Металлургиялық кешен (құрамы мен ерекшеліктері)
Металлургиялық кешен (құрамы мен ерекшеліктері)
Қарапайым механизмдерден күрделі машиналарға дейінгі негізгі өндіріс құралдары металдан жасалған. Сондықтан металл шығаратын салалардың үлкен шаруашылық маңызы бар. Олар тығыз байланыстар арқылы біртұтас металлургия кешенін құрайды. Бұл кешен металдар мен олардың қорытпаларын шығарады. Металдар қара (темір), түсті (барлық қалған металдардың түрлері) болады және соған байланысты - қара және түсті металлургияға бөлінеді.Қазақстанда алынатын металдардың 90%-ының үлес салмағын темір қорытпалары, яғни қара металдар құрайды. Түсті металдардың өзіндік ерекше қасиеттері бар. Олар өнеркәсіпте, басқа да салаларда кеңінен қолданылады және бұлардың дүниежүзілік саудадағы үлес салмағы мол. Қара металлургия сияқты, түсті металлургияның да еліміздің экономикасы үшін маңызы зор.Металлургия - Қазақстан өнеркәсібінде жұмысшылар саны жөнінен бірінші және өнім күні жөнінен екінші салааралық кешен. Ол басқа кешендерді металл, құбыр, шикізатпен жабдықтап, оның орнына отын мен электр қуатын, машина мен құрал-жабдық,химиялық және ағаш материалдарын алады. Темір жол көлігімен тасымалдауда металдар мен кендер тек отынға ғана жол береді.Экспорттағы олардың үлесі 1/5-ден асады.
Металлургиялық кешеннің ерекшеліктері
Металлургиялық кешеннің бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, оны құрайтын салалар - материалды, қаржыны, еңбекті көп қажет етеді және экологиялық жағынан «лас» болып келеді.Екіншіден, онда өндірісті құрамдастыру таралған. Қара металлургияда комбинаттар шикізатты біртіндеп дайын өнімге айналдырады (мысалы, кен, шойын , болат), ал түсті металлургияда - әр түрлі металдарды шығарумен де айналысады (мысалы, титан мен магний). Олардың қалдықтарын басқа өнеркәсіп салалары пайдаланады (құрылыс материалдары, химия өнеркәсіптері).Үшіншіден, оның елеулі айырмашылығы - өндірістегі шоғырлану деңгейінің жоғары болуында. Мысалы, еліміздегі барлық титан бір комбинатта, ал барлық мыс - екі комбинатта балқытылады.Осындай ерекшеліктер металлургиялық кешеннің географиясын анықтайды.Кеннің құрамында бірнеше бағалы компоненттер кездеседі.Мысалы, Жезқазған кенінде мыс, қорғасын, мырыш, күміс, алтын, рений, висмут, осмий, күкірт бар. Бұл минералдық шикізатты кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.Әдетте, кендегі металл мөлшері көп болмайды. Соншама көп жынысты текке балқытпас үшін кенді байытады. Байыту фабрикаларында оларды ұнтақтап, сумен және реагенттермен (мысалы,техникалық маймен) араластырады. Осы қоспа арқылы күшті ауа немесе су ағынын өткізеді. Металы бар бөлшектер реагенттерге жабысып, көбік түзеді. Көбікті қалқып, кептірген соң, концентрат алады. Байытудың бұл тәсілін флотация деп атайды. Бастапқы шикізатқа қарағанда, концентраттағы металл мөлшері бірнеше есе көп болады.Кен орнына концентрат пайдалану отынды көп үнемдеуге мүмкіндік береді.Қара металлургия: өндірісте 2-рет қайта қолдану. Қара металлургия жаппай қолданылатын конструкциялық материал - болат өндіреді. Оны негізінде шойыннан алады. Болат пен шойын темірдің көміртектік қорытпасы. Көміртегінің жоғары мөлшеріне байланысты шойын морт сынғыш, осал болып келеді. Ал өндіріске соғуға, июге және тегістеуге жарамды пластикалық (иілгіш) материал қажет. Сондықтан шойынның көп бөлігін болатқа айналдырады.Болат қорыту үшін шикізат пен отын қажет. Отынды кокстелетін тас көмірден алады. Ал негізгі шикізат темір кені болып табылады.Біздің еліміздегі темір кені шикізатының 90%-ы Қостанай мен Атасу алаптарында орналасқан. Кеннің барлығына жуығын 3 кен байыту комбинаты (КБК) ендіреді, олар: ТМД-дағы ең ірі Соколов-Сарыбай (Рудный қаласы), Лисаков және Қаражал комбинаттары. Болат өндіру - екі дүркін қайта қолданылымнан тұрады: 1) темір кенінен домна пештерінде шойын алу ; 2) балқытылған шойыннан конверторларда болат алу. Болатты қалыптарға құяды. Олардан алынған салмағы 5 - 7 т болатын құймаларды прокат машиналарының (орнактың) айналып тұратын біліктерінің арасымен өткізіп, әр түрлі прокат алады. Шойынды, болатты және прокатты жекелей шығаруға да болады. Бірақ оларды алуды бір кәсіпорында - комбинатта біріктіру үнемдірек болып келеді.
Толық циклді металлургия
Өндірістің аталған үш сатысын да біріктіретін өндірісті (шойын,болат және прокат алу) толық циклді металлургия комбинаты деп атайды .Құрамдастыру технологиялық процестердің үздіксіз жүруін қамтамасыз етіп, дайын өнімді алуды жылдамдатады, көлік шығынын азайтады.1 т шойын алуға орта есеппен 1,5 тонна көмір мен кен керек.Сондықтан толық циклді комбинаттарды шикізат, отын базаларының маңында немесе олардың ортасында орналастырады. Бұл - орналастырудың ең негізгі принципіне жатады. Сонымен катар сумен, электр қуатымен, табиғи газбен қамтамасыз етілуі және экологиялық фактор ескеріледі. Біздің еліміздегі толық циклді өндірістік жалғыз кәсіпорын - Теміртау қаласында орналасқан. Ол барлық шойын мен болаттың 80%-ын өндіреді.Комбинаттармен қатар толық емес циклді қайта балқыту зауыттары бар. Олардан шойын алынбайды, металл сынықтарынан балқытып, болатты прокатқа «айналдырады». Қайта балқыту зауыттарын шикізат базасы мен тұтынушылары бар, машина жасау саласы дамыған аудандарда орналастырады. Қара металлургияға ферроқорытпа өндірісі, яғни темірдің марганецпен, хроммен, басқа да қоспалық металдармен, кремниймен бірге қорытылуы да жатады. Оларсыз сапалы металлургия қалыптастыру немесе жеңіл, ыстыққа төзімді, тат баспайтын болат балқыту мүмкін емес. Болаттың ондай түрі ғарыштық, авиациялық, кеме жасау өнеркәсіптеріне қажет. Сондықтан шығарылатын ферроқорытпалардың түрлері мен мөлшері жалпы металлургияның деңгейін көрсетеді.
Ферроқорытпа өндірісі
Қазақстандағы ферроқорытпа өндірісі шикізатпен жақсы қамтамасыз етілген. Хром кені Дең КБК-да (Хромтау қаласы), ал марганец - Жезді және Жәйрем КБК-да өндіріледі.1 т ферроқорытпа шығару үшін 10 мың кВт.сағ электр қуаты жұмсалады. Өнім бірлігіне көп мөлшерде электр қуатын тұтынатын өндіріс - энергия қуаты көп қажет ететін өндіріс деп аталады.Оларды орналастырудағы басты фактор - энергетикалық фактор болып саналады. Біздің еліміздегі ферроқорытпаның негізгі бөлігін Ақтөбедегі және әлемдегі ең үлкен Ақсудағы 2 зауыт шығарады. Олардың негізгі өнімі - феррохром. Қара металлургия - Қазақстанның маңызды экспорттық саласы. Темір кенінің 1/2, балқытылған ферроқорытпалардың 3/4-і мен прокаттың 90%-ы шет елдерге жіберіледі. Бұл өнімдерді негізгі сатып алушылар - Ресей, Қытай және Еуропа елдері.