Жаңалықтар

Еңбек жалыны, ой қанаты

  Біздің рухани мәдениетіміз жалаң тақырда өспегенін, оның терең тамыры, негізі прогрессивтік мәдени дәстүрімізде жатқанын бүгін тағы да атап айтқым келеді. Социалистік реализм әдісін өз еңбектерінде бұлжытпай қолданып отырған бүгінгі қаза жазушылары — біздер Абай дәстүрін — әдебиеттер бауырластығының, реализм мен гуманизм дәстүрін ардақтаймыз. Қазақстанның бүгінгі өмірі Абай заманынан мүлде басқа. Ендеше біздің бүгінгі социалистік шындығымызды барынша терең, айқын да жарқын, нанымды көрсету үшін суреткерлік соны құралдар, тәсілдер іздеп табуымыз керек. Біз өзіміздің классиктен — Абайдан еңбек адамына сүйіспеншілік, туысқан халықтардың озық дәстүрлерін сыйлау, улы орыс әдебиетіне берілгендік сықылды тамаша қасиеттерді мирас етіп, қабылдаймыз да, оларды әлеуметтік жалынымен, ұшқыр ойларымен байытамыз. Әдеби дәстүрді жаңарту, байыту, көркейту дегеніміз осылай болады. Біздің бүгінгі заманның адамдары, рухани бай адамдар. Олардың әдебиет пен көркемөнерге деген тілек-талғамы да күшті. Заман талабының деңгейінде болу үшін біздер — мәдениет қайраткерлер өмірге барынша терең бойлап, оны жан-жақты тануымыз керек, ең жоғары шеберлікке жетіп, ерінбей-жалықпай еңбектенуіміз керек. Бұл орайда да біз классиктердің таңдаулы әдеби дәстүрлерін үлгі етеміз, өткен заманның көл-көсір мол мұраларын үйренеміз. Пушкин, Толстой, Абай, Тоқай, Горький, Маяковский сықылды алыптардың өз замандарының шындығын соншама терең, соншама кең көлемде керемет етіп суреттеп берулеріне негізгі себеп қандай болды екен?—деп ойланамыз, толғанамыз. Бүгінгі заман шындығын шебер де мол көрсету үшін бізге не қажет? Ең алдымен әдебиет партиялық болуға керек. Біздің әдебиетіміздің халықтық болуы — оның партиялылығынан бөлінбейтін, ажырамайтын асыл қасиеті. Жазушы өз шығармасында өмір шындығын нағыз коммунистік іңкәрлікпен, құштарлықпен мол қамтыса, шығармасының құлашы кең, ойы терең болса, мақсатқа сонда жетеді. Ал енді «күйкі тақырыппен» бүкіл бір дәуірді қамти алмайсың. Заман, дәуір биігіне көтерілген, халықтың ойлаған жерінен шыққан шығарма жасау үшін бүгінгі заманның нағыз маңызды да мәні зор мәселелерін жазу керек. Классиктердің де дәстүрі осы. Олар да өз замандарының ең ірі, ең маңызды шындықтарын суреттеген. Біздің жас әдебиетшілеріміз олардан үлгі алуы керек. Совет жазушылары совет әдебиетінің партиялық, халықтық сипаттарынан ешқашан да айнымайды, өз еліне, өз Отанына адал қызмет істейді, заман шындығын жырлайды. 1963
04.12.2012 07:04 3205

 

Біздің рухани мәдениетіміз жалаң тақырда өспегенін, оның терең тамыры, негізі прогрессивтік мәдени дәстүрімізде жатқанын бүгін тағы да атап айтқым келеді.

Социалистік реализм әдісін өз еңбектерінде бұлжытпай қолданып отырған бүгінгі қаза жазушылары — біздер Абай дәстүрін — әдебиеттер бауырластығының, реализм мен гуманизм дәстүрін ардақтаймыз.

Қазақстанның бүгінгі өмірі Абай заманынан мүлде басқа. Ендеше біздің бүгінгі социалистік шындығымызды барынша терең, айқын да жарқын, нанымды көрсету үшін суреткерлік соны құралдар, тәсілдер іздеп табуымыз керек. Біз өзіміздің классиктен — Абайдан еңбек адамына сүйіспеншілік, туысқан халықтардың озық дәстүрлерін сыйлау, улы орыс әдебиетіне берілгендік сықылды тамаша қасиеттерді мирас етіп, қабылдаймыз да, оларды әлеуметтік жалынымен, ұшқыр ойларымен байытамыз. Әдеби дәстүрді жаңарту, байыту, көркейту дегеніміз осылай болады.

Біздің бүгінгі заманның адамдары, рухани бай адамдар. Олардың әдебиет пен көркемөнерге деген тілек-талғамы да күшті. Заман талабының деңгейінде болу үшін біздер — мәдениет қайраткерлер өмірге барынша терең бойлап, оны жан-жақты тануымыз керек, ең жоғары шеберлікке жетіп, ерінбей-жалықпай еңбектенуіміз керек. Бұл орайда да біз классиктердің таңдаулы әдеби дәстүрлерін үлгі етеміз, өткен заманның көл-көсір мол мұраларын үйренеміз. Пушкин, Толстой, Абай, Тоқай, Горький, Маяковский сықылды алыптардың өз замандарының шындығын соншама терең, соншама кең көлемде керемет етіп суреттеп берулеріне негізгі себеп қандай болды екен?—деп ойланамыз, толғанамыз.

Бүгінгі заман шындығын шебер де мол көрсету үшін бізге не қажет? Ең алдымен әдебиет партиялық болуға керек.

Біздің әдебиетіміздің халықтық болуы — оның партиялылығынан бөлінбейтін, ажырамайтын асыл қасиеті. Жазушы өз шығармасында өмір шындығын нағыз коммунистік іңкәрлікпен, құштарлықпен мол қамтыса, шығармасының құлашы кең, ойы терең болса, мақсатқа сонда жетеді. Ал енді «күйкі тақырыппен» бүкіл бір дәуірді қамти алмайсың. Заман, дәуір биігіне көтерілген, халықтың ойлаған жерінен шыққан шығарма жасау үшін бүгінгі заманның нағыз маңызды да мәні зор мәселелерін жазу керек. Классиктердің де дәстүрі осы. Олар да өз замандарының ең ірі, ең маңызды шындықтарын суреттеген. Біздің жас әдебиетшілеріміз олардан үлгі алуы керек.

Совет жазушылары совет әдебиетінің партиялық, халықтық сипаттарынан ешқашан да айнымайды, өз еліне, өз Отанына адал қызмет істейді, заман шындығын жырлайды.

1963

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға