Жаңалықтар

"Шаһнаманың "тұсаукесер рәсімі өтеді

13 желтоқсан күні сағат 18.00 –де Астана қаласындағы «Назарбаев орталығында» өтетін «Шаһнама» антологиясының тұсаукесер рәсімі және ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Сыр елі жыршы-жырауларының «Жыр-керуен» атты жыр шашуы өтеді. Жыр кешінде «Шаһнама» дастанынан үзінділер мен Тұрмағамбет шайырдың терме-толғаулары жырланады.
18.02.2014 07:43 4941

Маржан жырдан шашу шашып, Арқа жұртшылығына рухани нәр беретін жыр кешінде Сыр еліндегі жыр мектептерінің өкілдері, сүлейлердің ізбасарлары, таңдаулы жыршы-жыраулар өнер көрсетеді деп күтілуде.     

Кешті белгілі жырау, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов жүргізеді.

Онымен қоса Сыр елінің дәстүрінен сыр шертетін арнайы көрме ұйымдастырылады.

Әлемге әйгілі «Шаһнама» эпопеясын қазақша сөйлеткен Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 36 дәптерден тұратын  қадым қолжазбасын Сыр бойы жұрты 2010 жылы Елбасы Н.Назарбаевқа табыс етті. Бұл – еш жерде, ешқандай архивте жоқ мәдени мұра болғандықтан оның құндылығы да аса жоғары.

2013 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің  бастамасымен  Сыр сүлейі, жыр жампозы Тұрмағамбеттің 39 411 жол Шығыстың жеті алыбының бірі Фирдоусидің «Шаһнамасын» музыкалық антология етіп шығару қолға алынып,  Сыр бойының танымал 22 жыршы-жырауларының  әдемі мақам-саздары арқылы жарық көрген құнды дүние қызылордалықтардың Ел Тәуелсіздігі күніне үлкен  тартуы болып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға