Жаңалықтар

Жұмыс

ЖҰМЫС, экономикада — 1) адамның немесе еңбек ұжымының өндірістік қызметінің жалпылама атауы, еңбек. Сипатына, орындалатын уақытына, т.б. қарай Жұмыс бірнеше түрге бөлінеді: беймезгіл Жұмыс — белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс мерзімде атқарылатын еңбек. Еңбек заңнамасында мұндай Жұмысқа рұқсат етілетін айрықша жағдайлар тізбесі көзделген. Өзге жағдайда әкімшіліктің оны енгізуге құқығы жоқ. Беймезгіл Жұмысқа көтеріңкі мөлшерде ақы төленеді. Жұмыскердің заңды негізде және белгіленген тәртіппен енгізілген беймезгіл Жұмыстан дәлелсіз себептермен бас тартуы еңбек тәртібін бұзғандық болып табылады; лайықты Жұмыс — бұрынғы жұмысынан айрылған, табысы (еңбекпен табылатын кірісі) жоқ азаматтар үшін олардың кәсіптік даярлығына сай келетін, жас шамасы, еңбек стажы, тәжірибесі, жаңа жұмыс орнына қатынау мүмкіндігі ескеріліп ұсынылатын жұмыс Азаматқа бұрынғы кәсібі бойынша жұмыс беру мүмкін болмаған жағдайда оған қабілет-күші, бұрынғы тәжірибесі, қайта оқыту мүмкіндігі ескеріле отырып, кәсібін өзгертуді талап ететін жұмыс ұсынылуы мүмкін. Мамандығы жоқ, алғаш рет жұмыс іздеуші тұлғаларға лайықты жұмыс ретінде алдын-ала кәсіптік даярлықтан өтуді қажет ететін жұмыс ұсынылады, ал оны беру мүмкін болмаған жағдайда азаматтың жас шамасы мен өзге де ерекшеліктері ескеріле отырып, ақы төленетін басқа жұмыс (уақытша жұмыс болса да) ұсынылады; маусымдық жұмыс — жыл бойы емес, белгілі бір кезеңде (маусымда) орындалатын жұмыс; негізгі жұмыс — бірнеше жұмысты қатар атқаратын тұлғаның өзі үшін негізгі деп есептейтін, не неғұрлым көп уақытын алатын, не оған неғұрлым көп табыс әкелетін жұмыс; уақытша жұмыс — шектеулі мерзімге, көбінесе, бірнеше ай ішінде орындауға берілетін жұмыс; толық емес жұмыс — қысқартылған жұмыс уақытында атқарылатын жұмыс; үйге алып істейтін жұмыс — фирма жұмыскерінің өндірістік ғимаратта емес, өзінің үйінде немесе шеберханасында орындайтын жұмысы; үлгілік жұмыс — жалақы мөлшерін белгілеу кезінде негіз ретінде қабылданатын жұмыс көлемі; 2) адамның немесе еңбек ұжымының өндірістік қызметінің түрі, нәтижесі. Сипатына, нышанына қарай ол бірнеше түрге бөлінеді. Мыс.: барлау жұмыстары — кеніштерді өнеркәсіптік бағалау, яки кеніштегі пайдалы қазындылардың мөлшері мен сапасын, оның орналасу жағдайын анықтау мақсатымен жүргізілетін жұмыстар кешені; геологиялық-барлау жұмыстары — жер қойнауындағы пайдалы қазындылардың аса маңызды түрлері бойынша минералдық шикізат қорларының жай-күйін анықтау жұмыстарының кешені; ғылыми-зерттеу жұмыстары — белгілі бір ғыл. мәселелер бойынша білімдерді кеңейту, тереңдету, жүйелеу мақсатымен орындалатын ізденістік, теориялық және тәжірибелік-сынақтық жұмыстар; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар — жаңа материалдар мен жаңа технологиялардың үлгілерін, ноу-хау, озық технология жасау, еңбектің ұйымдастырылуын, өндірісті басқаруды жетілдіру мақсатымен орындалатын, яки ғыл.-тех. прогресті жеделдетуге тікелей септігін тиізетін жұмыстар; тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар — ғыл.-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгі жасауға дейін жеткізетін тех. талдамалар; жүк тиеу-түсіру жұмыстары — кемеде жүк тиеу-түсіру, жүктерді жайғастыру жұмыстары, қызметтің материалдық аясына қатысты шаралар кешені; құрылыс жұмыстары — үйлер мен ғимараттарды тұрғызу, қайта құрылымдау, кеңейту, күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстардың кешені; мердігерлік жұмыстар – мердігерлер орындайтын жұмыстар, оның құрамына құрылыс, монтаж жұмыстары, үйлер мен ғимараттарды жөндеу жұмыстары, сондай-ақ құрылыстағы шартқа сәйкес басқа да жұмыс түрлері кіреді; өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар — өнеркәсіп өнімі нысандарының бірі болып табылатын өнеркәсіптік-өндірістік қызмет түрлері, өнеркәсіптің бұрын өндірген өнімінің толық не ішінара жоғалтқан тұтыну құнын қалпына келтіру (өнеркәсіптік бұйымдарды жаңғырту, жөндеу) жұмыстары, не бұрын жасалған тұтыну құнын жақсарту (басқа өнеркәсіп орындары өндірген бұйымдарды жетілдіру, толық әзірлікке жеткізу: сырлау, жалтырату), т.б.
04.12.2012 04:41 3532

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға