Жаңалықтар

Қара пышақ

Ақырын ғана есікті аштым. Үй іші айқай-шуға толы. Шаңқылдаған дауыстар.  Төргі бөлмеге өткенде барып көрдім, кереуетте шалқалап жатқан күйеуі мен терезе алдында жыламсырап тұрған әйелінің дәл ортасындағы кішкене ғана үстелге жайғасқан Түлен оларды азғырып отыр екен. Ақырын жақындадым.  − Мына дүниенің барлығын менің әкем әперді. Сен де түк те жоқ, бей-ша-ра, − деген сөзді әйелінің ауызына салып берген Түлен екі санын шапаттап қойды. Масаттанып отыр.  Енді күйеуінің құлағына сыбырлай бастады.  − Көк тиынға керек еді сенің жылтырақ дүниең! Сен сияқты семіз сорлыны менен басқа ешкім де алмайтын еді.  «Ухухуу!» деді Түлен екі жұдырығының ішкі қырымен кеудесін ұра. Соңынан:  − Шоқ, бәлем, мен сендерге махаббатарыңның құнын анықтап берейін қазір, − деді.  Мен жөткіріндім. Ол жалт қараған. Адам кейіптегі мені көріп состиып тұрып қалды. − Сен...  − Ия, мен сендерге қызмет етем.  − Алда, байқұс-ай, − деді ол басын шайқап, − тозақтың азабына шыдамаған екенсің ғой.  Кекеткен түрі. Үндемедім. Бәрібір оның айтқаны шындық. Дәм-тұзым таусылып, өмірмен қош айтысқасын, о дүниенің мейманы болып шыға келдім. Расында мен мейман шығармын десем, әлгі айта беретін тозақ пен пейіш жайлы о өмірдегі ертегінің шындыққа ұласқаны...  Тірі жүргенінде пенде баласына жақсылық жасап көрмеген, Жаратқан туралы ойлап бас ауыртпаған, жаратылғандарға қарап пікір жібермеген, қылған күнәсі үшін кешірім сұрамаған, адам жанын қинауды қылмыс деп түйсінбеген, адамгершілік деген ұғым барын елемеген жанның қайда барары да сізге де белгілі ғой.  ...Тозақтың тоғыз отына шыжғырылып шығып, қазандағы қайнаған суда жан дауысым шығып шыңғырып жатқанымда қолында үш ашалы айыры бар мүйізді шайтан жақындап келсін. Оның қызметі қазандағы қайнап жатқан пенделердің жиекке жабысқандарын қайта суға құлату еді. Етім сүйегімнен сылынып түсіп, құр қаңқаммен қазан жиегіне ұмтылғанымда ол алдыма талтайып тұра қалды. Әлсіз ғана басымды көтеріп, ойылып түскен көзімнің орынындағы үлкен екі ойықты оған қададым.  − Қиналдың ба?!  «Әкеңнің!.. О өмірде кездессең басыңнан шарап ішетін тостаған жасар едім...»  Амалсыздан басымды изедім.  − Шайтандар әлеміне қызмет қылсаң бұл азаптан уақытша ғана, қиямет-қайым орнағанға дейін азат боласың.  Мен тағы да келіскендігімді білдірдім.  − Ұста мынадан! − Ол маған айырын тақау алып келген.  Шап беріп ұстадым да сыртқа қарай атылдым.  − Сен енді адамдарды азғырасың. Ең бастысы жаңадан қосылған жастарды айыру біздің үлкен ышықпен атқаратын шаруамыз. Қазір Түлен мына мекен-жайда екі жасты азғырып отыр. Сен соған көмекке бар. Оның тәжірибесі аздау. Шамасы жетпес. Екеуің біржақты қылыңдар. Қалған тапсырманы келгесін берем!  − Жақсы, − дедім мен көрген азабымнан тұла-бойым қалшылдап тұрып.  − Ал, заула! Есіңде болсын, егер тапсырмаларды дұрыстап атқармасаң мына жерге қайтып келесің. − Ол айырымен қайнап жатқан қазанды нұсқаған. Қарағым келмеді. Денем дірілдеп сала береді.  Міне, айтылған мекен-жай бойынша келіп отырмын.  − Ібіліс атам маған көмекке жіберді ме?  − Иә, − дедім самарқау ғана, − қалай болып жатыр?  − Ібілістің шексіз құдіреті бұйыртса кешке дейін екеуін ажыратып тынамын.  − Ісіңе береке берсін ендеше.  − Шайтандарға берекенің керегі шамалы.  − Солай-ау, расында, − дедім.  − Түш-ш-ш, − деді ол сұқ саусағын ауызына тақап. − Ақырын сөйле!  − Менен не көмек керек?  − Сенен бе? − Ол сұқ саусағын ауызына басқан күйінде ойланып қалды. Әлден соң: − Сен босқа отырғанша үйді бір ақтарып шықсаңшы, − деді.  − Оның не керегі бар?  − Жылтырақ-мылтырақ дүниесі болса көріп ал.  − Сосын?..  − Сосын-сосын, қулықтан құр қалған бәлесің бе немене? Кім сені таңдап жүрген, а? − Маған бедірейіп қарап қалған. − Әй, қойшы, − деді біраздан соң қолын сермей, − Қысқасы, қанша ақшасы бар, қандай құнды заттары бар, түгелін көріп ал. Сосын маған айтып бересің. Мен оны басқа біреудің санасына құйып, қылмыс жасауға итермелеймін.  − А-а, енді түсінікті болды.  − Түсінсең, бар енді. Мен мыналармен біраз ойнай тұрайын. − Ол ерлі-зайыптыларға бұрылған.  Мен бөлмелерді аралауға көштім. Асханаға кіре сала қайтып шығып кеттім. Ыдыс-аяқ, ұсақ-түйек заттар. Таңсық емес. Тірлігімде талай көріп, пайдаланған дүниелерім.  Қонақ бөлмесінің есігін аштым. Жарығы жанып тұр екен. Шамасы дәулетті отбасы. Төбемдегі сан түске шағылысқан шынылы люстраға, еденде төселген қалың кілемге, қабырғадағы ілулі тұрған түсініксіз суреттерге, ортадағы мәжіліс үстеліне, оны жағалай орналастырылған сәнді орындықтарға қарап тұрып осындай ой үстінде болдым. О өмірде жыртығымды жамай алмай өткесін бе, байларға деген көкейімде бір кек бар сияқты. Ақыры ажырататын болғасын, біржолата тақырға отырғызып кетейін деген сайқал ой санамда берік қамалын соға бастаған. Кенет, бұрыштағы кітап тола шкафтың әйнекті есігінің артында тұрған суретті көзім шалды. Бағанағы зайыптылар. Бақытты, шадыман. Жыным ұстай қалды. Маған бұйыруға тиісті бақтың керуенін орта жолдан тонап алған қарақшылар осылар сияқтанды. Ортасында екі бала. Ұл бала үлкендеу, қызы бір-екі жасқа кіші көрінеді. Ұзақ қарадым. «Жетім қаласыңдар-ау, жақында».  Залға шыққам. Көз алдымнан бұртиып тұрған екі баланың бейнесі кетер емес. Келесі есікке беттедім. Жұлқи аштым. Балалардың жатын бөлмесі екен. Жарықты жағып қарасам, бағанағы балалар... Менің балам болған емес. Әйелім де. Бірақ құрғыр жүрек ұйқыда жатқан бейкүнә сәбилерді көріп мейірленіп барады. Бала иісіне шөліркеп тұрғандаймын. Ақырын екеуін кезектесіп иіскедім. Жәннәттің иісі. Жұпар. Танауымды қытықтап, әкелік махаббатымды оята бастады. Тағы да тұра берсем өкіріп жыларым анық. Тез кеткенім жөн. Есікті ақырын жаптым. Қимастық сезіммен.  Адами санам арамдықтан сейіліп келеді. Тіпті бұрын-соңды болмаған пәк болмысымның тынысы жаңа ашылғандай. Қара ниетті шайтандарға Алла жаратқан адам басыңмен қызмет қылудың қандай қорлық екенін енді ұқтым. Ұқтым жа жылдам адымдай ас үйге беттедім. Бағана сол жерден пышақ көріп қалғаным бар. Адам – адам сияқты өмір сүруі керек! Періште пәк екі сәбиі бар мына жандар өткелі көп өмірде бірге болуы тиіс! Бұларды айыруға Түленнің ылаңы себеп болмағаны жөн!  Ақырын ғана үстел үстінде жатқан қара пышақты алдым да Түлен отырған бөлмеге келдім. Сүйек сапты пышақтың кезінде металлургиялық институтта оқығасын болат темірден соғылғандығын бірден-ақ салмағынан айырғам. Аяғымды ұшынан басып артына тақадым. Байқұс ештеңені сезер емес. Отқа тамызық салған адамдай жас жұбайларды шағыстырып қойып отыр. Ауық-ауық екі қолын, санын шапалақтап, ішін басып жата қалып күліп алады. Адамдар арасына алауыздық отын жағып отырғанына мәз. Содан қуат алатындай. Мен соңғы мәрте терең тыныстап дем алдым да жас жұбайлар ынтымағы үшін оның дәл қара құсының тұсынан қара пышақты сермеп қалдым. Аппақ қан бұрқ ете қалды. Ұстараның жүзіндей ылпылдап тұрған болат қанжардың ұзына бойын оның ақ қаны жуып кеткен. Түлен маған әлсіз ғана мойынын бұрды. Байқұстың көзі алайып кетіпті. Мен пышақты суырып алып екінші мәрте оның жүрек тұсына салдым.  Ерлі-зайыптылар ұйқыдан тұрғандай бір-біріне таңдана қарасты.  − Жаным, не боп кетті өзі? Түлен түртті ме бізді?  − Білмедім, ботам, кешірші.  − Қойшы құрысын, жас болғасын ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды деген. Алла арамыздағы сыйластықты алмасын. − Екеуі құшақтаса кетті.  Жансыз жатқан Ібіліс ұрпағының денесіне қара пышақты тағы да төрт-бес мәрте ұрдым да орынымнан көтеріле бере жүзін оның ұйысқан жүніне сүртіп-сүртіп алдым. Алғашқы құрбаным жерде мылжа-мылжасы шығып жайрап жатыр.  «Өлді, − дедім. − Өлді! Әумин!».  Адам баласы жаратылғалы бері тұңғыш болып шайтанға қол жұмсаған Пенде өзім екенімді түйсінген сәтте кеудемді қуаныш кернеп кетті. Тіпті тозақта көрген азабым да ұмыт болғандай. Денем жеп-жеңіл.  Қиямет-қайым басталғанша шайтандармен күресемін деген нық сеніммен есікке беттедім. Дәмін татып алғасын, өлтіргің келіп тұрады екен. Құмартып барам. Есіктің сыртында мені көптеген құрбандарым күтіп тұрған еді...  ...Қолымда қара пышағым...       
09.12.2013 06:09 6096

Ақырын ғана есікті аштым. Үй іші айқай-шуға толы. Шаңқылдаған дауыстар. 
Төргі бөлмеге өткенде барып көрдім, кереуетте шалқалап жатқан күйеуі мен терезе алдында жыламсырап тұрған әйелінің дәл ортасындағы кішкене ғана үстелге жайғасқан Түлен оларды азғырып отыр екен. Ақырын жақындадым. 
− Мына дүниенің барлығын менің әкем әперді. Сен де түк те жоқ, бей-ша-ра, − деген сөзді әйелінің ауызына салып берген Түлен екі санын шапаттап қойды. Масаттанып отыр. 
Енді күйеуінің құлағына сыбырлай бастады. 
− Көк тиынға керек еді сенің жылтырақ дүниең! Сен сияқты семіз сорлыны менен басқа ешкім де алмайтын еді. 
«Ухухуу!» деді Түлен екі жұдырығының ішкі қырымен кеудесін ұра. Соңынан: 
− Шоқ, бәлем, мен сендерге махаббатарыңның құнын анықтап берейін қазір, − деді. 
Мен жөткіріндім. Ол жалт қараған. Адам кейіптегі мені көріп состиып тұрып қалды.
− Сен... 
− Ия, мен сендерге қызмет етем. 
− Алда, байқұс-ай, − деді ол басын шайқап, − тозақтың азабына шыдамаған екенсің ғой. 
Кекеткен түрі. Үндемедім. Бәрібір оның айтқаны шындық. Дәм-тұзым таусылып, өмірмен қош айтысқасын, о дүниенің мейманы болып шыға келдім. Расында мен мейман шығармын десем, әлгі айта беретін тозақ пен пейіш жайлы о өмірдегі ертегінің шындыққа ұласқаны... 
Тірі жүргенінде пенде баласына жақсылық жасап көрмеген, Жаратқан туралы ойлап бас ауыртпаған, жаратылғандарға қарап пікір жібермеген, қылған күнәсі үшін кешірім сұрамаған, адам жанын қинауды қылмыс деп түйсінбеген, адамгершілік деген ұғым барын елемеген жанның қайда барары да сізге де белгілі ғой. 
...Тозақтың тоғыз отына шыжғырылып шығып, қазандағы қайнаған суда жан дауысым шығып шыңғырып жатқанымда қолында үш ашалы айыры бар мүйізді шайтан жақындап келсін. Оның қызметі қазандағы қайнап жатқан пенделердің жиекке жабысқандарын қайта суға құлату еді. Етім сүйегімнен сылынып түсіп, құр қаңқаммен қазан жиегіне ұмтылғанымда ол алдыма талтайып тұра қалды. Әлсіз ғана басымды көтеріп, ойылып түскен көзімнің орынындағы үлкен екі ойықты оған қададым. 
− Қиналдың ба?! 
«Әкеңнің!.. О өмірде кездессең басыңнан шарап ішетін тостаған жасар едім...» 
Амалсыздан басымды изедім. 
− Шайтандар әлеміне қызмет қылсаң бұл азаптан уақытша ғана, қиямет-қайым орнағанға дейін азат боласың. 
Мен тағы да келіскендігімді білдірдім. 
− Ұста мынадан! − Ол маған айырын тақау алып келген. 
Шап беріп ұстадым да сыртқа қарай атылдым. 
− Сен енді адамдарды азғырасың. Ең бастысы жаңадан қосылған жастарды айыру біздің үлкен ышықпен атқаратын шаруамыз. Қазір Түлен мына мекен-жайда екі жасты азғырып отыр. Сен соған көмекке бар. Оның тәжірибесі аздау. Шамасы жетпес. Екеуің біржақты қылыңдар. Қалған тапсырманы келгесін берем! 
− Жақсы, − дедім мен көрген азабымнан тұла-бойым қалшылдап тұрып. 
− Ал, заула! Есіңде болсын, егер тапсырмаларды дұрыстап атқармасаң мына жерге қайтып келесің. − Ол айырымен қайнап жатқан қазанды нұсқаған. Қарағым келмеді. Денем дірілдеп сала береді. 
Міне, айтылған мекен-жай бойынша келіп отырмын. 

− Ібіліс атам маған көмекке жіберді ме? 
− Иә, − дедім самарқау ғана, − қалай болып жатыр? 
− Ібілістің шексіз құдіреті бұйыртса кешке дейін екеуін ажыратып тынамын. 
− Ісіңе береке берсін ендеше. 
− Шайтандарға берекенің керегі шамалы. 
− Солай-ау, расында, − дедім. 
− Түш-ш-ш, − деді ол сұқ саусағын ауызына тақап. − Ақырын сөйле! 
− Менен не көмек керек? 
− Сенен бе? − Ол сұқ саусағын ауызына басқан күйінде ойланып қалды. Әлден соң: − Сен босқа отырғанша үйді бір ақтарып шықсаңшы, − деді. 
− Оның не керегі бар? 
− Жылтырақ-мылтырақ дүниесі болса көріп ал. 
− Сосын?.. 
− Сосын-сосын, қулықтан құр қалған бәлесің бе немене? Кім сені таңдап жүрген, а? − Маған бедірейіп қарап қалған. − Әй, қойшы, − деді біраздан соң қолын сермей, − Қысқасы, қанша ақшасы бар, қандай құнды заттары бар, түгелін көріп ал. Сосын маған айтып бересің. Мен оны басқа біреудің санасына құйып, қылмыс жасауға итермелеймін. 
− А-а, енді түсінікті болды. 
− Түсінсең, бар енді. Мен мыналармен біраз ойнай тұрайын. − Ол ерлі-зайыптыларға бұрылған. 
Мен бөлмелерді аралауға көштім. Асханаға кіре сала қайтып шығып кеттім. Ыдыс-аяқ, ұсақ-түйек заттар. Таңсық емес. Тірлігімде талай көріп, пайдаланған дүниелерім. 
Қонақ бөлмесінің есігін аштым. Жарығы жанып тұр екен. Шамасы дәулетті отбасы. Төбемдегі сан түске шағылысқан шынылы люстраға, еденде төселген қалың кілемге, қабырғадағы ілулі тұрған түсініксіз суреттерге, ортадағы мәжіліс үстеліне, оны жағалай орналастырылған сәнді орындықтарға қарап тұрып осындай ой үстінде болдым. О өмірде жыртығымды жамай алмай өткесін бе, байларға деген көкейімде бір кек бар сияқты. Ақыры ажырататын болғасын, біржолата тақырға отырғызып кетейін деген сайқал ой санамда берік қамалын соға бастаған. Кенет, бұрыштағы кітап тола шкафтың әйнекті есігінің артында тұрған суретті көзім шалды. Бағанағы зайыптылар. Бақытты, шадыман. Жыным ұстай қалды. Маған бұйыруға тиісті бақтың керуенін орта жолдан тонап алған қарақшылар осылар сияқтанды. Ортасында екі бала. Ұл бала үлкендеу, қызы бір-екі жасқа кіші көрінеді. Ұзақ қарадым. «Жетім қаласыңдар-ау, жақында». 
Залға шыққам. Көз алдымнан бұртиып тұрған екі баланың бейнесі кетер емес. Келесі есікке беттедім. Жұлқи аштым. Балалардың жатын бөлмесі екен. Жарықты жағып қарасам, бағанағы балалар... Менің балам болған емес. Әйелім де. Бірақ құрғыр жүрек ұйқыда жатқан бейкүнә сәбилерді көріп мейірленіп барады. Бала иісіне шөліркеп тұрғандаймын. Ақырын екеуін кезектесіп иіскедім. Жәннәттің иісі. Жұпар. Танауымды қытықтап, әкелік махаббатымды оята бастады. Тағы да тұра берсем өкіріп жыларым анық. Тез кеткенім жөн. Есікті ақырын жаптым. Қимастық сезіммен. 
Адами санам арамдықтан сейіліп келеді. Тіпті бұрын-соңды болмаған пәк болмысымның тынысы жаңа ашылғандай. Қара ниетті шайтандарға Алла жаратқан адам басыңмен қызмет қылудың қандай қорлық екенін енді ұқтым. Ұқтым жа жылдам адымдай ас үйге беттедім. Бағана сол жерден пышақ көріп қалғаным бар. Адам – адам сияқты өмір сүруі керек! Періште пәк екі сәбиі бар мына жандар өткелі көп өмірде бірге болуы тиіс! Бұларды айыруға Түленнің ылаңы себеп болмағаны жөн! 
Ақырын ғана үстел үстінде жатқан қара пышақты алдым да Түлен отырған бөлмеге келдім. Сүйек сапты пышақтың кезінде металлургиялық институтта оқығасын болат темірден соғылғандығын бірден-ақ салмағынан айырғам. Аяғымды ұшынан басып артына тақадым. Байқұс ештеңені сезер емес. Отқа тамызық салған адамдай жас жұбайларды шағыстырып қойып отыр. Ауық-ауық екі қолын, санын шапалақтап, ішін басып жата қалып күліп алады. Адамдар арасына алауыздық отын жағып отырғанына мәз. Содан қуат алатындай. Мен соңғы мәрте терең тыныстап дем алдым да жас жұбайлар ынтымағы үшін оның дәл қара құсының тұсынан қара пышақты сермеп қалдым. Аппақ қан бұрқ ете қалды. Ұстараның жүзіндей ылпылдап тұрған болат қанжардың ұзына бойын оның ақ қаны жуып кеткен. Түлен маған әлсіз ғана мойынын бұрды. Байқұстың көзі алайып кетіпті. Мен пышақты суырып алып екінші мәрте оның жүрек тұсына салдым. 
Ерлі-зайыптылар ұйқыдан тұрғандай бір-біріне таңдана қарасты. 
− Жаным, не боп кетті өзі? Түлен түртті ме бізді? 
− Білмедім, ботам, кешірші. 
− Қойшы құрысын, жас болғасын ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды деген. Алла арамыздағы сыйластықты алмасын. − Екеуі құшақтаса кетті. 
Жансыз жатқан Ібіліс ұрпағының денесіне қара пышақты тағы да төрт-бес мәрте ұрдым да орынымнан көтеріле бере жүзін оның ұйысқан жүніне сүртіп-сүртіп алдым. Алғашқы құрбаным жерде мылжа-мылжасы шығып жайрап жатыр. 
«Өлді, − дедім. − Өлді! Әумин!». 
Адам баласы жаратылғалы бері тұңғыш болып шайтанға қол жұмсаған Пенде өзім екенімді түйсінген сәтте кеудемді қуаныш кернеп кетті. Тіпті тозақта көрген азабым да ұмыт болғандай. Денем жеп-жеңіл. 
Қиямет-қайым басталғанша шайтандармен күресемін деген нық сеніммен есікке беттедім. Дәмін татып алғасын, өлтіргің келіп тұрады екен. Құмартып барам. Есіктің сыртында мені көптеген құрбандарым күтіп тұрған еді... 
...Қолымда қара пышағым... 

 
 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға