Жаңалықтар

Су жылытатын қондырғы ойлап тапқан студент

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультетінің 2-курс студенті Қытайдан келген Қайсар Еркінұлы қозғалыстағы құбыр суын жылытатын қондырғы сипатындағы жаңа құрылғыны ойлап тапты. 2011 жылдың қараша айында Пекиндегі «Жаңа жобаларды патенттеу орталығы» жобаны мақұлдап, патент иегері атанған. 1-курста оқып жүрген кезінде университеттің Сенат шешімімен  бір семестр бойына ғылыми стипендия тағайындалған болатын. Жас өнертапқышқа 2013 жылдың сәуір айында Алматыда өткен «Қазақстан-2050» стратегиясы: білім-ғылым-инновация» атты республикалық форумда кезіндегі ҚР білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов бағалы сыйлық пен диплом табыстады. Бұл құрылғы қозғалыстағы, яғни ағып тұрған құбыр суын жылытуға арналған. Электр энергиясымен жұмыс істейтін шағын ғана құрылғы құбырдың ішіне қойылады. Бірақ, «Аристон» және тағы басқа су жылытатын қондырғыларындай ұзақ уақытта емес, 5 секундта суды жылытады. Тоқ күшін де көп жемейді, тек ыстық су аққан кезде ғана тоқ кетеді. Тұтынушыға тиімділігі су кранының 6 түрі жасалған, душқа да арналған кран корпусы бар.           Құрылғының артықшылығы, мысалы «Аристонда» белгілі мөлшердегі (ыдыстағы) суды жылытады, оны керегінше пайдаланамыз, қалған жылы су қалып қояды. Ал мұнда керегінше жылытып, шетінен пайдаланасыз, артық су ысырап болмайды. Ағып тұрған суға орнатылған қондырғы өндіріске де, экономикаға да, тұтынушыға да өте тиімді.          «ALHAR» - аты берілген бұл құрылғы тәжірибеден сәтті өткен. Әзірге студент өз қаржысына Қытайдағы зауыттан 1000 данасын тапсырыспен шығарды. Студенттің алдағы мақсаты – өнертабысын Қазақстанда патенттеуге ұсынып, өндіріске енгізіп, ел игілігіне жарату. Қайсардың ғылыми жобалары мұнымен шектелген жоқ. Алдағы уақытта да электр энергиясын үнемді пайдалану арқылы үй жылытатын құрылғы ойлап тауып, оны патенттеуге ұсынды. Одан да өзге ғылыми жетекшісімен бірге бір жағынан су жылытатын, бір жағынан таза су шығаратын (яғни бумен минералдандырылған) құрылғы жасауды қолға алған. Таяу арада бұл жоба жүзеге асса, оны патенттеуге ұсынбақ. Динара Мыңбаева Түркістан қаласы
06.12.2013 08:24 5053

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультетінің 2-курс студенті Қытайдан келген Қайсар Еркінұлы қозғалыстағы құбыр суын жылытатын қондырғы сипатындағы жаңа құрылғыны ойлап тапты. 2011 жылдың қараша айында Пекиндегі «Жаңа жобаларды патенттеу орталығы» жобаны мақұлдап, патент иегері атанған. 1-курста оқып жүрген кезінде университеттің Сенат шешімімен  бір семестр бойына ғылыми стипендия тағайындалған болатын. Жас өнертапқышқа 2013 жылдың сәуір айында Алматыда өткен «Қазақстан-2050» стратегиясы: білім-ғылым-инновация» атты республикалық форумда кезіндегі ҚР білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов бағалы сыйлық пен диплом табыстады.

Бұл құрылғы қозғалыстағы, яғни ағып тұрған құбыр суын жылытуға арналған. Электр энергиясымен жұмыс істейтін шағын ғана құрылғы құбырдың ішіне қойылады. Бірақ, «Аристон» және тағы басқа су жылытатын қондырғыларындай ұзақ уақытта емес, 5 секундта суды жылытады. Тоқ күшін де көп жемейді, тек ыстық су аққан кезде ғана тоқ кетеді. Тұтынушыға тиімділігі су кранының 6 түрі жасалған, душқа да арналған кран корпусы бар.

          Құрылғының артықшылығы, мысалы «Аристонда» белгілі мөлшердегі (ыдыстағы) суды жылытады, оны керегінше пайдаланамыз, қалған жылы су қалып қояды. Ал мұнда керегінше жылытып, шетінен пайдаланасыз, артық су ысырап болмайды. Ағып тұрған суға орнатылған қондырғы өндіріске де, экономикаға да, тұтынушыға да өте тиімді.

         «ALHAR» - аты берілген бұл құрылғы тәжірибеден сәтті өткен. Әзірге студент өз қаржысына Қытайдағы зауыттан 1000 данасын тапсырыспен шығарды. Студенттің алдағы мақсаты – өнертабысын Қазақстанда патенттеуге ұсынып, өндіріске енгізіп, ел игілігіне жарату.

Қайсардың ғылыми жобалары мұнымен шектелген жоқ. Алдағы уақытта да электр энергиясын үнемді пайдалану арқылы үй жылытатын құрылғы ойлап тауып, оны патенттеуге ұсынды. Одан да өзге ғылыми жетекшісімен бірге бір жағынан су жылытатын, бір жағынан таза су шығаратын (яғни бумен минералдандырылған) құрылғы жасауды қолға алған. Таяу арада бұл жоба жүзеге асса, оны патенттеуге ұсынбақ.

Динара Мыңбаева

Түркістан қаласы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға