қыздары болады. Олар екеу-екеуден әнге салып, сандуғаштай сайрап, тоқсан түрлендіріп тамылжыта күй шертеді. Хор қыздарының теңдесі жоқ сұлулығынан, тамылжыған үнінен жұмақтағы жан ерекше ләззат алып, рахат сезімге кенеледі. Бұл - жұмақтағы әйелдердің, яғни хор қыздарының мифологиялық бейнесі. Сөйтіп, хор қыздарының діни мифологиялық санадағы бейнесіне антропонимдік, космонимдік, фитонимдік, зоонимдік ақпараттар негіз болған.
Бұдан бақи дүниедегі бейіш пен жұмақтың үш түрлі үйлесімнен тұратыны байқалады:
1. бал шырынды жеміс, кәусар бұлақтар;
2. сән-салтанатты орынжай;
3. хор қыздары.
Діни мифологиялық сана бойынша о дүниеде жұмақ есігін ашқан бейкүнә мумин жанды осы үш түрлі үйлесім ләззат пен рақатқа бөлейді екен делінеді. Сонымен діни санада ләззаттың, рахаттың бақи дүниедегі тұрағы үшеу екен. Қазақ паремиологизмдерінің концептуалды мазмұны ләззат пен рахаттың «фәни дүниеде» де қоныс тепкенін көрсетеді. «О дүннеде жұмақ бар деп, бұ дүниенің рахатын ұмытпа, бұ дүниеде рахат бар деп, о дүниенің тозағын ұмытпа» деген сөз орамы «рахат пен ләззат» тек бақи дүниеде ғана емес, «жалған дүниеде» де болатынын аңғартады. Жалған дүниедегі рахат пен лэззат та үш үйлесімнен тұрады: алған жарыңның жақсы болуы, яғни
1. жақсы әйел;
2. ішер асыңның дәмді болуы;
3. үй-жайдың жайлы болуы.
Бірақ қазақ мақал-мәтелдері ішер ас, жайлы төсек, жақсы орынның болуы «алғаның жақсы болса», яғни жақсы әйелдің сипатымен байланысты деген санадағы мәнділікгі аңғартады.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға