Жаңалықтар

Автор туралы

Есетова Айнахан Ығылманқызы - ақын, журналист. Маңғыстау өңірінің белгілі қаламгері.  1958 жылы 1 қаңтарда   Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ебейті ауылында дүниеге келген.   Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін  бітірген. Жоғарғы оқу орынын бітірген соң, 1983 жылы Маңғыстау өлкесінің тарихи шежірелерімен жете танысу мақсатында  Маңғыстау облысы,  Маңғыстау ауданына келіп аудандық «Жаңа өмір» газетінде журналистік қызмет бастайды. 
18.02.2014 05:41 8233

Есетова Айнахан Ығылманқызы - ақын, журналист. Маңғыстау өңірінің белгілі қаламгері.  1958 жылы 1 қаңтарда   Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ебейті ауылында дүниеге келген.   Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін  бітірген. Жоғарғы оқу орынын бітірген соң, 1983 жылы Маңғыстау өлкесінің тарихи шежірелерімен жете танысу мақсатында  Маңғыстау облысы,  Маңғыстау ауданына келіп аудандық «Жаңа өмір» газетінде журналистік қызмет бастайды.  Одан соң Бейнеу ауданында аудандық газеттің ашылуына байланысты жаңа газетке қызметке ауысады. Атап айтқанда аудандық «Рауан» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған, республикалық ұлттық тәуелсіз «Үш қиян» газетінде жұмыс істеген. Қазіргі күні «Маңғыстау» облыстық газетінің қызметкері.     

 

Шығармалары:

«Өмір сыры», «Олжашы шежіресі», «Ақжелең»  кітаптарының авторы. Маңғыстау облысының 40 жылдығына арналған ақын-жазушылардың антологиясына, бірнеше жинақтарға өлеңдері мен прозалық шығармалары енген. 

Жетістіктері:

Облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. «Маңғыстау жұлдыздары» фестивалінің екі дүркін жеңімпазы, «Отпантау» республикалық жыр додасының, «Қанатты әйел-2» идеялары мен тауарлары республикалық конкурсының жүлдегері. Маңғыстау облысының әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін 35 жылдық төсбелгісімен, «Маңғыстау облысына 40 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Отбасы:

Отбасында екі ұл, бір қыз тәрбиелеген ана. Ері Өтепқали Өміров республикаға белгілі қолөнер шебері, зергер.

Отбасылық жетістіктері:

Маңғыстаулықтар бұл әулетті «Жұлдыздар отбасы» атайды.  Отбасының өнері мен тәрбиесі жайлы облыстық, республикалық газет –журналдарда мақалалар жарияланған. Ерлі-зайыптылар «Үздік жұбайлар» облыстық  конкурсының жеңімпазы, балалары Төлеген, Төремұрат Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында «кескіндеме, мүсіндеу және дизайн» факультетінің студенттері, Гүлкенже Бейнеу гимназиясында оқиды. Олар республикалық деңгейдегі өнер-білім байқауларына қатысып,  жүлдегер болып  келеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға