Жаңалықтар

«Нұр-Мүбарак» Мысыр ислам мәдениеті университеті

  «Нұр-Мүбарак» Мысыр ислам мәдениеті университеті - білім ордасы. Мысыр Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасының үкіметтері арасындағы келісімге сай дүниеге келген ҚР-ндағы жоғары білімді имамдар, Исламтанушылар дайындайтын бірегей оқу орны. Келісім ҚР Парламентінде ратификацияланып, 2003 жылы 2 шілдеде Президент Н.Ә. Назарбаев бекіткен соң Заңға айналды. Екі ел басшыларының бастамасымен дүниеге келгендіктен ун-тет Нұр-Мүбарак деп аталады. Құрылтайшылары - Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы мен Мысыр Нұр-Мүбарак Мысыр Ислам мәдениеті университеті. Араб Республикасының Уақуфтар министрлігі. Университеттің жұмысына басшылық жасау, екі жақты қызметін үйлестіру мақсатында Қамқорлар кеңесі кұрылған, оның тең төрағалары - ЕАР-ның Уақуфтар министрі және ҚР Білім және ғылым министрі. Университет заман талабына лайық дінтанушылар, араб тілі мен әдебиеті оқытушылары, аудармашылар, аймақтанушылар даярлайды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнаулы лицензиясы берілген. 2005 жылдың сәуірінде ҚР Білім және ғылым мин-гі тарапынан ұйымдастырылған мемлекеттік аттестаттаудан ойдағыдай өтті. Мұнда Республикалық университетері мен мектептерінің оқытушыларына дінтану, Исламтану, араб тілі пәндері бойынша түрлі курстар ұйымдастырлады. Университет Алматы қаласының көрікті жері - әл-Фараби даңғылы бойында. Онда зәулім мешіт, дәрісханалар, компьютер кабинеттері, бай кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Қалашықта келешекте бірнеше оқу корпустары, жатақханалар, спорт кешенін салу жоспарлануда. Білім ордасында республикалардың белгілі профессор-оқытушыларымен қатар, Мысырдын де көрнекті ғалымдары, білікті профессорлары сабақ береді. Үкіметаралық келісімге сай университет ректоры мен проректорын Қамқорлар кеңесі тағайындайды. Ректор ЕАР-ның азаматы, проректор ҚР-ның азаматы болуы шарт. 2006 жылдың 13 наурызында Қамкорлар кеңесінің университет ректоры мен проректорын тағайындауға қатысты қабылдаған шешімі негіздерінде ректорлыққа академик Махмұд Фахми Хижази, проректорлыққа филология ғылымдарының докторы Шамшәдин Керім бекітілді. Университет ректоры М.Ф. Хижази күллі араб әлемінде танымал ғалым, бірнеше академиялардың мүшесі. Ана тілімен қатар ағылшын, неміс, француз тілдерін еркін меңгерген, бірнеше мемлекеттердің ЖОО-нда дәріс оқыған ұлағатты ұстаз, жиырмаға тарта зерттеу кітаптарының авторы. Оқу орнында «Исламтану», «Араб филологиясы», «Гуманитарлық және жаратылыстану» атты үш кафедра жұмыс істейді. Осы кафедраларға ғылым докторлары М.Махфуз, М.Фуад, А.Әділбаев меңгерушілік жасайды. Қазір ун-те 51 оқытушы сабақ жүргізеді, оның 19-сы мысырлық. Мысыр тарапынан келген ұстаздар Каир, әл-Әзһар, Александрия, айн-Шамс университетерінен жіберілген. Университетте Исламтанушы, имам-хатыб мамандарын дайындау респ-да алғаш рет қолға алынды. Исламтану мамандығының төрт жылға арналған оқу жоспары жасалын бекітілді. Оқу жоспарына мамандық пәндерін қоюда бітірушілердің алда имам болып, дін саласында қызмет атқаратындығы ескеріліп, Құран Кәрім, хадистану, фиқһ, уағызхатыб т.б. пәндерге көп орын берілді. Араб тілі сағаттарына I курстан-ақ кеңірек орын беру арқылы жоғары курстардағы мамандық пәндерден дәрістер таңдауға әзірлеу діттелді. Осы мамандықты 2004 жылы 26, 2005 жылы 38 студент бітіріп шықты. Олардың дені республикамыздың түпкіртүпкірінде мешіттерде діни қызметтер атқаруда. Университет жыл сайын үздік студенттерін Каирдегі Араб тілі орталығындағы қысқа мерзімді тіл машықтануға жіберіп отырады. Университет Мысырдың әл-Миниа университетімен екі жақты ынтымақтастық келісім жасасқан. Оқу жоспарындағы ІІ - ІІІ курстың жазғы сессиясынан кейінгі өндірістік практикасын мешіттерде өткізу жолға қойылды. Университет ғылыми зерттеуді жүргізетін орталыққа айналып келеді. Жыл сайын «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіп, онда Ислам өркениеті оны оқыту, араб тілін оқытудың әдістемесі, т.б. мәселелерді талқылап отыруды тұрақтандырды. 2003 жылдың сәуірінде ҚМДБ-мен бірлесе отырып «Құран Кәрім мағынасының қазақ тіліне аудармасы: жетістіктері, ерекшеліктері», 2004 жылдың маусымында Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану ин-тымен бірге «Араб дерек көздеріндегі Қазақстан» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Университет ғалымдары Республикалық көлеміндегі, сондай-ақ халықаралық конференцияларға да қатысып, белсенділік танытуда. Университет жанындағы мешіт Алматы қаласындағы үлкендігі жағынан екінші мешіт. Мешітте жаназа шығару, неке қию өткізілмейді. Жай күндері тек студенттердің практикалық сабақтары және ғибадаттары өткізіледі. Жұма, айт және тарауих намаздары кезінде ғана жалпы көпшілікке есік ашылады. Жұма күндері қазақ тілінде діни уағыз айтылады, оны студенттер айтып машықтанады, олардың кестесі жасалып, сол бойынша жүргізу тұрақтылыққа айналған. Діни мерекелер: Құрбан айт, Қадыр түні, мәуліт (Пайғамбардың туған-күні), т.б. мерекелерді атап өту тұрақты сипат алған. Аталған келісімді Мысыр Араб Республикасының президенті Хосни Мубарак 2003 жылы №215 бұйрығымен бекітті. Келісімге сай құрылған екіүкіметаралық Қамқорлар алқасының шешімімен университет Жартысы белгіленіп, 2001 жылдың 1 қыркүйегінде сабақты бастау туралы шешім қабылданды. Университет екі ел Президентінің атын иеленген. Оқу орны ҚР-ның заңдары, екі ел үкіметтерінің университетке байланысты келісімі және өз жартысы негізінде жұмыс жасайды. Оқу орнына ҚР Білім және ғылым министрлігінен 2003 жылдың 12 маусымында 7 мамандық бойынша оқытуға лицензия берілді /АА0000189/. Университетке жалпы басшылық ету мен оның қызметін үйлестіру мақсатында Қамқорлар кеңесі кұрылған. Қамқорлар кеңесінің кұзіретіне қаржы, мәдениет, білім беру саясатын қалыптастыру кірелі. Қамкорлар кеңесінің құрамы төмендегідей: ҚР тарапынан: 1. ҚР Білім және ғылым министрі - тең төраға; 2. ҚМДБ төрағасы, бас муфти - мүше; 3. Алматы қаласының әкімі - мүше; 4. ҚР Сыртқы істер Вице-министрі - мүше; 5. ҚР-ның ЕАР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі - мүше; 6. ҚР үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс кеңесі Секретариятының басшысы - мүше; 7. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры - мүше; 8. Абылайхан атындағы ҚМӘТ және ХҚ университетінің ректоры - мүше. ЕАР тарапынан:   1. ЕАР-ның Уақыфтар министрі - тең төраға; 2. ЕАР-ның мүфтиі - мүше; 3. Әл-Әзһар университетінің ректоры - мүше; 4. Әл-Әзһардың өкілі - мүше; 5. Каир университетінің ректоры - мүше; 6. ЕАР ның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі - мүше; 7. ЕАР Уакыфтар министрінің қарауына орай үш көрнекті қоғам қайраткерлері - мүшелер.   Университет - республикалары Исламтанушы, имам-хатыб дайындайтын бірден-бір жоғарғы оқу орны. Ун-тетте қазір күндізгі бөлімінде, қазақ тілінде 251 студент тәлім алады. Университеттің екі шағын оқу корпусы, үлкен мешіті бар. Университет кешенін салу үшін қаладан Әл-Фараби даңғылы бойынан 6 га жер бөлінген. 2006 жылы наурыз айында өткен үкіметаралық келісімге сай үлкен оқу корпусын Мысыр тарапы, ал Қазақстан жағы жатақхана салады. Қалашықта келешекте бірнеше оқу корпустары, жатақханалар, спорт кешенін салу жоспарлануда. Білім ордасында республикамыздың белгілі профессор-оқытушыларымен қатар, Мысырдың да көрнекті ғалымдары, білікті профессорлары сабақ береді. Оқу орнында «Исламтану», «Араб филологиясы», «Гуманитарлық және жаратылыстану» атты үш кафедра жұмыс істейді. Осы кафедраларға ғылым докторлары М.Махфуз, М.Фуад, Б.Бисенов меңгерушілік жасайды. Қазір университетте 51 оқытушы сабақ жүргізеді, оның 19-ы Мысырлық. Мысыр тарапынан келген ұстаздар Каир, Әл-Әзһар, Александрия, айн-Шамс университеттерінен жіберілген. Университетте Исламтанушы, имам-хатыб мамандарын дайындау республикамызда алғаш рет қолға алынды.      
04.12.2012 05:05 4310

 

«Нұр-Мүбарак» Мысыр ислам мәдениеті университеті - білім ордасы. Мысыр Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасының үкіметтері арасындағы келісімге сай дүниеге келген ҚР-ндағы жоғары білімді имамдар, Исламтанушылар дайындайтын бірегей оқу орны. Келісім ҚР Парламентінде ратификацияланып, 2003 жылы 2 шілдеде Президент Н.Ә. Назарбаев бекіткен соң Заңға айналды. Екі ел басшыларының бастамасымен дүниеге келгендіктен ун-тет Нұр-Мүбарак деп аталады.
Құрылтайшылары - Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы мен Мысыр Нұр-Мүбарак Мысыр Ислам мәдениеті университеті. Араб Республикасының Уақуфтар министрлігі. Университеттің жұмысына басшылық жасау, екі жақты қызметін үйлестіру мақсатында Қамқорлар кеңесі кұрылған, оның тең төрағалары - ЕАР-ның Уақуфтар министрі және ҚР Білім және ғылым министрі.
Университет заман талабына лайық дінтанушылар, араб тілі мен әдебиеті оқытушылары, аудармашылар, аймақтанушылар даярлайды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнаулы лицензиясы берілген. 2005 жылдың сәуірінде ҚР Білім және ғылым мин-гі тарапынан ұйымдастырылған мемлекеттік аттестаттаудан ойдағыдай өтті. Мұнда Республикалық университетері мен мектептерінің оқытушыларына дінтану, Исламтану, араб тілі пәндері бойынша түрлі курстар ұйымдастырлады.
Университет Алматы қаласының көрікті жері - әл-Фараби даңғылы бойында. Онда зәулім мешіт, дәрісханалар, компьютер кабинеттері, бай кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Қалашықта келешекте бірнеше оқу корпустары, жатақханалар, спорт кешенін салу жоспарлануда. Білім ордасында республикалардың белгілі профессор-оқытушыларымен қатар, Мысырдын де көрнекті ғалымдары, білікті профессорлары сабақ береді.
Үкіметаралық келісімге сай университет ректоры мен проректорын Қамқорлар кеңесі тағайындайды. Ректор ЕАР-ның азаматы, проректор ҚР-ның азаматы болуы шарт. 2006 жылдың 13 наурызында Қамкорлар кеңесінің университет ректоры мен проректорын тағайындауға қатысты қабылдаған шешімі негіздерінде ректорлыққа академик Махмұд Фахми Хижази, проректорлыққа филология ғылымдарының докторы Шамшәдин Керім бекітілді. Университет ректоры М.Ф. Хижази күллі араб әлемінде танымал ғалым, бірнеше академиялардың мүшесі. Ана тілімен қатар ағылшын, неміс, француз тілдерін еркін меңгерген, бірнеше мемлекеттердің ЖОО-нда дәріс оқыған ұлағатты ұстаз, жиырмаға тарта зерттеу кітаптарының авторы.
Оқу орнында «Исламтану», «Араб филологиясы», «Гуманитарлық және жаратылыстану» атты үш кафедра жұмыс істейді. Осы кафедраларға ғылым докторлары М.Махфуз, М.Фуад, А.Әділбаев меңгерушілік жасайды. Қазір ун-те 51 оқытушы сабақ жүргізеді, оның 19-сы мысырлық. Мысыр тарапынан келген ұстаздар Каир, әл-Әзһар, Александрия, айн-Шамс университетерінен жіберілген.
Университетте Исламтанушы, имам-хатыб мамандарын дайындау респ-да алғаш рет қолға алынды. Исламтану мамандығының төрт жылға арналған оқу жоспары жасалын бекітілді. Оқу жоспарына мамандық пәндерін қоюда бітірушілердің алда имам болып, дін саласында қызмет атқаратындығы ескеріліп, Құран Кәрім, хадистану, фиқһ, уағызхатыб т.б. пәндерге көп орын берілді. Араб тілі сағаттарына I курстан-ақ кеңірек орын беру арқылы жоғары курстардағы мамандық пәндерден дәрістер таңдауға әзірлеу діттелді. Осы мамандықты 2004 жылы 26, 2005 жылы 38 студент бітіріп шықты. Олардың дені республикамыздың түпкіртүпкірінде мешіттерде діни қызметтер атқаруда.
Университет жыл сайын үздік студенттерін Каирдегі Араб тілі орталығындағы қысқа мерзімді тіл машықтануға жіберіп отырады. Университет Мысырдың әл-Миниа университетімен екі жақты ынтымақтастық келісім жасасқан.
Оқу жоспарындағы ІІ - ІІІ курстың жазғы сессиясынан кейінгі өндірістік практикасын мешіттерде өткізу жолға қойылды. Университет ғылыми зерттеуді жүргізетін орталыққа айналып келеді. Жыл сайын «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіп, онда Ислам өркениеті оны оқыту, араб тілін оқытудың әдістемесі, т.б. мәселелерді талқылап отыруды тұрақтандырды. 2003 жылдың сәуірінде ҚМДБ-мен бірлесе отырып «Құран Кәрім мағынасының қазақ тіліне аудармасы: жетістіктері, ерекшеліктері», 2004 жылдың маусымында Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану ин-тымен бірге «Араб дерек көздеріндегі Қазақстан» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Университет ғалымдары Республикалық көлеміндегі, сондай-ақ халықаралық конференцияларға да қатысып, белсенділік танытуда.
Университет жанындағы мешіт Алматы қаласындағы үлкендігі жағынан екінші мешіт. Мешітте жаназа шығару, неке қию өткізілмейді. Жай күндері тек студенттердің практикалық сабақтары және ғибадаттары өткізіледі. Жұма, айт және тарауих намаздары кезінде ғана жалпы көпшілікке есік ашылады. Жұма күндері қазақ тілінде діни уағыз айтылады, оны студенттер айтып машықтанады, олардың кестесі жасалып, сол бойынша жүргізу тұрақтылыққа айналған. Діни мерекелер: Құрбан айт, Қадыр түні, мәуліт (Пайғамбардың туған-күні), т.б. мерекелерді атап өту тұрақты сипат алған.
Аталған келісімді Мысыр Араб Республикасының президенті Хосни Мубарак 2003 жылы №215 бұйрығымен бекітті. Келісімге сай құрылған екіүкіметаралық Қамқорлар алқасының шешімімен университет Жартысы белгіленіп, 2001 жылдың 1 қыркүйегінде сабақты бастау туралы шешім қабылданды. Университет екі ел Президентінің атын иеленген.
Оқу орны ҚР-ның заңдары, екі ел үкіметтерінің университетке байланысты келісімі және өз жартысы негізінде жұмыс жасайды. Оқу орнына ҚР Білім және ғылым министрлігінен 2003 жылдың 12 маусымында 7 мамандық бойынша оқытуға лицензия берілді /АА0000189/.
Университетке жалпы басшылық ету мен оның қызметін үйлестіру мақсатында Қамқорлар кеңесі кұрылған. Қамқорлар кеңесінің кұзіретіне қаржы, мәдениет, білім беру саясатын қалыптастыру кірелі. Қамкорлар кеңесінің құрамы төмендегідей:
ҚР тарапынан:
1. ҚР Білім және ғылым министрі - тең төраға;
2. ҚМДБ төрағасы, бас муфти - мүше;
3. Алматы қаласының әкімі - мүше;
4. ҚР Сыртқы істер Вице-министрі - мүше;
5. ҚР-ның ЕАР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі - мүше;
6. ҚР үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс кеңесі Секретариятының басшысы - мүше;
7. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры - мүше;
8. Абылайхан атындағы ҚМӘТ және ХҚ университетінің ректоры - мүше. ЕАР тарапынан:
 
1. ЕАР-ның Уақыфтар министрі - тең төраға;
2. ЕАР-ның мүфтиі - мүше;
3. Әл-Әзһар университетінің ректоры - мүше;
4. Әл-Әзһардың өкілі - мүше;
5. Каир университетінің ректоры - мүше;
6. ЕАР ның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі - мүше;
7. ЕАР Уакыфтар министрінің қарауына орай үш көрнекті қоғам қайраткерлері - мүшелер.
 
Университет - республикалары Исламтанушы, имам-хатыб дайындайтын бірден-бір жоғарғы оқу орны. Ун-тетте қазір күндізгі бөлімінде, қазақ тілінде 251 студент тәлім алады. Университеттің екі шағын оқу корпусы, үлкен мешіті бар. Университет кешенін салу үшін қаладан Әл-Фараби даңғылы бойынан 6 га жер бөлінген. 2006 жылы наурыз айында өткен үкіметаралық келісімге сай үлкен оқу корпусын Мысыр тарапы, ал Қазақстан жағы жатақхана салады.
Қалашықта келешекте бірнеше оқу корпустары, жатақханалар, спорт кешенін салу жоспарлануда. Білім ордасында республикамыздың белгілі профессор-оқытушыларымен қатар, Мысырдың да көрнекті ғалымдары, білікті профессорлары сабақ береді.
Оқу орнында «Исламтану», «Араб филологиясы», «Гуманитарлық және жаратылыстану» атты үш кафедра жұмыс істейді. Осы кафедраларға ғылым докторлары М.Махфуз, М.Фуад, Б.Бисенов меңгерушілік жасайды. Қазір университетте 51 оқытушы сабақ жүргізеді, оның 19-ы Мысырлық. Мысыр тарапынан келген ұстаздар Каир, Әл-Әзһар, Александрия, айн-Шамс университеттерінен жіберілген.
Университетте Исламтанушы, имам-хатыб мамандарын дайындау республикамызда алғаш рет қолға алынды.
 
 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға