Жаңалықтар

Бас табақ

    Бас Табақ — қазақтың тұрмыстық салты бойынша, сыйлы қонақтарға, жасы үлкендерге тартылатын сыбаға. Бас Табаққа сол қонаққа, тойға, асқа арналып сойылған уақ малдың басы, кәделі мүше болып есептелетін жамбас, оған қоса ортан не асықты жілік, екі-екіден сабақты және қанатты омыртқалар, 2 — 3 қабырға (жетім қабырға салынбайды), сүбе, бір білем құйрық, егер жылқы сойылса немесе қонаққа деп сақталған қазы, қарта, жал, жая қосып асылса, олардан да белгілі мөлшерде салынады. Ет қазанға салынбас бұрынмалдың осы мүшелерінің түгел болуы және дұрыс жіліктелуі (жіліктердің тиесілі еттерінің өзінде болуы), бастың мүйізінің шабылуы, дұрыс үйітілуі, жуылуы, жақ сүйегінің және бауыздаулығындағы бездердің сылынып тасталуы, тістерінің қағылуы қатаң қадағаланады. Бұлардың біреуінің ғана дұрыс орындалмауы үй иесінің абыройына нұқсан келтіреді деп есептеледі. Cойылған мал ірі болса, бастың тұмсық жағы шабылып тасталады да, екі құлақтың ортасынан кеңсірікті бойлай қақ бөлінеді. Егер қонақтарға екі Бас Табақ тарту қажет болса (жасы үлкен, сыйлы қонақтардан басқа құда отырса), онда екі шекені де асады. Басты (шекені) ер адамдарға, жақ етін (тілімен қоса) жасы үлкен әйелдерге (неқұдағиға) тартылатын Бас Табақ салады. Бұған кәрі, ортан не тоқпан жілік және басқа да тиесі мүшелер қосады. Бас Табақтағы етті қызметші жігіттердің бірі немесе сол табаққа біріккендердің жасы кішісі турайды (Қазақстанның кейбір аймақтарында Бас Табақтағы етті құрметті қонаққа турату салты да бар). Басты да, жақты да жанына пышақ қосып, бөлек ыдысқа салып ұсынады. Қойдың басын тартар кезде оны қасқалайды (кеңсірік үстін кесе-көлденең және төбесінен тұмсығына қарай тіледі). Бас ұстаған адам, әдетте, құлақтың біреуін сол үйдің кіші баласына, біреуін жақында ғана немерелі болған сол дастарқан басындағы адамға береді. Содан кейін өзі бастың құйқасынан ауыз тиеді де, оның оң көзін алып: “қарамағыңдағы еліңе, ағайын-туысыңа оң көзіңмен қара” деп сол ауылдың, аталықтың басшысына, төбе құйқасынан кесіп: “осы елдің төбе биі бол” немесе “елің қадірлеп, төбесіне көтерсін” деп, халық қошеметіне бөленген белгілі азаматқа, таңдайын алып: “жезтаңдай шешен, әділ би бол” деп, билікке араласа бастаған жастардың біріне, жақ тұсындағы бұлшық етінен кесіп: “жағың түспей жамандық көрме” деп тағы біреуіне, т.с.с. “асату” рәсімін жасайды. Бұл рәсім кезінде айтылатын сөздердің мәнді, мазмұнды шығуы бас ұстаушының тапқырлығына, ділмарлығына байланысты. Бұдан соң ол бастың оң жақ қапталының құйқасын, етін бас салған ыдысқа турап, кейде мипалау жасап, отырғандарға түгел ауыз тигізеді. Ал сол жақ көзі мен құйқасы қалған басты: “Мен сияқты бас ұстайтын қадірлі қария, отаныңа бас бол!” деп үй иесіне қайтарады. Бұл рәсімдер қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады.  
04.12.2012 04:21 9495

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға