Жаңалықтар

Егіндікөл ауданы

  Егіндікөл ауданы – облыстың оңт.-батысындағы әкімш. аудан. Астана қ-нан 165 км, облыс орт. – Көкшетау қ-нан 350 км жерде. Солт-нде Астрахан, шығысы мен оңт-нде Қорғалжын, батысында Атбасар аудандарымен шектеседі. 1970 ж. Краснознаменский ауд. болып құрылған. 1997 жылдан Е. а. болып аталады. Орт. – Егіндікөл а. Әкімш.-аумақтық құрылымы 4 ауылдық округке біріктірілген 13 елді мекеннен тұрады. Тұрғыны 7,2 мың адам (2008), этн. құрамына жағынан қазақтар – 3462, орыстар – 1887, украиндар – 939, белорусьтер – 472, немістер – 211, татарлар – 143, башқұрттар – 59, т.б. Халқының орташа тығызд. 1 км2-ге 1,9 адамнан келеді. Е. а. аумағының көл. 541,2 га. Е. а. Сарыарқаның орт. бөлігінде, Есіл өз. мен Теңіз – Қорғалжын ойысы аралығында орналасқан. Жер бедері, негізінен жазық, тек орт. бөлігі сайлы-жыралы, белесті келген (абс. биікт. 350 – 400 м). Жерінің көпшілігін жоғ. плиоцен мен төм. антропоген жүйелерінің көлдік-аллювийлік шөгінділері жапқан. Кен байлықтарынан гипс, құм, гипсті саз кездеседі. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа темп-расы –18ӘС, кейде –40ӘС-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа темп-расы 21ӘС, кейде 42ӘС-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 300 мм. Өзендер сирек кездеседі. Терісаққан өз-нің саласы – Талдысай өз-нің бастауы және жазда құрғап қалатын бірлі-жарым бар. Аудан аумағында көптеген суы тұщы және ащы көлдер орналасқан. Бастылары: Қожакөл, Жалманқұлақ, Егіндікөл, Жосалы, Жарлыкөл, Самарбай, Ұзынкөл, Алакөл (тұзды), т.б. Жер асты сулары 50 – 100 м тереңдікте жатыр және тұздылығы жоғары болғандықтан (3 – 10 г/л) пайдалануға жарамсыз. Сондықтан ауданның барлық елді мекендеріне Нұра өз-нен су құбыры тартылған. Аудан жерінде карбонатты қызыл қоңыр топырақ кең тараған. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде аудан жерінің басым бөлігі жыртылған. Өсімдіктерден сұлыбас, селеу, бетеге, жусан, көл жағаларында түрлі шөпті шалғын, бидайық, өлең, қамыс, т.б. өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, қоян, суыр, ондатр, күзен, сарышұнақ, аламан, қосаяқ, құстардан – кезқұйрық, күйкентай, бозторғай, көлдерде – қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, қызғыш, тауқұдырет, жылқышы, шіл, тырна, бөдене мекендейді. Ауданда астық өндірумен айналысатын 9 а.ш. қожалықтары құрылған. Оның 3-уі жасағы ірі қара мал өсірумен айналысады. Ауданда 309062 га өңделген жер, 171497 га жайылым, 63027 га түбегейлі жақсартуды қажет ететін жерлер бар, 90837 га-ында көпжылдық өсімдіктер өседі, 9982 га жері су астында жатыр. 8187 ірі қара, 8829 шошқа, 7215 қой, 2031 жылқы бар. Негізгі а.ш-нда өсірілетін дақыл – жаздық бидай (92%) және жем-шөп дақылдары. Ауданда 13 мектеп, 9 кітапхана, 8 фельдш.-акуш. пункт, 1 ауд. аурухана, 1 мәдениет үйі, 5 ауылдық клуб, пошта және телефон байланысы іске қосылған. Астық қабылдап, өңдеуден өткізетін қуатт. 150 мың т-ға жететін элеватор жұмыс істейді. Аудан Егіндікөл – Астрахан – Макинск – Щучинск – Көкшетау автомоб. жолы арқылы облыс орталығымен және Егіндікөл – Новочеркасское – Астана автомоб. жолы арқылы Астана қ-мен байланысады. Егіндікөл – Атбасар т. ж. тармағы арқылы Астана – Қаратал т. ж. магистралымен жалғасқан.  
04.12.2012 07:32 6357

 

Егіндікөл ауданы – облыстың оңт.-батысындағы әкімш. аудан. Астана қ-нан 165 км, облыс орт. – Көкшетау қ-нан 350 км жерде. Солт-нде Астрахан, шығысы мен оңт-нде Қорғалжын, батысында Атбасар аудандарымен шектеседі. 1970 ж. Краснознаменский ауд. болып құрылған. 1997 жылдан Е. а. болып аталады. Орт. – Егіндікөл а. Әкімш.-аумақтық құрылымы 4 ауылдық округке біріктірілген 13 елді мекеннен тұрады. Тұрғыны 7,2 мың адам (2008), этн. құрамына жағынан қазақтар – 3462, орыстар – 1887, украиндар – 939, белорусьтер – 472, немістер – 211, татарлар – 143, башқұрттар – 59, т.б. Халқының орташа тығызд. 1 км2-ге 1,9 адамнан келеді. Е. а. аумағының көл. 541,2 га.

Е. а. Сарыарқаның орт. бөлігінде, Есіл өз. мен Теңіз – Қорғалжын ойысы аралығында орналасқан. Жер бедері, негізінен жазық, тек орт. бөлігі сайлы-жыралы, белесті келген (абс. биікт. 350 – 400 м). Жерінің көпшілігін жоғ. плиоцен мен төм. антропоген жүйелерінің көлдік-аллювийлік шөгінділері жапқан. Кен байлықтарынан гипс, құм, гипсті саз кездеседі. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа темп-расы –18ӘС, кейде –40ӘС-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа темп-расы 21ӘС, кейде 42ӘС-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 300 мм. Өзендер сирек кездеседі. Терісаққан өз-нің саласы – Талдысай өз-нің бастауы және жазда құрғап қалатын бірлі-жарым бар. Аудан аумағында көптеген суы тұщы және ащы көлдер орналасқан. Бастылары: Қожакөл, Жалманқұлақ, Егіндікөл, Жосалы, Жарлыкөл, Самарбай, Ұзынкөл, Алакөл (тұзды), т.б. Жер асты сулары 50 – 100 м тереңдікте жатыр және тұздылығы жоғары болғандықтан (3 – 10 г/л) пайдалануға жарамсыз. Сондықтан ауданның барлық елді мекендеріне Нұра өз-нен су құбыры тартылған. Аудан жерінде карбонатты қызыл қоңыр топырақ кең тараған. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде аудан жерінің басым бөлігі жыртылған. Өсімдіктерден сұлыбас, селеу, бетеге, жусан, көл жағаларында түрлі шөпті шалғын, бидайық, өлең, қамыс, т.б. өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, қоян, суыр, ондатр, күзен, сарышұнақ, аламан, қосаяқ, құстардан – кезқұйрық, күйкентай, бозторғай, көлдерде – қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, қызғыш, тауқұдырет, жылқышы, шіл, тырна, бөдене мекендейді.

Ауданда астық өндірумен айналысатын 9 а.ш. қожалықтары құрылған. Оның 3-уі жасағы ірі қара мал өсірумен айналысады. Ауданда 309062 га өңделген жер, 171497 га жайылым, 63027 га түбегейлі жақсартуды қажет ететін жерлер бар, 90837 га-ында көпжылдық өсімдіктер өседі, 9982 га жері су астында жатыр. 8187 ірі қара, 8829 шошқа, 7215 қой, 2031 жылқы бар. Негізгі а.ш-нда өсірілетін дақыл – жаздық бидай (92%) және жем-шөп дақылдары. Ауданда 13 мектеп, 9 кітапхана, 8 фельдш.-акуш. пункт, 1 ауд. аурухана, 1 мәдениет үйі, 5 ауылдық клуб, пошта және телефон байланысы іске қосылған. Астық қабылдап, өңдеуден өткізетін қуатт. 150 мың т-ға жететін элеватор жұмыс істейді. Аудан Егіндікөл – Астрахан – Макинск – Щучинск – Көкшетау автомоб. жолы арқылы облыс орталығымен және Егіндікөл – Новочеркасское – Астана автомоб. жолы арқылы Астана қ-мен байланысады. Егіндікөл – Атбасар т. ж. тармағы арқылы Астана – Қаратал т. ж. магистралымен жалғасқан.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға