Жаңалықтар

Қазақтар

  ҚАЗАҚТАР – Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Қазақстанда қазақтардың саны 10,9 млн. (бұл барлық халықтың 67%-ы), дүние жүзінде – 17 млн. адам (2009). Қ. Қазақстаннан басқа дүние жүзінде 50-ден астам елдерде өмір сүреді. Ең көп диаспорасы Қытайда (2,7 млн.), Өзбекстанда (1,5 млн.), Ресейде (1,2 млн.) шоғырланған. Қ. туралы 16 ғ-дағы дереккөздерінде жазыла бастады. 18 ғ-дың орта шенінде орыс әкімшілігінде казактардан бөліп қарау үшін Қ-тарды «киргиз» деп атады. 1925 ж. Қ-дың өзінің тарихи атауы «қазақ» қайтарылды. Қ. тілі түркі тілдерінің ішінде солт.-батыс (немесе қыпшақ) тобына жатады. Қазақтар дін жағынан – мұсылман-суниттер. Қ. этносының қалыптасуына көптеген ежелгі тайпалардың әсері зор болды. Кейбір зерттеушілер Қ-тың ата-тегі деп, қазіргі кездегі Қазақстан мен Орта Азия аумағында тіршілік еткен иран тілдес сақ тайпаларын айтады. Біздің дәуіріміздің басында Оңт. Қазақстанда үйсіндер тайпасының бірігуі басталды. Оңт.-Батыста Қаңлы мемлекетінің құрамына кіретін тайпалар тұрған. Қ-дың этногенезіне б.з. алғашқы дәуірінде Арал т-нің батысында өмір сүрген аландар да көп әсер еткен. 6 – 7 ғғ. Оңт.-шығыс Қазақстанда өмір сүрген тайпалар Батыстүркі қағанатының иелегінде болған. Осы кезеңде шығыстан түргештер, телелер, қарлұқтар, т.б. тайпалар келе бастады. Сонан кейін Қазақстан Түргеш қағанатының (8 ғ.), Қарлұқ қағанатының (8 – 10 ғ.), біріккен оғыздардың (9 – 10 ғ.), қимақтар мен қыпшақтардың құрамына енді. 12 ғ-да Қазақстан аумағына қидандар (қарақытайлар) келе бастады, олар кейін түркі тілді халықтармен араласып кетті. 13 ғ-дың басында Қазақстанның шығысы мен оңт.-шығысында наймандар мен керейлер тайпасы пайда болды, олар Моңғолия мен Алтайдан келді. Орта Азия мен Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуы, әртүрлі тайпалардың орын ауыстыруына, бөлінуіне, бірігуіне әкелді. 15 ғ-дың ортасында қираған Алтын Орданының орнына Ноғай және Өзбек хандықтары келді. Олардың тұрғындарының құрамы этник. жағынан бір-біріне сәйкес келді. Мыс., қыпшақтар, арғындар, қарлұқтар, қаңлы, наймандар, т.б. 16 ғ-дың басында Қ. тайпасы Қазақ хандығының құрамына кірді. 16 ғ-дан бастап «Қазақ» деген атауды, бұрын Өзбек хандығының құрамында болған және одан шығысқа қарай орналасқан аудандарда қолдана бастады. Қ. этносы 20 ғ-дың басына дейін: Ұлы, Орта және Кіші жүзге бөлінді. Әрбір жүздің арнайы ру-тайпалық ұйымдары болған. Қ. жүздері туралы алғашқы деректер 17 ғ-дан бастап шыға бастады.  Қ.Әбуов    
04.12.2012 04:48 4562

 

ҚАЗАҚТАР – Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Қазақстанда қазақтардың саны 10,9 млн. (бұл барлық халықтың 67%-ы), дүние жүзінде – 17 млн. адам (2009). Қ. Қазақстаннан басқа дүние жүзінде 50-ден астам елдерде өмір сүреді. Ең көп диаспорасы Қытайда (2,7 млн.), Өзбекстанда (1,5 млн.), Ресейде (1,2 млн.) шоғырланған. Қ. туралы 16 ғ-дағы дереккөздерінде жазыла бастады. 18 ғ-дың орта шенінде орыс әкімшілігінде казактардан бөліп қарау үшін Қ-тарды «киргиз» деп атады. 1925 ж. Қ-дың өзінің тарихи атауы «қазақ» қайтарылды. Қ. тілі түркі тілдерінің ішінде солт.-батыс (немесе қыпшақ) тобына жатады. Қазақтар дін жағынан – мұсылман-суниттер. Қ. этносының қалыптасуына көптеген ежелгі тайпалардың әсері зор болды. Кейбір зерттеушілер Қ-тың ата-тегі деп, қазіргі кездегі Қазақстан мен Орта Азия аумағында тіршілік еткен иран тілдес сақ тайпаларын айтады. Біздің дәуіріміздің басында Оңт. Қазақстанда үйсіндер тайпасының бірігуі басталды. Оңт.-Батыста Қаңлы мемлекетінің құрамына кіретін тайпалар тұрған. Қ-дың этногенезіне б.з. алғашқы дәуірінде Арал т-нің батысында өмір сүрген аландар да көп әсер еткен. 6 – 7 ғғ. Оңт.-шығыс Қазақстанда өмір сүрген тайпалар Батыстүркі қағанатының иелегінде болған. Осы кезеңде шығыстан түргештер, телелер, қарлұқтар, т.б. тайпалар келе бастады. Сонан кейін Қазақстан Түргеш қағанатының (8 ғ.), Қарлұқ қағанатының (8 – 10 ғ.), біріккен оғыздардың (9 – 10 ғ.), қимақтар мен қыпшақтардың құрамына енді. 12 ғ-да Қазақстан аумағына қидандар (қарақытайлар) келе бастады, олар кейін түркі тілді халықтармен араласып кетті. 13 ғ-дың басында Қазақстанның шығысы мен оңт.-шығысында наймандар мен керейлер тайпасы пайда болды, олар Моңғолия мен Алтайдан келді. Орта Азия мен Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуы, әртүрлі тайпалардың орын ауыстыруына, бөлінуіне, бірігуіне әкелді. 15 ғ-дың ортасында қираған Алтын Орданының орнына Ноғай және Өзбек хандықтары келді. Олардың тұрғындарының құрамы этник. жағынан бір-біріне сәйкес келді. Мыс., қыпшақтар, арғындар, қарлұқтар, қаңлы, наймандар, т.б. 16 ғ-дың басында Қ. тайпасы Қазақ хандығының құрамына кірді. 16 ғ-дан бастап «Қазақ» деген атауды, бұрын Өзбек хандығының құрамында болған және одан шығысқа қарай орналасқан аудандарда қолдана бастады. Қ. этносы 20 ғ-дың басына дейін: Ұлы, Орта және Кіші жүзге бөлінді. Әрбір жүздің арнайы ру-тайпалық ұйымдары болған. Қ. жүздері туралы алғашқы деректер 17 ғ-дан бастап шыға бастады. 
Қ.Әбуов
 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға