МЕРКЕ
МЕРКЕ, Меркі – ортағасырлық қалашық орны. Жамбыл обл. Мерке ауд. Мерке а-ның батыс жағында, Алматы – Тараз автодаңғылының солт-не қарай орналасқан. 1893 – 94 ж. В.В. Бартольд экспед., 1936 ж. Жетісу археол. экспед. (жетек. А.Н. Бернштам), 1964 ж. Жетісу археол. экспед-ның Луговой отряды қазба жұмыстарын жүргізген. 1986 – 87 ж. М-ні Қазақ КСР тарихи және мәдени ескерткіштер жылнамасының археол. экспед. зерттеген. Бұл Жетісуда ортағасырлық атауын сақтап қалған аздаған қалашықтардың бірі. Мирки қ. 7 ғ-дан бастап белгілі. Ол 9 – 10 ғ-лардағы Кудам мен Ибн Хордадбехтің жолжазбаларында үлкен елді мекен деп аталып өтеді. Қалаға неғұрлым дәл сипаттама берген әл-Макдиси “Мирки – орташа аумақты, бекемделген, ішкі қамалы бар қала” деген. М-нің орт-тағы қираған орны шығыстан батысқа қарай созылған төртбұрышты төбешік. Солт. жағы 380 м, шығысы 275 м, батысы 250 м. Қаланың оңт.-батыс бөлігінде ішкі қамалдың қалдықтары көтеріңкі көрінеді. Ол ішкі қаладан қазіргі кезде мүжіліп, шымға айналған биікт. 1,5 – 2 м қорған дуалмен бөлінген. Қабырға бұрыштары дөңгелек мұнаралармен күшейтілген, ішкі қалаға кіре берісте оңт.-батыс бұрышынан тұрғызылған тағы да екі мұнара тұр. Ішкі қамалдың іш жағы 11075 м төртбұрыш алаң тәрізді. Оның беткі қабатында әр түрлі үлгідегі және көлемдегі алуан құрылыстардың қалдықтары дөңестеніп жатыр. Ішкі қамалдың батыс қабырғасының ортасына қарай ішкі қамал алаңының жалпы бетінен 4,5 м биіктіктегі тікбұрыш үлгісіндегі төбе жалғасқан. Оның жоғ. қабатында ауд. 1710 м жалпақ алаңқай бар. Жоғ. жағында, жинақталған қарашірік астында көмір түйіршіктерінің дағы бар алтын түстес қабат та бар. Одан төменгі терең қабатта 38388 см көлемдегі күйдірілмеген кірпіштен тұрғызылған қабырғаның қалдығы аршылды. Қабырғаның негізі қоқыс астында қалған. Осы жерден, сондай-ақ шикі кезінде саусақпен белгі салынған көл. 25255 см төртбұрышты күйген кірпіштен төселген еден аумағы анықталды. Қабырға мен еденнің арасы бос ұнтақ, күл қалдықтарымен, ағаш көмірінің түйіршіктерімен толтырылған. Үйінді арасында күйдірілген кірпіш сынықтары мен қыш қалдықтары ұшырасады. Жылтырақ жасыл және қоңыр түстес шыны тәрізді қорытпамен қапталған шамдал-шырақ сынықтары, түбінде айдарлы жапырақша белгісі мен жиегінде әріптері бар әшекей-бедерлі тостағандар қалашықтың ең жоғ. мәдени қатпарын 11 – 12 ғ-ларға жатқызуға мүмкіндік береді. Үйінділерде өзеннің малтатастары мен күйдірілмеген кірпіш сынықтары көп кездеседі. Бұл қабаттың оң жақ бұрышында 3,5 м тереңдікте иленген балшық қабырғасының ізі анық байқалады. Оның табанының деңгейінде алебастр әгінің ақ түйіршігі, ұсақталған сабан қосылған балшық сылақ пен ұсақ көмір түйіршіктері бар қабаттың бөлігі табылды. Қазба жұмысы кезінде көптеген көзелер, темір пышақ сынықтары, қоладан, шыныдан, тастан жасалған әшекей бұйымдар және а. ш-на пайдаланылатын жабдықтар табылды. Алынған материалдарға қарағанда қаланы адамдар 7 – 13 ғ-ларда мекен еткен.
Д. Талеев