Бауыржан Жолшиев
Қазіргі кезде еліміздегі ең жас талантты футболшылардыңкөшбасында тұрған, ұзын бойлы, қолды-аяққа тұрмайтын өте жылдам ойыншы – Бауыржан Жолшиев.
Бауыржан Ренатұлы Жолшиев 1990 жылы, 8 мамырда ҚырғызстанныңФрунзе жерінде дүниеге келген. Бауыржанды алғаш үлкен футболға баулыған Рашид Нистахов деген балалар бапкері болатын. Рашид бапкердің жас балаға үйреткені көп болды. Жолшиевтің де бапкеріне айтар алғысы шексіз. Бала күнінде Қазақстанға көшіп келеді.
Ол футболдағы карьерасын «Алматы» сапында бастады. Кезінде талай жасты халыққа танымал еткен бұл клуб Бауыржанның да жолын ашты. Он сегіздегі ойыншы негізгі құрамға жиі іліге алмаса да, мамандар тарапынан жақсы баға алды. Жас шабуылшының бойындағы талантты байқаған «Атырау» командасының бапкерлері батысқа шақырады. Осылайша 2009 жылы марқұм Антон Шохтың командасының қатарынақосылады. Кейіннен клубты Вахид Масудов жаттықтырған болатын. Вахид Юнусовичтың келуімен «Атырау» клубы тұңғыш рет Қазақстан кубогында жеңіске жетті. Мұнайлы өлкенің футболшылары финалға дейін «Ақжайық», «Қайсар», «Жетісу» клубтарын тізе бүктірді. Ал ақтық сындаҚарағандының «Шахтерімен» кездесті. Елорда төрінде өткен матчта Зубко соққан гол «Атырауға» жеңіс сыйлады. Осыдан соң, команданыңтізгінін Виктор Пасулько ұстады. Украиналық бапкердіңжаттықтыруымен «Атырау» алғашқы алтылыққа енді. Сол тұста Георгий Пейкрешвили, Сергей Хижниченко, Бейбіт Тәтішевтер мен бірге шабуыл шебін күшейтті.
Жалпы «Атырау» сапында екі жарым маусым өнер көрсетті. Осы аралықта батыс командасының жейдесін алаңға 41 рет киіп шықты.
2011 жылы жазғы трансферлік ауысымда «Тобылының» бас бапкері Сергей Петренко Жолшиевті Қостанай командасынан көргісі келді. Сол тұста клуб Чемпиондар лигасына қатысатын болғандықтан, құрамын нығайтуды көздейді. Сол мақсатта қапталда өнер көрсететін, жылдам,қолды-аяққа тұрмайтын футболшы Бауыржанға таңдаулары түседі.
«Тобылдағы» алғашқы ойынын Өскеменнің «Востогына» қарсы өткізіп, кездесуді нәтижелі аяқтайды. Ол соққан гол Қостанай командасына үшұпай сыйлайды. Келе-сала командаға тез бейімделіп, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдеріне қатысты. Сол кездегі команданың бас мергені Сергей Гридин екеуінің жұбынан футбол мамандары көп үміт күтті.
Чемпионатта жүлделі орынға қол жеткізе алмаған «Тобыл» Қазақстан кубогының финалына дейін жетті. Өкінішке орай, ақтық сында «Ордабасыдан» ұтылып қалады.
«Тобыл» оның халыққа жылдам танылуына жол ашты. Келесі жылы команда тізгінін Вячеслав Грозный ұстады. Грозный жас шабуылшыға сенім артып, негізгі құрамнан орын береді. Өз кезегінде Бауыржанда бапкер үмітін ақтап, алғашқы жеті ойын қатарынан мергендік танытады.
Бұл маусым Жолшиев үшін сәтті өтті. Қазақстан жастар құрамасына кейіннен ұлттық құрамаға шақырылды. Жыл соңында «Қазақстанның еңүздік жас футболшысы» атанды. Сондай-ақ, сегіз голмен команданың еңүздік сұрмергені де болды.
Ал биыл маусымды өте сәтті бастаған еді. Бірақ, жарақат деген футболшылардың қас жауы Бауыржанды да айналып өтпеді. Ел бірінішілігінің кезекті турында алған жарақатын емдеуге үш ай уақыт өтті. Бірақ, жарақатынан айыққаннан кейін команда басшыларымен тіл табыса алмады. Ақыр соңында келісімшартты бұзып, «Тобылдан» біржола кетті. Биылғы жылы Қазақстан чемпионатында 9 ойын өткізіп, 3 гол соққан.
Қазіргі кезде Бауыржанға қызығушылық танытып жатқан клубтар жетерлік. Солардың бірі, Қарағандының «Шахтері» Жолшиевті «кеншілер» сапынан көргісі келетіндерін жасырмады.
Былтырғы жылы Мәскеудің «Динамосы» мен Алматының «Қайраты» тарапынан да қызығушылықтардың болғаны БАҚ беттерінде көптеп жазылған еді.
Ұлттық құрамада
Бауыржан алдымен Қазақстан жастар құрамасында өнер көретті. 21 жасқа дейінгі футболшылармен бірге Ресейде өткен «Достастық» турнирінеқатысты. Сол кездегі жастар құрамасының аға бапкері Словодан Крчмаревичтің сенім артар серкелерінің бірі болды. Мәскеуде Бауыржандар жасындай жарқыраған еді (Исламхан, Байтана, Жолшиев). Жалпы жастар құрамасы сапында 2010-2012 жылдар аралығында барлығы 14 ойын өткізіп, 1 гол соққан.
Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын Қырғызстанға қарсы жолдастықкездесуде өткізді. Астанада Ирландия құрамасымен өткен матч оныңұлттық құрамадағы бірінші ресми ойыны болды. Ал биыл Түркияда Молдова қақпасына қос доп соқты. Наурызда өткен Қазақстан – Германия кездесуінде біздің құрама сапындағы ең үздік ойыншы атанды.
Жетістіктері:
Қазақстан кубогының жеңімпазы: 2009 жылы
Қазақстан кубогының финалисті: 2011 жылы
Қазақстанның ең үздік жас ойыншысы: 2012 жылы
«Тобыл» командасының сұрмергені: 2012 жылы (8 доп).
Бек Төлеуов «Sport»