Жаңалықтар

Бәстесу

  Бәстесу (Бәс Бәсеке) - ас пен жиын-тойда, кейбір жағдайда күнделікті өмірде көпшілік жиналып қалған кезде болатын бәсеке, талас, тартыс, жарыс. Бәстесутің көптеген түрлері бар. Күш сынасу, ауыр тас көтеру, өгізді,түйені көтеру, Судан жүзіп өту, бір қойдың етін бір өзі жеп кету, үлкен малдың тобығын жұту, күрес, мергендік сайысы, жаяу жарыс т.б. Бәстесу шарты бойынша берілетін бәйге ұтылған жақ немесе ұйымдастырушылар тарапынан тігіледі. Бәстесу көпшілік алдында өтеді. Жеңімпаздар құрметке бөленіп, мақтау алады. Оның есімін де жұрт ұмытпай айтып жүреді. Байырғы ортада құлқыны құдықтай обырлар тегене толы етті жеп Бәстесу сынасқан. Мешкейлер алдына таудай ет, көлдей қымыз тартып, «құспай жеп кетсең, тоғыз қара беремін, ал жей алмасаң, сен тоғыз қара бересің» деп Бәстесуге түскен. Дәстүрлі ортада белгілі шартпен қой сойып, Бәстесу тігу салты болған. Бәстесуге негізінен 3-5 жас аралығындағы семіз қой тігіледі. Кейде оны әдейі жемдеп семіртеді. Мұндай Бәстесуді көбінесе, бойдақ қойын «қоздатып», оңай олжа табамын деп үміттенген орта шаруалар жасаған. Бұдан құлағдар болып, Бәстесіп жеуге бел байлаған жігіттер қойды көріп, оны неше кісінің жеуіне беретінін қойдың иесімен келіседі. Тауысып жеп, сорпасын ішіп кетсе, құны сұралмайды. Тауыса алмаса, алдын ала келіскен шартқа сәйкес, ең кемі, тоқтылы қой немесе кісі басы бір тоқтыдан төлейді. XIX ғасырдың орта кезінде саяхатшы-зерттеуші орыстармен бәстескен Ораз деген кісі Маңғыстаудағы Шерқала атты биік шың басынан секіріп жерге аман түскен. Содан бастап бұл жер «Ораз ұшқан» деп аталады. Осындай бәсте кейде кісі күлерлік жайлар да кездесе береді. XIX ғасырдың Тінет руының Шінтән деген кісісі тірі кесірткені жұтып жіберіп, қымбат жағалы киім-жақы киген. Сол сияқты сары масағаталанып 4 сағат қозғалмай отырғандар, бір қойдың етін бір өзі жегендер, 40 кесе іркіт ішкендер, бір қарын майды бір өзі жеп кеткендер ел ішінде жиі кездескен. Бәске өзіне сенген мықтылар мен күштілер, ерік-жігері мол жігіттер қатысқан. Құдалықта берген асын қалдырмай ішіп-жеу де бәстің бір түрі. Бұл қазақтарда тойдыра алмады деп «мұқату» үшін жасалады. Жастардың тобық тығу ойыны да бәстесуге ұқсайды. Ойын тәртібі бойынша қыз-жігіттер өзара тобық алмасады да, қандай жағдайда, қай жерде болмасын біреуі екіншісінен тобығын сұрай қалғанда алып көрсете қоюы шарт. Тіпті қасақана суға шомылып жатқанда сұрайтындар болған. Сондықтан тобықты әрдайым қасында алып жүруге тырысқан.  
04.12.2012 07:38 5115

 

Бәстесу (Бәс Бәсеке) - ас пен жиын-тойда, кейбір жағдайда күнделікті өмірде көпшілік жиналып қалған кезде болатын бәсеке, талас, тартыс, жарыс. Бәстесутің көптеген түрлері бар. Күш сынасу, ауыр тас көтеру, өгізді,түйені көтеру, Судан жүзіп өту, бір қойдың етін бір өзі жеп кету, үлкен малдың тобығын жұту, күрес, мергендік сайысы, жаяу жарыс т.б. Бәстесу шарты бойынша берілетін бәйге ұтылған жақ немесе ұйымдастырушылар тарапынан тігіледі. Бәстесу көпшілік алдында өтеді. Жеңімпаздар құрметке бөленіп, мақтау алады. Оның есімін де жұрт ұмытпай айтып жүреді. Байырғы ортада құлқыны құдықтай обырлар тегене толы етті жеп Бәстесу сынасқан. Мешкейлер алдына таудай ет, көлдей қымыз тартып, «құспай жеп кетсең, тоғыз қара беремін, ал жей алмасаң, сен тоғыз қара бересің» деп Бәстесуге түскен. Дәстүрлі ортада белгілі шартпен қой сойып, Бәстесу тігу салты болған. Бәстесуге негізінен 3-5 жас аралығындағы семіз қой тігіледі. Кейде оны әдейі жемдеп семіртеді. Мұндай Бәстесуді көбінесе, бойдақ қойын «қоздатып», оңай олжа табамын деп үміттенген орта шаруалар жасаған. Бұдан құлағдар болып, Бәстесіп жеуге бел байлаған жігіттер қойды көріп, оны неше кісінің жеуіне беретінін қойдың иесімен келіседі. Тауысып жеп, сорпасын ішіп кетсе, құны сұралмайды. Тауыса алмаса, алдын ала келіскен шартқа сәйкес, ең кемі, тоқтылы қой немесе кісі басы бір тоқтыдан төлейді.
XIX ғасырдың орта кезінде саяхатшы-зерттеуші орыстармен бәстескен Ораз деген кісі Маңғыстаудағы Шерқала атты биік шың басынан секіріп жерге аман түскен. Содан бастап бұл жер «Ораз ұшқан» деп аталады. Осындай бәсте кейде кісі күлерлік жайлар да кездесе береді. XIX ғасырдың Тінет руының Шінтән деген кісісі тірі кесірткені жұтып жіберіп, қымбат жағалы киім-жақы киген. Сол сияқты сары масағаталанып 4 сағат қозғалмай отырғандар, бір қойдың етін бір өзі жегендер, 40 кесе іркіт ішкендер, бір қарын майды бір өзі жеп кеткендер ел ішінде жиі кездескен. Бәске өзіне сенген мықтылар мен күштілер, ерік-жігері мол жігіттер қатысқан. Құдалықта берген асын қалдырмай ішіп-жеу де бәстің бір түрі. Бұл қазақтарда тойдыра алмады деп «мұқату» үшін жасалады. Жастардың тобық тығу ойыны да бәстесуге ұқсайды. Ойын тәртібі бойынша қыз-жігіттер өзара тобық алмасады да, қандай жағдайда, қай жерде болмасын біреуі екіншісінен тобығын сұрай қалғанда алып көрсете қоюы шарт. Тіпті қасақана суға шомылып жатқанда сұрайтындар болған. Сондықтан тобықты әрдайым қасында алып жүруге тырысқан.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға