Жаңалықтар

Қазақтардың құқықтары немесе отарлаудың басты құжаты - 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы жарғ

ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарына қарай патша үкіметі қазақ даласындағы хан билігін түбегейлі жоюға әрекеттер жасады. Осындай әрекеттерін толығымен жүзеге асыру үшін отаршылдардың көзіне анық көрінген алғышарттар бар еді. Атап айтсақ, қазақ хандарынынң билігі әлсіреді, халық ханнан гөрі орыстың басқарушыларын таныды, хандар да өз ісімен орыстың шенеунігі тұрғысынан ғана өздерін көрсете алды және қазақ жерінде бас-басына хандар тағайындап, ыдырату саясатын бекем ұстады. 1812 жылы Бөкейді хан сайлап, 1815 жылы Уәлиді хан етіп екіжақтылыққа әкеп соқтырды. Сонымен қатар, отаршыл империя 1820 жылдары орта жүз бен кіші жүз жерлерін өздерінің әкімшілік басқаруына ыңғайлы етіп бөліп тастаған еді. Ол кезде француздармен соғысты аяқтап болған Ресей өзін мықты әскери держава ретінде көрсетіп, ендігі босаған әскери күшін отарлау саясатына пайдалануға әбден болатынын білді. Міне, осы себептердің барлығы Ресей үшін қазақ жерін кеңінен отарлауға жол ашты. Қағаз бетіне түсіріп, іс жүзінде жүзеге асырған 1822 жылғы «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» атты Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М Сперанскийдің Жарғысы көшпелі қазақты шынымен орысқа толығымен тәуелді етті. Осы жарғы бойынша басқару ісінде көптеген өзгерістер орын алды. Оның мақсаты қазақтарды отарлай түсу болатын. Ол туралы да қазақ тарихшылары өз кезегінде аз жазып жүрген жоқ. Біз бүгін Астана қаласының мұрағатында сақталған біраз құжаттарға үңіліп, отарлау саясатының дәлелі болатын біраз құжаттарды көтердік. Құжаттардың ішіндегі ең құндыларының бірі – «Қырғыздар (қырғыздар) құқығы туралы» деп аталатын 1822 жылғы құжат. Бұл құжат жоғарыда айтып өткен генерал-губернатор М.М Сперанскийдің Жарғысынан үзінді. Жарғының V-ші бөлімі қырғыздардың (алда қазақтар авт.Р.С) құқығына арналыпты. Сарғайған парақтарды қарап отырып, жасаған аудармамызды оқырман назарына өткен тарихын зерделесін, біле түссін деген мақсатпен жасадық. Жарғының 232-255 баптарының аралығы түгелдей қазақтардың ісіне қатысты: 232.Қырғыздар өздеріне берілген жайылымдық жалпы құқықтарды қолданады. Құқықтары мен артықшылықтары Ресей Империясының және қырғыздардың жалпы заңдары шеңберінде қолданылады.      Бұл жерде өздеріне берілген жайылымдық құқық деп отырғаны алақандай ғана жайылымдық жер туралы болып отыр. Барлық жайылымдық жерді тартып алған отаршыл үкімет қандай жайылымдық жер туралы айтып отырғаны түсінікті. Тар жерге таластырып, қай жеңгенін менікі деген отаршылдар алауыздық туғызу үшін бұл бапты кеңінен пайдаланды. Оған қазақтардың жерге таласып, губернаторларға шағымданғаны дәлел. Есіл, Шу, Ертіс бойын жайлаған қазақтар өзен бойына таласып, губернаторларға көп шағым айтқан. 233. Қырғыздардың Ішкі тұрмыстық істері өздерінің халықтық дәстүрі шеңберінде болады. Шынымен де қазақтардың ішкі тұрмыстық істері отаршылдарды қызықтырмайтын. Қазақтардың дүниетанымдарынан бейхабар келімсектер оларға жабайы, азиат деген көзқараспен қарады. 234. Қырғыздар әскерден босатылады. Отаршылдардың  «жабайыларды» әскерге тарту мүмкін емес, олар тәртіпке бағынбайды деген ұғымы болды. «Жабайылардың» әскері 6 ай бойы Отырарда берілмегенін, Бұланты, Аңырақай жерінде жоңғарды ойсырата жеңгенінен мүлде бейхабар еді.  235. Қалалық және селолық басшыларға бағынатын қырғыздар 5 жылға дейін алымдардан және әскерден босатылады. Бұл қазақтардың көшпелі өмірін сыпайы түрде тоқтатып, бір орталықтан басқаруға жасалған нағыз айла болатын. 5 жылға дейін салықтан босатып, одан кейін ғұмыр бойы бодандыққа ұстау Ресей үшін табылған ақыл болды. 236. Христиан дініне өткен қырғыздарға өз ауылдарында қалуға немесе орыс ауылдарына көшуге рұқсат беріледі, олардың да қырғыздарға берілген құқықтары сақталады. Христиан дініндегі қазақ пен мұсылман қазақты араластырып жіберіп, орысқа оңай қосамыз деген отаршыл айла өз жемісін бермеді. Себебі дінге берік қазақтардың арасында бірлі жарымы болмаса христианға толығымен өткен қазақтар қауымы болмады. 237. Христиан дінін қабылдаған қырғыздар қалалық немесе селолық басшылыққа қосылып, осы ереже бойынша артықшылықтарды қолдана алады. Бұл бапта өз жемісін бермеген болатын. Қазақтарды қандай жағдайда болса да діннен бетін бұру мүмкін емес екеніне көзі жеткен Ресей басқа айла-шарғыларын қолданды. 238. Қалалық немесе селолық бағыныштылыққа өткен қырғыздар өздерінің бұрынғы күйіне орала алмайды. Көшпелі өмірден қалалық өмірге өткен қазақтарды қайтадан көшпелі тұрмысқа жібере салу орыс үшін қауіпті болды. Қаладағы қазақ отаршылдардың көз алдында жүріп, қимылына ерік берілмейтін. 239. Қырғыздар гербалық алымдардан босатылады. Жалпы ережелер бойынша алымдар төлейді. Қазақтардың гербалық алымдардан босатылуы қандай жағдай да болмасын заңды болатын. Себебі қазақтар ешқашан Ресей заңдарынан рақымшылықтар ала алмады. Гербалық құжаттарды пайдалана алмады. 240. Бекітілген Ереже бойынша жергілікті немесе уездік басқармаларда қызмет ететін қырғыздар Құрмет грамоталарымен, ордендермен, медальдармен, құрметті киімдермен, сыйлықтармен және ақшалай марапатталады.    Жоғарыдағы 237 бап нәтиже бермеген жағдайда осы бап жиі қолданылды. Дін арқылы қазақ даласына әсер ете алмаған отаршылдар енді қазақтардың арасына іріткі салып, жеңгенін марапаттап, шен-шекпен беруді әдетке айналдырды.    Ал, осы Жарғының VІ-шы бөлімі  қазақтардың рухани ісін басқаруға арналыпты. Бөлімдегі баптардың негізгі мазмұнында қазақтардың рухани істері Ішкі істер министрлігіне бағынышты азаматтық басқармалардың молдалары арқылы бағынышты болады деп жаза отырып, ресми түрде Орынбордағы мұсылмандардың жиналысына қоспаған. Оның себебі Орынборда жиналатын татар-башқұрт, ноғай секілді түркі халықтармен қазақтардың жақындасып, рухани бірігуіне жол бермеу болатын. Жарғы бойынша әрбір болысқа бір молдадан рұқсат етіледі.Молда, сотқа тартылмаған, жауапқа алынбаған орысқа берілген болса да қазақтардың өз ішінен сайланады деген талап қойылды. Молдалар - уезд бастығының ұсынуы бойынша болыстар сайлауында сайланып, әскери губернатормен бекітілді. Молдалар өзге қазақтар секілді салық төледі, бірақ ауыл-аймақ оны салықтан босатып, қоғам болып төлеген кездері көп болды.Мешіт салу тек генерал губернатордың рұқсатымен жүзеге асты. Бәрінен де қиыны мешіт, медресе салу үшін молдалар әуелі уезд бастықтарынан рұқсат алу керектігінде болатын.   Жарғының VІІ-ші бөлімінің 250-254 баптары түгелдей дерлік медициналық жағдайға арналыпты. Бір қуанарлығы,  уездік дәрігерлердің  қазақтар арасында асқынған аурулар таралғанда шаралар қабылдауға рұқсат етіледі делінгені. Бұл жағдайда болыстар  болыстың көлеміне қарай дәрігерге бір немесе екі көмекшіден тағайындап беру міндеттелді. Уездік дәрігер өзіне ауырып келген қазақтарды жедел қарап, оны дәрімен тегін қамтамасыз етуі тиіс болды. Ол үшін оған штаттан қаржы қаралды. Уезд дәрігерлеріне ауылдағы қырғыздарды да жиі қарап отыру  да жүктелді. Қазақтарға әскери немесе азаматтық ауруханаларда қаралуға рұқсат етілді. Айта кетерлігі, медициналық көмек жөнінде қағаз жүзінде жазылған осы заңды кейіннен қазақтардың орысша оқыған, сауатты жандарының өздері ғана жүзеге асырды. Алыстан орыс келіп, қазақты емдемесі анық еді.     Қазақтардың мұсылманша білім алуына бас қатырғысы келмеген патша үкіметі VІІІ-ші бөлімді дала мектептері туралы деп атап, оны бір ғана баппен тәмамдапты. Сондағы айтқаны дала мектептері туралы мәселелер олардың ішкі заңдарымен шешіледі деп қысқа қайырған. Әлі де болса Ислам дүниесі мен көшпенді халықтың дүниетанымынан бейхабар отаршыл үкімет дала мектебін шынымен де «керегі жоқ» мектептердің қатарына жатқызған болатын.     Қазақ жерін ХІХ ғасырдағы асықпай отарлауға арналған «Сібір қазақтары туралы жарғысы» халқымыздың рухани істерін ғана басқару емес, ішкі саяси мәселелеріне де араласып, бір-біріне айдап салудың сойқан саясатын қолданған патша үкіметі халқымыздың саяси тұрғыда бірігу факторын да тежеді. Жерімізді губернияға, уезге, болысқа бөліп, іштен шыққан шолақ белсенділерді де өз мүдделеріне жақсы пайдаланды. Бірақ Ресейдің бұл мүддесін қазақ даласындағы 1837-1847 жылдары орын алған Кенесары, 1836-1837 жылдардағы Исатай мен Махамбет бастаған азаттыққа ұмтылған көтерілістер бұл жарғының түбегейлі жүзеге асуын кешеуілдетті. Материал Астана қаласының мемлекеттік мұрағатының 430 қорының 2 тізімдемесіндегі «О правах киргизов», 1822 год» атты құжатының негізінде жазылды.   Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС  
06.12.2013 04:14 6492

ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарына қарай патша үкіметі қазақ даласындағы хан билігін түбегейлі жоюға әрекеттер жасады. Осындай әрекеттерін толығымен жүзеге асыру үшін отаршылдардың көзіне анық көрінген алғышарттар бар еді. Атап айтсақ, қазақ хандарынынң билігі әлсіреді, халық ханнан гөрі орыстың басқарушыларын таныды, хандар да өз ісімен орыстың шенеунігі тұрғысынан ғана өздерін көрсете алды және қазақ жерінде бас-басына хандар тағайындап, ыдырату саясатын бекем ұстады. 1812 жылы Бөкейді хан сайлап, 1815 жылы Уәлиді хан етіп екіжақтылыққа әкеп соқтырды. Сонымен қатар, отаршыл империя 1820 жылдары орта жүз бен кіші жүз жерлерін өздерінің әкімшілік басқаруына ыңғайлы етіп бөліп тастаған еді. Ол кезде француздармен соғысты аяқтап болған Ресей өзін мықты әскери держава ретінде көрсетіп, ендігі босаған әскери күшін отарлау саясатына пайдалануға әбден болатынын білді. Міне, осы себептердің барлығы Ресей үшін қазақ жерін кеңінен отарлауға жол ашты. Қағаз бетіне түсіріп, іс жүзінде жүзеге асырған 1822 жылғы «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» атты Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М Сперанскийдің Жарғысы көшпелі қазақты шынымен орысқа толығымен тәуелді етті. Осы жарғы бойынша басқару ісінде көптеген өзгерістер орын алды. Оның мақсаты қазақтарды отарлай түсу болатын. Ол туралы да қазақ тарихшылары өз кезегінде аз жазып жүрген жоқ. Біз бүгін Астана қаласының мұрағатында сақталған біраз құжаттарға үңіліп, отарлау саясатының дәлелі болатын біраз құжаттарды көтердік. Құжаттардың ішіндегі ең құндыларының бірі – «Қырғыздар (қырғыздар) құқығы туралы» деп аталатын 1822 жылғы құжат. Бұл құжат жоғарыда айтып өткен генерал-губернатор М.М Сперанскийдің Жарғысынан үзінді. Жарғының V-ші бөлімі қырғыздардың (алда қазақтар авт.Р.С) құқығына арналыпты. Сарғайған парақтарды қарап отырып, жасаған аудармамызды оқырман назарына өткен тарихын зерделесін, біле түссін деген мақсатпен жасадық. Жарғының 232-255 баптарының аралығы түгелдей қазақтардың ісіне қатысты:

232.Қырғыздар өздеріне берілген жайылымдық жалпы құқықтарды қолданады. Құқықтары мен артықшылықтары Ресей Империясының және қырғыздардың жалпы заңдары шеңберінде қолданылады.  

   Бұл жерде өздеріне берілген жайылымдық құқық деп отырғаны алақандай ғана жайылымдық жер туралы болып отыр. Барлық жайылымдық жерді тартып алған отаршыл үкімет қандай жайылымдық жер туралы айтып отырғаны түсінікті. Тар жерге таластырып, қай жеңгенін менікі деген отаршылдар алауыздық туғызу үшін бұл бапты кеңінен пайдаланды. Оған қазақтардың жерге таласып, губернаторларға шағымданғаны дәлел. Есіл, Шу, Ертіс бойын жайлаған қазақтар өзен бойына таласып, губернаторларға көп шағым айтқан.

233. Қырғыздардың Ішкі тұрмыстық істері өздерінің халықтық дәстүрі шеңберінде болады.

Шынымен де қазақтардың ішкі тұрмыстық істері отаршылдарды қызықтырмайтын. Қазақтардың дүниетанымдарынан бейхабар келімсектер оларға жабайы, азиат деген көзқараспен қарады.

234. Қырғыздар әскерден босатылады.

Отаршылдардың  «жабайыларды» әскерге тарту мүмкін емес, олар тәртіпке бағынбайды деген ұғымы болды. «Жабайылардың» әскері 6 ай бойы Отырарда берілмегенін, Бұланты, Аңырақай жерінде жоңғарды ойсырата жеңгенінен мүлде бейхабар еді. 

235. Қалалық және селолық басшыларға бағынатын қырғыздар 5 жылға дейін алымдардан және әскерден босатылады.

Бұл қазақтардың көшпелі өмірін сыпайы түрде тоқтатып, бір орталықтан басқаруға жасалған нағыз айла болатын. 5 жылға дейін салықтан босатып, одан кейін ғұмыр бойы бодандыққа ұстау Ресей үшін табылған ақыл болды.

236. Христиан дініне өткен қырғыздарға өз ауылдарында қалуға немесе орыс ауылдарына көшуге рұқсат беріледі, олардың да қырғыздарға берілген құқықтары сақталады.

Христиан дініндегі қазақ пен мұсылман қазақты араластырып жіберіп, орысқа оңай қосамыз деген отаршыл айла өз жемісін бермеді. Себебі дінге берік қазақтардың арасында бірлі жарымы болмаса христианға толығымен өткен қазақтар қауымы болмады.

237. Христиан дінін қабылдаған қырғыздар қалалық немесе селолық басшылыққа қосылып, осы ереже бойынша артықшылықтарды қолдана алады.

Бұл бапта өз жемісін бермеген болатын. Қазақтарды қандай жағдайда болса да діннен бетін бұру мүмкін емес екеніне көзі жеткен Ресей басқа айла-шарғыларын қолданды.

238. Қалалық немесе селолық бағыныштылыққа өткен қырғыздар өздерінің бұрынғы күйіне орала алмайды.

Көшпелі өмірден қалалық өмірге өткен қазақтарды қайтадан көшпелі тұрмысқа жібере салу орыс үшін қауіпті болды. Қаладағы қазақ отаршылдардың көз алдында жүріп, қимылына ерік берілмейтін.

239. Қырғыздар гербалық алымдардан босатылады. Жалпы ережелер бойынша алымдар төлейді.

Қазақтардың гербалық алымдардан босатылуы қандай жағдай да болмасын заңды болатын. Себебі қазақтар ешқашан Ресей заңдарынан рақымшылықтар ала алмады. Гербалық құжаттарды пайдалана алмады.

240. Бекітілген Ереже бойынша жергілікті немесе уездік басқармаларда қызмет ететін қырғыздар Құрмет грамоталарымен, ордендермен, медальдармен, құрметті киімдермен, сыйлықтармен және ақшалай марапатталады.

   Жоғарыдағы 237 бап нәтиже бермеген жағдайда осы бап жиі қолданылды. Дін арқылы қазақ даласына әсер ете алмаған отаршылдар енді қазақтардың арасына іріткі салып, жеңгенін марапаттап, шен-шекпен беруді әдетке айналдырды.

   Ал, осы Жарғының VІ-шы бөлімі  қазақтардың рухани ісін басқаруға арналыпты. Бөлімдегі баптардың негізгі мазмұнында қазақтардың рухани істері Ішкі істер министрлігіне бағынышты азаматтық басқармалардың молдалары арқылы бағынышты болады деп жаза отырып, ресми түрде Орынбордағы мұсылмандардың жиналысына қоспаған. Оның себебі Орынборда жиналатын татар-башқұрт, ноғай секілді түркі халықтармен қазақтардың жақындасып, рухани бірігуіне жол бермеу болатын. Жарғы бойынша әрбір болысқа бір молдадан рұқсат етіледі.Молда, сотқа тартылмаған, жауапқа алынбаған орысқа берілген болса да қазақтардың өз ішінен сайланады деген талап қойылды. Молдалар - уезд бастығының ұсынуы бойынша болыстар сайлауында сайланып, әскери губернатормен бекітілді. Молдалар өзге қазақтар секілді салық төледі, бірақ ауыл-аймақ оны салықтан босатып, қоғам болып төлеген кездері көп болды.Мешіт салу тек генерал губернатордың рұқсатымен жүзеге асты. Бәрінен де қиыны мешіт, медресе салу үшін молдалар әуелі уезд бастықтарынан рұқсат алу керектігінде болатын.

  Жарғының VІІ-ші бөлімінің 250-254 баптары түгелдей дерлік медициналық жағдайға арналыпты. Бір қуанарлығы,  уездік дәрігерлердің  қазақтар арасында асқынған аурулар таралғанда шаралар қабылдауға рұқсат етіледі делінгені. Бұл жағдайда болыстар  болыстың көлеміне қарай дәрігерге бір немесе екі көмекшіден тағайындап беру міндеттелді. Уездік дәрігер өзіне ауырып келген қазақтарды жедел қарап, оны дәрімен тегін қамтамасыз етуі тиіс болды. Ол үшін оған штаттан қаржы қаралды. Уезд дәрігерлеріне ауылдағы қырғыздарды да жиі қарап отыру  да жүктелді. Қазақтарға әскери немесе азаматтық ауруханаларда қаралуға рұқсат етілді. Айта кетерлігі, медициналық көмек жөнінде қағаз жүзінде жазылған осы заңды кейіннен қазақтардың орысша оқыған, сауатты жандарының өздері ғана жүзеге асырды. Алыстан орыс келіп, қазақты емдемесі анық еді.

    Қазақтардың мұсылманша білім алуына бас қатырғысы келмеген патша үкіметі VІІІ-ші бөлімді дала мектептері туралы деп атап, оны бір ғана баппен тәмамдапты. Сондағы айтқаны дала мектептері туралы мәселелер олардың ішкі заңдарымен шешіледі деп қысқа қайырған. Әлі де болса Ислам дүниесі мен көшпенді халықтың дүниетанымынан бейхабар отаршыл үкімет дала мектебін шынымен де «керегі жоқ» мектептердің қатарына жатқызған болатын.

    Қазақ жерін ХІХ ғасырдағы асықпай отарлауға арналған «Сібір қазақтары туралы жарғысы» халқымыздың рухани істерін ғана басқару емес, ішкі саяси мәселелеріне де араласып, бір-біріне айдап салудың сойқан саясатын қолданған патша үкіметі халқымыздың саяси тұрғыда бірігу факторын да тежеді. Жерімізді губернияға, уезге, болысқа бөліп, іштен шыққан шолақ белсенділерді де өз мүдделеріне жақсы пайдаланды. Бірақ Ресейдің бұл мүддесін қазақ даласындағы 1837-1847 жылдары орын алған Кенесары, 1836-1837 жылдардағы Исатай мен Махамбет бастаған азаттыққа ұмтылған көтерілістер бұл жарғының түбегейлі жүзеге асуын кешеуілдетті.

Материал Астана қаласының мемлекеттік мұрағатының 430 қорының 2 тізімдемесіндегі «О правах киргизов», 1822 год» атты құжатының негізінде жазылды.

 

Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға