Испанияда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты қабылдау өтті
Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты қабылдау өткізді.
Шараға Испанияның танымал және беделді қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, ғалымдар, түрлі компаниялардың басшылары, атап айтқанда, «Әлем мәдениеті» халықаралық қорының президенті, ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас хатшысы Федерико Майор Сарагоса, Испания төменгі палатасының депутаты Жорди Чукла, «Максам» компаниясының бас директоры Ана Рубио, сондай-ақ Корольдікте жұмыс істеп және оқып жүрген қазақстандықтар қатысты.
ҚР Елшісі Бақыт Дүйсенбаев жиналғандарға Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы ерекше рөлі туралы айтып берді. Ол Президент басшылығымен Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық диалог орнатып, ядролық қарусыз әлем үшін күресте халықаралық аренада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін, ал бұл республикаға саяси бедел мен халықаралық абырой әпергенін атап өтті.
Өз кезегінде шараның қатысушылары Қазақстандағы президенттік билік моделінің әмбебаптығын атап өтті.
Қабылдау аясында ақпараттық материалдар таратылып, ҚР туралы тақырыптық фотокөрме ұйымдастырлды, сондай-ақ Н.Ә.Назарбаевтың көптеген кітаптары, соның ішінде Елшіліктің испан тілінде дайындаған оның «Қазақстандық жол» кітабы ұсынылды. Қонақтарға қазақ ұлттық тағамдарынан дәм тату ұсынылды.
Дереккөзі: http://inform.kz