Жаңалықтар

Қазақстан Мемлекет театрының жеті жылдығы және алдағы міндеттері

  Қазақстан Мемлекет театрының жеті жылдығы және алдағы міндеттері Қазақстандағы октябрь жемісінің бірі — мемлекет театры өзінің барлық болмысымен қазақ пролетариатының қолындағы зор маңызды құралының бірі болуға тиіс. Мұның ұлы міндеті: сол пролетариаттың бақытты жаңа тұрмыс үшін алысып келе жатқан тартысын, қайратын суретті тілмен көрсетеді. Жаңа жұртшылықты негізгі түбегейлі мұраттарының бетімен отырып, жас қазақ пролетариатының салт-санасын ой, сезім жағынан дұрыс баулиды. Осы жөнде үлгі боларлықтай дұрыс әсер етеді. Олай болса, театр өз айналасында болып жатқан қызулы зор тап тартысынан сыртта қала алмайды. Қайта сол тартыстың белсенді көмекшісі болып, тапсыз қоғам жасап, социализмді құру ісінде өзінің бойында бар мағына, сана сурет күштерінің бәрін ортаға салып, сынға түсуге, көрнекке шығуға міндетті. Сол міндетін түсініп, өз рөлін шамасынша адақтамақ болып, театрдың жаңа бағытқа талпына кіріскен жылдары соңғы екі-үш жыл болады. Бұл жылдар бойында театр жаңалық іздейді. Жоспарлы мақсат белгілейді. Сонда өзінің таптық саяси бетімен салт-сана, суреттік бетін белгілеп, жан-жақтан кең салалы төңкерісшіл театрдың өрісіне шығуға қадам басады. Соңғы жылдар бойында ашық, айқын болып осылайша белгіленген ұлы жоспар, театрдың бүгінгідей жоспары, әлі бүгінгі күнде де түгел адақтап шыға алмай, толық жеңе алмай келе жатқан өрі. Театрдың іші-тысы қайта құрылысының ұлы бағыты осы болса, программаның максимум, минимумі де осыдан тарайды. Бұл жайда осылай деп түсінуші жалғыз мемлекет театрының, қазіргі басқарушылар коллективі, я Казнаркомпрос1 қана емес. Қазақстан жұмыскер төңкерісшіл табының зор өнер ошағының бірі — театр екенін айтып, Өлкелік партия комитеті де мемлекет театрының ісіне барынша көңіл бөліп отыр. Әсіресе Өлкелік комитеттің көрнекті басшылары жолдас Кахиани,2 Ораз,3 Жанайдар,4 Құлымбетұлы5 сияқты жолдастар театрдың жаңағы айтылған программасын сол бағытта өсуіне әрдайым басшылық көмегін беріп, театрдың алдынан кездескен қиындықтардың қай-қайсысына болса да өз қолдарымен араласып, ұдайы жәрдем етумен келеді. Басшы жұмысшылықтың театр ісіне бұл сияқты көңіл бөлуі жаңада болып өткен Өлкелік партия комитетінің пленумы мен Қазақстан кеңес жазушыларының бірінші пленумінде тағы да нық, толық күйде көп талқыланып етті. Барлық жердегі қорытынды біреу-ақ. Ол: мемлекет театры Қазақстанда октябрь тудырған үлкен мәдениеттің, түрі ұлттық, мазмұны социалдық мәдениеттің — толық тәнді ұлы мүшелі — мағыналы, маңызды дүкені болсын деген шартқа тіреледі. Театрдың қай кезін алсақ та, алдымен көзге ілінетін, сөз болатын  мәселесі — репертуар. Қазақ  театры алғаш  істей бастаған жылдарында  репертуар жағынан көбінше төңкерісшіл театр боламын деген ниетте болмады. Ұлтшыл, байшыл, алашордашыл мәдениет ықпалындағы театр болып істеп келді. Ол кезде төңкеріс тарихының тақырыбында жазылған "Қызыл сұңқарлардың"6 қазақ  театрының сахнасында көрінуі театрдың  таптық, саяси  програмдық  бетін көрсету емес. Қайта театр әдеттегі ұлтшылдық, буржуазиялық қалпынан ауысып,  программадан  сыртқары болған пьесаны көрсетіп, замана тілегін білдіргендей болатын. Ол кездегі репертуардың көпшілігі төңкеріс күнін көрсетпейтін, сөз қылмайтын, көрушіні әдеби феодальный, партриархальный ауылға шақыратын жалған жасыл бояу боялған баяғыға қарай жетектеп, сонымен қалғытып-мүлгітпек болған  репертуар болатын. Сол себепті театрдың ол кездегі пішінін белгілеуші пьесалар: "Қаракөз",7 "Алтын сақина",8 "Арқалық",9 "Қанапия-Шарбану"10 сияқтылар болған. Осы турадан қарап театрдың төңкерісшіл театр болу жөніндегі бұрынғы қалпы, бүгінгі ісі, ертеңге арналған. Одан бері келіп ұлтшылдық, алашордашылдық ықпалынан құтылдым деген мезгілінде де біздің театр кеңес театырының сол күнде өз алдына қойған міндеттерін — жаңа қадамды көрсету, жаңа герой туғызу деген міндеттерін толық атқара алған жоқ. Дәл 1930 жылға дейін кеңес репертуары, кеңес тақырыбы, күнделік құрылыс, күнделік тартыс тақырыбы деген тақырыптарға, репертуарға жарымады. Театрға ауыса алмады. Ол жылдарда "Шахты",11 "Қызыл сұңқарлар" қойылып жүргені рас. Бірақ бұлар төңкеріс тарихының тақырыбы болғанмен де төңкерістің соңғы кеңес жағдайы, кеңес құрылысы тудырған жаңа адамдар жайындағы пьесасының 30-жылдар шамасында орыстың төңкерісшіл театрының өзіне қойған міндеттерін, тәжірибесін алсақ: граждан соғысының тақырыптарын неше алуан күй пайдаланып, жеңіп алған болатын. Енді сол күнгі құрылыстың неше алуан майдан, неше түлік сала-саласында істеп жүрген төңкерісші басшы — жұмысшыны, азаттанған әйелді, өсіп, қаулап, өрге басып келе жатқан жастарды көрсететін, поселкенің таптық тартысын, ауыл-поселкедегі пролетариат төңкерісінің табысын, жеңісін жыр қылып жатқан еді. Сондай кезде біздің театрдың граждан соғысының бір-екі тақырыбымен ғана отыруы мешеулік болатын. Өсудің тым шабан, тым баяу болып қалғанын көрсететін. Ал енді мұнымен театр әлі өзінің бұрынғыдан арылып, жаңа пішінге ие болғанын анық, ашық көрсетіп болған жоқ. Құрылыс жүзінде зор перелом жаңа театрдың салт-саналық, саяси-таптық пішінін айқын қылып ашса, өзгеріс майданын айқын қылып ашатын өзгеріс "Майданмен"12 бірге туды. Драмалық жағынан кемшіліктері болса да, "Майданның" артынан туған тартыста сол "Майданның" бағытымен болып жаңа адамды, төңкеріс адамын көрсетуге бет берген репертуарды көрсетті. Театрдың да ендігі өрісі, тереңдейтін тақырыбы не екенін нұсқап берді. Осы жылдарда театрдың үлкен табысы актердің күш-қуатын, бойда барын суретті кейіпкер, образ жасауға кірісті. "Майдандар" бұл жағынан келгенде репертуарды ғана байытқан жоқ, актер образының проблемасында театр алдына жаңа міндет есебінде ұсынды. Сонымен қатар театр әзіне драматург күшін жасауға кірісіп, бұл күнге шейін бірнеше жас драматургтерін өсіріп келеді. Театр өз басшылығы мен драма жазушылардан бригада құрып, соңғы жылдың ішінде "Октябрь үшін",13 "Түрксиб",14 "Колхоз үшін"15 деген зор тақырыптардың үлкен пьесаларын майданға шығарып отыр. Бұл пьесалар жайындағы сөз, сын, талқы жұртшылықтікі. Әзірше сондай жаңалықтардың шығуына себепші болушы театр екенін ғана айтып өтеміз. Драма жазушылардың арасына театр салған қозғау, үндеу, театр кіргізген екпін арқылы тағы бір зор пьеса шабуылға шығып отыр. Қысқасы, драма театрының азығы арқылы болатын үлкен пьесалар бұрын жыл сайын бір шешілмеген түйіндей жоқтығымен дағдартып тұратын болса, бүл күнде ол кезең артта қалуға айналды. Соңғы жылдар табыстың бір зоры жалғыз қазақ репертуары емес, енді театрдың орыс репертуарына ауыса бастауы. Әрине, мәселе құр орыс пьесасын қоюда ғана емес, оның беретін мазмұнын, образын, суреттілік жұмбақ проблемасын актер күшінің бауырлап жеңіп алуында. Бір жағынан қарағанда "Сүңгуір" біздің театрдың үлкен олжасының бірі. Жеке жайларын бұл жерде сынамаймыз. Бірақ, жалпы алсақ, біздің актер "Сүңгуірде" жаңа бір қалыпқа түсіп, соның өлшеуіне қарап ысылып, дүкен көріп шыққандай болды. Бұл күнде ол сүрініп-қабынбай етілген сын сияқты боп отыр. Енді театрға жаңа келген режиссер жолдас Насонов16 пен жас режиссерымыз Ғатауллин Шафқат17 екеуінің басқаруымен Киршонның18 "Астық" атты пьесасын дайындап жатыр.19 Пролетариат драматургиясында "Қорқынышпен"20 қатар екінші бір ұлы табысы деп танылған "Астық" пъессасы біздің актерге екінші бір үлкен сыны. "Астықтың" артынан биылғы репертуарға кірген "Октябрь үшін", "Түрксиб", Горькийдің "На днесі", "Ревизорлар" ойналмақ21. Мұның ішіндер орыс әдебиетінен алынған "Ревизор" мен "На дне" октябрьдегі соңғы төңкерісшіл пролетариат майдандарын көрсететін "Түрксиб", "Октябрь үшіндер" театрдың "Майдан", "Сүңгуірменен" басталған суреттілік, салт-саналы бетін көлемдірек, айқынырақ ашып, сол бетінде тереңденетін болады.   Театр осындай репертуар, осындай негізді жол, беттеген өріс пен өзінің бетін аша барып, нық қалып пен қашық үлгісін, театрлық мектебін белгілеу керек. Бұл жөнде жақын келешекті сөз қылсақ, біздің театр әзірше жеке жайылыс тауып, жекеше бір түр шығарамын демейді. Біз әзір оқу дәуіріндеміз, өсу-іздену дәуіріндеміз. Бұл кезімізге ең қолайлы жол, Ресейдің төңкерісшіл театрларының ішіндегі ірілерінің бірен-саранын алып, солардың үлгі ұстаздығына ілесіп көру шарт болады. Осы ретте әзірше мазмұн, түр жағынан үлгі қылып ұстамағымыз "Вахтангов театры"22 мен "Төңкеріс театры"23. Әрине, бұл үлгі құр көзді жұмып байланып кетуде емес. Қазақ театрының ұлттық тұрпатын сақтай, өсіре отырып өзіне үлгі алу болады. Сондықтан бүл күнгі театр үйінің жайынан айтпасақ та келешекте болатын үйлердің жайын еске алып, ендігі театрымыз үлкен индустриялды техниканың театры болмағы шарт дейміз. Оның белгілері: машиналанған декорация, неше алуан мол жарық, бояулар, спектакль радиолануы, тағы басқа неше түрлі болатын техникалық жаңалықтар болуға тиіс. Бұл айтылғандардың барлығы мемлекет драмалық театрының үлкен жолы. Түпкілікті ұстап, ұсталып қалатын пішінін, мазмұн, түр жағы осымен белгіленеді. Бірақ қазіргі біздің театрдың міндеті жалғыз мұнымен бітіп, толып қалмайтын болып отыр. Қазақстан астанасының, қала берсе бар Қазақстанның бірден-бір театры осы болғандықтан, бұл өзінің жаңағы үлкен өрісімен қатар тағы бірнеше үлгілерді ала жүргізу керек болып отыр. Мысалы, бізде жастар-балалар театры жоқ. Бізде жеке опера, оперетта, музыка комедия театры я болмаса ұсақ түрлер театры да жоқ. Соның жоқтығынан біздің бүгінгі актердің көбі бір жағынан концерт күштерін де өз іштерінен шығаруға міндетті болып отыр. Бірталай актер — актер емес, әнші. Сонысы үшін алынған. Халық тілейді. Театр бірнеше жанрды араластырып, әрі драма, әрі ән-күй театры болып, сол тілегіңді береді. Түбінде бұл қал дұрыс болмау керек. Актерлердің бір бағытта өсіп, тереңдеуі үшін, театрдың біржола шұғылданып, алаңсыз өсуі үшін жалғыз драмалық театры болып қана қалуына керек. Бірақ түбінде осы күштерінің ішінде опера, ән-күй группасын бөліп шығарып, жас зрительдер театрын бөліп шығарып, өзінен сондай жеткіншектер тудырып, өсіріп шығуы қажет. Бірақ бұл биылғы я келесі жылдың ісі емес, бірнеше жылға созылады. Соған шейін концерт бүгінгі театрдың қосымша бір майданы болып тұра тұрады. Ендігі біздің міндет ол концертті сақтай тұрумен бірге жаңағы екі-үш алуан болып түбіңде айырылып шығатын группа, театрлар мазмұн-түр әзірлеп береді. Мына үлкен театрды неше алуан репертуар бір сатыдан бір саты болып, осы бүгінгі күйге жеткізсе, ана болашақ театрлар үшін бүгін біздің еш нәрсеміз жоқ. Құр ғана жадағай "соло",24 "дуэт"25 я домбыра, я гармоньмен шығара салуға болмайды. Әрине солар үшін, онан соң бүгінгі театрдың бүгінгі концертпен қатар қолданатын керегі үшін енді біздің жазушылар, ақындар неше алуан комедия, әдеби сатира немесе оперетта, музыка, музыка комедия боларлық ұсақ түрлерді қолға алу керек. Бұл бірінші керегіміз. Бұдан соңғы екінші қажетіміз: бүгінде айтылатын ескі халық әндеріне әңгімелі өлеңдер салып беруге керек. Ескі әнмен бүгінгі машинелі, техникалы мәдениеттің қалпын жырлау үйлеспейді. Бірақ ескі әндер — үнемі биылғы бір-бір ауызбен қалдыруға да болмайды. Ән мазмұнына қарай, заманына үйлестіре тақырыпты бір қысқа-қысқа әңгімелі өлең беріп жаңарту керек. Ол өлең ескі өмірді, ескі салттың ауыртпалықтарын төңкерісшіл әдіспен таратып айтуға тиіс. Үшінші мәселе — біздің газет-журналдар мен жазушылар ұйымы талқыға салып өтетін театрдың осында аталған негізгі мәселелерімен қатар тағы бір нәрсе қазақ газетіне Еуропаның классик музыкасын, төңкерісшілдік интернационал музыкасын кіргізу реті. Бұлар шет жағалап осы күнде де де кіріп отыр.Бірақ көпшіліктің түсінік ұғынысы бұл жөнде шабандау тартып жатқан сияқты. Бізге өз опера, оперетта, музыкомедиямыз тумай тұрған кезде Еуропа музыка мәдениетінен жеке ұсақ туындылармен қатар қазаққа түсініктілеу болатын бөлімдерін алып қою мәселесі де тым жатырқарлық мәселе болмауға тиіс. Талқыға түсіп, шешуді күтетін төртінші мәселе — қазақ сахнасына билеу өнерін кіргізуде  хореография жайын жалпы күйде талқыға салу мезгілі де жетті. Құр ғана қазақ бұрын білмеген екен деп, жалпы мәдениетті адам баласының мәдени қазынасындағы бір үлкен жанды өнер саласының бүгінге шейін орнымен жоқ болуы зор кемшілік. Бесінші мәселе — қазақтың оркестрінің жайы. Біз жалғыз домбырамен қанағат қылуға болмайтынды екінің бірі біледі. Олай болса, қазақтың симфония оркестрінің жайы да шешілуін күтеді. Осы айтылған мәселелердің барлығы жалпы жұртшылықпен қатар театрдың бүгінгі ісінде алдынан күн сайын көлденең шығып, өзінің тұсауын кесуді керек қылып отырған жайлар. Жалпы алғанда қазақ театры өзінің қысқаша тарихында бүгінге дейін ықылас, көңіл, көмек ортасында бұрын істеп керген емес, басқа жағынан алғанда театр есетін, көрнекті жеміс беретін өрісіне енді шығуға беттеді. Қазірде барлық қолда бар актерлердің білім сапасын, мамандығын арттыру мақсатымен театр өз жанынан екі бөлімді студия ашып, бар әдістерін содан оқытып отыр. Келесі күзіміз, Наркомпростың байлауы бойынша, Мәскеудегі театркомбинаттың жанынан Қазақстан үшін 30-40 кісілік театрлық мастерской ашылып, содан бір топ адамды оқытып алмақ ниет бар. Бұл күнде актер саны аз болғандықтан сауатты, өнерлі, театрға пейілі бар деген адамдардан жаңа күштер шақырылып отыр. Мұның алдының келгені де бар. Бұл күнге шейінгі кемшілік, режиссер жас болғандықтан, театр басқарушылары Мәскеуге барып, жолдас Насоновты, суретшіні және композиторды әкеліп отыр. Театр осы күнде өзінің архивін құрап, тарихына мағлұматтар тізіп келеді. Шама келсе, биылғы жылы театрға арналған бір сборник шығармақ. Театрды, актерды өсіретін жетекші басшы — мағыналы сын. Сондықтан театр ендігі жаңалықтарын, жолын жеке постановкаларын көрушілердің активіне көмек беріп, талқыға салып отырмақшы. Сонымен қатар газет-журналдарда театр сыны деген сынның туып, өсуін қатты күтеді. Театрдың 8 жасына қарай беттерде ойға алып отырған мәселелер осылар. Осыны орындауға көпшіліктің көмегі керек.   Мұхтар Әуезов
04.12.2012 07:15 3695

 

Қазақстан Мемлекет театрының жеті жылдығы және алдағы міндеттері

Қазақстандағы октябрь жемісінің бірі — мемлекет театры өзінің барлық болмысымен қазақ пролетариатының қолындағы зор маңызды құралының бірі болуға тиіс. Мұның ұлы міндеті: сол пролетариаттың бақытты жаңа тұрмыс үшін алысып келе жатқан тартысын, қайратын суретті тілмен көрсетеді. Жаңа жұртшылықты негізгі түбегейлі мұраттарының бетімен отырып, жас қазақ пролетариатының салт-санасын ой, сезім жағынан дұрыс баулиды. Осы жөнде үлгі боларлықтай дұрыс әсер етеді.

Олай болса, театр өз айналасында болып жатқан қызулы зор тап тартысынан сыртта қала алмайды. Қайта сол тартыстың белсенді көмекшісі болып, тапсыз қоғам жасап, социализмді құру ісінде өзінің бойында бар мағына, сана сурет күштерінің бәрін ортаға салып, сынға түсуге, көрнекке шығуға міндетті.

Сол міндетін түсініп, өз рөлін шамасынша адақтамақ болып, театрдың жаңа бағытқа талпына кіріскен жылдары соңғы екі-үш жыл болады. Бұл жылдар бойында театр жаңалық іздейді. Жоспарлы мақсат белгілейді. Сонда өзінің таптық саяси бетімен салт-сана, суреттік бетін белгілеп, жан-жақтан кең салалы төңкерісшіл театрдың өрісіне шығуға қадам басады.

Соңғы жылдар бойында ашық, айқын болып осылайша белгіленген ұлы жоспар, театрдың бүгінгідей жоспары, әлі бүгінгі күнде де түгел адақтап шыға алмай, толық жеңе алмай келе жатқан өрі. Театрдың іші-тысы қайта құрылысының ұлы бағыты осы болса, программаның максимум, минимумі де осыдан тарайды.

Бұл жайда осылай деп түсінуші жалғыз мемлекет театрының, қазіргі басқарушылар коллективі, я Казнаркомпрос1 қана емес. Қазақстан жұмыскер төңкерісшіл табының зор өнер ошағының бірі — театр екенін айтып, Өлкелік партия комитеті де мемлекет театрының ісіне барынша көңіл бөліп отыр. Әсіресе Өлкелік комитеттің көрнекті басшылары жолдас Кахиани,2 Ораз,3 Жанайдар,4 Құлымбетұлы5 сияқты жолдастар театрдың жаңағы айтылған программасын сол бағытта өсуіне әрдайым басшылық көмегін беріп, театрдың алдынан кездескен қиындықтардың қай-қайсысына болса да өз қолдарымен араласып, ұдайы жәрдем етумен келеді.

Басшы жұмысшылықтың театр ісіне бұл сияқты көңіл бөлуі жаңада болып өткен Өлкелік партия комитетінің пленумы мен Қазақстан кеңес жазушыларының бірінші пленумінде тағы да нық, толық күйде көп талқыланып етті.

Барлық жердегі қорытынды біреу-ақ. Ол: мемлекет театры Қазақстанда октябрь тудырған үлкен мәдениеттің, түрі ұлттық, мазмұны социалдық мәдениеттің — толық тәнді ұлы мүшелі — мағыналы, маңызды дүкені болсын деген шартқа тіреледі.

Театрдың қай кезін алсақ та, алдымен көзге ілінетін, сөз болатын  мәселесі — репертуар. Қазақ  театры алғаш  істей бастаған жылдарында  репертуар жағынан көбінше төңкерісшіл театр боламын деген ниетте болмады. Ұлтшыл, байшыл, алашордашыл мәдениет ықпалындағы театр болып істеп келді. Ол кезде төңкеріс тарихының тақырыбында жазылған "Қызыл сұңқарлардың"6 қазақ  театрының сахнасында көрінуі театрдың  таптық, саяси  програмдық  бетін көрсету емес. Қайта театр әдеттегі ұлтшылдық, буржуазиялық қалпынан ауысып,  программадан  сыртқары болған пьесаны көрсетіп, замана тілегін білдіргендей болатын. Ол кездегі репертуардың көпшілігі төңкеріс күнін көрсетпейтін, сөз қылмайтын, көрушіні әдеби феодальный, партриархальный ауылға шақыратын жалған жасыл бояу боялған баяғыға қарай жетектеп, сонымен қалғытып-мүлгітпек болған  репертуар болатын. Сол себепті театрдың ол кездегі пішінін

белгілеуші пьесалар: "Қаракөз",7 "Алтын сақина",8 "Арқалық",9 "Қанапия-Шарбану"10 сияқтылар болған.

Осы турадан қарап театрдың төңкерісшіл театр болу жөніндегі бұрынғы қалпы, бүгінгі ісі, ертеңге арналған.

Одан бері келіп ұлтшылдық, алашордашылдық ықпалынан құтылдым деген мезгілінде де біздің театр кеңес театырының сол күнде өз алдына қойған міндеттерін — жаңа қадамды көрсету, жаңа герой туғызу деген міндеттерін толық атқара алған жоқ. Дәл 1930 жылға дейін кеңес репертуары, кеңес тақырыбы, күнделік құрылыс, күнделік тартыс тақырыбы деген тақырыптарға, репертуарға жарымады. Театрға ауыса алмады.

Ол жылдарда "Шахты",11 "Қызыл сұңқарлар" қойылып жүргені рас. Бірақ бұлар төңкеріс тарихының тақырыбы болғанмен де төңкерістің соңғы кеңес жағдайы, кеңес құрылысы тудырған жаңа адамдар жайындағы пьесасының 30-жылдар шамасында орыстың төңкерісшіл театрының өзіне қойған міндеттерін, тәжірибесін алсақ: граждан соғысының тақырыптарын неше алуан күй пайдаланып, жеңіп алған болатын. Енді сол күнгі құрылыстың неше алуан майдан, неше түлік сала-саласында істеп жүрген төңкерісші басшы — жұмысшыны, азаттанған әйелді, өсіп, қаулап, өрге басып келе жатқан жастарды көрсететін, поселкенің таптық тартысын, ауыл-поселкедегі пролетариат төңкерісінің табысын, жеңісін жыр қылып жатқан еді. Сондай кезде біздің театрдың граждан соғысының бір-екі тақырыбымен ғана отыруы мешеулік болатын. Өсудің тым шабан, тым баяу болып қалғанын көрсететін. Ал енді мұнымен театр әлі өзінің бұрынғыдан арылып, жаңа пішінге ие болғанын анық, ашық көрсетіп болған жоқ.

Құрылыс жүзінде зор перелом жаңа театрдың салт-саналық, саяси-таптық пішінін айқын қылып ашса, өзгеріс майданын айқын қылып ашатын өзгеріс "Майданмен"12 бірге туды. Драмалық жағынан кемшіліктері болса да, "Майданның" артынан туған тартыста сол "Майданның" бағытымен болып жаңа адамды, төңкеріс адамын көрсетуге бет берген репертуарды көрсетті. Театрдың да ендігі өрісі, тереңдейтін тақырыбы не екенін нұсқап берді. Осы жылдарда театрдың үлкен табысы актердің күш-қуатын, бойда барын суретті кейіпкер, образ жасауға кірісті. "Майдандар" бұл жағынан келгенде репертуарды ғана байытқан жоқ, актер образының проблемасында театр алдына жаңа міндет есебінде ұсынды. Сонымен қатар театр әзіне драматург күшін жасауға кірісіп, бұл күнге шейін бірнеше жас драматургтерін өсіріп келеді.

Театр өз басшылығы мен драма жазушылардан бригада құрып, соңғы жылдың ішінде "Октябрь үшін",13 "Түрксиб",14 "Колхоз үшін"15 деген зор тақырыптардың үлкен пьесаларын майданға шығарып отыр. Бұл пьесалар жайындағы сөз, сын, талқы жұртшылықтікі. Әзірше сондай жаңалықтардың шығуына себепші болушы театр екенін ғана айтып өтеміз. Драма жазушылардың арасына театр салған қозғау, үндеу, театр кіргізген екпін арқылы тағы бір зор пьеса шабуылға шығып отыр. Қысқасы, драма театрының азығы арқылы болатын үлкен пьесалар бұрын жыл сайын бір шешілмеген түйіндей жоқтығымен дағдартып тұратын болса, бүл күнде ол кезең артта қалуға айналды. Соңғы жылдар табыстың бір зоры жалғыз қазақ репертуары емес, енді театрдың орыс репертуарына ауыса бастауы. Әрине, мәселе құр орыс пьесасын қоюда ғана емес, оның беретін мазмұнын, образын, суреттілік жұмбақ проблемасын актер күшінің бауырлап жеңіп алуында. Бір жағынан қарағанда "Сүңгуір" біздің театрдың үлкен олжасының бірі. Жеке жайларын бұл жерде сынамаймыз. Бірақ, жалпы алсақ, біздің актер "Сүңгуірде" жаңа бір қалыпқа түсіп, соның өлшеуіне қарап ысылып, дүкен көріп шыққандай болды. Бұл күнде ол сүрініп-қабынбай етілген сын сияқты боп отыр.

Енді театрға жаңа келген режиссер жолдас Насонов16 пен жас режиссерымыз Ғатауллин Шафқат17 екеуінің басқаруымен Киршонның18 "Астық" атты пьесасын дайындап жатыр.19 Пролетариат драматургиясында "Қорқынышпен"20 қатар екінші бір ұлы табысы деп танылған "Астық" пъессасы біздің актерге екінші бір үлкен сыны. "Астықтың" артынан биылғы репертуарға кірген "Октябрь үшін", "Түрксиб", Горькийдің "На днесі", "Ревизорлар" ойналмақ21. Мұның ішіндер орыс әдебиетінен алынған "Ревизор" мен "На дне" октябрьдегі соңғы төңкерісшіл пролетариат майдандарын көрсететін "Түрксиб", "Октябрь үшіндер" театрдың "Майдан", "Сүңгуірменен" басталған суреттілік, салт-саналы

бетін көлемдірек, айқынырақ ашып, сол бетінде тереңденетін болады.

 

Театр осындай репертуар, осындай негізді жол, беттеген өріс пен өзінің бетін аша барып, нық қалып пен қашық үлгісін, театрлық мектебін белгілеу керек. Бұл жөнде жақын келешекті сөз қылсақ, біздің театр әзірше жеке жайылыс тауып, жекеше бір түр шығарамын демейді. Біз әзір оқу дәуіріндеміз, өсу-іздену дәуіріндеміз. Бұл кезімізге ең қолайлы жол, Ресейдің төңкерісшіл театрларының ішіндегі ірілерінің бірен-саранын алып, солардың үлгі ұстаздығына ілесіп көру шарт болады. Осы ретте әзірше мазмұн, түр жағынан үлгі қылып ұстамағымыз "Вахтангов театры"22 мен "Төңкеріс театры"23. Әрине, бұл үлгі құр көзді жұмып байланып кетуде емес. Қазақ театрының ұлттық тұрпатын сақтай, өсіре отырып өзіне үлгі алу болады. Сондықтан бүл күнгі театр үйінің жайынан айтпасақ та келешекте болатын үйлердің жайын еске алып, ендігі театрымыз үлкен индустриялды техниканың театры болмағы шарт дейміз. Оның белгілері: машиналанған декорация, неше алуан мол жарық, бояулар, спектакль радиолануы, тағы басқа неше түрлі болатын техникалық жаңалықтар болуға тиіс. Бұл айтылғандардың барлығы мемлекет драмалық театрының үлкен жолы. Түпкілікті ұстап, ұсталып қалатын пішінін, мазмұн, түр жағы осымен белгіленеді. Бірақ қазіргі біздің театрдың міндеті жалғыз мұнымен бітіп, толып қалмайтын болып отыр. Қазақстан астанасының, қала берсе бар Қазақстанның бірден-бір театры осы болғандықтан, бұл өзінің жаңағы үлкен өрісімен қатар тағы бірнеше үлгілерді ала жүргізу керек болып отыр. Мысалы, бізде жастар-балалар театры жоқ. Бізде жеке опера, оперетта, музыка комедия театры я болмаса ұсақ түрлер театры да жоқ. Соның жоқтығынан біздің бүгінгі актердің көбі бір жағынан концерт күштерін де өз іштерінен шығаруға міндетті болып отыр. Бірталай актер — актер емес, әнші. Сонысы үшін алынған. Халық тілейді. Театр бірнеше жанрды араластырып, әрі драма, әрі ән-күй театры болып, сол тілегіңді береді. Түбінде бұл қал дұрыс болмау керек. Актерлердің бір бағытта өсіп, тереңдеуі үшін, театрдың біржола шұғылданып, алаңсыз өсуі үшін жалғыз драмалық театры болып қана қалуына керек. Бірақ түбінде осы күштерінің ішінде опера, ән-күй группасын бөліп шығарып, жас зрительдер театрын бөліп шығарып, өзінен сондай жеткіншектер тудырып, өсіріп шығуы қажет. Бірақ бұл биылғы я келесі жылдың ісі емес, бірнеше жылға созылады. Соған шейін концерт бүгінгі театрдың қосымша бір майданы болып тұра тұрады. Ендігі біздің міндет ол концертті сақтай тұрумен бірге жаңағы екі-үш алуан болып түбіңде айырылып шығатын группа, театрлар мазмұн-түр әзірлеп береді. Мына үлкен театрды неше алуан репертуар бір сатыдан бір саты болып, осы бүгінгі күйге жеткізсе, ана болашақ театрлар үшін бүгін біздің еш нәрсеміз жоқ. Құр ғана жадағай "соло",24 "дуэт"25 я домбыра, я гармоньмен шығара салуға болмайды. Әрине солар үшін, онан соң бүгінгі театрдың бүгінгі концертпен қатар қолданатын керегі үшін енді біздің жазушылар, ақындар неше алуан комедия, әдеби сатира немесе оперетта, музыка, музыка комедия боларлық ұсақ түрлерді қолға алу керек. Бұл бірінші керегіміз.

Бұдан соңғы екінші қажетіміз: бүгінде айтылатын ескі халық әндеріне әңгімелі өлеңдер салып беруге керек. Ескі әнмен бүгінгі машинелі, техникалы мәдениеттің қалпын жырлау үйлеспейді. Бірақ ескі әндер — үнемі биылғы бір-бір ауызбен қалдыруға да болмайды. Ән мазмұнына қарай, заманына үйлестіре тақырыпты бір қысқа-қысқа әңгімелі өлең беріп жаңарту керек. Ол өлең ескі өмірді, ескі салттың ауыртпалықтарын төңкерісшіл әдіспен таратып айтуға тиіс.

Үшінші мәселе — біздің газет-журналдар мен жазушылар ұйымы талқыға салып өтетін театрдың осында аталған негізгі мәселелерімен қатар тағы бір нәрсе қазақ газетіне Еуропаның классик музыкасын, төңкерісшілдік интернационал музыкасын кіргізу реті. Бұлар шет жағалап осы күнде де де кіріп отыр.Бірақ көпшіліктің түсінік ұғынысы бұл жөнде шабандау тартып жатқан сияқты. Бізге өз опера, оперетта, музыкомедиямыз тумай тұрған кезде Еуропа музыка мәдениетінен жеке ұсақ туындылармен қатар қазаққа түсініктілеу болатын бөлімдерін алып қою мәселесі де тым жатырқарлық мәселе болмауға тиіс.

Талқыға түсіп, шешуді күтетін төртінші мәселе — қазақ сахнасына билеу өнерін кіргізуде  хореография жайын жалпы күйде талқыға салу мезгілі де жетті. Құр ғана қазақ бұрын білмеген екен деп, жалпы мәдениетті адам баласының мәдени қазынасындағы бір үлкен жанды өнер саласының бүгінге шейін орнымен жоқ болуы зор кемшілік.

Бесінші мәселе — қазақтың оркестрінің жайы. Біз жалғыз домбырамен қанағат қылуға болмайтынды екінің бірі біледі. Олай болса, қазақтың симфония оркестрінің жайы да шешілуін күтеді. Осы айтылған мәселелердің барлығы жалпы жұртшылықпен қатар театрдың бүгінгі ісінде алдынан күн сайын көлденең шығып, өзінің тұсауын кесуді керек қылып отырған жайлар.

Жалпы алғанда қазақ театры өзінің қысқаша тарихында бүгінге дейін ықылас, көңіл, көмек ортасында бұрын істеп керген емес, басқа жағынан алғанда театр есетін, көрнекті жеміс беретін өрісіне енді шығуға беттеді.

Қазірде барлық қолда бар актерлердің білім сапасын, мамандығын арттыру мақсатымен театр өз жанынан екі бөлімді студия ашып, бар әдістерін содан оқытып отыр.

Келесі күзіміз, Наркомпростың байлауы бойынша, Мәскеудегі театркомбинаттың жанынан Қазақстан үшін 30-40 кісілік театрлық мастерской ашылып, содан бір топ адамды оқытып алмақ ниет бар. Бұл күнде актер саны аз болғандықтан сауатты, өнерлі, театрға пейілі бар деген адамдардан жаңа күштер шақырылып отыр. Мұның алдының келгені де бар.

Бұл күнге шейінгі кемшілік, режиссер жас болғандықтан, театр басқарушылары Мәскеуге барып, жолдас Насоновты, суретшіні және композиторды әкеліп отыр. Театр осы күнде өзінің архивін құрап, тарихына мағлұматтар тізіп келеді. Шама келсе, биылғы жылы театрға арналған бір сборник шығармақ.

Театрды, актерды өсіретін жетекші басшы — мағыналы сын. Сондықтан театр ендігі жаңалықтарын, жолын жеке постановкаларын көрушілердің активіне көмек беріп, талқыға салып отырмақшы. Сонымен қатар газет-журналдарда театр сыны деген сынның туып, өсуін қатты күтеді. Театрдың 8 жасына қарай беттерде ойға алып отырған мәселелер осылар. Осыны орындауға көпшіліктің көмегі керек.

 

Мұхтар Әуезов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға