Жаңалықтар

Фархадбек Ырысметов

«Ертіс» пен «Тобыл» командалары арқылы көпшілікке танымал болған сол қапталдағы талантты қорғаушылардыңбірі – Фархадбек Ырысметов.
18.02.2014 10:48 3414

«Ертіс» пен «Тобыл» командалары арқылы көпшілікке танымал болған сол қапталдағы талантты қорғаушылардыңбірі – Фархадбек Ырысметов.

Фархадбек Ырысметов 1981 жылы 10 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Қаладағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен тәлім алған. Бұл мектептен кезінде Фанас Салимов, Қайрат Айманов, Олег Воскобойников, Ұлықбек Асанбаев бастаған талантты футболшылар шыққан.  Фархадбектің футболдағы жолы бұдан әрі көрші Ресейде жалғасты. Ол бірден танымал «Торпедо» командасының қосалқықұрамында қабылданды. Дәл осы клубта сол жылдары ұлттық құрамадаөнер көрсеткен Александр Фамильцев те ойнады. Екі жыл Ресейде шеберлігін жетілдірген жас футболшыны 2001 жылы Ақтаудың«Маңғыстау» клубы өз қатарларына шақырады. Бірақ, мұнайлы өлкеде Фара көп тұрақтаған жоқ. Келесі жылы Дмитрий Огай 21 жастағықорғаушыны «Ертіс» сапынан көргісі келді. Сол қапталдағы қорғаушы бас бапкердің өзіне артқан сенімін толығымен ақтады. Павлодарға келген жылы-ақ 29 ойында 5 гол соғып үлгереді. Қорғаушы үшін бұл жаман көрсеткіш емес. Жаңадан келген бапкер аз уақыттың ішінде жасақтап шығарған командасын чемпиондыққа жетелей білді. Фархадбек сол жылы Ертіс жағасында ел біріншілігіндегі алғашқы алтынына қол жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстан кубогының финалына дейін жеткен болатын.Өкінішке қарай, кереку клубы ақтық сында қарсыласына есе жіберді.Келесі жылы ол үшін тағы сәтті өтті. «Ертіс» қатарынан екінші рет, ал жалпы тарихында бесінші рет ел чемпионы болды. Қос чемпиондықтан кейін келісімшартты ұзартып, тағы бір жыл қалуға бел буады. Огайдыңкомандасы үшінші мәрте чемпион атанбаса да жүлдеден сырт қалған жоқ. Екі жыл бойы әбден бір-бірлеріне үйренісіп қалған футболшылар күміс жүлдені қанағат тұтты. 

Сол жылы павлодарлық команда чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынаған болатын. Қос ойын қорытындысы бойынша кипрлік «Омония» келесі кезеңге өтті. Осыдан соң, Дмиртий Огай қызметінен кетті. Бас бапкер ауысқан соң Фархадбек те су жаңа ел чемпионы атанған «Қайраттың» ұсынысын қабылдайды. Алматы клубы сапында Самат Сымақов, Андрей Карпович, Арсен Тлехугов, Әлібек Бөлешов, Әли Әлиев бастаған футболшылар жанкүйерлердің махаббатына ие болып жүрген кез. Осылардың қатарына Ырысметов те қосылды.

«Қайратқа» келген жылы өз карьерасында екінші рет  Чемпиондар лигасына қатысты. Еуропаның маңдайалды бәсекесінде Вайсс жаттықтыратын (қазіргі «Қайраттың» бас бапкері) словакиялық«Артимедиамен» кездесті. Алматыда ұтқанымызбен, қарымта ойында сол баяғы «соңғы минуттар синдромы» орын алды. Осылайша, алматылықтар келесі кезеңге шыға алмады. Ел біріншілігінде «Қайрат» бұл жылы қола алса, кубок жолындағы бәсекеде екінші жыл қатарынан финалда сүрінді. Осы қола жүлдесінің арқасында келесі жылы УЕФА кубогына қатысуға мүмкіндік алды. Алғашқы іріктеу кезеңінде Венгрияның «Фехервар» командасымен кездесіп, қос ойын қорытындысы бойынша мажарлардыңжолы болды (Алматыда 2:1, Венгрияда 0:1).  2006 жылғы біріншілік аяқталған соң «Қайраттың» көптеген футболшылары командадан кете бастады. Фархадбекті Дмитрий Огай «Тобылға» шақырды. Өзіне жақсы таныс бапкер сүйікті футболшысына негізгі құрамнан ойып тұрып орын берді. Ол ойнаған командалар үнемі тұрақты түрде еурододаларғақатысатын ұжымдар болып шыға келді. Ырысметов Қостанайға ауысқан жылы «Интертото» кубогында бақ сынады. «Интертото» кубогында Дмитрий Огайдың шәкірттері алысқа шапты. Жолына кездескенқарсыластың бірнешеуін жолынан ығыстырды. «Зестафони», «Слован» (Ливерец), «ОФИ Крит» командалары жерлестеріміздің мықтылығын мойындады.

Сол жылы Қазақстан біріншілігінде «Ақтөбеден» кейінгі екінші орынға ие болды. Есесіне, тұңғыш рет Қазақстан кубогы Қостанай футболшыларына бұйырды. Финалда «Тобыл» Шыменкенттің «Ордабасы» командасын  3:0 есебімен ұтты.

Ол Қостанайда төрт маусым тер төкті. Тобыл» жанкүйерлері де, футболшылары да көптен күткен бас жүлделеріне 2010 жылы қол жеткізді. Дмитрий Огайдың тұсында бұйырмаған «алтынды» ресейлік Равиль Сабитов әперді.

Равиль Сабитов командамен келісімшартқа отырғаннан кейін оқу-жаттығу жиындарын Түркия және Италия жерінде өткізді. Сондай-ақ, ел біріншілігі жаңа жүйеге көшті. Жаңа жүйе командаға құт әкелді. Клуб президенті Халимжан Ержанов бастаған басшылар футболшыларғақажетті жағдайды жасап, чемпион болу үшін қолдан келгенді аямады. Төккен тер текке кеткен жоқ. Сарыла күткен сары алтын Қостанай жұртымен де қауышты. Маусым аяқталған соң команданың біраз футболшылары Қостанайдан кетті. «Тобылдың» аңыз футболшысы Нұрбол Жұмасқалиев елордаға кеткенде Азат Нұрғалиев пен Фархадбек Ырысметов өз туған жерлеріне оралды.

Шымкентке келген соң «Ордабасымен» екінші рет Қазақстан кубогында жеңіске жетті. Бір қызығы, финалда олар қостанайлық«Тобылды» тізерлетті. 2007 жылы «Тобылмен» жеңіске жеткенде, финалда «Ордабасыны» ұтқан еді. Сондай-ақ, 2012 жылы Қазақстан суперкубогы да бұйырды. Ал былтыр Азат Нұрғалиев екеуі «Сұңқарда» ойнайды. Дегенмен, соңғы маусымда екі футболшы да Шымкентке қайта оралды. Қазіргі кезде аталған ұжымда өнер көрсетіп жүр.


 

Ұлттық құрамада

Ұлттық құрамаға ресейлік Леонид Пахомов бас бапкер болып тұрған жылдары шақырту алған. Пахомов бапкер «Ертісте» өнер көрсетіп жүрген қорғаушыны Әзірбайжанмен өткен жолдастық кездесуде алаңға шығарады.  Одан кейін Сергей Тимофеев, Арно Пайперс секілді бапкерлер де ұлттық құрама жиынына тұрақты түрде қатыстырып тұрды. Бас команда сапында жалпы 35 ойын өткізген.

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2002, 2003, 2010 жылдары

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004, 2007, 2008 жылдары

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2005 жылы

Қазақстан кубогының иегері: 2007, 2011 жылдары

Қазақстан суперкубогының иегері: 2012 жылы

Интертото кубогының иегері: 2007 жылы

Бек Төлеуов, «Sport».

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға