Қарағандыда бауырсақ-шоу өтті
Қарағандыда ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында бауырсақ-шоу өтті.
Шараның бастамашысы жастар саясаты мәселелері бойынша облыстық басқармасы болды. Ұйымдастырушылардың мәліметтерінше, қала тұрғындарына дәм таттыру үшін шамамен 100 келі бауырсақ кетті. Бұдан басқа, жас белсенділер адамдарға патриоттық мазмұндағы күнтізбелерді таратты.
Аймақта сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жастардың флеш-мобтары мен форумдары өтті. Қарағандыда мектеп оқушылары мен студенттер «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Қарағандыда 1 желтоқсан күні «Сүйінші» стеласының қасында бұл мереке күнінде некелерін қиған жас жұбайларды құттықтады. Бұдан басқа, билік көздері бұл күні дүниеге сәби әкелген аналарды құттықтады. Қала әкімдігінің мәліметтерінше, бұл күні Қарағандыда 16 бала дүние есігін ашты.
Дереккөзі: http://inform.kz