Жаңалықтар

Қоғамдық-саяси қызметі

Көп жылдар бойы Фадеев түрлі дәрежедегі жазушылық ұйымдардың басшысы қызметінде болды. 1926—1932 жылдары Ресей Пролетариат Жазушыларының Ассоциациясында идеолог–басқарушылардың бірі болды.
18.02.2014 08:36 4626

Көп жылдар бойы Фадеев түрлі дәрежедегі жазушылық ұйымдардың басшысы қызметінде болды. 1926—1932 жылдары Ресей Пролетариат Жазушыларының Ассоциациясында идеолог–басқарушылардың бірі болды.

КСРО Жазушылар одағында:

·         1932 жылы Ресей Пролетариат Жазушыларының Ассоциациясы жабылған соң КСРО Жазушылар одағын құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мүшесі;

·         1934—1939 — ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары;

·         1939—1944 — хатшы;

·         1946—1954 — бас хатшы және басқарма төрағасы;

·         1954—1956 — басқарма хатшысы.

Бүкіләлемдік Бейбітшілік Кеңесінің вице-президенті (1950 жылдан бастап). 1939—1956 жылдары КОКП ОК-нің мүшесі; 1956 жылы КОКП ОК-нің ХХ съезінде мүшелікке үміткер болып қабылданды. 1946 жылдан бастап КСРО жоғарғы кеңесінің 2-4-ші шақырылымдарының депутаты және Ресей Федерациясы жоғарғы кеңесінің 3- ші шақырылым депутаты.

1942—1944 жылдарда Александр Фадеев «Литературная газета» басылымында редактор, «Октябрь» журналының ұйымдастырушысы және редколлегия мүшесі болды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Фадеев Кеңесақпарат бюросында және «Правда» газетінде әскери корреспондент қызметінде болды. 1942 жылы қаңтарда жазушы репортаж жасау үшін Калинин фронтының ең қауіпті жерлерінде болып, ақпарат жинады. Осы жылдың 14 қаңтарында Фадеев соғыста көрген ойларын «Правда» газетінде «Зұлым-талқандаушылар және жасампаз адамдар» атты мақаласында бүкпей айтты. «Боец» очеркінде жазушы қызыл армия солдаты, өлгеннен кейін Кеңес одағының батыры деп мойындалған – Яков Падериннің жауынгерлік бейнесін суреттеді: 1941 жылы Калинин үшін шайқаста, жау дзотының алдында (жер қазып үстіне бөренелер салынған атыс орны) Падерин ауыр жарақаттанғанына қарамастан, дзот ұңғысын өз денесімен қалқалады.

Азаматтық ұстанымдары. Соңғы жылдар бедері

Александр Фадеев КСРО жазушылар одағының төрағасы болғанда үкіметтік шаруалар мен партия шешімдерін өз өмірінде әріптестері — М. М. ЗощенкоА. А. АхматоваА. П. Платоновтарға қарағанда көп пайдаланды. Кеңес үкіметінің жазушылары Зощенко мен Ахматованы әдебиетші ретінде жоюға алып келген 1946 жылғы Ждановтың тарихи үкімін қостаушы және іске асыру мақсатында құрылған топтың ішінде біз сөз етіп отырған Фадеев те болды. [9] 1949 жылы Александр Фадеев «Правда» газетінде «Театр сыншыларының антипатриоттық тобы туралы» деген атпен жарияланған бағдарламалы мақаланың авторларының бірі болды. Аталмыш мақала «Космополитизммен күрес» атты бірлестіктің құрылуына негіз болды.

Алайда, 1948 жылы Фадеев КСРО жазушылар одағының қорынан бір тиынсыз қалған М.М. Зощенкоға ақшалай көмек көрсетуі туралы өтініштер айтқан. Сонымен қатар, қаламгер билікке жақпаған— Б. Л. ПастернакН. А. ЗаболоцкийЛ. Н. Гумилёв сынды әдебиетшілерге шын ықыласымен көмек көрсеткен болатын. Андрей Плотоновтың емделуіне оның жұбайына бірнеше рет жасырын түрде ақша берген болатын.

Қалмгердің мінезіндегі, жалпы өміріндегі, іс-әрекеттеріндегі екіге бөлінушіліктің соңы өте үлкен дағдарысқа алып келді. Өмірінің соңғы жылдары жазушы ұйқысыздық ауруына ұшырап, ішкілікке салынды. Кейіннен «Барвиха» шипажайында емделуден өтті.

Илья Эренбург бір сөзінде Фадеев туралы былай дейді:

Фадеев ержүрек, бірақ тәртіпті солдат. Ол бас қолбасшының құқықтық құзыретін ешқашан ұмытқан емес.

Фадеев Хрущев жылымығын қабылдаған жоқ. Осы оқиғаға байланысты 1956 жылы КОКП ОК-нің ХХ съезінде кеңес әдебиетшілерінің көшбасшысының қызметі Михаил Шолоховтың тарапынан қатаң сынға ұшырап, Фадеев КОКП орталық комитетінің мүшелігіне өтпей қалды. Ол тек мүшелікке үміткер қатарына сайланды.  Фадеевті кеңес жазушыларының ішіндегі репрессияның себепшісі деп айыптады. КОКП ОК-нің ХХ съезінен соң Фадеевтің өз ары алдындағы кінәсімен күресуі шегіне жетті. Қаламгер өзінің ескі досы Юрий Либединскийге: «Өз арым азаптады. Қанды қолмен өмір сүру қиын, Юра» деген екен.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға