Жаңалықтар

Жазушы атағын жоғары ұстайық

  ҒАБИДЕН МҰСТАФИН Жазушы атағын жоғары ұстайық Біз тамаша заманда өмір сүріп отырмыз. Өмір күннен - күнге қызықты Партиямыздың XX съезі совет халқының еңбектің тағы да жаңа табыстарын, тілектің тағы да жаңа биіктерін көрсетіп кетті, рухани дүниемізде қазір сол XX съездің самалы есіп тұрған шақ. Коммунистік салт-сананы, адамшылық озық ойларды халық бойына сіңіру жолында совет көркем әдебиетінің атқаратын қызметі өте зор. Совет жазушысы өз өнерін коммунизм құрылысшыларын тәрбиелеуге жұмсайды, олардың көңіліне улы қасиеттердің ұрығын егеді, әмән алға, адамшылықтың жоғары сатысына мегзейді. Қазақстан жазушылары да қабілеті жеткенше осы ардақты міндетті абыроймен орындауда. Табысымыз аз емес. Бірақ өскелең өмірдің талап-тілегімен салыстырғанда бергенімізден берешегіміз әлі көп. Сүйікті заманның суретшісі — біз бақытты жазушылар сөзбен ғана емес, барлық сипаттарымызбен сол заманға сай, халқымыздың сүйікті, алдыңғы азаматы болуға міндеттіміз. Жазушылардың, көркемөнер қайраткерлерінің жасалып жатқан жаңа дүниені, өміріміздегі орасан өзгерістерді білуі, көруі, зерттеуі жетіспейді дегенді партия жиі айтып келеді. Дұрыс айтып келеді. Қазақстан әдебиетшілерінің ішінде әсіресе, әдебиет әлеміне бертінде келген жастар арасында кітаптан ғана сусындап, шынайы өмірден сырғақтап жүргендер жоқ па? Өмірді, жазатын тақырыбын жақсы білмеген жазушының қаламынан жақсы шығарма туа алмайды. Жазушы өмірді құр білумен де жақсы жаза алмайды. Жазатын өміріңнің алуан нақышты сипаты көзіңе айқын елестеп тұрғанда ғана қаламың жүреді. Тіпті тәжірибесі мол, атақты еңбегі бар аға жазушылардың бірсыпырасы бүгінгі тақырыпқа келе алмай жүр. Материал, білім жеткілікті болған күннің өзінде құнды шығарма қиналмай шықпайды іштен. Жақсы шығарма — жан азығы. Жаман шығарманы халық қабылдамайды. Бойға біткен дарынды ғажап өсіруге де немесе мүлде өшіруге де болады. Ол тек дән ғана. Дән ерінбей, ебін тауып енеді, өседі, әйтпесе семіп қалады. Алайда, біздің ортамызда жазушы деген қасиетті атаққа кір келтіретіндер де бар. Олар жазушылық билет қолына түсісімен-ақ танауын шүйіре бастайды. Мақтасаң дандайсып кетеді, мақтамасаң бағаламайды, көрмейді деп кінәлауға дайын тұрады. Қайсыбіреулер жазушылар ұйымы мүшелігінен де шығарылды. Мұндай батыл шараларға бір кезде бара алмайтын едік. Енді баруымыз — ұйымның тазара өсіп, нығайып қалғаның сондықтан ешкімнің бет-ажарына қарамастан ұйым бетіне шіркеу келтіретін қылықтардың қандайына болса да тыйым салуға дайын екенімізді көрсетеді. Айыптың тез түзелуіне — жақсы мінезі, ісімен бұрынғы беделін, жағдайын қайтып алуына толық мүмкіндік беріліп отыр. Жақсылық та, жамандық та біртіндеп, мысқалдап сіңеді бойға. Сөйте-сөйте бүкіл ойыңды, бойыңды билейді. Идея, мінез үйде бір қилы, түзде бір қилы бола алмайды. Түзде тек боялып, бояуы кеткенше көз алдауы мүмкін. Мекемелерде, көпшілік орындарда көзге түсіп қалған жиренішті қылық, мінездер әуелі үйде — бүлдіршіндей баланың, сүйікті жардың, қамқор ата-ананың, қадірлі құрбының алдында басталды. Солардың сенімін, үмітін, жалынды махаббатын қорлап болған соң көпті, халықты қорлауға шығады. Міне, бұзық жиренішті қылық, мінез көрсетушілерге тек осылай қарағанда ғана рақымсыз күресе аламыз және тыя аламыз оларды. Біз ұлы совет дәуірінде өмір сүріп отырған, коммунизм дүниесін жасаушы қауымның алдыңғы қатарында жүрген, озат идеялы жазушылар екенімізді ешуақытта ұмытуға тиісті емеспіз. Біздің барлық ойымыз, сөз әрекетіміз қоғамдық, мемлекеттік зор мақсаттармен жымдасып жатуға тиісті. Осыған қарамастан кейде үп-үлкен жазушы күйкі көңіл көрсетіп қалғанда қарның ашады. Біздің ішімізде ешбір сөлекет мінезі, ісі сезілмеген, бір - ақ жылдар бойы елеулі бір еңбек бермеген жазушылар жоқ емес. Тәртіпті, мінезді болу жақсы. Ал шығарма беру бәрінен жақсы. Әрине, қилы-қилы жүйрік бар, әрқайсысы жеріне жете тоқтайды. Бұл жолдастар жеріне жетіп қалса амал не, әйтпесе қазіргідей бүкіл қауым болып алтыншы бесжылдықты орындауға жұмылған шақта екі қолды артқа ұстап тұру жараспайды-ақ. Қайсыбір жазушылар өз міндетін әлі күнге біржақты түсінеді — тек шығарма беру деп біледі. Ал, ақысыз пұлсыз жұмыс сағатынан тысқары уақыттарда істелетін қоғамдық істерге келгенде тым сырдаң. Жазушы егер осы сырдаңдыққа салынса, бара-бара қызулы көптің ішінен жырылып қалуы ғажап емес. Көптің іші қайнаған қазан. Жазушы сол қазанға қайнаса піседі. Горький, Маяковскийлердің өзгеше бір қасиеті — көппен араласудың алуан жолдарын тауып, қат-қабат байланыста болатын. Жазушы өзінің шығармасы баспасөз арқылы көпке әсер етсе, төтенше байланысу, араласу арқылы көпшілік жазушыға әсер етеді. Бұл — шығармаға ең құнды қорек. Сайып келгенде, творчестволық жұмыс пен қоғамдық жұмысқа бірдей қарау қажет. «Біздің совет жазушылары тек профессионал әдебиетші болып қана қоя алмайды. Ол, елімізде жасалып жатқан барлық істерге қатысатын жаны сергек, қажырлы адам» деген Алексей Максимович Горькийдің белгілі сөзі осыған пәтуа. Жазушының жақсы еңбегі жүздеген жылдар өмір сүреді, оны талай қауым рухани азық етеді. Жазушы тек шығармасымен ғана емес, өз басының асыл қасиеттерімен де халық аузында аңыз болып қалады. Әдебиет кадрларын ұйымдастыруда, жастарға жалықпай ұстаздық етуде Горький бізге тамаша үлгілер қалдырды. Әрине, Горький болу қолдан келе бермейді, ал, оған еліктеу, ең болмағанда бірер жасты дұрыс баулып, әдебиетшілер тобына әкеліп қосу әрбір аға жазушының қолынан келеді. Бірақ осыны істеушілер біздің арамызда өте аз, ұйым істейдіге иек сүйеп алған. Ұйымның жеке мүшелері бұлай болғанда, сол ұйымның қабілеті қандай болмақ? «...Талпынған жаңа талантты көзім шалса болғаны, оны шығар биігіне шалдықтырмай жеткізу үшін талабына кілем болып төселгім келіп тұрады» деген еді Алексей Максимович. Әдебиеттің жас кадрларын тек осындай жалынды махаббатпен ғана жалықпай баулуға, қанат-құйрығын сындырмай қатарға қосуға болады. Біз жастарды Горькийше сүйейік, дегенді көп айтамыз. Горькийше сүюді аз білеміз. Сондықтан кейде тіпті жалған сүйеміз, Горькийше сүю деген — ойы әлі орын теппеген, қаламы төселмеген албырт жасты масаттандыра мақтау немесе жасытып таптау емес. Біздің білетініміз, көбінесе, осы жағы. Мұның екеуі де зиянды. Горькийше сүю деген — шеберлікке, ол үшін еңбекте төзімділікке, жауаптылыққа, кішіпейілдікке баулу, адамды, ұйымын, халқын сүйе, сыйлай білуге, мәдениетті, мінезді болуға, өнер-білім жолында тоқмейілсімей үнемі ізденгіш болуға үйрету. Егер біздің ұйым, оның ішінде әсіресе аға жазушылар, жаңа келе жатқан әдебиетшілерге бұл қасиеттерді бере білсе, одан артық табыс жоқ. Өйткені, барлық істің түйінін адам, кадр шешеді. Біз сонда келешектің кадрын даярлап кеткен боламыз. Жауаптылықтың бәрін үлкендерге артып, жастардың өзін жауапсыз қалдыра алмаймыз. Оның бер жағында, жастыққа берілетін жеңілдік те шексіз емес. Добролюбов, Шоқан немесе кешегі Кошевой, Тоқтаровтар жас бола тұрып кейінгіге тамаша мұра, үлгілер қалдырып кетті. Задында, адам болашағына жасынан бейімделе береді. Осы бейімділікке ұқыпты қарап, жақсысын мәпелей өсіру, жаманын тамырымен жұлып тастап отыру керек. Бір жас жігіт аз уақыттың ішінде талай рет кездесті. Біріншіде ақша сұрады, екіншіде путевка сұрады, үшіншіде командировка сұрады, төртіншіде банкетке билет сұрады, бесіншіде біреулердің үстінен шағым айта келді. Тым құрыса бір рет те әдебиет жайында кеңес сұрай келмеді. Әдебиетші жасты қанша жақсы көрсек те мұндай жасты жақсы көру қиын. Сондықтан, сөлекет мінезі байқалған жастар, мені келіп біреуін, түзеп жібер, деп тұрмай, өзін өзі түзей білу керек. Бұл да қасиетті сипаттардың бірі. Азаматтық сипаты келіспеген адамды халық ежелден сүйген емес. Жазушы — халық ішінде білікті, сүйікті адам. Егер азаматтық сипаты бұзылса, ол сүйкімнен айрылады. Бұдан кейінгі өмірдің қызығы не? Сондықтан, жазушы деген қадірлі атты таза, жоғары ұстайық. Атың былғанса асыл сөзің де өте бермейді. 1956  
04.12.2012 07:32 4079

 

ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

Жазушы атағын жоғары ұстайық

Біз тамаша заманда өмір сүріп отырмыз. Өмір күннен - күнге қызықты Партиямыздың XX съезі совет халқының еңбектің тағы да жаңа табыстарын, тілектің тағы да жаңа биіктерін көрсетіп кетті, рухани дүниемізде қазір сол XX съездің самалы есіп тұрған шақ.

Коммунистік салт-сананы, адамшылық озық ойларды халық бойына сіңіру жолында совет көркем әдебиетінің атқаратын қызметі өте зор. Совет жазушысы өз өнерін коммунизм құрылысшыларын тәрбиелеуге жұмсайды, олардың көңіліне улы қасиеттердің ұрығын егеді, әмән алға, адамшылықтың жоғары сатысына мегзейді. Қазақстан жазушылары да қабілеті жеткенше осы ардақты міндетті абыроймен орындауда.

Табысымыз аз емес. Бірақ өскелең өмірдің талап-тілегімен салыстырғанда бергенімізден берешегіміз әлі көп. Сүйікті заманның суретшісі — біз бақытты жазушылар сөзбен ғана емес, барлық сипаттарымызбен сол заманға сай, халқымыздың сүйікті, алдыңғы азаматы болуға міндеттіміз.

Жазушылардың, көркемөнер қайраткерлерінің жасалып жатқан жаңа дүниені, өміріміздегі орасан өзгерістерді білуі, көруі, зерттеуі жетіспейді дегенді партия жиі айтып келеді. Дұрыс айтып келеді.

Қазақстан әдебиетшілерінің ішінде әсіресе, әдебиет әлеміне бертінде келген жастар арасында кітаптан ғана сусындап, шынайы өмірден сырғақтап жүргендер жоқ па? Өмірді, жазатын тақырыбын жақсы білмеген жазушының қаламынан жақсы шығарма туа алмайды. Жазушы өмірді құр білумен де жақсы жаза алмайды. Жазатын өміріңнің алуан нақышты сипаты көзіңе айқын елестеп тұрғанда ғана қаламың жүреді. Тіпті тәжірибесі мол, атақты еңбегі бар аға жазушылардың бірсыпырасы бүгінгі тақырыпқа келе алмай жүр.

Материал, білім жеткілікті болған күннің өзінде құнды шығарма қиналмай шықпайды іштен. Жақсы шығарма — жан азығы. Жаман шығарманы халық қабылдамайды.

Бойға біткен дарынды ғажап өсіруге де немесе мүлде өшіруге де болады. Ол тек дән ғана. Дән ерінбей, ебін тауып енеді, өседі, әйтпесе семіп қалады.

Алайда, біздің ортамызда жазушы деген қасиетті атаққа кір келтіретіндер де бар. Олар жазушылық билет қолына түсісімен-ақ танауын шүйіре бастайды. Мақтасаң дандайсып кетеді, мақтамасаң бағаламайды, көрмейді деп кінәлауға дайын тұрады.

Қайсыбіреулер жазушылар ұйымы мүшелігінен де шығарылды. Мұндай батыл шараларға бір кезде бара алмайтын едік. Енді баруымыз — ұйымның тазара өсіп, нығайып қалғаның сондықтан ешкімнің бет-ажарына қарамастан ұйым бетіне шіркеу келтіретін қылықтардың қандайына болса да тыйым салуға дайын екенімізді көрсетеді. Айыптың тез түзелуіне — жақсы мінезі, ісімен бұрынғы беделін, жағдайын қайтып алуына толық мүмкіндік беріліп отыр.

Жақсылық та, жамандық та біртіндеп, мысқалдап сіңеді бойға. Сөйте-сөйте бүкіл ойыңды, бойыңды билейді. Идея, мінез үйде бір қилы, түзде бір қилы бола алмайды. Түзде тек боялып, бояуы кеткенше көз алдауы мүмкін. Мекемелерде, көпшілік орындарда көзге түсіп қалған жиренішті қылық, мінездер әуелі үйде — бүлдіршіндей баланың, сүйікті жардың, қамқор ата-ананың, қадірлі құрбының алдында басталды. Солардың сенімін, үмітін, жалынды махаббатын қорлап болған соң көпті, халықты қорлауға шығады. Міне, бұзық жиренішті қылық, мінез көрсетушілерге тек осылай қарағанда ғана рақымсыз күресе аламыз және тыя аламыз оларды.

Біз ұлы совет дәуірінде өмір сүріп отырған, коммунизм дүниесін жасаушы қауымның алдыңғы қатарында жүрген, озат идеялы жазушылар екенімізді ешуақытта ұмытуға тиісті емеспіз. Біздің барлық ойымыз, сөз әрекетіміз қоғамдық, мемлекеттік зор мақсаттармен жымдасып жатуға тиісті. Осыған қарамастан кейде үп-үлкен жазушы күйкі көңіл көрсетіп қалғанда қарның ашады.

Біздің ішімізде ешбір сөлекет мінезі, ісі сезілмеген, бір - ақ жылдар бойы елеулі бір еңбек бермеген жазушылар жоқ емес. Тәртіпті, мінезді болу жақсы. Ал шығарма беру бәрінен жақсы. Әрине, қилы-қилы жүйрік бар, әрқайсысы жеріне жете тоқтайды. Бұл жолдастар жеріне жетіп қалса амал не, әйтпесе қазіргідей бүкіл қауым болып алтыншы бесжылдықты орындауға жұмылған шақта екі қолды артқа ұстап тұру жараспайды-ақ.

Қайсыбір жазушылар өз міндетін әлі күнге біржақты түсінеді — тек шығарма беру деп біледі. Ал, ақысыз пұлсыз жұмыс сағатынан тысқары уақыттарда істелетін қоғамдық істерге келгенде тым сырдаң. Жазушы егер осы сырдаңдыққа салынса, бара-бара қызулы көптің ішінен жырылып қалуы ғажап емес. Көптің іші қайнаған қазан. Жазушы сол қазанға қайнаса піседі. Горький, Маяковскийлердің өзгеше бір қасиеті — көппен араласудың алуан жолдарын тауып, қат-қабат байланыста болатын. Жазушы өзінің шығармасы баспасөз арқылы көпке әсер етсе, төтенше байланысу, араласу арқылы көпшілік жазушыға әсер етеді. Бұл — шығармаға ең құнды қорек. Сайып келгенде, творчестволық жұмыс пен қоғамдық жұмысқа бірдей қарау қажет. «Біздің совет жазушылары тек профессионал әдебиетші болып қана қоя алмайды. Ол, елімізде жасалып жатқан барлық істерге қатысатын жаны сергек, қажырлы адам» деген Алексей Максимович Горькийдің белгілі сөзі осыған пәтуа.

Жазушының жақсы еңбегі жүздеген жылдар өмір сүреді, оны талай қауым рухани азық етеді. Жазушы тек шығармасымен ғана емес, өз басының асыл қасиеттерімен де халық аузында аңыз болып қалады. Әдебиет кадрларын ұйымдастыруда, жастарға жалықпай ұстаздық етуде Горький бізге тамаша үлгілер қалдырды. Әрине, Горький болу қолдан келе бермейді, ал, оған еліктеу, ең болмағанда бірер жасты дұрыс баулып, әдебиетшілер тобына әкеліп қосу әрбір аға жазушының қолынан келеді. Бірақ осыны істеушілер біздің арамызда өте аз, ұйым істейдіге иек сүйеп алған. Ұйымның жеке мүшелері бұлай болғанда, сол ұйымның қабілеті қандай болмақ?

«...Талпынған жаңа талантты көзім шалса болғаны, оны шығар биігіне шалдықтырмай жеткізу үшін талабына кілем болып төселгім келіп тұрады» деген еді Алексей Максимович. Әдебиеттің жас кадрларын тек осындай жалынды махаббатпен ғана жалықпай баулуға, қанат-құйрығын сындырмай қатарға қосуға болады.

Біз жастарды Горькийше сүйейік, дегенді көп айтамыз. Горькийше сүюді аз білеміз. Сондықтан кейде тіпті жалған сүйеміз, Горькийше сүю деген — ойы әлі орын теппеген, қаламы төселмеген албырт жасты масаттандыра мақтау немесе жасытып таптау емес. Біздің білетініміз, көбінесе, осы жағы. Мұның екеуі де зиянды. Горькийше сүю деген — шеберлікке, ол үшін еңбекте төзімділікке, жауаптылыққа, кішіпейілдікке баулу, адамды, ұйымын, халқын сүйе, сыйлай білуге, мәдениетті, мінезді болуға, өнер-білім жолында тоқмейілсімей үнемі ізденгіш болуға үйрету. Егер біздің ұйым, оның ішінде әсіресе аға жазушылар, жаңа келе жатқан әдебиетшілерге бұл қасиеттерді бере білсе, одан артық табыс жоқ. Өйткені, барлық істің түйінін адам, кадр шешеді. Біз сонда келешектің кадрын даярлап кеткен боламыз.

Жауаптылықтың бәрін үлкендерге артып, жастардың өзін жауапсыз қалдыра алмаймыз. Оның бер жағында, жастыққа берілетін жеңілдік те шексіз емес. Добролюбов, Шоқан немесе кешегі Кошевой, Тоқтаровтар жас бола тұрып кейінгіге тамаша мұра, үлгілер қалдырып кетті. Задында, адам болашағына жасынан бейімделе береді. Осы бейімділікке ұқыпты қарап, жақсысын мәпелей өсіру, жаманын тамырымен жұлып тастап отыру керек.

Бір жас жігіт аз уақыттың ішінде талай рет кездесті. Біріншіде ақша сұрады, екіншіде путевка сұрады, үшіншіде командировка сұрады, төртіншіде банкетке билет сұрады, бесіншіде біреулердің үстінен шағым айта келді. Тым құрыса бір рет те әдебиет жайында кеңес сұрай келмеді. Әдебиетші жасты қанша жақсы көрсек те мұндай жасты жақсы көру қиын. Сондықтан, сөлекет мінезі байқалған жастар, мені келіп біреуін, түзеп жібер, деп тұрмай, өзін өзі түзей білу керек. Бұл да қасиетті сипаттардың бірі.

Азаматтық сипаты келіспеген адамды халық ежелден сүйген емес. Жазушы — халық ішінде білікті, сүйікті адам. Егер азаматтық сипаты бұзылса, ол сүйкімнен айрылады. Бұдан кейінгі өмірдің қызығы не? Сондықтан, жазушы деген қадірлі атты таза, жоғары ұстайық. Атың былғанса асыл сөзің де өте бермейді.

1956

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға