Жаңалықтар

Арнау

Бұл шығармамды  атам Төлеуханмен әжем Күләштің  алтын тойларына арнаймын.  Автор.  -Көшпеймін ! Қой әлі төлдеп болған жоқ,үкіметтің малын қырар жайым жоқ-Төлеуханның дауысы қатқыл шықты.-Қой күйекте болғандықтан жаппай төлдеп жатыр.Екі-үш күн дамылдап қалғанымыз рас,бірақ әлі де коздайтынына сенімдімін.  Не керек ақыры жоғарыдан айтылған бұйрық бойынша,бір жағы зоотехник Ұзақбайдың «бір күндік жер ғой»деген қылқылынан мезі болған қойшы жүгін түйіп,қараша үйін жықты.Жас қозыларды енесіне жамыратып алып,машинаға үймен қоса артып жіберді.Келіншегі Күләш екі баламен қоса машинаға жайғасты.Баласы жұрт ауыстырайын деп жатыр дегенді естіп,орталықтан Нұрхан қарияда атарбасымен осында келіп түстеніп отырған.Баласы екеуі қойды жая отырып, жаңа жұртқа бет түзеді  Межелі жерге жеткен соң,жүкті түсірісіп,қашанда асығыс жүретін Ұзақбай киіз үйді тігіспестен соңынан шаңын шұбалтып тайып отырды.Күләш екі керегені біріктіріп,үстіне киіз жауып,лашық құрып алды.Алты жасар Мұхамедиясымен екі жасар Мағауиясын тамақтандырып,қозыларға орын дайындады.Әйтіп-бүйткенше ымыртта түсті.Күйеуі мен қайын атасының келмесіне көзі жеткен ол, қос қозысын қойнына алып,төсекке қисайды.Бұрындары далада жалғыз қонып көрмеген келіншек әр дыбысқа елеңдеп,көрер таңды көзімен атырды.  Төлеуханды ішкі түйсігі алдамапты.Қойлар ұзақ жүріске шыдамай қозы тастай бастады.Енелерін еме алғанымен жүріске жарамайтын жас төлдерді арбаға салып,алға ілбуден басқа амал қалмады.Күн кешкіре отарды иіріп,далада түнемекке бекінді.Одан басқа амалдары да қалмады.Ана жақтағы әлі көкке отықпаған,таңертеңнен енесін ембеген қозылар қырылса,мындағы желіні іскен қойлар қырылса баласына оңай соқпасын Нұрхан қария ұғып отыр.Қойларды айдалада ұстап,сауып жіберуде мүмкін емес.Бір жағы келініне де алаңдаулы.Баласының ойы да онға бөлініп отырғанын қария сезбейді емес сезеді.  Таң ата көзі ілігіп кеткен Күләш қозылардың маңырағанынан оянып кетті.Енесін ембегендеріне екі тәулікке кеткен қозылар бүкірейіп қалыпты.Бүгін арттағы қойлар жетпесе қойдан да,қозылардан да айырылатындары анық..Үкіметтің осынша малын қырып алса,өздеріне оңай тимес.Өстіп отырғанда совхоз басшысы келе қалды.Күләш оған қозыларды көрсетіп:  -Мыналарды көріп отырсыз,Төлеухан жүзден жүз жиырма алам деп отыр еді,енді міне содан жиырма қозы қалса кәне?Бұның жауаптылығын кім көтерет енді-деді.  -Күләш қарағым,бір амалын табармыз,тіпті болмаса тұсақтардың төлдерімен жабармыз-деп жұбатқандай болды.Сонымен қоса қойлардың бүгін жететінінде айтты.Ол кезде тұсақтарды қой ұсақталып кетеді деп қошқарға қоспайтын.Күйбеңмен күн де ұясына қонды. Бүгінде арттағылардың жетпесіне көзі жеткен Күләш,Алласына сыйынып төсекке қисайды.  Таң бозынан тұрған Күләш,шайдан соң киіз үй тігуге кірісті.Кіші ұлын лашықтың жанына белінен арқанмен байлап қойды.Үлкені барып кел-шауып келге жарап қалған.Керегелерді тігу аса қиынға соқпады. Күләшті қинаған шаңырақ мәселесі.Адамнан айла асқанба,екі сүйменді жерге қағып,бақанға шаңырақты орналастырып,сүймендердің ортасына қойып, орай байлап тастады.Жағалай уықтарын шаншыды.Үйді құрып бола бергенде,бір машина келе қалды.Бұлар Қаражал елді мекенінің шөпшілері екен.Біреуі Күләштің сіңлісін алып отырған Аман деген жігіт еді.Олар жиырма бес жасар келіншектің жанкештілігіне қайран қалды.Киіздерді жауып,арқандарды таңып, шай ішіп отырғанда Төлеухандар да жетті.  Қырылған қойлардың орынын тұсақтың төлімен жаппақ болған басшы сөзі бос болып шықты.Төлеухан не істесін,оларды бір сыбап алды да,мойнына мал мінбегеніне тәубе қылып жүре берді. 
09.12.2013 05:22 3829

Бұл шығармамды 
атам Төлеуханмен әжем Күләштің 
алтын тойларына арнаймын. 
Автор. 



-Көшпеймін ! Қой әлі төлдеп болған жоқ,үкіметтің малын қырар жайым жоқ-Төлеуханның дауысы қатқыл шықты.-Қой күйекте болғандықтан жаппай төлдеп жатыр.Екі-үш күн дамылдап қалғанымыз рас,бірақ әлі де коздайтынына сенімдімін. 
Не керек ақыры жоғарыдан айтылған бұйрық бойынша,бір жағы зоотехник Ұзақбайдың «бір күндік жер ғой»деген қылқылынан мезі болған қойшы жүгін түйіп,қараша үйін жықты.Жас қозыларды енесіне жамыратып алып,машинаға үймен қоса артып жіберді.Келіншегі Күләш екі баламен қоса машинаға жайғасты.Баласы жұрт ауыстырайын деп жатыр дегенді естіп,орталықтан Нұрхан қарияда атарбасымен осында келіп түстеніп отырған.Баласы екеуі қойды жая отырып, жаңа жұртқа бет түзеді 
Межелі жерге жеткен соң,жүкті түсірісіп,қашанда асығыс жүретін Ұзақбай киіз үйді тігіспестен соңынан шаңын шұбалтып тайып отырды.Күләш екі керегені біріктіріп,үстіне киіз жауып,лашық құрып алды.Алты жасар Мұхамедиясымен екі жасар Мағауиясын тамақтандырып,қозыларға орын дайындады.Әйтіп-бүйткенше ымыртта түсті.Күйеуі мен қайын атасының келмесіне көзі жеткен ол, қос қозысын қойнына алып,төсекке қисайды.Бұрындары далада жалғыз қонып көрмеген келіншек әр дыбысқа елеңдеп,көрер таңды көзімен атырды. 
Төлеуханды ішкі түйсігі алдамапты.Қойлар ұзақ жүріске шыдамай қозы тастай бастады.Енелерін еме алғанымен жүріске жарамайтын жас төлдерді арбаға салып,алға ілбуден басқа амал қалмады.Күн кешкіре отарды иіріп,далада түнемекке бекінді.Одан басқа амалдары да қалмады.Ана жақтағы әлі көкке отықпаған,таңертеңнен енесін ембеген қозылар қырылса,мындағы желіні іскен қойлар қырылса баласына оңай соқпасын Нұрхан қария ұғып отыр.Қойларды айдалада ұстап,сауып жіберуде мүмкін емес.Бір жағы келініне де алаңдаулы.Баласының ойы да онға бөлініп отырғанын қария сезбейді емес сезеді. 
Таң ата көзі ілігіп кеткен Күләш қозылардың маңырағанынан оянып кетті.Енесін ембегендеріне екі тәулікке кеткен қозылар бүкірейіп қалыпты.Бүгін арттағы қойлар жетпесе қойдан да,қозылардан да айырылатындары анық..Үкіметтің осынша малын қырып алса,өздеріне оңай тимес.Өстіп отырғанда совхоз басшысы келе қалды.Күләш оған қозыларды көрсетіп: 
-Мыналарды көріп отырсыз,Төлеухан жүзден жүз жиырма алам деп отыр еді,енді міне содан жиырма қозы қалса кәне?Бұның жауаптылығын кім көтерет енді-деді. 
-Күләш қарағым,бір амалын табармыз,тіпті болмаса тұсақтардың төлдерімен жабармыз-деп жұбатқандай болды.Сонымен қоса қойлардың бүгін жететінінде айтты.Ол кезде тұсақтарды қой ұсақталып кетеді деп қошқарға қоспайтын.Күйбеңмен күн де ұясына қонды. Бүгінде арттағылардың жетпесіне көзі жеткен Күләш,Алласына сыйынып төсекке қисайды. 
Таң бозынан тұрған Күләш,шайдан соң киіз үй тігуге кірісті.Кіші ұлын лашықтың жанына белінен арқанмен байлап қойды.Үлкені барып кел-шауып келге жарап қалған.Керегелерді тігу аса қиынға соқпады. Күләшті қинаған шаңырақ мәселесі.Адамнан айла асқанба,екі сүйменді жерге қағып,бақанға шаңырақты орналастырып,сүймендердің ортасына қойып, орай байлап тастады.Жағалай уықтарын шаншыды.Үйді құрып бола бергенде,бір машина келе қалды.Бұлар Қаражал елді мекенінің шөпшілері екен.Біреуі Күләштің сіңлісін алып отырған Аман деген жігіт еді.Олар жиырма бес жасар келіншектің жанкештілігіне қайран қалды.Киіздерді жауып,арқандарды таңып, шай ішіп отырғанда Төлеухандар да жетті. 
Қырылған қойлардың орынын тұсақтың төлімен жаппақ болған басшы сөзі бос болып шықты.Төлеухан не істесін,оларды бір сыбап алды да,мойнына мал мінбегеніне тәубе қылып жүре берді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға