Жаңалықтар

Алматы қаласының жергілікті орны және пайда болған уақыты

Орта ғасырлық Жетісу үшін VIII-X ғғ. кенттену процестерінің маңызды орталықтары болған Қарлұқ және Қарахан мемлекеттерінің қалыптасуының маңызы зор болды. Археологиялық мәліметтер негізіндегі кенттену алдындағы кезең, ежелгі түрік мемелекеттерінің қалыптасуының негізі болған, мал шаруашылығы - егін шаруашылығы экономикасы жолға қойыла бастаған ежелгі түрік дәуірімен байланысады. Дәл осы кезеңде тұрғындары егіншілікпен (оның ішінде суармалы) және мал шаруашылығымен шұғылданатын көптеген мекендер пайда болды. Мұның барлығы екінші кезеңдегі (ХІ-ХІІІ ғғ.) кенттенудің өркендеуінің негізін құрды, ол қалалардың көбеюімен, олардың аумағының артуымен, қол өнері және сауданың, оның ішінде халықаралық Жібек жолының да, дамуымен сипатталады. Бұл қол өнерінің (қыш жөне шыны, темір және мыс, зергерлік) қарқынды дамыған, құрылыс техникасының, ғылым мен әдебиеттің, сәулет пен өнердің ілгері басқан уақыты болатын. Халықаралық сауда элиталық тауарлар, мәдениет эталондары және діндер таралатын қала өмірінің, экономикалық, ақша айналымының, коммуникацияның дамуына себепші болды. Жетісу орта ғасырлық кенттенудің ірі аудандарының бірі болады. Жазба деректерде Жетісудың бірнеше ірі қалалары туралы айтылған, оның ішінде Талхир, Екі-Орыз (Эквиус), Лабан, Қойлық (Кайлак), Іленбалық қалалары бар. Олардың арасында «Алматы», Алмалық», «Алматы» аталатын қала болды. XVI ғасырдың бірінші жартысындағы мемлекеттік қайраткер, жазушы және ақын Захириддин Мухаммед Бабырдың шығармаларында мынадай мәліметтер бар: «Ферғана - бесінші климаттағы облыс, айдалған жерлер шекарасында орналасқан; оның шығысында - Қашғар, батысында - Самарқанд, оңтүстігінде Бадахшан шекарасы таулары, солтүстігінде бұрын Алмалық, Алматы және Янга сияқты, Тараз кент кітабында аты аталатын қалалар болғанымен, оларды монғолдар қиратқан, сөйтіп онда тіпті елді мекен қалмаған»8. Бұл жерде, сөзсіз, болашақ Алматының орнында орналасқан және Алматы атауымен аталған, ортағасырлық қала сөз болған. Алматы қаласы туралы Бабырдың замандасы, «Тарих-и Рашиди» шығармасының авторы Хайдар Дулати Тимурдың Қамараддинге қарсы әскери іс-әрекеттеріне байланысты жазады. Алматы «Моғолстанда (барлық ханзадалар) бір-бірімен таласып-тартысып, күресіп жатқан кездегі» 1504-1509 жж. оқиғаларында тағы аталады. Мансұр хан және ағлйынды Сұлтан Халел сұлтан мен Сұлтан Саид хан араларында болған шайқастардың бі|)і «Моғолстандағы атақты жер» - Алматыда өтеді. Рашид-ад Диннің (1274-1318) «Жами-ат тауарих» атты еңбегінде келтірілген Оғыз хан туралы «исламданған» нұсқада Алмалық облысы туралы анағұрлым ертеректегі ескертуді келтіру қызықсыз емес. Тарихшы шамамен Х-ХІ ғғ. өткен оқиға туралы, онда Оғыз ханның өзінің бір сапарында Алатаға және Алмалық облысына дейін барғанын, онда Аққой деген жерде ардагер-әскерлер тобымен кездескенін жазады. Мүмкін, Алмалың атауын географиялық жағынан Іле Алатауы бөктеріне және Алматы маңына жақындастыруға болар. Осылайша, жоғарыда келтірілген ортағасырлық жазба деректер жиынтығы бүгінгі Алматы қаласы аумағындағы жергілікті «Алматы» қаласы туралы растайды. Сөйтіп, аңырында Алматы қаласы туралы толассыз мәліметтер нумизматикалық деректерден алынды. Бұрынғы Шекарашылар училищесі (қазіргі Әскери институт) орналасңан көне қалашыңтың аумағынан теңгелер (монеталар) табылды. Алдымен мамандар қолына екі теңге түсті. Олар бір тұрпаттас болды. Әрқайсысында екі таңбадан бейнеленген. Олардың біреуі - ортан белінен қысқа сызықпен сызылған белгісі, 670/1269 жылы бастап ақша реформасы процестерінде қолданылатын, анонимді тұрақты соғылатын ортаазиялық және шығыс-түркістандық теңгелерді ресімдеуде анағұрлым кең таралған таңба болып табылады. Екінші таңба - үш ашалы, тістері бірдей емес, ұзындауы дөңгелектеу ілгекпен және «тұтқаның» қарсы шетіндегі сақинамен тұйықталады. Нақыштық сапасынық және сақталуынық нашарлығынан теңгелердегі жазулар оқылмауы себепті оларды дәл анықтау мүмкін болмады; тек анық болғаны бұл расында көрсетілген кезеңде жергілікті ақша айналымына қатысқан шағатайлық қақысшының дирхемі. Табылған орнына байланысты, өзінен-өзі айқын болып тұрған соңғы факті барыншы маңызды, себебі Алматы шекарашылар училищесі аумағына ортағасырлық қалашықтық бір бөлігі кіретіндіктен, қоршаған орнымен бірге жоғарғы қабаттары ХІ-ХІІІ ғғ. жататыны толық сенімді. Барлық осы мәліметтердің негізінде Мұндай дирхемдердің соғылған орны Жетісу қалаларының бірі болуы тиіс деген болжам айтылды. Бірнеше жылдан соң нумизматтар қолына тағы да, алдыңғылары табылған жерден, екі күміс теңге-дирхемдер түсті. Ақша сарайы көрсетілетін орын нақышталмаған және өшіп қалған. Бірінші теңгеде көрсетілген датасы сақталған. Ол анықталды - 1271-1272 жж. ақша реформасы жүргізілген жылдар болып шықты. Екінші теңгеде ақша сарайы көрсетілген арабша жазу сақталған. Бұл «Алматы» қаласы болатын әрі жазба деректердегі Алматыдан айырмасынаң осылайша жазылуы. Араб тілі мамандарының қорытындысы бойынша, Алматы деген жазуға күдік келтіру мүмкін емес. Осылайша, 1271-1217 жж. Алматы қаласында жергілікті ақша сарайында соғылған теңгелер XIII ғасырдың соңғы отыз шақты жылында қаланың болғанын растайды. Алматы қаласының орналасқан орны мен жасын анықтау мәселесіне археологтар нүкте қоя алды.Алматыны зерттеу туралы ізденістерді бұдан кейін де, сөз жоқ, белсенді түрде жалғастыра беру керек. Орта ғасырдың Алматы, Верный, Алма-Ата, Алматы қаласы тарихының аз зерттелген проблемаларын толың шешу үшін ғылыми қорытындыларды жаңа фактілермен бекіту қажет.  
04.12.2012 07:32 8324


Орта ғасырлық Жетісу үшін VIII-X ғғ. кенттену процестерінің маңызды орталықтары болған Қарлұқ және Қарахан мемлекеттерінің қалыптасуының маңызы зор болды. Археологиялық мәліметтер негізіндегі кенттену алдындағы кезең, ежелгі түрік мемелекеттерінің қалыптасуының негізі болған, мал шаруашылығы - егін шаруашылығы экономикасы жолға қойыла бастаған ежелгі түрік дәуірімен байланысады. Дәл осы кезеңде тұрғындары егіншілікпен (оның ішінде суармалы) және мал шаруашылығымен шұғылданатын көптеген мекендер пайда болды. Мұның барлығы екінші кезеңдегі (ХІ-ХІІІ ғғ.) кенттенудің өркендеуінің негізін құрды, ол қалалардың көбеюімен, олардың аумағының артуымен, қол өнері және сауданың, оның ішінде халықаралық Жібек жолының да, дамуымен сипатталады. Бұл қол өнерінің (қыш жөне шыны, темір және мыс, зергерлік) қарқынды дамыған, құрылыс техникасының, ғылым мен әдебиеттің, сәулет пен өнердің ілгері басқан уақыты болатын. Халықаралық сауда элиталық тауарлар, мәдениет эталондары және діндер таралатын қала өмірінің, экономикалық, ақша айналымының, коммуникацияның дамуына себепші болды. Жетісу орта ғасырлық кенттенудің ірі аудандарының бірі болады. Жазба деректерде Жетісудың бірнеше ірі қалалары туралы айтылған, оның ішінде Талхир, Екі-Орыз (Эквиус), Лабан, Қойлық (Кайлак), Іленбалық қалалары бар. Олардың арасында «Алматы», Алмалық», «Алматы» аталатын қала болды.

XVI ғасырдың бірінші жартысындағы мемлекеттік қайраткер, жазушы және ақын Захириддин Мухаммед Бабырдың шығармаларында мынадай мәліметтер бар: «Ферғана - бесінші климаттағы облыс, айдалған жерлер шекарасында орналасқан; оның шығысында - Қашғар, батысында - Самарқанд, оңтүстігінде Бадахшан шекарасы таулары, солтүстігінде бұрын Алмалық, Алматы және Янга сияқты, Тараз кент кітабында аты аталатын қалалар болғанымен, оларды монғолдар қиратқан, сөйтіп онда тіпті елді мекен қалмаған»8. Бұл жерде, сөзсіз, болашақ Алматының орнында орналасқан және Алматы атауымен аталған, ортағасырлық қала сөз болған. Алматы қаласы туралы Бабырдың замандасы, «Тарих-и Рашиди» шығармасының авторы Хайдар Дулати Тимурдың Қамараддинге қарсы әскери іс-әрекеттеріне байланысты жазады.

Алматы «Моғолстанда (барлық ханзадалар) бір-бірімен таласып-тартысып, күресіп жатқан кездегі» 1504-1509 жж. оқиғаларында тағы аталады. Мансұр хан және ағлйынды Сұлтан Халел сұлтан мен Сұлтан Саид хан араларында болған шайқастардың бі|)і «Моғолстандағы атақты жер» - Алматыда өтеді.

Рашид-ад Диннің (1274-1318) «Жами-ат тауарих» атты еңбегінде келтірілген Оғыз хан туралы «исламданған» нұсқада Алмалық облысы туралы анағұрлым ертеректегі ескертуді келтіру қызықсыз емес. Тарихшы шамамен Х-ХІ ғғ. өткен оқиға туралы, онда Оғыз ханның өзінің бір сапарында Алатаға және Алмалық облысына дейін барғанын, онда Аққой деген жерде ардагер-әскерлер тобымен кездескенін жазады.
Мүмкін, Алмалың атауын географиялық жағынан Іле Алатауы бөктеріне және Алматы маңына жақындастыруға болар. Осылайша, жоғарыда келтірілген ортағасырлық жазба деректер жиынтығы бүгінгі Алматы қаласы аумағындағы жергілікті «Алматы» қаласы туралы растайды. Сөйтіп, аңырында Алматы қаласы туралы толассыз мәліметтер нумизматикалық деректерден алынды. Бұрынғы Шекарашылар училищесі (қазіргі Әскери институт) орналасңан көне қалашыңтың аумағынан теңгелер (монеталар) табылды.

Алдымен мамандар қолына екі теңге түсті. Олар бір тұрпаттас болды. Әрқайсысында екі таңбадан бейнеленген. Олардың біреуі - ортан белінен қысқа сызықпен сызылған белгісі, 670/1269 жылы бастап ақша реформасы процестерінде қолданылатын, анонимді тұрақты соғылатын ортаазиялық және шығыс-түркістандық теңгелерді ресімдеуде анағұрлым кең таралған таңба болып табылады. Екінші таңба - үш ашалы, тістері бірдей емес, ұзындауы дөңгелектеу ілгекпен және «тұтқаның» қарсы шетіндегі сақинамен тұйықталады.

Нақыштық сапасынық және сақталуынық нашарлығынан теңгелердегі жазулар оқылмауы себепті оларды дәл анықтау мүмкін болмады; тек анық болғаны бұл расында көрсетілген кезеңде жергілікті ақша айналымына қатысқан шағатайлық қақысшының дирхемі. Табылған орнына байланысты, өзінен-өзі айқын болып тұрған соңғы факті барыншы маңызды, себебі Алматы шекарашылар училищесі аумағына ортағасырлық қалашықтық бір бөлігі кіретіндіктен, қоршаған орнымен бірге жоғарғы қабаттары ХІ-ХІІІ ғғ. жататыны толық сенімді. Барлық осы мәліметтердің негізінде Мұндай дирхемдердің соғылған орны Жетісу қалаларының бірі болуы тиіс деген болжам айтылды. Бірнеше жылдан соң нумизматтар қолына тағы да, алдыңғылары табылған жерден, екі күміс теңге-дирхемдер түсті. Ақша сарайы көрсетілетін орын нақышталмаған және өшіп қалған. Бірінші теңгеде көрсетілген датасы сақталған. Ол анықталды - 1271-1272 жж. ақша реформасы жүргізілген жылдар болып шықты. Екінші теңгеде ақша сарайы көрсетілген арабша жазу сақталған. Бұл «Алматы» қаласы болатын әрі жазба деректердегі Алматыдан айырмасынаң осылайша жазылуы. Араб тілі мамандарының қорытындысы бойынша, Алматы деген жазуға күдік келтіру мүмкін емес. Осылайша, 1271-1217 жж. Алматы қаласында жергілікті ақша сарайында соғылған теңгелер XIII ғасырдың соңғы отыз шақты жылында қаланың болғанын растайды. Алматы қаласының орналасқан орны мен жасын анықтау мәселесіне археологтар нүкте қоя алды.Алматыны зерттеу туралы ізденістерді бұдан кейін де, сөз жоқ, белсенді түрде жалғастыра беру керек. Орта ғасырдың Алматы, Верный, Алма-Ата, Алматы қаласы тарихының аз зерттелген проблемаларын толың шешу үшін ғылыми қорытындыларды жаңа фактілермен бекіту қажет.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға