Жаңалықтар

Кіріспе

        Қыдыра жал, қыл құйрықты қазанатты қазақ кие  тұтты,  елсізде жортса ес көрді, ел үшін жортса  жігер-күш көрді, бәйгеге қосса намысы санады, арғымағын арға балады.  Ертеден шапса кешке озған, ылдидан шапса төске озған тұлпар  туралы жырлар тарих сахнасында бұрыннан  бар. Керемет жыр ғана емес, керімсал күй мен көркем әннің арқауы арғымақ болды.
18.02.2014 05:34 5871

        Қыдыра жал, қыл құйрықты қазанатты қазақ кие  тұтты,  елсізде жортса ес көрді, ел үшін жортса  жігер-күш көрді, бәйгеге қосса намысы санады, арғымағын арға балады.  Ертеден шапса кешке озған, ылдидан шапса төске озған тұлпар  туралы жырлар тарих сахнасында бұрыннан  бар. Керемет жыр ғана емес, керімсал күй мен көркем әннің арқауы арғымақ болды. Тіпті басқа тұрғай  бақилық тұрағы мазарының да қабырғасы тұлпар бейнелі әшекеймен безендірілді. Біздің бабаларымыз осылайшажылқыны өміріне балады, өнеріне айналдырды. Сондықтан да қазақы өнердің биік  шыңының бірі –атбегілік өнер болды. Бұл- құпиялы тылсым сыры көп өнер. Екінің бірінің қолынан келмейтін шеберлік.  Ата бабамыздың ғасырлар бойы   зерттеп, дамытып, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отырған бұл өнеріне Закария, Шам, Талпақ бастаған бір топ  атбегілердің қосқан үлесі мол! Аталған тұлғалар тек үлес қосып қана қойған жоқ.  Бұл өнерді дамытты.  Атбегілік мектеп қалыптастырды.     Өз тұсында Тіней Тәңірберген Құдайбергеннің Еламан, Жанаман, Алтай деген үш ауылының  атсейістеріАдай түгілі жиырма бес таңбалы кіші жүзге мәлім болды.   Қазақ жылқысын асылдандырып, оның «Адай жылқысы» аталатын түрін есепсіз көбейтіп, Алашқа үлгі салғанҚалнияз-Жұбан  байлар осы Тінейлердің ауылынан шықты. Адай жылқысының бұл тұқымын Арқа көшіп, Маңғыстау қыстаған  арда жұрт кейде Көкмойнақтың үйірі, «Көкайғырдың тұқымы» деп  те атайды.

«Жауға мінсем - айбарым,

 Тойға мінсем - жайнағым,

Төбемдегі - байрағым,

Жанымдағы серігім,

Талыс танау - көрігім,

Асылың хайуан демесең –

Малдан бөлек келімің» деп «Көкмойнақтың үйірі» жырында айтылғандай  қазақы адай жылқысының атаққа шығып, алысқа танылған бір тұсы осы байлар мен оның  тікелей балалары өмір сүрген кезең еді дей аламыз. Яғни ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңде жылқының осы асыл тұқымы аттары аталған байлардың арқасында ерекше көбейді. Оның мысалын арқалы ақын, тарихшы Светқали Нұржан толықтыра  түседі.       Жаңаөзен қаласының іргесіндегі Құландыда тұрған, күні кеше тоқсан жасқа таяп  өмірден өткен,  Шамның немересі Терекбай ақсақалмен кездескенде ол кісі :«Атамыз Қалнияз-Жұбанның ұрпағына он мың жылқы біткен еді. Алты жасар бала едім, кәмпеске болғанда үкімет келіп, жылқымыздың құйрығын кесіп, өздеріне өткізіп алып жатыр. Сонда әкемнің алты кемпірі шулап жылап тұр, біз де баламыз ғой, жылап тұрмыз. Кесілген құйрықтың өзі сегіз қанат үймен бірдей болды. Соның бәрі Көкмойнақтың тұқымы болатын» депті. Зобалаңды өз көзімен көрген  куәгердің сөзі бұл. Сонымен түркменнің Хантеңге аталатын арғымағымен қазақтың жабысын будандастырып, жылқы тұқымын асылдандырып,  ұзаққа шапқанда ғана тұяғы қызыптынысы ашылып қанат бітетін Адай тұқымды жылқының алғашқы бағын ашқан  Зәкәрия, Шам, Талпақ  секілді мырзалар еді.  Олар өмір сүрген кезең Адайы арғымақтың асылданып, атбегілік өнердің алабөтен дамыған кезеңі болды. Олар Алаш пен Алшынның, берісі  Мен Қосаймын  деген ағайынның ас пен  тойында бәйгені басқаға бермеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға