Жаңалықтар

Галина Войцеховскаядан -Айдың арғы беті-

Ой, ол қандай көрікті десеңізші! Қандай сымбатты! Қандай сезімтал, тұнған талант! Менің күйеуім! Күнім менің!  -Мен сені сағындым, қымбаттым! Қашан келсем де үйде болмайсың. Қайда жүрсің? Жұмыста? Сол бір дүкенде ертеңнен кешке дейін қалай отырасың? Бір керемет бутик не фирмалық салон болса бір сәрі. Қайдағы? Құнсыз шүберек сататын адам барғысыз лашық. Таныс біреу-міреу көріп қойса не етесің? Иә, білем, менің таныстарым ондай дүңгіршектерге бас сұқпайды. Бірақ кенет... Ұйқыдан ояна сала сені көргім келеді. Менің төсегіме кофе әкелсең ғой... Біз бірге тамақтанар едік. Осы бір дүкеннің саған не қажеті бар? Жалақы? Әй, білмеймін. Жақсы бутикте тұрсаң ғой, бұдан да жоғары ақы алар едің. Оған қалай орналасуға болады? Сен өзіңді атақты Манжинскиидің әйелімін деп таныстырсаң, сатып алушыларың көбейер еді... Қымбаттым, тез келші. Сағындым...  Дүкеннен кеттім. Әрине, мені әдемі бутикте ешкім тосып отырған жоқ еді. Жұмыс та таппадым. Толып жатыр ғой. Бірақ маған ертеңгілікте үйде болып, күйеуіме асықпай азанғы ас дайындап беру керек болды. Сосын оны қызметіне шығарып салғаным дұрыс. Бірақ ол жұмыс жасамайтын. Екеуміз де боспыз. Есесіне, біз күні бойы – БІРГЕМІЗ. Әр азанда көзімді тырнап аша сала күйеуімнің жүзіне ырза кейіпте телміріп отырар ем. Сүйіктім менің! КҮНІМ МЕНІҢ!  -Бүгінгі азанғы ас қандай, қымбаттым? Ботқа? Бұл не қылған таусылмайтын ботқа! Маған жеңіл, сіңімді ас пайдалырақ. Ақ ет, салат!.. Бүгін дайындық – білесің бе, жаңа сериал, костюм... мүмкін маған билеуге тура келетін шығар! Ал сен кеп ботқа... Сенің ботқаңа тойып ап қалай билемекпін? Мұнан өзге, жеңілірек тамақ дайындасаң ғой. Жарайды, кафеге бара салармын, ақша берші... Бірдеңе қылып амалдармын, ренжімеші енді...  Біз кіре берісте ұзақ аймаластық. Одан соң бір-бірімізге сәттілік тілеп, бақыт үшін деп ырымдап менің шашымның екі-үш талын байластық.  Бөлеме келіп, сервантта тұрған қобдишаны қолыма алдым. Мұнда ештеңе жоқ еді. Қайдан болсын, соңғы қағазды жаңа ғана күйеуімнің қолына ұстатқам. Енді ақша жоқ. Қалған-құтқан ұсақ тиындар дүкенге бір кіріп шыққаннан аспайды. Демек, бүгін жұмыс табу керек.  Газет сататын дүңгіршекке бет алғам. Жолым болмады. Подъезд есігіне ілінген хабарландыруға көзім түсе кетті: «Киім өңдейтін шеберханаға тігінші керк». Сиынғанымды Құдай естіген ғой! Көрші үйде жұмыс бар! Еркін график! Сол бойы есептеседі! Кешкісін менің қолымда үш жүх сом болды, тауық етін алуға базарға жүгірдім. Тауық еті, картоп езбесі, саңырауқұлақ соусы, пекин қырыққабатының салаты, алма шырыны – бүгін бізде керемет кешкі ас болғалы тұр. Еркектің жүрегіне барар жол асқазан арқылы өтеді десе, мен бұл жолдан өтуге дайынмын. Сенің жүрегіңнен орын табу үшін, қымбаттым, КҮНІМ МЕНІҢ!  - Бұл не қылған сорақалық? Өтінем, айтшы. Маған тыныштық керек. Мен кейіпкерімнің кейпіне енуім керек – ал сенің теелфоның күні бойы безектейді де жатады. Үйдің іші толған кәкір-шүкір шүберек... Тіпті аяқ аттап басатын жеп қалмады. Сен мына үйден басқа жерде іс тіге алмайсың ба? Жақын арада тапсырма берушілерің басып алатын шығар. Қымбаттым – сен атақты актердің әйелі екеніңді ұмытып кете беретінің не? Түсінетін уақытың келді емес пе? Менің шығармашылық өсуім үшін жағдай жасауың қажет емес пе? Бұған дейін біздің үйіміз таза, жинақы болатын. Енді қарашы, үйді атқораға айналдырып жібердің. Ұят емес пе?  Шынымен ұят еді! Бір-екі клиееттен тапырыс алған ем, кезек толастамай кетті. Шеберхана иесі – Аня басынан аяғына дейін киініп алды. Сосын өзінің құрбыларын әкеле бастады...  Күйеуім дұрыс айтады. Мұның бәрімен үйде айналысу мүмкін емес. Тапсырыс қабылдайтын жертөле болса да табуым керек. Аня көмектесті. Оның үйінде әлдеқашан қоғамдық дәретханаға айналып кеткен бос қуыс бар еді. Жарты тонна қоқыс шығаруға тура келді. Жиренбедім. Мен үшін бұл бастама бәрінен қымбат көрінді. Есесіне үйге бұрынғы тыныштық пен жайлылық қайта оралды. Мен де жеке шеберханалы болдым. Фотосалонға барып күйеуімнің суреті салынған постер жасаттым да, столымның жанына іліп қойдым. Енді біз күні бойы бір-бірімізге жымия қарасып отыратын боламыз. Және барлық тапсырыс берушілер оның менің күйеуім, менің көзқуанышым екенін білетін болады.  КҮНІМ МЕНІҢ!  - Құдай сақтасын, жаным-ау, сен не киіп алғансың? Көйлек, әрине, әдемі... Қымбат тұрады... Сен кез келген киімде сүйкімді көрінесің. Көйлексіз – пітпі! Бірақ сен мұны бұрын да кидің ғой. Екі рет! Қымбаттым, сен атақты адамның әйелісің! Саған жаңа дүние алып беруге ақшасы жетпейді екен деп ойлауы мүмкін ғой. Жо-жоқ. Мен өмірімді тұрмысқа емес, шығармашылыққа арнаған жанмын. Егер ақшаң аз болса – маған емес, саудагерге шығуың керек еді. Өнер құрбандықты қажет етеді. Сен қайдағы бір тәтейлерге көйлек тіге бергенше, өзіңе қарасаңшы. Бутиктерге бар. Сенің талғамың жоғары ғой. Жарайды, бұртимашы енді. Бұл кеше алып бара жатқандай қызық жоқ – ұсақ-түйек, жаңа әртістер. Бірақ адағы сейсенбіге дұрыстап дайындал. Мені «Оскар» алып жатыр деп ойла, ұқтың ба? Сен бәріне сай болуың керек, жаным. Келші мында, мышымым менің...  Мен бәріне сай болдым. Арнайы тігінші жалдадым. Кейін тағы екеуін алдым. Есепші де табылды. Енді қол бос. Косметологқа, фитнесс орталығына барамын. Мұқабасы қымбат журналдарды ғана қолыма аламын. Жаңа сәннің бір де бірін қалт жібермедім. Жайлыұ йқы дегенді ұмытқалы қашан? Түсімде ылғи – көйлек, көйлек, көйлек...  Күн сайын өзіме жаңа киім тігетін болдым. Күйеуімнің менімен мақтанғанын жан-тәніммен тіледім.  КҮНІМ МЕНІҢ!  - Бүгін маған кім келгенін білесің бе? Даша Долганцева! Өзі бірінші қадам жасады. Керемет емес пе? Долганцева! Не жайында әңгімелестіңдер? Менің шығармашылығым туралы, әрине. Басқа не айтуымыз керек еді? Оның менімен сөйлесіп тұрғанын бәрі көрді. Бұл дегенің атақ қой. Айтпақшы, Дашенька сенің телефоныңды алып қалды. Негесі не? Менімен жолығу үшін сылтау қажет емес пе?  Жақында сериалдың премьерасы болады. Сен жұрттың аузының суын құртатындай киініп келуге тиіссің. Онда бәрі болады – режиссерлар, продюсерлер... Сенің кімнің әйелі екеніңді көрсін...  Дашаның арқасында менде жаңа тұтынушылар көбейді. Әртістер, әншілер, шоу-бизнес жұлдыздары, бай салқымдар. Бұрынғы лас жерде орналасқан шеберханам оларға жаға қоймады, әрине. Үйдің жанында жаңа, заманауи сауда орталығы салынып жатқан. Бірақ одан лайықты орын ала қоятындай қалтам қалың емес. Ұйқысыз түндерімнің бірінде басыма ғажап идея келді – тапсырыс берушілерімнің арасында жазулы жүргізу. Акция жасау! Өз акционерлеріме жеңілдіктер жасап, дивидент төлеп тұру.  Бұл ой шынымен жемістіболды. Ең арзан алаң сауда үйінің төртінші қабатында екен.Сатып алушылар жоғарыға шығуға көп ықылас таныта бермейді. Бірақ менің орным сондай жайлы әрі жарық боп шықты. Күн көп түседі.  Акционерлерімнің тізімін көрген сауда үйінің қожайцындары сол қабатта тұрған айна пирамиданы маған қиды. Ол алаңқайымның сәнін тіпті арттыра түсті. Жиналған ақша менің хрустальды сарайымды жабдықтауға жететін еді. Ескі шеберхананы Аняға саттым. Одан тек күйеуімнің суреті салынған постерді ғна алып кеттім. Алтын тұмарым...  КҮНІМ МЕНІҢ!  - Тыңда, балақай, бұл не қылған қауесет? Шеберхана жайлы айтам. Сен бір жерден үлкен терезесі бар бөлме жалға алды, әлдекімнен қарызға ақша алды дей ме? Менің атағым әр бұрышта жаңғырып жатыр. Бүгін бір әйел маған қарап «Әне қара, Манжинскаяның жолдасы» деп саусағын шошайтты. Сен таз арада мұны тоқтатуың керек!  Таныстық кезінде мен толық аты-жөнімді атағанды жақсы көретінмін – Маргарита Манжинская. Бұл ақсүйектердің есіміндей естілетін.  Күйеуімнің ренжуі түсінікті болды.  Қыз күнімдегі тегім Герц еді. Мектептегі физика сабағы мен үшін азаппен өтеті. Сыныптастарым Килогерц, Вольт, Ампер деп мазақ қылатын. Бұл мен үшін қорлық еді. Енді менің визиткаларым, балкілерім мен каталогтарымда «Стиль-Хаус Герц» деп жазылатын болады. Жақсы, иә?  Апта бойы осы лайлап отапқан атауымның буымен жүрдім.  Маған тюнинг, моддинг, рестайлинг, боди-арт, экстрим-граффити жасау үшін жас дизайнерлер керек еді. Таптым.  «Вог» журналының соңғы бетінде фотосессия жарияланып тұратын. Бір суреттің астында «Әртіс Игорь Манжинский мен дизайнер Рита Герцог» деп жазылыпты. Суретте ол өз ыдысына құйылған сусынды маған ішкізіп тұр.  КҮНІМ МЕНІҢ!  - Айнам, сен тағы үйде жоқсың ғой. Не істеп, не қойғаның жөнінде айтпай-ақ қой. Тыңдауға құлқым жоқ. Маған қазір сценарий оқу керек. Сенің проблемаларыңа бас қатыратын уақытым жоқ. Әй, сол шеберханада не қызық бар дейсің?  Айтқандай, түрің бұзылып кетіпті ғой. Өзіңе қарамай кеттің бе...  Шынымен, өзімді жайсыз сезініп жүргенмін. Нәр сызғым келмейді, жүдеп бара жаттым.  Дәрігерге көрінуге уақыт жоқ. «Герцог» жабдықталып бітті. Тігін фабрикаларында менің соңғы үлглерім негізіндегі бұйымдар жасалып жатты. Жұмысқа жаңа адамдар келе бастады. Бір топ заңгерлер акционерлік қоғамның жұмысымен айналысып жатты.  Көмекшілерім көп еді. Басты инвестор Юлий бекіткен орынбасарым да бар.  Жиналыс үстінде есімнен танып қалдым. Көзімді медициналық орталықта аштым. Үш сағаттан кейіңн жиынға қайтып келдік. Юлий мені орныма отырғызды да, ештеңеге түсінбей аң-таң болып отырған акционерлерге қарап:  Жолдастар, төрайымның жүкті екенін салтанатты түрде мәлімдеуге рұқсат етіңіздер деді.  - Бала? Қайдағы бала? Сонда біздің жоспарымыздың бәрі аяқсыз қалмақ па? Мен жаңа роль алдым Біз енді ғана адамша өмір сүре бастап едік қой. Сен неге қайдағы бір баланы айтып жолымды байламақсың?Ғұмырымды жаялыққа арнағым келмейді. Сен осының менің балам екеніне сенімдісің бе?  Жедел жәрдем ауруханасындамын. Палатадағы көрші келіншектердің кейпіне, қампиған қарындары мен ісінген аяқтарына, сұп-сұр түрлеріне күйеуім шошына қарап отыр. Медбике қыз келіп саусағымнан қан алғанында қалтыраған түрін көрсеңіз... Тамырыма ине тыққалы жатқанын байқап әй-шәй жоқ орнынан тұрып қаша жөнелді. Сол кеткеннен бір жетіден соң ғана барып төбесін көрсетті. Келді де, ажырасуға арыз беріп қойғанын, пәтерді бөліп (менің әке-шешемнің пәтері-тін!), маған коммуналкадан кішкене бөлме іздегенін, сондықтан бір жетінің ішінде үй-жайымды босатуым керек екенін мәлімдеді.  Не дерімді білмеген мен шарасыз күбірлей бердім:  - Біз бір-бірімізді сүйген едік қой – мұның не, КҮНІМ-АУ?  ...Бір жылдан соң кездестік. «Стиль-Хаус Герцог» дизайн салонының ресми ашылу салтанатында. Мерекелік кешіміздің ортасында той көйлектерінің үлгілерін көрсеттік. Қалыңдықтың көйлегін өзім киіп шықтым.Жақында ғана Юлий екеуміз некелескен болатынбыз.  Бір кеште бес түрлі киім үлгісін көрсетемін деп әбден қалжырап қалыппын. Әлім кетіп Юлийдің шынтағына сүйеніп... үйдегі Сашкам мен Дашкама тезірек жетсем ғой деп армандап тұрғанмын... бізді құттықтаушы топтың арасынан бір жанар көзіме оттай басылды. Сол!  - Қайдан жүрсің, балақай?.. Мынау... сол әлгі шеберхана ма?.. Үлкен терезесі бар... Сенің?.. Қалай... қалай жасап үлгердің?!!  Оның бетіне қарап күлімсіредім де, бақыттан бал-бұл жанған жүзімді Юлийге бұрған қалпы:  - БӘРІ, БӘРІ СЕНІҢ АРҚАҢ, КҮНІМ МЕНІҢ! - дедім. 
09.12.2013 05:47 3301

Ой, ол қандай көрікті десеңізші! Қандай сымбатты! Қандай сезімтал, тұнған талант! Менің күйеуім! Күнім менің! 
-Мен сені сағындым, қымбаттым! Қашан келсем де үйде болмайсың. Қайда жүрсің? Жұмыста? Сол бір дүкенде ертеңнен кешке дейін қалай отырасың? Бір керемет бутик не фирмалық салон болса бір сәрі. Қайдағы? Құнсыз шүберек сататын адам барғысыз лашық. Таныс біреу-міреу көріп қойса не етесің? Иә, білем, менің таныстарым ондай дүңгіршектерге бас сұқпайды. Бірақ кенет... Ұйқыдан ояна сала сені көргім келеді. Менің төсегіме кофе әкелсең ғой... Біз бірге тамақтанар едік. Осы бір дүкеннің саған не қажеті бар? Жалақы? Әй, білмеймін. Жақсы бутикте тұрсаң ғой, бұдан да жоғары ақы алар едің. Оған қалай орналасуға болады? Сен өзіңді атақты Манжинскиидің әйелімін деп таныстырсаң, сатып алушыларың көбейер еді... Қымбаттым, тез келші. Сағындым... 
Дүкеннен кеттім. Әрине, мені әдемі бутикте ешкім тосып отырған жоқ еді. Жұмыс та таппадым. Толып жатыр ғой. Бірақ маған ертеңгілікте үйде болып, күйеуіме асықпай азанғы ас дайындап беру керек болды. Сосын оны қызметіне шығарып салғаным дұрыс. Бірақ ол жұмыс жасамайтын. Екеуміз де боспыз. Есесіне, біз күні бойы – БІРГЕМІЗ. Әр азанда көзімді тырнап аша сала күйеуімнің жүзіне ырза кейіпте телміріп отырар ем. Сүйіктім менің! КҮНІМ МЕНІҢ! 
-Бүгінгі азанғы ас қандай, қымбаттым? Ботқа? Бұл не қылған таусылмайтын ботқа! Маған жеңіл, сіңімді ас пайдалырақ. Ақ ет, салат!.. Бүгін дайындық – білесің бе, жаңа сериал, костюм... мүмкін маған билеуге тура келетін шығар! Ал сен кеп ботқа... Сенің ботқаңа тойып ап қалай билемекпін? Мұнан өзге, жеңілірек тамақ дайындасаң ғой. Жарайды, кафеге бара салармын, ақша берші... Бірдеңе қылып амалдармын, ренжімеші енді... 
Біз кіре берісте ұзақ аймаластық. Одан соң бір-бірімізге сәттілік тілеп, бақыт үшін деп ырымдап менің шашымның екі-үш талын байластық. 
Бөлеме келіп, сервантта тұрған қобдишаны қолыма алдым. Мұнда ештеңе жоқ еді. Қайдан болсын, соңғы қағазды жаңа ғана күйеуімнің қолына ұстатқам. Енді ақша жоқ. Қалған-құтқан ұсақ тиындар дүкенге бір кіріп шыққаннан аспайды. Демек, бүгін жұмыс табу керек. 
Газет сататын дүңгіршекке бет алғам. Жолым болмады. Подъезд есігіне ілінген хабарландыруға көзім түсе кетті: «Киім өңдейтін шеберханаға тігінші керк». Сиынғанымды Құдай естіген ғой! Көрші үйде жұмыс бар! Еркін график! Сол бойы есептеседі! Кешкісін менің қолымда үш жүх сом болды, тауық етін алуға базарға жүгірдім. Тауық еті, картоп езбесі, саңырауқұлақ соусы, пекин қырыққабатының салаты, алма шырыны – бүгін бізде керемет кешкі ас болғалы тұр. Еркектің жүрегіне барар жол асқазан арқылы өтеді десе, мен бұл жолдан өтуге дайынмын. Сенің жүрегіңнен орын табу үшін, қымбаттым, КҮНІМ МЕНІҢ! 
- Бұл не қылған сорақалық? Өтінем, айтшы. Маған тыныштық керек. Мен кейіпкерімнің кейпіне енуім керек – ал сенің теелфоның күні бойы безектейді де жатады. Үйдің іші толған кәкір-шүкір шүберек... Тіпті аяқ аттап басатын жеп қалмады. Сен мына үйден басқа жерде іс тіге алмайсың ба? Жақын арада тапсырма берушілерің басып алатын шығар. Қымбаттым – сен атақты актердің әйелі екеніңді ұмытып кете беретінің не? Түсінетін уақытың келді емес пе? Менің шығармашылық өсуім үшін жағдай жасауың қажет емес пе? Бұған дейін біздің үйіміз таза, жинақы болатын. Енді қарашы, үйді атқораға айналдырып жібердің. Ұят емес пе? 
Шынымен ұят еді! Бір-екі клиееттен тапырыс алған ем, кезек толастамай кетті. Шеберхана иесі – Аня басынан аяғына дейін киініп алды. Сосын өзінің құрбыларын әкеле бастады... 
Күйеуім дұрыс айтады. Мұның бәрімен үйде айналысу мүмкін емес. Тапсырыс қабылдайтын жертөле болса да табуым керек. Аня көмектесті. Оның үйінде әлдеқашан қоғамдық дәретханаға айналып кеткен бос қуыс бар еді. Жарты тонна қоқыс шығаруға тура келді. Жиренбедім. Мен үшін бұл бастама бәрінен қымбат көрінді. Есесіне үйге бұрынғы тыныштық пен жайлылық қайта оралды. Мен де жеке шеберханалы болдым. Фотосалонға барып күйеуімнің суреті салынған постер жасаттым да, столымның жанына іліп қойдым. Енді біз күні бойы бір-бірімізге жымия қарасып отыратын боламыз. Және барлық тапсырыс берушілер оның менің күйеуім, менің көзқуанышым екенін білетін болады. 
КҮНІМ МЕНІҢ! 
- Құдай сақтасын, жаным-ау, сен не киіп алғансың? Көйлек, әрине, әдемі... Қымбат тұрады... Сен кез келген киімде сүйкімді көрінесің. Көйлексіз – пітпі! Бірақ сен мұны бұрын да кидің ғой. Екі рет! Қымбаттым, сен атақты адамның әйелісің! Саған жаңа дүние алып беруге ақшасы жетпейді екен деп ойлауы мүмкін ғой. Жо-жоқ. Мен өмірімді тұрмысқа емес, шығармашылыққа арнаған жанмын. Егер ақшаң аз болса – маған емес, саудагерге шығуың керек еді. Өнер құрбандықты қажет етеді. Сен қайдағы бір тәтейлерге көйлек тіге бергенше, өзіңе қарасаңшы. Бутиктерге бар. Сенің талғамың жоғары ғой. Жарайды, бұртимашы енді. Бұл кеше алып бара жатқандай қызық жоқ – ұсақ-түйек, жаңа әртістер. Бірақ адағы сейсенбіге дұрыстап дайындал. Мені «Оскар» алып жатыр деп ойла, ұқтың ба? Сен бәріне сай болуың керек, жаным. Келші мында, мышымым менің... 
Мен бәріне сай болдым. Арнайы тігінші жалдадым. Кейін тағы екеуін алдым. Есепші де табылды. Енді қол бос. Косметологқа, фитнесс орталығына барамын. Мұқабасы қымбат журналдарды ғана қолыма аламын. Жаңа сәннің бір де бірін қалт жібермедім. Жайлыұ йқы дегенді ұмытқалы қашан? Түсімде ылғи – көйлек, көйлек, көйлек... 
Күн сайын өзіме жаңа киім тігетін болдым. Күйеуімнің менімен мақтанғанын жан-тәніммен тіледім. 
КҮНІМ МЕНІҢ! 
- Бүгін маған кім келгенін білесің бе? Даша Долганцева! Өзі бірінші қадам жасады. Керемет емес пе? Долганцева! Не жайында әңгімелестіңдер? Менің шығармашылығым туралы, әрине. Басқа не айтуымыз керек еді? Оның менімен сөйлесіп тұрғанын бәрі көрді. Бұл дегенің атақ қой. Айтпақшы, Дашенька сенің телефоныңды алып қалды. Негесі не? Менімен жолығу үшін сылтау қажет емес пе? 
Жақында сериалдың премьерасы болады. Сен жұрттың аузының суын құртатындай киініп келуге тиіссің. Онда бәрі болады – режиссерлар, продюсерлер... Сенің кімнің әйелі екеніңді көрсін... 
Дашаның арқасында менде жаңа тұтынушылар көбейді. Әртістер, әншілер, шоу-бизнес жұлдыздары, бай салқымдар. Бұрынғы лас жерде орналасқан шеберханам оларға жаға қоймады, әрине. Үйдің жанында жаңа, заманауи сауда орталығы салынып жатқан. Бірақ одан лайықты орын ала қоятындай қалтам қалың емес. Ұйқысыз түндерімнің бірінде басыма ғажап идея келді – тапсырыс берушілерімнің арасында жазулы жүргізу. Акция жасау! Өз акционерлеріме жеңілдіктер жасап, дивидент төлеп тұру. 
Бұл ой шынымен жемістіболды. Ең арзан алаң сауда үйінің төртінші қабатында екен.Сатып алушылар жоғарыға шығуға көп ықылас таныта бермейді. Бірақ менің орным сондай жайлы әрі жарық боп шықты. Күн көп түседі. 
Акционерлерімнің тізімін көрген сауда үйінің қожайцындары сол қабатта тұрған айна пирамиданы маған қиды. Ол алаңқайымның сәнін тіпті арттыра түсті. Жиналған ақша менің хрустальды сарайымды жабдықтауға жететін еді. Ескі шеберхананы Аняға саттым. Одан тек күйеуімнің суреті салынған постерді ғна алып кеттім. Алтын тұмарым... 
КҮНІМ МЕНІҢ! 
- Тыңда, балақай, бұл не қылған қауесет? Шеберхана жайлы айтам. Сен бір жерден үлкен терезесі бар бөлме жалға алды, әлдекімнен қарызға ақша алды дей ме? Менің атағым әр бұрышта жаңғырып жатыр. Бүгін бір әйел маған қарап «Әне қара, Манжинскаяның жолдасы» деп саусағын шошайтты. Сен таз арада мұны тоқтатуың керек! 
Таныстық кезінде мен толық аты-жөнімді атағанды жақсы көретінмін – Маргарита Манжинская. Бұл ақсүйектердің есіміндей естілетін. 
Күйеуімнің ренжуі түсінікті болды. 
Қыз күнімдегі тегім Герц еді. Мектептегі физика сабағы мен үшін азаппен өтеті. Сыныптастарым Килогерц, Вольт, Ампер деп мазақ қылатын. Бұл мен үшін қорлық еді. Енді менің визиткаларым, балкілерім мен каталогтарымда «Стиль-Хаус Герц» деп жазылатын болады. Жақсы, иә? 
Апта бойы осы лайлап отапқан атауымның буымен жүрдім. 
Маған тюнинг, моддинг, рестайлинг, боди-арт, экстрим-граффити жасау үшін жас дизайнерлер керек еді. Таптым. 
«Вог» журналының соңғы бетінде фотосессия жарияланып тұратын. Бір суреттің астында «Әртіс Игорь Манжинский мен дизайнер Рита Герцог» деп жазылыпты. Суретте ол өз ыдысына құйылған сусынды маған ішкізіп тұр. 
КҮНІМ МЕНІҢ! 
- Айнам, сен тағы үйде жоқсың ғой. Не істеп, не қойғаның жөнінде айтпай-ақ қой. Тыңдауға құлқым жоқ. Маған қазір сценарий оқу керек. Сенің проблемаларыңа бас қатыратын уақытым жоқ. Әй, сол шеберханада не қызық бар дейсің? 
Айтқандай, түрің бұзылып кетіпті ғой. Өзіңе қарамай кеттің бе... 
Шынымен, өзімді жайсыз сезініп жүргенмін. Нәр сызғым келмейді, жүдеп бара жаттым. 
Дәрігерге көрінуге уақыт жоқ. «Герцог» жабдықталып бітті. Тігін фабрикаларында менің соңғы үлглерім негізіндегі бұйымдар жасалып жатты. Жұмысқа жаңа адамдар келе бастады. Бір топ заңгерлер акционерлік қоғамның жұмысымен айналысып жатты. 
Көмекшілерім көп еді. Басты инвестор Юлий бекіткен орынбасарым да бар. 
Жиналыс үстінде есімнен танып қалдым. Көзімді медициналық орталықта аштым. Үш сағаттан кейіңн жиынға қайтып келдік. Юлий мені орныма отырғызды да, ештеңеге түсінбей аң-таң болып отырған акционерлерге қарап: 
Жолдастар, төрайымның жүкті екенін салтанатты түрде мәлімдеуге рұқсат етіңіздер деді. 
- Бала? Қайдағы бала? Сонда біздің жоспарымыздың бәрі аяқсыз қалмақ па? Мен жаңа роль алдым Біз енді ғана адамша өмір сүре бастап едік қой. Сен неге қайдағы бір баланы айтып жолымды байламақсың?Ғұмырымды жаялыққа арнағым келмейді. Сен осының менің балам екеніне сенімдісің бе? 
Жедел жәрдем ауруханасындамын. Палатадағы көрші келіншектердің кейпіне, қампиған қарындары мен ісінген аяқтарына, сұп-сұр түрлеріне күйеуім шошына қарап отыр. Медбике қыз келіп саусағымнан қан алғанында қалтыраған түрін көрсеңіз... Тамырыма ине тыққалы жатқанын байқап әй-шәй жоқ орнынан тұрып қаша жөнелді. Сол кеткеннен бір жетіден соң ғана барып төбесін көрсетті. Келді де, ажырасуға арыз беріп қойғанын, пәтерді бөліп (менің әке-шешемнің пәтері-тін!), маған коммуналкадан кішкене бөлме іздегенін, сондықтан бір жетінің ішінде үй-жайымды босатуым керек екенін мәлімдеді. 
Не дерімді білмеген мен шарасыз күбірлей бердім: 
- Біз бір-бірімізді сүйген едік қой – мұның не, КҮНІМ-АУ? 
...Бір жылдан соң кездестік. «Стиль-Хаус Герцог» дизайн салонының ресми ашылу салтанатында. Мерекелік кешіміздің ортасында той көйлектерінің үлгілерін көрсеттік. Қалыңдықтың көйлегін өзім киіп шықтым.Жақында ғана Юлий екеуміз некелескен болатынбыз. 
Бір кеште бес түрлі киім үлгісін көрсетемін деп әбден қалжырап қалыппын. Әлім кетіп Юлийдің шынтағына сүйеніп... үйдегі Сашкам мен Дашкама тезірек жетсем ғой деп армандап тұрғанмын... бізді құттықтаушы топтың арасынан бір жанар көзіме оттай басылды. Сол! 
- Қайдан жүрсің, балақай?.. Мынау... сол әлгі шеберхана ма?.. Үлкен терезесі бар... Сенің?.. Қалай... қалай жасап үлгердің?!! 
Оның бетіне қарап күлімсіредім де, бақыттан бал-бұл жанған жүзімді Юлийге бұрған қалпы: 
- БӘРІ, БӘРІ СЕНІҢ АРҚАҢ, КҮНІМ МЕНІҢ! - дедім. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға