Өлімі
1956 жылы, 13 мамырда Александр Фадеев Переделкинодағы саяжайда өз тапаншасынан атылып өлді. Жазушы туралы қазанамада жазушының өзін-өзі өлтіруінің ресми себебі –алкоголизм деп көрсетілген. Шындығында, өзіне қол жұмсардан екі апта бұрын А. А. Фадеев ішкілікті қойып, «шамамен бір апта бұрын әртүрлі адамдарға хат жазып, өлімге дайындалған көрінеді» (Вячеслав Всеволодович Иванов).
Фадеевтің анасының жанында жерленуі туралы қалауына қарамастан, Новодевичье мазарында жерленді (№ 1 учаскесі).
Қаламгердің өлер алдында КОКП ОК-не арналған хатын ҰҚК алғаш тек 1990 жылы ғана жариялады. Хат қысқаша мына үлгіде болды:
…Менің қаламгерлік өмірім өзінің бар маңызын жойып бара жатыр. Сондықтан мен өтірік пен жалаға, арамдыққа толы өміріммен аса зор қуанышпен қоштасамын. Менің үш жылдан бері жазып жатқан көптеген өтініш-арыздарыма қарамастан, билік басындағылар мені қабылдамады. Мені анамның жанында жерлеулеріңізді сұраймын.
— Известия ЦК КПСС. № 10, 1990. С. 147—151. КОКП орталық комитетіне арналған А.А. Фадеевтің өлер алдындағы хаты. 13 мамыр, 1956 жыл
Жеке өмірі
Фадеевтің ата-анасы мамандығы бойынша фельдшер еді, бірақ өмірде олар кәсіби революционерлер. Әкесі — Александр Иванович Фадеев (1862—1916), анасы — Антонина Владимировна Кунц.
Фадеевтің бірінші әйелі – Валерия Анатольевна Герасимова, екінші әйелі (1936 жылдан бастап) КСРО халық әртісі— Ангелина Степанова болды. Ангелина Осиповнадан жазушының Александр және Михаил атты екі ұлы болды. Одан бөлек, 1943 жылы Фадеевтің Маргарита Алигерден Мария Александровна Фадеева-Макарова-Энцесбергер деген қызы туылды (1991 жылы өзіне-өзі қол жұмсап, қайтыс болды).
Ел жадында
Фадеев атымен аталады:
· Примор өңіріндегі Булыга-Фадеево ауылы;
· Липецктегі Фадеев көшесі;
· Винницадағы көше, (Украина);
· Мәскеудегі Фадеев көшесі;
· Тверь қаласындағы Фадеев көшесі;
· Владивосток қаласындағы көше және көркем әдебиет пен публицистикалық әдебиет муниципалды кітапханасы; Кітапхана 2010 жылғы күрделі жұмыстардың барысында жабылып қалса да, ескерткіш тақтасы сақталып қалды. Бүгінгі таңда ғимаратта Сбербанктің бөлімшесі орналасқан. Жазушыға арналған ескерткіш тақтасы Фадеевтің өзі оқыған ДВФУ-дың (Қиыршығыс федералды университеті) әкімшілік ғимаратында орналасқан (Владивосток қаласы. Суханов, 8);
· Чугуевка ауылындағы Фадеев көшесі мен мұражай;
· Жазушының туған қаласы – Кимрадағы Фадеев жағалауы көшесі
· Фадеев атындағы балалар кітапханасы (Кимра қаласы)
· Фадеев атындағы Краснодон қалалық кітапханасы
· Тверь облысының Редкино ауылындағы көше (қайнары: "ХХ ғасырдағы әдеби өңіртану. Тверь, Тверь мемлекеттік университеті, 2008 ж. ISBN 978-5-7609-0479-9)
· Гомельдегі Фадеев көшесі
· Краматорскідегі Фадеев көшесі
· Севастопольдағы Фадеев көшесі
· Таганрогтегі Фадеев көшесі
· Уссурийскідегі Фадеев көшесі
· Самарадағы Фадеев көшесі