Жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ

Алаштың азаттығына, туған мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне - 20 жыл. Осынау мәртебесі биік, ардақты да аяулы күнмен барша халқымызды шын жүректен құттықтаймыз! Ел аман, жұрт тыныш, аспан астындағы Алаштың азаттығы жасай берсін! Жасасын, Азаттық! Жасасын, Тәуелсіз қазақ мемлекеті!
18.02.2014 07:35 19296

Алаштың азаттығына, туған мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне - 20 жыл. Осынау мәртебесі биік, ардақты да аяулы күнмен барша халқымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Ел аман, жұрт тыныш, аспан астындағы Алаштың азаттығы жасай берсін!

Жасасын, Азаттық! Жасасын, Тәуелсіз қазақ мемлекеті!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 20  жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

Тәуелсіздіктің  20 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды. Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз.

1990 жыл.

  • 1990 жылы қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың егемендігітуралы Декларация қабылдады.

1991 жыл.

  • 1991 жылы тамыз айындағы Мәскеуде өткен дүмпуден кейін, Коммунистік партия таратылып, қоғамдық мүлік билікке берілді.
  • 1991 жылы 24 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ағымдағы жағдайды бағалау және Республика егемендігін нығайту шаралары туралы» Қаулы қабылданды.
  • 1991 жылдың 29 тамызындағы Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы болды. Қазақ жерінде 40 жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте қойылды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.
  • Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.
  • Қазақстанда 1991 жылдың тамыз-қазан айларында Президенттің жарлығымен мынадай қайта құрулар болды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет және сот органдары бөлінді. Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Одаққа бағынышты кәсіпорындардың Қазақ КСР үкіметінің қарамағына түбегейлі өтіп, республикада алтын қоры мен Алмас қоры, т.б. құрылды.
  • Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы - қазақтың тұңғыш ғарышкері 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.

 

  • 1991 жылы 16 қазанда - Қазақ КСР-інің Президентін сайлау туралы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы қабылданды.
  • 1991 жылы Жоғарғы Кеңестің таңдауымен президенттің қызмет орны бекітілді. Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
  • 1991 жылы 1 желтоқсанда - Қазақ КСР-інің Президентін сайлау өтті. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78 % дауысын жинаған Н.Ә.Назарбаев Республика Президенті болып сайланды.
  • 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылданды. Осы заңға сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды.

 

  • 1991 жылы 16 желтоқсан күні -

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы қабылданды.  Қазақстанның бұл қабылданған Заңы бұрынғы КСРО елдерінің  ішінде ең соңғы заңы болып табылады.

Осы күні Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қа­зақстан Коммунистік партиясы Орта­лық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.

 

  • 1991 жылы 12 желтоқсан күні - «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды.

1986 жылғы желтоқсан көтерілісі.

1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды.

Қазақстанды басқару тағы да бұрынғы әдіс бойынша шешілген еді. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады.

Желтоқсанның 17 ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға жастар жиналды. Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты.

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын түсіруге зор үлес қосып келеді.

  • 16 желтоқсан күні - 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасын еске алу күні. Алматы қаласының халқы бұл күні Республика алаңына шығып, 1986 жылы қаза болғандарды естеріне алады.
  • 1991 жылы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының азаматтығы

туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы  қабылданды

  • 1991 жылы 21 желтоқсанында Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамына енген он бір тәуелсіз мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы Алматы Декларациясына қол қойды. Сөйтіп, ТМД-на мемлекеттік тәуелсіздік, тең құқылық және егемендік қағидаттарымен кіру туралы шешім қабылданды.
  • 1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды.
  • 1991 жылы Қазақстан бойынша репрессия құрбандарына тұңғыш рет Ақтөбе қаласында Түйетөбеде ескерткіш қойылған. Осы жерден жаппай ату жазасына ұшыраған жүзге жуық адамның сүйегі табылған, ескерткіштің ашылуында жиылған халықта есеп болмады. Жақындарының сүйегі қайда қалғанын білмей жүрген талай ақтөбелік үшін, жалпы халқымыз үшін елеулі оқиға болды. Бұл ескерткіштің авторы - сәулетші Әбубәкір Әжіғалиев.

1992 жыл.

  • 1992жылы   10 қаңтарда  «Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып, мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
  • Қорғаныс -тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды нышандарының бірі. 1992 жылдың 7 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» № 745 Жарлығымен өзінің дербес құрылымы, басқару мен қаржыландыру тәртібі бар республиканың Қарулы Күштер құрылысының негізі салынды.

- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент

Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы болып табылады.

-  2003 ж.7 мамырында  Қазақстан Республикасы Президентінің № 1085

Жарлығы негізінде  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-

теңіз күштері  құрылды.

  • 1992жылы 15 қаңтарда«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы»   Қазақстан Республикасының Заңы  қабылданды
  • 1992 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді.

-  Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде  бірінше болып 56 мүше елді  біріктірген мемлекетаралық беделді ұйым Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына 2010 жылы төрағалық ету мүмкіндігіне ие болды.

  • 1992 жылы 18 ақпанда Қазақстан балаларының мейірімділік қоры «Бөбек» дүниеге келді.
  • 1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.
  • 1992 жылдың  2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болып, оның халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект сапасында ықпалдасуы басталды.   1991-1994 жылдар аралығында әлемнің  111 елі ҚР таныса, 92 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
  • 1992 жылы 8 мамырда  ҚР-ның дербес Қарулы күштері құрылды.
  • 1992 жылы 15 мамырда ТМД-ның 6 мемлекетінің (Армения, Қазақстан,Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды.
  • 1992 жылы 22 мамырда  Қазақстан  ЮНЕСКО құрамына енді.
  • 1992 жылы 22 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев және  мемлекет басшылары  Стратегиялық шабуыл қару-жарағы (СШҚ-1) туралы зымырандық-ядролық қаруды таратпау және бірте-бірте бөлшектеп, шығарып тастау туралы Лиссабон  хаттамасына ядролық қарудан арылу міндеттемесін алды.Өз аумағын  ядролық қарусыз аймақ деп жариялады.
  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі  мен ұлттық сипатын жаңа мемлекеттік рәміздер б
    Бөлісу:
    Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға