Жаңалықтар

ЗИМАНОВ Салық

ЗИМАНОВ Салық (19.2.1921 ж.т., Гурьев, қазіргі Атырау қ.) – қоғам қайраткері, заң ғыл. докт. (1961), проф. (1963), Қазақстан ҒА-ның акад. (1967), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1971). Бүкілодақтық заң ин-тын бітірген (1948). 2-дүниежүз. соғысқа бастан-аяқ қатысқан. Дивизион командирі, миномет полкі және арт. полк командирі болып, полковник шенімен әскери қызметтен босаған (1944–45). Майданнан оралған соң Гурьев обл. прокуратурасында тергеуші, аға тергеуші (1946–47), Қазақ КСР-і Прокуратурасы жанындағы ерекше маңызды істер жөніндегі тергеуші (1947–48) қызметін атқарды. Қазақстан ҒА құқық секторының аспиранты, аға ғыл. қызметкері, сектор меңгерушісі (1948–52) болды. Алматы мемл. заң ин-тының директоры, ҚазМУ-да декан (1952–58), Қазақстан ҒА Философия және құқық ин-тының директоры (1958–69), осы ин-ттың бөлім меңгерушісі, құрметті директоры (1969–76), Қазақстан ҒА Төралқасының бас ғалым-хатшысы (1976–77) қызметтерін атқарған. 1995 жылдан Қазақ академиялық ун-тінің ректоры, 1999 жылдан Қазақстан ҰҒА Төралқасының мүшесі. З. 1990–95 ж. ҚР Жоғ. Кеңесіне халық депутаты болып сайланып, Жоғ. Кеңес Төралқасының, Сыртқы қарым-қатынастар мен парламентаралық байланыстар к-тінің мүшесі, Ардагерлер мен мүгедектер жөніндегі к-т төрағасы болды. Білікті заңгер маман ретінде егемендік, тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстанның халықар. қарым-қатынастарын заңдастырып, қазақ тіліне мемл. мәртебе беру, президенттік басқару ин-тын енгізу, құқықтық-демокр. реформаларды жүргізу ісіне, т.б. белсене араласты. Ол 1992–93 ж. ҚР Президенті жанындағы Консультативтік кеңестің, Мемл. саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі болды. З-тың ғыл.-зерттеу еңбектері, негізінен, мемлекет және құқық тарихы мен теориясына, Қазақстан мен Орт. Азияның басқа да аймақтарында ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына, Қазақстан Республикасының мемл. тәуелсіздігіне, т.б. өзекті мәселелерге арналған. Сондай-ақ З-тың құқық теориясына, қазақтың дәстүрлі құқықтық мәдениетіне, шариғат заңдарына қатысты бірнеше ғыл. еңбектері жарық көрді. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы кезінде де ол азаматтық ерлік көрсетті. Империялық орталықтың үлкен лауазымды өкілдерінің қазақ халқы атына айтқан астам пікірлеріне тайсалмай қарсы шығып, ұлт намысын, ел абыройын нақты да кесімді дәлелдермен қорғап қалды. Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін З-тың ғыл. және қоғами-саяси қызметінің жаңа, жемісті кезеңі басталды. Қазақстанның Жоғ. Кеңесі көптеген жаңа заңдарды қабылдауға тиіс болды. Осы жауапты тарихи кезеңде З. білімділік, қайраткерлік қырымен танылды. Қазақ мемлекеттігі мен қазақ халқының тарихында шешуші рөл атқарған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» (25.10.1990) жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарды. Ел тарихындағы екінші бір аса маңызды саяси актінің – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның (16.12.1991) жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болды. Ол Жоғ. Кеңестегі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын әзірлеу жөніндегі Конституциялық комиссияның мүшесі болды, мұнда ол сарапшылар тобын басқарды. З-тың «КСРО-дағы автономиялау теориясы мен практикасы» (1998) атты зерттеу еңбегі ТМД мемлекеттерінің ғыл. жұртшылығының арасында зор серпіліс туғызды. Онда алпауыт держава – КСРО-ның ыдырауының көрінісі және оның бұрынғы автон. аумақтары негізінде жаңа тәуелсіз республикалардың құрылуы нақты да талдамалы тұжырымдарға сүйене отырып дәлелденген. З. 10 томдық «Қазақтың ата заңдары» энциклопедиясына ғыл. жетекшілік жасауда. З. ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйл. (1993), Қазақстан Мемл. сыйл. (2002) лауреаты. «Парасат» орденімен (2002), екі рет Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.  
04.12.2012 06:14 4305

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға