Батыс Еуропада қайта өрлеу мәдениетінің қалыптасуы
04.12.2012 06:00
39204
Батыс Еуропада қайта өрлеу мәдениетінің қалыптасуы
Италия - қайта өркендеу орталығы
XIV ғасырдың екінші жартысынан ортағасырлық Батыс Еуропаның мәдени өмірінде жаңа ерте буржуазиялық мәдениеттің тууына байланысты маңызды бетбұрыс болды. Капиталистік қатынастар Италияда басқа елдерге қарағанда бұрын туып, дами бастағандықтан, «Қайта өркендеу» деп аталған ертебуржуазиялық мәдениет те түңғыш осы елде калыптаса бастады. XV ғасырдың аяғында және XVI ғасырда қайта өркендеу мәдениеті толық гүлдену деңгейіне жетті. Сол дәуірде дүниеге келген тамаша мәдениет туындылары адамзат баласын әлі күнге дейін таңғалдырып келеді. Италияда бұл кезеңде мәдениеттің барлық түрі өте тез дамыды. Италияның түрлі аудандарында жергілікті көркемсурет мектептері ашылып, қайта өркендеу дәуірінің перзенттері - кейінгілерге үлгі болған ұлы суретшілер дүниеге келді. Мәдениеттің қоғамдық өмірдегі рөлі артып, адамдардың күнделікті рухани қажетіне айнала бастады. Зәулім үйлер мен салтанатты сарайлар салынып, ірі монумент ескерткіштер орнату бүкіл халықтық игілікті іске айналды. Италиядағы басты мәдениет орталықтарының бірі - Флоренция қаласы. Ол Римнен Альпіге баратын сауда жолының үстіне орналасты. Қалада қолөнер кәсібі мен сауда өте жаксы дамыды. Кеме жасау және су қатынасы ісі де алға басты. Мекен ендігін анықтау үшін құбылнамаларды, географиялык карталарды, приборларды қолдану ашық теңіздерде үзақ сапарларға шығуға мүмкіндік берді. Бұл XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында жүзеге асқан географиялық жаңалықтардың ашылуына жол салды.
Сағат жасау ісі жетіле түсті. Италия қалаларында мүнара сағаттары пайда болды. Сауданың дамуына байланысты, көпестер мен банкирлердің кеңселері, ірі шеберхана үйлері көптеп салынды. Әсіресе банкирлер байыды, олардан папалар мен корольдің өзі де қарызға ақша алып тұрды. Қала байлары мен ірі өндіріс иелері, папалар мен корольдер сән-салтанатты, әшекейленген әдемі үйлерде түрды. Олар ата-бабаларының және өздерінің суреттерін салдырып, оны «мәңгілікке» калдырғысы келді. Қала билеуигілері суретшілерді қолдап, оларға тапсырыстар берді. Флоренция бүкіл Италияның мәдени орталығына айналды. Осы Флоренцияда итальян ақыны, өз заманының ірі суреткері Данте (1265-1321) өмір сүрді. Ол өзінің атақты «Құдіретті комедиясын» жазды. Бұл қалада көптеген мүсіншілер өздерінің ғажайып туындыларымен мүсін өнерін жаңа сатыға көтерді. Уақытына қарай алғанда итальян қайта өркендеу дәуірінің алғашкы суретшісі Дантенің кіші замандасы Джотто ди Бондоне (1266 немесе 1267-1337) болды. Ол өз картиналарында адамдарды өздерінің қуаныш-қайғысымен, олардың кейпін, қимылын, бет-ажарын шебер де табиғи түрде, шынайылықпен бейне леп берді. Ертедегі итальян қайта өркендеу дәуірінің мүсіншісі Донателлоның (1386-1466) еңбектері күш-жігерге, құштарлық пен шынайылыққа толы болды.
Леонардо да Винчи
Леонардо да Винчи (1452-1519 немесе 1456-1519)- Италияның қайта өркендеу дәуірінің (итал. ринашименто, фр. ренессанс - қайта өркендеу) аса ірі қайраткері және оның негізін қалаушылардың бірі. Оның жан-жақты ғылыми және көркем шығармашылық қызметінің маңызы кейін оның колжазбаларын жинақтап, үніле зерттегенде одан әрі ашыла түсті.
Леонардо да Винчи тек ұлы суретші ғана емес, ұлы математик, физик, астроном, архитектор және инженер болған. Леонардо да Винчи Анкиано елді мекенінде дүниеге келді. Әкесі - нотариус, қала тұрғыны, ал шешесі қарапайым шаруадағы әйел еді. Леонардо сурет пен мүсін өнеріне машықтану үшін Флоренцияда окыды. Ол жас кезінен еңбек етіп үйренді, қиыншылыкка төзімді болды. Кейін өз шәкірттеріне де осы қасиетін дарытуға тырысты. Шәкірттерін «кім көп еңбек етсе, сол адам бакытты болады» деп үйретті. Леонардо да Винчи сурет өнерін өнердің басты түрі деп есептеді. «Адам суреттің көмегімен дүниені таниды. Тәжірибе - дүние танудың бірден-бір қайнар көзі» деген тұжырым жасады. Бірде әкесі өзінің бір танысы беріп жіберген дөңгелек қалқанды үйіне әкеліп, ұлына оны өз талғамы бойынша, сол танысын сүйсіндірерліктей бейнелермен әшекейлеп беруді өтінеді. Ол өзінің оңаша бөлмесіне толып жатқан шегірткелер мен кесірткелердің алуан түрін, жыландарды, көбелектерді, ірі теңіз шаяндарын, жарқанаттар мен басқа да жәндіктерді әкеліп толтырады. Осы мақұлықтарға қарап отырып, шабыттанған ол әрқайсысының бейнесін ең бір фантастикалық үйлесімде пайдалана келіп, күз жартастардың арасынан өрмелеп шығып келе жатқан әлдебір құбыжықтардың бейнесін жасайды.
Қалқанды әшекейлеудің Леонардоны баурап алғаны соншалық, оған сол аралықта өзінің дүниеде бар-жоғын ұмыттырып жіберсе керек. Оның әкесі әлгі қалқанды көрген кезде, ол өзінің көз алдында тұрған болашақ шебер суретшінің алғашқы туындысы екенін танымак түгіл, қалқандағы күбыжық-суреттерден қорыққанынан шегіншектей берген. Леонардо әкесінің көңілін орнықтьфьш, «қалқандағы суреттің оның аткаратын қызметіне жауап беріп тұрғанын» айтқан. Кейін бұл қалқан үшін миландық бір герцог көп ақша төлеген. ұлы суретші инквизидия қаһарынан тайсалмай, адамның дене құрылысын зерттеумен шұғылданып, мәйіттерге «операция» жасаумен де айналысты. Көшелер мен аландарды аралап, адамның бет-әлпетіне зейін қоя қарады, ерекше бет құбылыстарын қағазға түсірді. Әсіресе адамдардың көңіл күйін жаксы көрсететін - реніш, қуаныш, қайғы сәттері оны өте қызықтырды. Леонардо да Винчи жарық пен көлеңке арасындағы байқала бермейтін бояу үласымын бейнелеуде, адам сезімін көрсетуде тамаша шеберлікке кол жеткізді. Ол: «Жарыққа қарап, оның нұрына зер сал, сөйтіп түрып көзщді қас қағым сәтке жұмып, қайта аш, сонда саған жаңа ғана өзің көрген жарық енді басқаша болып байқалады» деп жазған болатын. Леонардоның «Мона Лиза» (немесе «Джоконда») деген картинасы бүкіл дүние жүзіне мәлім. Жүзінде әрең ғана білінетін, бірақ соншалықты жұмбақ күлкі ойнаған бұл әйел беймәлім сыр сақтаған, әлдебір кұпия жайдың боларын алдын ала сезіп отырғандай болып көрінеді. Леонардо да Винчи өзінің болжамдарымен өз заманынан бірнеше ғасыр озық кетті. Ол Милан герцогына былай деп жазды: «Мен ешбір дыбыс шығармастан, тар және бүралаң жерасты жолдарын салу әдістерін білемін. Алуан түрлі зеңбіректер жасай аламын. Соғыс теңізде болса... Ең сүрапыл атыстарға шыдайтын киімдерді де, жарылғыш заттарды да, түтін шығармайтын құралдарды да білемін, ал бейбітшілік уақыттарда коғамдық және жеке меншік үйлерді салуда, суды бір жерден екінші жерге өткізуде сәулетші ретінде өте пайдалы болармын деп сенемін». Оның жобасы бойынша Миланды ауыз сумен камтамасыз ететін канал қазылды. Леонардо сан қырлы өнер-ғылым салаларымен айналысты. Сәулет өнері, әскери анатомия, жарық пен көлеңке, қүстардың үшуы, судық ағысы мен өлшемі сияқты қыруар мәселелерді зерттеді.
Микеланджело
Қайта өркендеу дәуірінің ұлы қайраткері Микеланджело Буонарроти (1475-1564) - итальян мүсіншісі, кескіндемеші, архитектор әрі ақын, XVI ғасырдағы және онан кейінгі Еуропа өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан ойшыл. Жалынды патриот Микеланджело XVI ғасырдың басында Италиядағы ауыр жағдайға қатты күйзелді. Флоренцияның азаттығы жолындағы күреске қатысып, соғыс бекіністерін салуға басшылық етті. Суретші өзінің туындыларында күрескер адамның, отанын қорғап қалу жолында жанын құрбан ететін батырдың бейнесін сомдады. Ол адамды сом денелі, батыл, қайтпас жігерлі етіп бейнеледі. Микеланджело Римде «Вакх» мүсінін жасап, көне заман ескерткіштерімен әуестенді. Ол «Христосты жоңтау» атты дәстүрлі готикалық жүйеге жас арудың өлген ұлына деген шексіз қайғысын білдіретін жаңа, гуманистік мазмүн енгізді. 1501 жылы Микеланджело Флоренцияға кайтып келіп, Медичи озбырлығының бұғауын бүзған республика азаматтарынық ерлігін бейнелейтін шығармалар жасады. Ол сомдаған орасан зор Давид мүсіні қүдіретті күш, ерлік серпін, қайтпас жігер туралы өзгеше пайымдау жасайды. 1505 жылы II Юлиан папа Микеланджелоны Римге шақырып, оған nana қабіріне құлпытас жасауды тапсырды. Жобалар өзгере бергендіктен, құрылыс ұзаққа созылып, тек 1545 жылы ғана аяқталды. Құлпытасқа арнап Микеланджело бірнеше мүсіндер жасады. Оның таңдаулылары «Моисей», «Көтеріліске шыққан құл» және «Хал үстіндегі құл» болып табылады. Италиядағы өзара соғыстардың барысында бостандықтың аяққа басылуы және ренессанс мүраттарының дағдарысқа үшырауына бай- ланысты Микеланджелоның шығармаларынан оның пессимизмге бой ұрғанын аңғаруға болады. Император мен папа әскерлері Флоренцияны қоршауға алған кезде (1529) Республика Микеланджелоны фортификация (қорғаныс құрылысы) жұмыстарының басшысы етіп тағайындады. Қала тізе бүккеннен кейін Микеланджело Медичи капелласын аяқтаумен шұғылданды да, 1534 жылы Римге біржола көшіп келді. Мұнда жасаған «Аяусыз жаза» атты орасан зор фрескасында (1536-1541) қиял-ғажайып кейіптегі жалаңаш алыптар ортасындағы жас, ер жүрек әрі сұлу Христосты адамзаттың сазайын тарттырушы етіп бейнеледі.
Өмірінің соңғы отыз жылында ол мүсін мен кескіндемеден бірте-бірте алшақтап, негізінен сәулет өнері және поэзиямен айналысады. Микеланджело қартайған шағында да поэзиядан қол үзбеді. Оның лирикасы терең ойлы, асқақ трагизмге толы болды. Ақын адамзаттың ғұмыр бойы сүлулык пен жарасымдылыққа ұмтылған махаббаты туралы, катал дүниедегі суреткердің жалғыздығы жөнінде, озбырлықтың салтанат құрғанын көргендегі мейірбан жүректің шарасыздығы жайында толғанады. Микеланджело алып ғимараттар салумен көп шұғылданды. Сондай құрылыстардың бірі - Римдегі Әулие Петр храмы. Бұл храмды Италияның ең атақты сәулетшілері бірнеше ондаған жылдар бойы салды. Микеланджело храмның ең үлкен күмбезінің жобасын жасады. Әулие Петр соборы қайта өркендеу дәуірінің аса озық архитектуралық ескерткіші болып табылады
Рафаэль Санти
Қайта өркендеу дәуірінің аса көрнекті суретлерінің бірі Рафаэль Санти (1483-1520) болды. Ол адам бойындағы барлық тамаша қасиеттерді - сымбатты да қайратты денені, терең ақылдылықты, ізгі мінезді бейнелеуге тырысты. Жас шағында Рафаэль Флоренцияда түрып, жұмыс істеді. Ол өзінід ең таңдаулы картиналарының көбін осында жазды. Көп ұзамай оны Римге шақырды. Римде ол портреттер салды, Әулие Петр соборының құрылысына басшылық етті. Рафаэльдің туындылары шаттық қуанышын бойына жиып, бақытты дамыл тауып жатқандай. Рафаэльдің Мадоннаны бейнелеген көп картинасы сакталған. Оның картиналарының орта ғасыр шеберлерінің икондарына үқсастығы аз. Рафаэльдің ең даңқты картинасы - «Сикст мадоннасы». Мұны суретші Италияның шағын қалаларының біріндегі Әулие Сикст монастыры үшін салды. Бұл ғаламат шығарма адамға деген шексіз сүйіспеншілікке толы: суретші адамзат бақыты үшін өзінің ең қымбаттысы - баласын да құрбан ете алатын адамды дәріптейді. Қайта өркендеу дәуірінің ұлы шеберлері осы күнге дейін адам баласы мақтаныш ететін, қайталанбас туындылар калдырып кетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Металл оптикасы
Келесі жаңалық
Мемлекет басшысы Палестина халқын құттықтады