Жаңалықтар

Әдебиеттің жас буынын тәрбиелейік

  Жазушылардың Бүкілодақтық екінші съезінен кейін өткелі тұрған бұл пленумда жастар жайы ерекше сөз болмақ. Қай заманда қандай қауым болса да, өз жастарын байыпты баулып, ой-арманын, қоғам кешін соларға тапсырып кетті. Өмір бойы әкенің балаға, ағаның іні-қарындасқа қалдырып келе жатқан өсиеті, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың насихаты алуан-алуан бола тұра, әр саламен келіп, осы тілектің арнасына құйылады. Тілек дегеннің өзі түрлі-түрлі. Жер бетіне келіп кеткен, қазір өмір сүріп жатқан халықтар да, ол халықтардың ойы, дәстүрі де қилы-қилы Совет халқы ұлы арманға қол артып кәрия тарих кездестірмеген ұлы дәстүр жасап барады. Біз Октябрь революциясын 38 рет мейрамдадық. 38 жылда жүздеген жылдардың ісін істедік. Сол ісімізбен салған дәстүріміз әлдеқайда айдынды, әлдеқайда қымбат. Бұл, тек совет еліндегі адамдар үшін ғана емес, бүкіл еңбекші адамзатқа ардақты — социалистік дәстүр. Біздің жастар осы дәстүрді жанын сала қорғауға міндетті. Қорғау, ең алдымен социалистік Отанын сүю. Отанын сүю — ол Отанның өмірде болған, болып жатқан және болашақ ұлылы-кішілі өзгерістерді білу ғана емес, білек сыбанып бірге жасасу. Осы белгілі қағидаларды жалықпай айта беретін себебіміз — біздің жастар өмір соққысын көрген жоқ, дайынға кездесті. Дайынға кездесу жақсы. Бірақ жақсының қадірін екінің бірі біле бермейді. Өткен заман жастарының қолы түгілі, ойы жетпеген істер бүгінгі біздің жастардың күнделікті ісіне айналды. Бұның парқын білмеген шатасады. Сондықтан жастарымыз қателеспеу үшін, дес өзіне тиген кезде қоғам күшін дұрыс апару үшін социалистік дәстүрді жете зерттеуі, кейін қалған ескі дүниені, алдағы коммунизм атты жаңа дүниені байсалдылықпен әмән барлай отыру керек. Жастарға артатын тілек, сенімдеріміз жазушылықтан дәмесі бар жастарға келгенде өсе түседі. Өйткені, көркем әдебиет өмір айнасы. Қисық айна қисық, түзу айна түзу көрсететіні белгілі. Өмір бейнесін әдебиетке дұрыс түсіру үшін алдымен білім керек. Білім — ғылымда, өмірдің өзінде жатыр. Екеуін бірдей қамтыған жастың ғана талантына қос қанат бітеді, қамти алмаса есіл талант жер бауырлай жүріп жоғалады. Совет жұртшылығы ғылымға жаппай бет қойған шақ. Ғылым өрінде еркін өрлеп бара жатқан әдебиетші қазақ жастары толып жатыр. Қазақтың қазіргі көне жазушыларының көбі үлкен ынта, шағын сауатпен келсе, бүгінгі жастардың дені орта, жоғары дәрежелі мектеп бітіріп, өз әдебиетін ғана емес, орыс әдебиетін, орыс тілі арқылы шет ел әдебиетін оқып келеді. Сөйте тұра, өз заманының әдебиетін жасауда жастарымыз әлі шабан, жарқ етіп көзге түскендер аз. Классиктерді былай қойғанда, советтің, соның ішінде қазақтың да белгілі жазушыларының көбі он сегіз, жиырма жасында қалам ұстап, жиырма бес, отыз жасында жұрт көзіне көрініп қалған. Ал, бүгінгі біздің қазақ әдебиетшілерінің талайы ата сақалы аузына бітсе де жаспын деп жүреді. Бірақ, жасша жалындамайды, салқын, жерқорқақ болған шалдың мінезін еске түсіреді. Қайсібірі тіпті тентектігін де жастыққа жабады. Бір заманда өмір сүріп отырған жоғары, төмен буынды қазақ әдебиетшілерін салыстыра келгенде төменгі буынның бірсыпырасы кітаптан ғана сусындап, шынайы өмірден сырғақтап жүргені байқалады. Оқу бітірген жастар көбінесе астанада қалуды көздейді, облыс орталығының өзіне қынжыла-қынжыла кетеді. Бұл, жазушы болам деген жасқа өте-мөте зиянды, хауіпті мінез. Оның көргені мектеп, енді көретіні кеңсе, көше болса, одан жеңді жазушы шықпайтынын күні бұрын кесіп айта аламыз. Жазушы құр біліммен жаза алмайды. Жазатын өмірі көзіне елестеп тұрса ғана жаза алады. Көрмейінше елес жоқ. Фантазияшылардың долбарының өзі шын өмірмен ұштасып жатады. Тәжірибесі мол, атақты еңбегі бар аға жазушылардың бірсыпырасы бүгінгі тақырыпқа келе алмай, келсе көңілдегідей шығара алмай жүр. Бұл олардың актуальды тақырыпқа селқостығынан немесе сүймегендігінен емес, ұзақ уақыт қаладан, үйден шықпай шәу болып қалғандығынан. Өмір ешкімді сыйламайды, тосып тұрмайды — толқып жатқан мылқау мұхит. Сол мұхитпен алыса, арбаса жүріп әркім өз әлінше керегін алады. Демек, жастар жалаң талантқа, кітап біліміне сеніп қалмасын. Оларды өмірмен суара білсін. Суару үшін өмірдің бетінде қалқу жетімсіз, сүңгу керек. Сонда ғана бүкіл денең сезінеді. Материал, білім жеткілікті болған күннің өзінде құнды шығарма қиналмай шықпайды іштен. Олақ тігінші жақсы материалды да жаман тігеді. Жаман тігілсе де кейде оны кие саласың. Ал, жаман шығарманы халық оқи алмайды. Бұл шығармаға берілген ең ауыр жаза. Халық ұғымында кітап ертеден ардақты. Кітапқа сенеді, кітаптан үйренеді, кітапты сүйеді халық. Социалистік реализм әдісін баура, шеберлікті баура дегенде біз сол халық махаббатын жақсы шығармалармен күшейте бермекпіз. Жаман шығарма жақсы әдебиеттің бетіне шіркеу. Әрине, ешкім жаман жазғысы келмейді. Әркімнің зейіні, шеберлігі әрқилы. Бірақ, бәріне қажет бір қасиет бар. Оның аты — төзімділік. Еңбекке төзімді болмайынша, ұзақ түндерде көз майын тауыса отырып бір жолды, бір бетті сан рет өшіріп, көшіріп жазуға шыдамайынша нағыз жазушы болу мүмкін емес. Шабыт дегеннің өзі осы ұзақ, ауыр, ардақты еңбектің үстінде келеді. Біздің кейбір жастар, тіпті қайсы бір сақа жазушылар алғашқы әсермен жазылған алғашқы беттерді сиясын кептірместен жариялауға ала жүгіреді. Бұл өте жауапсыздық, алдымен автор өз еңбегін өзі бағаламағаны, оның үстіне оқушы көпті сыйламағаны. Асығу керек. Асығып жақсы оқиды, жақсы еңбекті бүлдірмеу керек. Жазушы болам деген жас еңбекте төзімділік, жауаптылық қасиеттерді жасынан сіңірсін бойға, ұлғайған соң қасаң тартқан денеңе сараң сіңеді. Жас көңіл тың жер тәрізді, не ексең сол шығады, әрі мол шығады. Жазушыға алуан түрлі білім, жақсы жаңа ойлар, бай материал, төзімділік, жауаптылық керек дедік. Осының бәрі табылған күнде тіл соларға сай келмесе, шығарманың бағасын төмендетеді, кейде мүлде құнын жояды. Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл өлгенді де тірілтеді. Әлдеқашан қайтыс болған прототиптерді тіл жасаған ұлы образдар тірілтіп көз алдыңа әкеледі. Ол есінде әмән өмір сүреді. Әдебиет  болғалы тіл қасиетін ешкім сарқа пайдаланған емес, мойымайтын кен. Жазушы тілге бай болу керек дегенді екінің бірі айтады. Әрине, бай болу керек. Тіл кедейлігі шығарманың еңсесін көтертпейді. Бірақ тек байлықпен де іс бітпейді. Тіл байлығы дегенді біздің қазақ әдебиетшілерінің біразы сыңаржақ айтып, үстірт ұғындырып жүр. Мынау әдебиет тілі емес, мынау прозаның, мынау поэзияның тілі немесе тілі жаман не жақсы екен, деп келеді. Дұрысында халық тілі мен әдебиет тілінде, поэзия тілі мен проза тіліндей айырма жоқ. Сол сияқты жақсы, жаманға сұрыпталған тіл де жоқ. Халық қолданып жүрген сөздің бәрі әдебиетке ене алады. Әр сөз қалауын, бояуын тапсаң ғана шығармаға нұр құяды, таппасаң асыл ойды жасытады. Сондықтан, тілді көп білу жазушыға қанағат емес, (оны әрбір тілші істей алады), ең қиыны — әр сөзге маңыз, әсер бере білу. Пушкин кейбір сөзге он, он беске дейін әсер, мән бере пайдаланды. Абай ойды жұртта қалған күшікке теңегенде жұпыны сөздің өзімен қандай әдемі сурет, күшті әсер, терең мағына беріп тұр! Жазушы болам деген жас халық жасаған тіл қазынасын осылай шебер пайдалануға тырысуы керек. «Өнер алды қызыл тіл». Жазушы еңбегі қандай жауапты, ардақты, кең мағынасында халықтық еңбек! Егер жазушы осыны ұмытып, саудагерге айналса, халық сарабына түспестен бұрын шығармасын творчестволық коллективтің талқысында шынықтырмай, шолақ пысықтықпен көз бояуды, оңай ақша, оңай абырой табуды көздесе мықтап қателеседі. Бірер көзді ғана бояуға болар, миллион көздерді алдауға мүмкін емес. Жаңа туған нәрестеге қамқорлық қанша керек болса, жаңа жазылған шығармаға сонша керек. Рас, нәресте кейде нақұрыс та туады. Оған ем қона қоймас. Ал, дені дұрыс туған шығарманы жетілдіруге автор мен творчестволық коллектив бірдей міндетті. Бұл өте қиын, өте қасиетті міндет — тек жоғары сана, әдебиеттік үлкен армен орындалады. Бұл екеуі үстем жерде творчестволық коллективтен, ішіндегі жеке адамдардың бас араздығы, достығы не атүсті көзқарасы шығармаға теріс әсер ете алмайды. Сайып келгенде, айтпағымыз — әдебиетші жастар творчестволық еңбекті жеке автордың мүлкі демей, мемлекет, қоғам мүлкі, деп түсінгенде ғана, социалистік жоғары сана әдебиеттік үлкен ар тұрғысында көтерілгенде ғана совет әдебиетінің алдындағы ұлы міндеттерді атқара алады. Жазушы ең әуелі оз Отанының азаматы. Содан кейін ғана жазушы. Жазушылық сипат жұрттың бәрінен талап етілмейді, ал азаматтық сипат әркімнен талап етіледі. Бүкіл адамзатқа коммунизм жолын салып бара жатқан совет азаматының сипаты барлық сипаттардан жоғары. Жазушылық атты бұдан жоғары қойып, жазушы болсам бәрі түгел, дейтін есерсоқтар біздің арамызда әлі бар. «Аяғына қарап асын іш» дегенді халық тегін айтпаған. Мейіріңді қандыратын мөлдір шығарма тек мөлдір көңілден шығады. Оны пасық көңілден іздеу — лай суда балық іздеумен бірдей. Тіпті ішің жарқырап-ақ тұрсын, сыртың былық болса жиренеді жұрт. Халық дәстүрі қатал, ол дәстүрді бұзушының басы алтын болса да аяққа басылады. Сондықтан, жазушы болам деген жас түзде түгілі, үйінде социалистік мораль, дәстүр, мінез, қылықтарды мықты ұстауы керек. Жазушы боларсың, болмассың, ал, Отаныңның азаматы болуға міндеттісің. Біздің әдебиетші замандастардың ешқайсысы әдебиетті, әдебиет кадрларын, оның ішінде өте-мөте жастарды Горькийше сүйе білген жоқ әлі. Горькийдің ұлылығы осында. Оны ұлы еткен махаббат — данышпан Лениннің, Коммунистік партияның махаббаты еді. Сол партияның жолындағы біздер, қолдан еккен талшыбық бара-бара қол жетпейтін, жапырақты, жемісті бәйтерекке айналатынына бүгінгі балдыр жастардың талайы бір кезде үлкен әдебиет қайраткері болатынына кәміл сенеміз. Бұл үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз. Алайда, жастар самай шаштың ағаруын күтпеу керек. Добролюбов, Шоқан Уәлиханов, Островский, Олег Кошевой, Төлеген Тоқтаров, Зоя, Мәншүк сияқты Отанымыздың талай-талай ұл-қыздары жасынан-ақ өлмейтін еңбек, өшпейтін даңқ қалдырып кетті. Еліктеу керек, еліктеу керек соларға! Жас әдебиетшілермен бұл бас қосудағы мақсатымыз тек насихаттау немесе жұрт көзіне көрініп қалу емес. Мәселе одан әлдеқайда қиын. Жастар, жер-жердегі әдебиет бірлестіктері арасында әдебиеттің әр саласы — проза, поэзия, драматургия, кинодраматургия, сын не күйде? Жазушылар ұйымының, оның әрбір секциясының творчестволық тәрбиелік көмегі не күйде? Жас әдебиетшілерді өcipyде комсомол ұйымдары не істеп отыр? Әрбір аға жазушыны Горький дәстүрі бойынша бақылап, тәрбиелеп жүрген жеткіншектері болуға тиісті. Бар ма солар? Табысымыз, кемшілігіміз қай дәрежеде? Енді не істеуіміз, қалай істеуіміз керек? Міне, осылар жайында ашық, еркін отырып түзу сөйлесейік. Декабрьдің екінші жартысында, Москвада әдебиетші жастардың Бүкіл одақтық үшінші мәжілісі болмақ. Оған дейін ойымызды, ісімізді қорытып алып, сол мәжіліске барғанда, біздегі хал мынау демекпіз. 1955
04.12.2012 06:13 4575

 

Жазушылардың Бүкілодақтық екінші съезінен кейін өткелі тұрған бұл пленумда жастар жайы ерекше сөз болмақ.

Қай заманда қандай қауым болса да, өз жастарын байыпты баулып, ой-арманын, қоғам кешін соларға тапсырып кетті. Өмір бойы әкенің балаға, ағаның іні-қарындасқа қалдырып келе жатқан өсиеті, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың насихаты алуан-алуан бола тұра, әр саламен келіп, осы тілектің арнасына құйылады.

Тілек дегеннің өзі түрлі-түрлі. Жер бетіне келіп кеткен, қазір өмір сүріп жатқан халықтар да, ол халықтардың ойы, дәстүрі де қилы-қилы Совет халқы ұлы арманға қол артып кәрия тарих кездестірмеген ұлы дәстүр жасап барады. Біз Октябрь революциясын 38 рет мейрамдадық. 38 жылда жүздеген жылдардың ісін істедік. Сол ісімізбен салған дәстүріміз әлдеқайда айдынды, әлдеқайда қымбат. Бұл, тек совет еліндегі адамдар үшін ғана емес, бүкіл еңбекші адамзатқа ардақты — социалистік дәстүр. Біздің жастар осы дәстүрді жанын сала қорғауға міндетті.

Қорғау, ең алдымен социалистік Отанын сүю. Отанын сүю — ол Отанның өмірде болған, болып жатқан және болашақ ұлылы-кішілі өзгерістерді білу ғана емес, білек сыбанып бірге жасасу.

Осы белгілі қағидаларды жалықпай айта беретін себебіміз — біздің жастар өмір соққысын көрген жоқ, дайынға кездесті. Дайынға кездесу жақсы. Бірақ жақсының қадірін екінің бірі біле бермейді. Өткен заман жастарының қолы түгілі, ойы жетпеген істер бүгінгі біздің жастардың күнделікті ісіне айналды. Бұның парқын білмеген шатасады. Сондықтан жастарымыз қателеспеу үшін, дес өзіне тиген кезде қоғам күшін дұрыс апару үшін социалистік дәстүрді жете зерттеуі, кейін қалған ескі дүниені, алдағы коммунизм атты жаңа дүниені байсалдылықпен әмән барлай отыру керек. Жастарға артатын тілек, сенімдеріміз жазушылықтан дәмесі бар жастарға келгенде өсе түседі. Өйткені, көркем әдебиет өмір айнасы. Қисық айна қисық, түзу айна түзу көрсететіні белгілі. Өмір бейнесін әдебиетке дұрыс түсіру үшін алдымен білім керек. Білім — ғылымда, өмірдің өзінде жатыр. Екеуін бірдей қамтыған жастың ғана талантына қос қанат бітеді, қамти алмаса есіл талант жер бауырлай жүріп жоғалады.

Совет жұртшылығы ғылымға жаппай бет қойған шақ.

Ғылым өрінде еркін өрлеп бара жатқан әдебиетші қазақ жастары толып жатыр. Қазақтың қазіргі көне жазушыларының көбі үлкен ынта, шағын сауатпен келсе, бүгінгі жастардың дені орта, жоғары дәрежелі мектеп бітіріп, өз әдебиетін ғана емес, орыс әдебиетін, орыс тілі арқылы шет ел әдебиетін оқып келеді. Сөйте тұра, өз заманының әдебиетін жасауда жастарымыз әлі шабан, жарқ етіп көзге түскендер аз. Классиктерді былай қойғанда, советтің, соның ішінде қазақтың да белгілі жазушыларының көбі он сегіз, жиырма жасында қалам ұстап, жиырма бес, отыз жасында жұрт көзіне көрініп қалған. Ал, бүгінгі біздің қазақ әдебиетшілерінің талайы ата сақалы аузына бітсе де жаспын деп жүреді. Бірақ, жасша жалындамайды, салқын, жерқорқақ болған шалдың мінезін еске түсіреді. Қайсібірі тіпті тентектігін де жастыққа жабады.

Бір заманда өмір сүріп отырған жоғары, төмен буынды қазақ әдебиетшілерін салыстыра келгенде төменгі буынның бірсыпырасы кітаптан ғана сусындап, шынайы өмірден сырғақтап жүргені байқалады. Оқу бітірген жастар көбінесе астанада қалуды көздейді, облыс орталығының өзіне қынжыла-қынжыла кетеді. Бұл, жазушы болам деген жасқа өте-мөте зиянды, хауіпті мінез. Оның көргені мектеп, енді көретіні кеңсе, көше болса, одан жеңді жазушы шықпайтынын күні бұрын кесіп айта аламыз.

Жазушы құр біліммен жаза алмайды. Жазатын өмірі көзіне елестеп тұрса ғана жаза алады. Көрмейінше елес жоқ. Фантазияшылардың долбарының өзі шын өмірмен ұштасып жатады. Тәжірибесі мол, атақты еңбегі бар аға жазушылардың бірсыпырасы бүгінгі тақырыпқа келе алмай, келсе көңілдегідей шығара алмай жүр. Бұл олардың актуальды тақырыпқа селқостығынан немесе сүймегендігінен емес, ұзақ уақыт қаладан, үйден шықпай шәу болып қалғандығынан. Өмір ешкімді сыйламайды, тосып тұрмайды — толқып жатқан мылқау мұхит. Сол мұхитпен алыса, арбаса жүріп әркім өз әлінше керегін алады. Демек, жастар жалаң талантқа, кітап біліміне сеніп қалмасын. Оларды өмірмен суара білсін. Суару үшін өмірдің бетінде қалқу жетімсіз, сүңгу керек. Сонда ғана бүкіл денең сезінеді.

Материал, білім жеткілікті болған күннің өзінде құнды шығарма қиналмай шықпайды іштен. Олақ тігінші жақсы материалды да жаман тігеді. Жаман тігілсе де кейде оны кие саласың. Ал, жаман шығарманы халық оқи алмайды. Бұл шығармаға берілген ең ауыр жаза. Халық ұғымында кітап ертеден ардақты. Кітапқа сенеді, кітаптан үйренеді, кітапты сүйеді халық. Социалистік реализм әдісін баура, шеберлікті баура дегенде біз сол халық махаббатын жақсы шығармалармен күшейте бермекпіз. Жаман шығарма жақсы әдебиеттің бетіне шіркеу. Әрине, ешкім жаман жазғысы келмейді. Әркімнің зейіні, шеберлігі әрқилы. Бірақ, бәріне қажет бір қасиет бар. Оның аты — төзімділік.

Еңбекке төзімді болмайынша, ұзақ түндерде көз майын тауыса отырып бір жолды, бір бетті сан рет өшіріп, көшіріп жазуға шыдамайынша нағыз жазушы болу мүмкін емес.

Шабыт дегеннің өзі осы ұзақ, ауыр, ардақты еңбектің үстінде келеді. Біздің кейбір жастар, тіпті қайсы бір сақа жазушылар алғашқы әсермен жазылған алғашқы беттерді сиясын кептірместен жариялауға ала жүгіреді. Бұл өте жауапсыздық, алдымен автор өз еңбегін өзі бағаламағаны, оның үстіне оқушы көпті сыйламағаны. Асығу керек. Асығып жақсы оқиды, жақсы еңбекті бүлдірмеу керек.

Жазушы болам деген жас еңбекте төзімділік, жауаптылық қасиеттерді жасынан сіңірсін бойға, ұлғайған соң қасаң тартқан денеңе сараң сіңеді. Жас көңіл тың жер тәрізді, не ексең сол шығады, әрі мол шығады.

Жазушыға алуан түрлі білім, жақсы жаңа ойлар, бай материал, төзімділік, жауаптылық керек дедік. Осының бәрі табылған күнде тіл соларға сай келмесе, шығарманың бағасын төмендетеді, кейде мүлде құнын жояды. Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл өлгенді де тірілтеді. Әлдеқашан қайтыс болған прототиптерді тіл жасаған ұлы образдар тірілтіп көз алдыңа әкеледі. Ол есінде әмән өмір сүреді. Әдебиет  болғалы тіл қасиетін ешкім сарқа пайдаланған емес, мойымайтын кен.

Жазушы тілге бай болу керек дегенді екінің бірі айтады. Әрине, бай болу керек. Тіл кедейлігі шығарманың еңсесін көтертпейді. Бірақ тек байлықпен де іс бітпейді.

Тіл байлығы дегенді біздің қазақ әдебиетшілерінің біразы сыңаржақ айтып, үстірт ұғындырып жүр. Мынау әдебиет тілі емес, мынау прозаның, мынау поэзияның тілі немесе тілі жаман не жақсы екен, деп келеді. Дұрысында халық тілі мен әдебиет тілінде, поэзия тілі мен проза тіліндей айырма жоқ. Сол сияқты жақсы, жаманға сұрыпталған тіл де жоқ. Халық қолданып жүрген сөздің бәрі әдебиетке ене алады. Әр сөз қалауын, бояуын тапсаң ғана шығармаға нұр құяды, таппасаң асыл ойды жасытады. Сондықтан, тілді көп білу жазушыға қанағат емес, (оны әрбір тілші істей алады), ең қиыны — әр сөзге маңыз, әсер бере білу. Пушкин кейбір сөзге он, он беске дейін әсер, мән бере пайдаланды. Абай ойды жұртта қалған күшікке теңегенде жұпыны сөздің өзімен қандай әдемі сурет, күшті әсер, терең мағына беріп тұр! Жазушы болам деген жас халық жасаған тіл қазынасын осылай шебер пайдалануға тырысуы керек. «Өнер алды қызыл тіл».

Жазушы еңбегі қандай жауапты, ардақты, кең мағынасында халықтық еңбек! Егер жазушы осыны ұмытып, саудагерге айналса, халық сарабына түспестен бұрын шығармасын творчестволық коллективтің талқысында шынықтырмай, шолақ пысықтықпен көз бояуды, оңай ақша, оңай абырой табуды көздесе мықтап қателеседі. Бірер көзді ғана бояуға болар, миллион көздерді алдауға мүмкін емес.

Жаңа туған нәрестеге қамқорлық қанша керек болса, жаңа жазылған шығармаға сонша керек. Рас, нәресте кейде нақұрыс та туады. Оған ем қона қоймас. Ал, дені дұрыс туған шығарманы жетілдіруге автор мен творчестволық коллектив бірдей міндетті. Бұл өте қиын, өте қасиетті міндет — тек жоғары сана, әдебиеттік үлкен армен орындалады. Бұл екеуі үстем жерде творчестволық коллективтен, ішіндегі жеке адамдардың бас араздығы, достығы не атүсті көзқарасы шығармаға теріс әсер ете алмайды. Сайып келгенде, айтпағымыз — әдебиетші жастар творчестволық еңбекті жеке автордың мүлкі демей, мемлекет, қоғам мүлкі, деп түсінгенде ғана, социалистік жоғары сана әдебиеттік үлкен ар тұрғысында көтерілгенде ғана совет әдебиетінің алдындағы ұлы міндеттерді атқара алады.

Жазушы ең әуелі оз Отанының азаматы. Содан кейін ғана жазушы. Жазушылық сипат жұрттың бәрінен талап етілмейді, ал азаматтық сипат әркімнен талап етіледі. Бүкіл адамзатқа коммунизм жолын салып бара жатқан совет азаматының сипаты барлық сипаттардан жоғары. Жазушылық атты бұдан жоғары қойып, жазушы болсам бәрі түгел, дейтін есерсоқтар біздің арамызда әлі бар.

«Аяғына қарап асын іш» дегенді халық тегін айтпаған. Мейіріңді қандыратын мөлдір шығарма тек мөлдір көңілден шығады. Оны пасық көңілден іздеу — лай суда балық іздеумен бірдей. Тіпті ішің жарқырап-ақ тұрсын, сыртың былық болса жиренеді жұрт. Халық дәстүрі қатал, ол дәстүрді бұзушының басы алтын болса да аяққа басылады. Сондықтан, жазушы болам деген жас түзде түгілі, үйінде социалистік мораль, дәстүр, мінез, қылықтарды мықты ұстауы керек. Жазушы боларсың, болмассың, ал, Отаныңның азаматы болуға міндеттісің.

Біздің әдебиетші замандастардың ешқайсысы әдебиетті, әдебиет кадрларын, оның ішінде өте-мөте жастарды Горькийше сүйе білген жоқ әлі. Горькийдің ұлылығы осында. Оны ұлы еткен махаббат — данышпан Лениннің, Коммунистік партияның махаббаты еді. Сол партияның жолындағы біздер, қолдан еккен талшыбық бара-бара қол жетпейтін, жапырақты, жемісті бәйтерекке айналатынына бүгінгі балдыр жастардың талайы бір кезде үлкен әдебиет қайраткері болатынына кәміл сенеміз. Бұл үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз. Алайда, жастар самай шаштың ағаруын күтпеу керек. Добролюбов, Шоқан Уәлиханов, Островский, Олег Кошевой, Төлеген Тоқтаров, Зоя, Мәншүк сияқты Отанымыздың талай-талай ұл-қыздары жасынан-ақ өлмейтін еңбек, өшпейтін даңқ қалдырып кетті. Еліктеу керек, еліктеу керек соларға!

Жас әдебиетшілермен бұл бас қосудағы мақсатымыз тек насихаттау немесе жұрт көзіне көрініп қалу емес. Мәселе одан әлдеқайда қиын. Жастар, жер-жердегі әдебиет бірлестіктері арасында әдебиеттің әр саласы — проза, поэзия, драматургия, кинодраматургия, сын не күйде? Жазушылар ұйымының, оның әрбір секциясының творчестволық тәрбиелік көмегі не күйде? Жас әдебиетшілерді өcipyде комсомол ұйымдары не істеп отыр? Әрбір аға жазушыны Горький дәстүрі бойынша бақылап, тәрбиелеп жүрген жеткіншектері болуға тиісті. Бар ма солар? Табысымыз, кемшілігіміз қай дәрежеде? Енді не істеуіміз, қалай істеуіміз керек?

Міне, осылар жайында ашық, еркін отырып түзу сөйлесейік. Декабрьдің екінші жартысында, Москвада әдебиетші жастардың Бүкіл одақтық үшінші мәжілісі болмақ. Оған дейін ойымызды, ісімізді қорытып алып, сол мәжіліске барғанда, біздегі хал мынау демекпіз.

1955

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға