Жаңалықтар

Сауда-саттықта Ихсан баяны

Аллаһ Тағала адамға адал болуды әрі ихсанды (әдемі түрде өмір сүру) әмір еткен. Ихсан бақытқа жету жолы. Бұл да сауданың пайдасына жетелейді. Дүние саудасында, еш пайда түсірмеген саудагер саудаға разы болмағаны сияқты, ақиретте де діндар адам тек қана әділет үшін зұлым жасап, ихсанды тастау тәркі ету мүмкін емесі анық. Құран Кәрімде бұл жайында бірнеше аятта айтылған: «Аллаһтың саған ихсан (рахмет) еткені сияқты, сен де ихсан ет». (Қасас сүресі, 77-аят) «Аллаһ рахметі ихсан етушілерге жақын». (Ағраф сүресі, 56-аят) Сауда-саттықта ихсан дегеніміз, құрмет көрсету деген сөз. Бұл адамға уәжіп (парыз) емес, адамгершілік қағидаларына жатады. Уәжіп болғаны, зұлымдыққа қарсы шығып, адалдықа бастау болып табылады. Адамдар төмендегі алты қағиданың біреуін жасаумен ихсан дәрежесіне жете алады. (Ғаззали, Ихия-у Улумуддин ІІ. 289) Бірінші, пайда табадан қашпау. Күмәнсіз мал ақшамен сатылады. Құны жоғары болғаны сияқты, төмен де бола береді. Бір тауарға саудагердің жоғары құн қоюы бағасының дұрыс білмегенінен немесе тауар қатты сұранысқа ие болғандығынан бағасын көтереді. Осы жағдайда саудагерге төмен бағаға тауарды сату ихсан болып есептеледі. Әйткенімен, тауарды сол кездегі ең жоғары бағамен алдамастан сату адамдарға зұлымдық жасамаған болады. Ханбали мазһабтарына қарағанда тауардың бағасына үште бірін қойып сату – олардың көзқарасы бойынша «ғабни фаһиш» - саудагердің келісім бағасын бұзуға ерікті. Әбу Ханифа мазһабы бойынша бұл түрдегі сауда-саттық сахих болып саналады. Алайда, бұдан да төменгі бағаға сату саудагер үшін ихсан болып саналады. Риуаяттарға қарағанда Жүніс бин Ұбайдің дүкенінде бағасы 200 дирхамнен 400 дирхамге жететін әртүрлі бағаларда маталар бар болатын. Жүніс бин Ұбайд бауырының баласын дүкенге қалдырып өзі намазға кетеді. Қайтып келіп, бір адамның қолындағы өзінің 200 дирхам маталарын тани кетеді де, адамнан: - Маталарды қаншаға алдың? – деп сұрайды. Әлгі адам: - Төртжүз дирхамге алдым, - деп жауап береді. Жүніс: - Алданып қалыпсың, матаның құны 200 дирхам, қайтып барып ақшаңның артығын қайтарып ал, - дейді. Сонда әлгі адам: - Бұл мата біздің шахарда 500 дирхам тұрады. Мен алданған жоқпын, - деп жауап береді. Жүніс: - Жоқ, болмайды. Матаны қайтып бер, насихат ету дүние пайдасынан да жақсы, - дегеннен кейін, әлгі адам матаны дүкенге қайта апарып, екі жүз дирхамді қайтарып алады. Жүніс бауырының баласына: - Ұялмайсың ба, Аллаһтан қорықпайсың ба, екі жүз дирхам тұратын мата қалайша төрт жүз дирхамге саттың? Мұсылмандарға насихат еді тастадың. Екі жүз дирхам тұратын матаны екі есесіне төрт жүз дирхамге саттың, қанағаттық қайда? – деп ұрсады. - Уаллаһи! Матаны өз разылығымен алды, - дейді. Жүніс: - Мақұл, ол разы болды. Бірақ, сенің ар-намысың бұған қалайша разы болады? – дейді. Сауда-саттықта тауардың сапасын жасырып, айла жасау зұлымдық жасағанмен бірдей. Зүбәйр бин Аби былай дейді: «Он сегіз сахабаның жүзін көрдім. Олардың ешқайсысы да бір кила етті ондай түрмен (алдау және айыбын жасырып сату) алмайтындай халде еді». Алдамастан ең жоғары бағаға сату болса зұлымдық емес, бірақ ихсанды жасамаған болады. Адамдарға ең жақсы үлгі ретінде Сәриус-Сакатиден нақыл етілген мына әңгіме: Сәриус-Сакати 60 динарға (бір кило) бадем сатып алады. Осының жиырма пайызы есебімен үстіне үш динар қосып, 63 динарға сатпақшы болады. Яғни, он динарға жарты динар пайданы қабыл етеді. Осы уақытта бадемнің құны 90 динарға көтеріледі. Сәриус-Сакатиге салих делдалдардың бірі келіп: - Сатып алған бадемдеріңді сенен сатып аламын, қанша сұрайсың? - дейді. Сәриус-Сакати: - 63 динарға сатамын, - дейді. Делдал: - Бірақ, қазір бадемнің бағасы 90 динарға көтерілді, - дейді. Сәриус-Сакати: - Көтеріле берсін, мен шешімімнен қайтпаймын, - дейді. - Мен де ешкімді алдағым келмейді және қажетті насихатты ұстанамын деп ант еткен болатынмын. 90 динарға берсең аламын, бермесең алмаймын, - дейді. Сәриус-Сакати: - Мен де 63 динардан артығына бермеймін, - дейді. Екеуі де ақиқатты ұстанатын еді. Мұхаммед бин Мүнкәдирдің 5-10 дирхам болатын екі түрлі көйлегі бар еді. Өзі жоқ кезде қызметшісі бес дирхам тұратын көйлекті он дирхамға сатып жібереді. Мұхаммед бин Мүнкәдир мұны естіген бойда көйлекті алған бәдәуиді күні бойы іздеп табады да, бәдәуиге: - Қате болды, білместен саған бес дирхам тұратын көйлекті он дирхамге беріпті, - дейді. Бәдәуи: - Мен разымын, саған ешқандай зияны жоқ? – дейді. Мұхаммед бин Мүнкәдир: - Сен разысың, бірақ менің ар-намысым разы емес. Маған істелгенде разы болмайтын нәрсеме, саған жасалғанына разы емеспін. Сен үш нәрсенің бірін таңдауға еріктісің: қаласаң, киімді кері қайтар да он дирхамды қайтып ал,  қаласаң мұның орнына он дирхам тұратын көйлек ал немесе артық берген бес дирхамды қайтып ал, - дейді. Әлгі адам: - Олай болса бес дирхамды қайтарып бер, - дейді. Мұхаммед те бес дирхамды қайтарып береді. Бәдәуи ақшаны алғаннан кейін қуанғанынан: - Сен кімсің? – деп сұрайды. Мұхаммед: - Мұхаммед бин Мүнкәдир деген боламын, - деп жауап береді. Бәдәуи: - Лә иләһа иллаллаһ! Біз шөлде бұл адамның құрметіне Аллаһтан рахмет сұраймыз, - дейді. Азға қанағат еткен, көп табады және берекеті болады. Хазіреті Әли (р.а.) қамшысын қолына алып Куфа қаласының көшелерін айналып шығатын және былай дейтін: «Ақыларыңызды алыңыздар, саудаласқандарға да ақыларын беріңіздер; пайданың азын қалдырмаңыздар, көбін жоғалтып аласыздар». Абдуррахман бин Ауфтан сұрайтын: «Осыншама байлыққа ие еткен не нәрсе?». Абдуррахман: «Үш себеп осыншама байлаққа ие етті: аз да болса табылған пайданы жібермедім, жанды малдарыма саудаласушы келген кезде дереу сатып жібердім, яғни көп күттіріп қоймадым, артығына да бермедім». Екіншісі - азық-түлік аларда, яғни бір өлшем алғанда үстіне қойып беру. Мысалы, кедей немесе пақыр кісідан жейтін бір нәрсе алған уақытта оның жағдайына қарап біле тұра артық ақшаға алу, осылайша оның көп пайда табуына көмекші болу да ихсан дәрежесіне жету болып табылады. Міне, осындай саудагер қарым-қатынаста ихсан жасаған болады.   Пайғамбар хадисінде де: «Жеңіл түрде сауда жасағандарға Аллаһ рахмет етсін», - делінген. Артық пайда табу үшін сатқан бай саудагерге алдану қабыл болмайды, сыйлықсыз малды зиянға ұшырату болады. Әһли бәйт жолымен келген бір хадисте: «Сауда-саттықта алданған қабыл болмайды, әрі сыйлығы да жоқ». (Тирмизи, «Нева») – делінген. Табиғуннан алдыңғы қатарлы кісілердіің бірі және Басраның қазысы болған Ияс бин Мағауия бин Кирре: «Мен айлакер емеспін, айла мені не Ибн Ширинді алдады. Бірақ, Хасан Басри және әкем алданды». Асыл мақсат, алдамау және алданбау. Хазіреті Омар (р.а.) былай дейді: «Біреуді алдағаннан, басқасына алдану жақсырақ». Үшінші, - ихсанның үшінші дәрежесі ақшаны алуда. Ақша алған уақытта кемшілігін айту, қарыз алған адамды қыспаққа алмау және өте қатты мән бермеу керек. Бұлардың барлығы мендуб амалдары, Расул Әкрам (с.а.у.) былай дейді: «Сауда-саттықты жеңіл түрде, әрі алашағын бергенде жарысып өтегендерге Аллаһ рахмет етсін». Асқар Маханбет дінтанушы  
04.12.2012 05:19 3804

Аллаһ Тағала адамға адал болуды әрі ихсанды (әдемі түрде өмір сүру) әмір еткен. Ихсан бақытқа жету жолы. Бұл да сауданың пайдасына жетелейді. Дүние саудасында, еш пайда түсірмеген саудагер саудаға разы болмағаны сияқты, ақиретте де діндар адам тек қана әділет үшін зұлым жасап, ихсанды тастау тәркі ету мүмкін емесі анық. Құран Кәрімде бұл жайында бірнеше аятта айтылған:

«Аллаһтың саған ихсан (рахмет) еткені сияқты, сен де ихсан ет». (Қасас сүресі, 77-аят)

«Аллаһ рахметі ихсан етушілерге жақын». (Ағраф сүресі, 56-аят)

Сауда-саттықта ихсан дегеніміз, құрмет көрсету деген сөз. Бұл адамға уәжіп (парыз) емес, адамгершілік қағидаларына жатады. Уәжіп болғаны, зұлымдыққа қарсы шығып, адалдықа бастау болып табылады. Адамдар төмендегі алты қағиданың біреуін жасаумен ихсан дәрежесіне жете алады. (Ғаззали, Ихия-у Улумуддин ІІ. 289)
Бірінші, пайда табадан қашпау. Күмәнсіз мал ақшамен сатылады. Құны жоғары болғаны сияқты, төмен де бола береді. Бір тауарға саудагердің жоғары құн қоюы бағасының дұрыс білмегенінен немесе тауар қатты сұранысқа ие болғандығынан бағасын көтереді. Осы жағдайда саудагерге төмен бағаға тауарды сату ихсан болып есептеледі. Әйткенімен, тауарды сол кездегі ең жоғары бағамен алдамастан сату адамдарға зұлымдық жасамаған болады. Ханбали мазһабтарына қарағанда тауардың бағасына үште бірін қойып сату – олардың көзқарасы бойынша «ғабни фаһиш» - саудагердің келісім бағасын бұзуға ерікті. Әбу Ханифа мазһабы бойынша бұл түрдегі сауда-саттық сахих болып саналады. Алайда, бұдан да төменгі бағаға сату саудагер үшін ихсан болып саналады.

Риуаяттарға қарағанда Жүніс бин Ұбайдің дүкенінде бағасы 200 дирхамнен 400 дирхамге жететін әртүрлі бағаларда маталар бар болатын. Жүніс бин Ұбайд бауырының баласын дүкенге қалдырып өзі намазға кетеді. Қайтып келіп, бір адамның қолындағы өзінің 200 дирхам маталарын тани кетеді де, адамнан:

- Маталарды қаншаға алдың? – деп сұрайды. Әлгі адам:

- Төртжүз дирхамге алдым, - деп жауап береді. Жүніс:

- Алданып қалыпсың, матаның құны 200 дирхам, қайтып барып ақшаңның артығын қайтарып ал, - дейді. Сонда әлгі адам:

- Бұл мата біздің шахарда 500 дирхам тұрады. Мен алданған жоқпын, - деп жауап береді. Жүніс:

- Жоқ, болмайды. Матаны қайтып бер, насихат ету дүние пайдасынан да жақсы, - дегеннен кейін, әлгі адам матаны дүкенге қайта апарып, екі жүз дирхамді қайтарып алады. Жүніс бауырының баласына:

- Ұялмайсың ба, Аллаһтан қорықпайсың ба, екі жүз дирхам тұратын мата қалайша төрт жүз дирхамге саттың? Мұсылмандарға насихат еді тастадың. Екі жүз дирхам тұратын матаны екі есесіне төрт жүз дирхамге саттың, қанағаттық қайда? – деп ұрсады.

- Уаллаһи! Матаны өз разылығымен алды, - дейді. Жүніс:

- Мақұл, ол разы болды. Бірақ, сенің ар-намысың бұған қалайша разы болады? – дейді.

Сауда-саттықта тауардың сапасын жасырып, айла жасау зұлымдық жасағанмен бірдей. Зүбәйр бин Аби былай дейді: «Он сегіз сахабаның жүзін көрдім. Олардың ешқайсысы да бір кила етті ондай түрмен (алдау және айыбын жасырып сату) алмайтындай халде еді». Алдамастан ең жоғары бағаға сату болса зұлымдық емес, бірақ ихсанды жасамаған болады.

Адамдарға ең жақсы үлгі ретінде Сәриус-Сакатиден нақыл етілген мына әңгіме:

Сәриус-Сакати 60 динарға (бір кило) бадем сатып алады. Осының жиырма пайызы есебімен үстіне үш динар қосып, 63 динарға сатпақшы болады. Яғни, он динарға жарты динар пайданы қабыл етеді. Осы уақытта бадемнің құны 90 динарға көтеріледі. Сәриус-Сакатиге салих делдалдардың бірі келіп:

- Сатып алған бадемдеріңді сенен сатып аламын, қанша сұрайсың? - дейді. Сәриус-Сакати:

- 63 динарға сатамын, - дейді. Делдал:

- Бірақ, қазір бадемнің бағасы 90 динарға көтерілді, - дейді. Сәриус-Сакати:

- Көтеріле берсін, мен шешімімнен қайтпаймын, - дейді.

- Мен де ешкімді алдағым келмейді және қажетті насихатты ұстанамын деп ант еткен болатынмын. 90 динарға берсең аламын, бермесең алмаймын, - дейді. Сәриус-Сакати:

- Мен де 63 динардан артығына бермеймін, - дейді.

Екеуі де ақиқатты ұстанатын еді.

Мұхаммед бин Мүнкәдирдің 5-10 дирхам болатын екі түрлі көйлегі бар еді. Өзі жоқ кезде қызметшісі бес дирхам тұратын көйлекті он дирхамға сатып жібереді. Мұхаммед бин Мүнкәдир мұны естіген бойда көйлекті алған бәдәуиді күні бойы іздеп табады да, бәдәуиге:

- Қате болды, білместен саған бес дирхам тұратын көйлекті он дирхамге беріпті, - дейді. Бәдәуи:

- Мен разымын, саған ешқандай зияны жоқ? – дейді. Мұхаммед бин Мүнкәдир:

- Сен разысың, бірақ менің ар-намысым разы емес. Маған істелгенде разы болмайтын нәрсеме, саған жасалғанына разы емеспін. Сен үш нәрсенің бірін таңдауға еріктісің: қаласаң, киімді кері қайтар да он дирхамды қайтып ал,  қаласаң мұның орнына он дирхам тұратын көйлек ал немесе артық берген бес дирхамды қайтып ал, - дейді. Әлгі адам:

- Олай болса бес дирхамды қайтарып бер, - дейді. Мұхаммед те бес дирхамды қайтарып береді. Бәдәуи ақшаны алғаннан кейін қуанғанынан:

- Сен кімсің? – деп сұрайды. Мұхаммед:

- Мұхаммед бин Мүнкәдир деген боламын, - деп жауап береді. Бәдәуи:

- Лә иләһа иллаллаһ! Біз шөлде бұл адамның құрметіне Аллаһтан рахмет сұраймыз, - дейді.

Азға қанағат еткен, көп табады және берекеті болады. Хазіреті Әли (р.а.) қамшысын қолына алып Куфа қаласының көшелерін айналып шығатын және былай дейтін:
«Ақыларыңызды алыңыздар, саудаласқандарға да ақыларын беріңіздер; пайданың азын қалдырмаңыздар, көбін жоғалтып аласыздар». Абдуррахман бин Ауфтан сұрайтын:

«Осыншама байлыққа ие еткен не нәрсе?». Абдуррахман: «Үш себеп осыншама байлаққа ие етті: аз да болса табылған пайданы жібермедім, жанды малдарыма саудаласушы келген кезде дереу сатып жібердім, яғни көп күттіріп қоймадым, артығына да бермедім».

Екіншісі - азық-түлік аларда, яғни бір өлшем алғанда үстіне қойып беру. Мысалы, кедей немесе пақыр кісідан жейтін бір нәрсе алған уақытта оның жағдайына қарап біле тұра артық ақшаға алу, осылайша оның көп пайда табуына көмекші болу да ихсан дәрежесіне жету болып табылады. Міне, осындай саудагер қарым-қатынаста ихсан жасаған болады.
 
Пайғамбар хадисінде де:

«Жеңіл түрде сауда жасағандарға Аллаһ рахмет етсін», - делінген.

Артық пайда табу үшін сатқан бай саудагерге алдану қабыл болмайды, сыйлықсыз малды зиянға ұшырату болады. Әһли бәйт жолымен келген бір хадисте:

«Сауда-саттықта алданған қабыл болмайды, әрі сыйлығы да жоқ». (Тирмизи, «Нева») – делінген. Табиғуннан алдыңғы қатарлы кісілердіің бірі және Басраның қазысы болған Ияс бин Мағауия бин Кирре: «Мен айлакер емеспін, айла мені не Ибн Ширинді алдады. Бірақ, Хасан Басри және әкем алданды». Асыл мақсат, алдамау және алданбау. Хазіреті Омар (р.а.) былай дейді: «Біреуді алдағаннан, басқасына алдану жақсырақ».

Үшінші, - ихсанның үшінші дәрежесі ақшаны алуда. Ақша алған уақытта кемшілігін айту, қарыз алған адамды қыспаққа алмау және өте қатты мән бермеу керек. Бұлардың барлығы мендуб амалдары, Расул Әкрам (с.а.у.) былай дейді:

«Сауда-саттықты жеңіл түрде, әрі алашағын бергенде жарысып өтегендерге Аллаһ рахмет етсін».

Асқар Маханбет
дінтанушы
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға