Жаңалықтар

Бау (жіп)

  Бау - киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатында қолданылатын тоқылған жіптер. Уықта екі түрлі: балақ бау, уық бау болады. Өріліп жасалатын балақ ,ау уық алақанының тесігінен өткізіліп, керегеге уықты байлау үшін, уықтың ортасынан байланатын уық бау үйге сән беру үшін әрі жиылған уықты буып байлау үшін пайдаланылады. Иық бау, керме, шалма бау - қатарлап шалынып байланған уықтардың қисаймауы, қажамауы, қажалмауын қамтамасыз ететін бірнеше құлаш терме жіптер. Есік жылжып төмен түсе бермеуі үшін шалынып байланатын иық баулар есілген жіп немесе терме бау түрінде жасалады. Кіндік бау - киіз есіктің сырткы жағының ортасынан жоғарырақ тағылатын, есілген немесе термеленген ұзындығы бір жарым құлаш шамасында болатын бау. Бұп бауларды есікті боран, жел соққанда бастыруға пайдаланып, төменгі белдеуден байлайды. Күн ашық күні киіз есікті ғұріп байлауға қолданады. Түндік бау - түндіктің төрт жағынан тағылатын төрт бау. Көбінесе ақ жүннен қыл араластырып есіледі. Осы баулар арқылы түндікті үш жағынан белдеуге байлап, есік жағындағысын қайырып ашып, белдеуге іліп қояды. Ызылып немесе термеленіп жасалатын туырлық бау туырлық бауларының алдыңғы екі бұрышынан және одан төмендеу, туырлықтың орта тұсына таяу жерден, бір шетіне бірден, екі жанына екі баудан тағылады. Үлкен үйлердің туырлығы үлкен болатындықтан, 3-6 немесе одан да көп бау тағылады. Бұл — көтерме туырлықтарға тән. Белден басар, иін жабар туырлықтардың бауы бір шетіне екі-үштен, егер ауыр үлкен туырлық болса, 4-6-дан тағылады. Туырлықтың бұдан басқа екі түрлі бауы болады. Оның бірі - жабық бау, туырлыктың жабық бөлігіне, яғни керегеден жоғарырақ келетін уық иіндерінің тұсындағы айқасатын жеріне тағылатын бау Жабық бау жіңішке жіптен жасалады, туырлық жабықтарын айқастырып байлау да қолданылады. Етек бау-туырлық етегі жел соққан кезде желпілдеп тұрмас үшін етегінің ішкі жағының әр жерінен тағылатын, кереге аяғынан байлап қоятын жіңішке бау. Ою бастырылып, термеленіп сәнделген үлкен үзіктерге дейін бау тағылады. Үлісеп үзіктерге етек бауының жоғарғы жағынан үш бау - үзік бау тағылады. Термеленіп тоқылып жасалатын тастама бау киіз есіктің ұшынан тағылатын, шаңырақтың күлдіреуіші арасынан тасталып, ағаш есіктің маңдайшасынан өткізіп байланатын киіз есікгі жабатын бау Таңғыш- екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Киіз үйдің бау-шуларына желбау мен басқұр да енеді. Желбау -өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге ерекше сән береді. Ол дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру үшін таңылады. Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр.  
04.12.2012 07:24 6177

 

Бау - киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатында қолданылатын тоқылған жіптер. Уықта екі түрлі: балақ бау, уық бау болады. Өріліп жасалатын балақ ,ау уық алақанының тесігінен өткізіліп, керегеге уықты байлау үшін, уықтың ортасынан байланатын уық бау үйге сән беру үшін әрі жиылған уықты буып байлау үшін пайдаланылады. Иық бау, керме, шалма бау - қатарлап шалынып байланған уықтардың қисаймауы, қажамауы, қажалмауын қамтамасыз ететін бірнеше құлаш терме жіптер. Есік жылжып төмен түсе бермеуі үшін шалынып байланатын иық баулар есілген жіп немесе терме бау түрінде жасалады. Кіндік бау - киіз есіктің сырткы жағының ортасынан жоғарырақ тағылатын, есілген немесе термеленген ұзындығы бір жарым құлаш шамасында болатын бау. Бұп бауларды есікті боран, жел соққанда бастыруға пайдаланып, төменгі белдеуден байлайды. Күн ашық күні киіз есікті ғұріп байлауға қолданады. Түндік бау - түндіктің төрт жағынан тағылатын төрт бау. Көбінесе ақ жүннен қыл араластырып есіледі. Осы баулар арқылы түндікті үш жағынан белдеуге байлап, есік жағындағысын қайырып ашып, белдеуге іліп қояды. Ызылып немесе термеленіп жасалатын туырлық бау туырлық бауларының алдыңғы екі бұрышынан және одан төмендеу, туырлықтың орта тұсына таяу жерден, бір шетіне бірден, екі жанына екі баудан тағылады. Үлкен үйлердің туырлығы үлкен болатындықтан, 3-6 немесе одан да көп бау тағылады. Бұл — көтерме туырлықтарға тән. Белден басар, иін жабар туырлықтардың бауы бір шетіне екі-үштен, егер ауыр үлкен туырлық болса, 4-6-дан тағылады. Туырлықтың бұдан басқа екі түрлі бауы болады. Оның бірі - жабық бау, туырлыктың жабық бөлігіне, яғни керегеден жоғарырақ келетін уық иіндерінің тұсындағы айқасатын жеріне тағылатын бау Жабық бау жіңішке жіптен жасалады, туырлық жабықтарын айқастырып байлау да қолданылады. Етек бау-туырлық етегі жел соққан кезде желпілдеп тұрмас үшін етегінің ішкі жағының әр жерінен тағылатын, кереге аяғынан байлап қоятын жіңішке бау.
Ою бастырылып, термеленіп сәнделген үлкен үзіктерге дейін бау тағылады. Үлісеп үзіктерге етек бауының жоғарғы жағынан үш бау - үзік бау тағылады. Термеленіп тоқылып жасалатын тастама бау киіз есіктің ұшынан тағылатын, шаңырақтың күлдіреуіші арасынан тасталып, ағаш есіктің маңдайшасынан өткізіп байланатын киіз есікгі жабатын бау Таңғыш- екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Киіз үйдің бау-шуларына желбау мен басқұр да енеді. Желбау -өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге ерекше сән береді. Ол дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру үшін таңылады. Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға