80-жылдардың екінші жартысындағы оқиғалар
04.12.2012 06:17
4783
Атап айтқанда, қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы көтерілісі шетелдік Орта Азия зерттеушілерінің болжамдарын көп жағдайда дәлелдеп берді. Беннигсен өзінің соңғы еңбектерінің бірінде Алматы мен республиканың басқа қалаларындағы желтоқсан оқиғасына орай былай деп жазады: «1986 жылғы оқиғалардан кейін бұрынғы бейғам ксенофобия мұсылман ұлтшылдарының «үлкен орыс ағасына» қарсылығына, этносаралық тартысқа орын бере бастады».
Қазақстанда 1986 жылдың желтоқсанында болған оқиғаларға әлемнің көптеген елдері үн қатты. Б. Керблай, М. Лавинь (Франция), У. Хальбах, Р. Шарф (ГФР), Э. Уимбуш (Англия), М. Олкотт (АҚШ) өздерінің орта азиялық республикалардың болашағы туралы ғылыми болжамдарын қазақ халқының ұлттық оянуының қуатты жарылысына алып келген факторлар- мен байланыстыруға тырысты.
Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына кешірек, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін үн қосқан Э. Карркер д'Анкос оны жарылған бомбаға теңеді. 80-жылдардың екінші жартысында Горбачевтін ойластырған жарты кеш реформаларына талдау жасай келе, ол былай деп жазды: «Сол кезеннің ең есте қаларлық оқиғасы Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсандағы көтеріліс болды... Ол бірінен кейін бірі Ташкентте, Вильнюсте, Тбилисиде және басқа қалаларда болған бой көрсетулер тізбегін бастап берді».
Әлемдік астам державаның тікелей ыдырауы қарсаңында болған оқиғаларға жүргізілген талдаулар (М. Олкотт, Б. Нахайло, Г. Симон т.б.)161 ғылыми біліктілігі уақыттың өзімен дәлелденген, кеңес танушылардың қызметтерінің қорытындыларын шығаруына алып келді. Кеңес Одағының тарих сахнасынан кетуіне байланысты, кеңестанудың өзі де зерттеу нысанасы болудан қалды.. КСРО-ның, Г. Симонның сөзімен айтқанда, «соңғы отаршыл империяның» ыдырауы, оны құраушы республикалардың ұлттық және мемлекеттік тәуелсіздік алуы, Қазақстан мен шет елдер арасындағы ғылыми және мәдени байланыстардың кенеюі шетелдік авторлар зерттеулерінің әдіснамасы мен құрылымына мәнді түзетулер енгізді. «Кеңестану» және «Кеңестану орталықтары» терминдерінің орнында бүгінгі күннің ақиқатын бейнелейтін жаңа ұғымдар пайда болуда. 1992 жылдың ақпан айында Мәскеуде өткен «Кеңестік сыртқы саясат; 1971 — 1991 жылдар, өткенге шегініс» деп аталатын халықаралық конференцияда сөйлеген Стэнфорд университетінің (АКШ) профессоры Александр Даллин былай деп мәлімдеді: «...уақыт біздің алдымызға жаңа сұрақтар қоюда: тоталитарлық режим өзгере ме? Бір қоғамдық құрылыстан екіншісіне бейбіт түрде өту мүмкін бола ма? Бүгінгі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы көптеген сұрақтар қойып отыр».
Осы және басқа сұрақтарға жауап іздестіру мақсатында, тарихшылар мен саясаткерлер кеңестік империяны күтпеген жерден күйреуге душар еткен себептер мен факторларды, оның сыртқы және ішкі саясаттағы жетістіктері мен сәтсіздіктерін сындарлы түрде зерттеді. РЭНД корпорациясының аға ғылыми қызметкері Г. Фуллер бұл жағдайға байланысты былай деп жазды: «Әлемнің барлық аумақтарындағыдай, Орта Азиядағы отаршылдық бар болғаны жарылқаушылық сипатында ғана болды. Ол аймаққа теміржолдар, отырықшы егіншілік және оқу-ағарту ісін әкелді. Алайда патшалар да, большевиктер де аймақты түсінгендік танытпады немесе оны саяси және экономикалық жағынан жаңғырту жөнінен жәрдемдескісі де келмеді».
Орта Азия мен Қазақстандағы кеңестік басқарудың қорытындыларын бағалаудың бұл тұғырнамалық тәсілін нақтылау 90-жылдардың басындағы көптеген батыстық зерттеушілердің жұмыстарында көрініс тапты. П. Гобль, М. Олкот, Г. Глисон, С. Клотцли, Р. Фердинанд, Я. Бремер, Г. Велт, Дж. Кричлоу және басқалар империяның қазақстандықтарға Қалдырған ауыр мұрасы (Қазақстан экономикасының шикізаттық сипаты, экологиялық проблемалар, кадр және қаржының жетіспеушілігі) туралы атап өтті.
Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алуы ғалымдардың идеологиялық тосқауылдан түбегейлі арылуына, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арналған батыстық зерттеулердің құрылымы мен тақырыбының өзгеруіне алып келді. Батыс еуропалық және америкалық тарихнамада жас мемлекеттің осы заманғы проблемаларына жаңаша қарау үрдісі белен алуда.
Тұтастай алғанда, тарихнамалық талдау көрсетіп отырғанындай, XX ғасырдағы Қазақстан тарихына қатысты алдағы зерттеулер мен материалдарды дайындауда, республиканың кеңестік дәуірдегі дамуының төмендегі кезеңдерін басты меже етіп алуға болады: Кеңес мемлекетінің ұлттық саясаты. Тоталитаризм жағдайындағы қазақтың ұлттық идеясы және ұлттық сана-сезімнің өсуі. Социализм ауқымындағы ұлтсыздандыру үрдісі. Кеңестік өркениетті қалыптастыру талпыныстары. КСРО-ның ыдырауы: дамудың жаңа көкжиегі.
Жалпы алғанда, КСРО халықтары 70 жылдық даму кезеңінде тоталитарлық тәжірибеден трагедиялық тарихи сабақ алды. Бұл ретте Ресей мен басқа да бұрынғы КСРО, қазіргі тәуелсіз республикалар большевизмнің ішкі мәнін терең түсініп қана қоймай, мұны өз дамуында шынайы демократия жолымен келе жатқандығының кепілі ретінде сезінуі аса манызды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ежелден ер тілегі ─ ел тілегі, адал ұл ер боп туса ─ ел тірегі
Келесі жаңалық
Қазақмыс филиалының атауы Сәтбаевтың құрметіне өзгертілді