Жаңалықтар

Албасты

Албасты — түркі халықтары фольклорында кездесетін мифологиялық кейіпкер, шайтан, жын, пері, марту секілді жағымсыз күш иесі. Албасты ұғымы қазақтар, түріктер, татарлар, башқұрттар, өзбектер, тувалар, алтайлықтар (албасты), түрікмендер (ал, албассы), қырғыздар (албарсты), ноғайлар мен қарақалпақтар (албаслы), әзербайжандар (хал, халанасы), құмықтар (албаслы қатын), балқар мен қарачайларда (алмасты) бар. Албасты әдетте ұзын жалбыраған шашы бар құбыжық бейнелі әйел кейпінде бейнеленеді. Албасты жануар кейпіне немесе затқа айналып кете алады деген наным-сенім де бар. Түркі халықтарының фольклорында Албастының ортақ типологиялық бейнесі бар дегенімізбен, кейде әр халықтың мифтеріне сәйкес өзгеше бейне, зат, жануар кейпінде қабылдайтын кездері де жоқ емес. Көптеген халықтардың ұғымында, Албасты өзеннің жағасында, көлшіктің маңайында өмір сүріп, шашын тарап отырады. Түркі халықтарының мифол., аңыздарында Албасты жаңа туған баланың жүрегін, бауырын ұрлап, суға жетуге ұмтылады. Албасты суға жетіп үлгерсе, оның иесі өледі деген ұғым бар. Албастының жылқы малына көңілі ерекше, түнде оны мініп жүреді, жалын өріп тастайды деген аңыз әңгіме халық арасында көп тараған. Албасты бейнесі бастауын, көне мифтен алады. Албасты түркі халықтарынан басқа, әлем халықтарында, монғол, тәжік, грузин т.б. халықтардың көне мифтерінде кездеседі. Албасты образының шығу тегі туралы пікірлер әртекті. Дегенмен ортақ пікір де жоқ емес. Ғалымдар негізінен Албасты бейнесі түркі халықтары мифінде пайда болып, басқа халықтарға тараған деген тұжырымға жиірек ойысады. Қазақтар Албастыны көбіне “қара” ұғымымен де береді. “Албасты басқыр”, “Қара бассын, сені қара басқыр” деген тіркестер осыны айғақтайды. Кісі тектес, бүкіл денесін түк басқан мақұлық (гоминид). Кездейсоқ болмаса кез келген адамға көріне бермейді. Албасты негізінен Терістік Кавказ, Гималай таулары, Орталық Азиядалалары және Америка құрлығының таулы, жынысты ормандарынан кездеседі. Албасты көптеген зерттеушілердің назарын өзіне аударған. Тіпті, американ этнографы Р.Пэтерсон А-ны іздеуге 5 жыл уақытын арнап, 6-шы жыл дегенде оны кездестіріп, суретін түсіріп алады. Сурет 1965 жылы жарық көрген. Осы жұмбақ мақұлық туралы біраз деректер Б.Ф. Поршнев, М.Дүйсенов еңбектерінде кездеседі. Албасты қос аяқты, тік басып жүреді. Бойы орта есеппен 160—180 см. Бүкіл денесін түк басқан. Шашының ұзындығы иығына түсіп, кейбірінікі жауырынын жауып тұрады. Басының үлкендігі адамға келеді. Мойны жуан әрі қысқа, маңдайы тар. Шөпті, етті талғамай жейді. Көзі көргіш, барынша сақ. Жүргенде жымын білдірмейді. Албастылар қазақ жеріндегі таулы, орманды алқаптарда кездеседі. Қазақтар оны кісі киік деп те атайды. (қ. Кісі киік)
04.12.2012 04:01 9349





Албасты —

  • түркі халықтары фольклорында кездесетін мифологиялық кейіпкер, шайтан, жын, пері, марту секілді жағымсыз күш иесі. Албасты ұғымы қазақтар, түріктер, татарлар, башқұрттар, өзбектер, тувалар, алтайлықтар (албасты), түрікмендер (ал, албассы), қырғыздар (албарсты), ноғайлар мен қарақалпақтар (албаслы), әзербайжандар (хал, халанасы), құмықтар (албаслы қатын), балқар мен қарачайларда (алмасты) бар. Албасты әдетте ұзын жалбыраған шашы бар құбыжық бейнелі әйел кейпінде бейнеленеді. Албасты жануар кейпіне немесе затқа айналып кете алады деген наным-сенім де бар. Түркі халықтарының фольклорында Албастының ортақ типологиялық бейнесі бар дегенімізбен, кейде әр халықтың мифтеріне сәйкес өзгеше бейне, зат, жануар кейпінде қабылдайтын кездері де жоқ емес. Көптеген халықтардың ұғымында, Албасты өзеннің жағасында, көлшіктің маңайында өмір сүріп, шашын тарап отырады. Түркі халықтарының мифол., аңыздарында Албасты жаңа туған баланың жүрегін, бауырын ұрлап, суға жетуге ұмтылады. Албасты суға жетіп үлгерсе, оның иесі өледі деген ұғым бар. Албастының жылқы малына көңілі ерекше, түнде оны мініп жүреді, жалын өріп тастайды деген аңыз әңгіме халық арасында көп тараған.
  • Албасты бейнесі бастауын, көне мифтен алады. Албасты түркі халықтарынан басқа, әлем халықтарында, монғол, тәжік, грузин т.б. халықтардың көне мифтерінде кездеседі. Албасты образының шығу тегі туралы пікірлер әртекті. Дегенмен ортақ пікір де жоқ емес. Ғалымдар негізінен Албасты бейнесі түркі халықтары мифінде пайда болып, басқа халықтарға тараған деген тұжырымға жиірек ойысады. Қазақтар Албастыны көбіне “қара” ұғымымен де береді. “Албасты басқыр”, “Қара бассын, сені қара басқыр” деген тіркестер осыны айғақтайды.
  • Кісі тектес, бүкіл денесін түк басқан мақұлық (гоминид). Кездейсоқ болмаса кез келген адамға көріне бермейді. Албасты негізінен Терістік Кавказ, Гималай таулары, Орталық Азиядалалары және Америка құрлығының таулы, жынысты ормандарынан кездеседі. Албасты көптеген зерттеушілердің назарын өзіне аударған. Тіпті, американ этнографы Р.Пэтерсон А-ны іздеуге 5 жыл уақытын арнап, 6-шы жыл дегенде оны кездестіріп, суретін түсіріп алады. Сурет 1965 жылы жарық көрген. Осы жұмбақ мақұлық туралы біраз деректер Б.Ф. Поршнев, М.Дүйсенов еңбектерінде кездеседі. Албасты қос аяқты, тік басып жүреді. Бойы орта есеппен 160—180 см. Бүкіл денесін түк басқан. Шашының ұзындығы иығына түсіп, кейбірінікі жауырынын жауып тұрады. Басының үлкендігі адамға келеді. Мойны жуан әрі қысқа, маңдайы тар. Шөпті, етті талғамай жейді. Көзі көргіш, барынша сақ. Жүргенде жымын білдірмейді. Албастылар қазақ жеріндегі таулы, орманды алқаптарда кездеседі. Қазақтар оны кісі киік деп те атайды. (қ. Кісі киік)
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға