Жаңалықтар

Алғашқы кездесу

Еліміздің Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары болатын. Ұлттың рухын қайта жаңғырту үшін Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біршама істерді қолына алғанын көз көрді. Езгіге түскен халықтың еңсесін көтеру ең басты іс екенін түсінген Елбасымыз елге рух беретін тарихи мекендерде бабалар дәстүрімен қазақтың басын қосқанына куә болдық. Иісі қазақ үшін қастерлі, қасиетті Ордабасы, Түркістан, Ұлытау секілді тарихи орындарда үлкен кездесулер өткізді. Әр кездесулердің өзіндік орны бөлек.  Соның бірі осы Ұлытаудағы кездесу еді.     Әлі есімде, 1993 жылдың 15 қыркүйегі. Кезінде әруақты ата-бабаның әз ұрпағының, бүкіл қазақтың басын қосып, елдігімізді, мемлекеттігімізді сақтауға, халықтығымызды бүгінгі күнге жеткізуге ұйытқы болған, ұлы үрдістің куәсі-бұл өңір, тарихи-мәдени мұраға бай, шежіре-сыры тұнып жатқан киелі де қасиетті жер Ұлытауға  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет ат басын тіреді. Президенттің «Қазақстан» деген жазуы бар арнаулы тікұшағы Жезқазған әуежайынан бірден Жошыхан мазарына бет алды.     Нұрсұлтан Назарбаев және оның зайыбы Сара Алпысқызы, сондай-ақ, Республика Премьер Министрінің орынбасарлары Сыздық Әбішев пен Сергей Кулагин VIII-XIII ғасырлардың тарихи ескерткіші - Жошыхан және Домбауыл мазарларының салыну ерекшеліктерімен, тарихымен, жүргізіліп жатқан қайта өңдеу жұмыстарының барысымен танысты. Жошы мен Домбауыл ескерткіштерінің ел тарихындағы орны туралы Жезқазған облыстық Тіл басқармасының бастығы Қайырбек Сәдуақасов түсінік беріп еріп жүрді.    Одан соң  Президенттің назарын аударған  ескерткіш - Алашахан мазары болды. Ол жерде Сарыкеңгір шаруашылығының директоры - Әбілжан Сүлейменов пен ауылдық Кеңестің  төрайымы Зағира Хамитбекова бір топ ауыл өкілдерімен Мемлекет басшысын салтанатты жағдайда қарсы алды.     Сонан соң Елбасы қазақ елінің тарихында елеулі орны бар Хан Ордасына келді. Едіге, Тоқтамыс, Абылай ту тігіп, хан тағын көтерген осы тарихи орында Аманкелді атындағы кеңшардың өкілдері: Сабыр Қыдырманов, Жақыпбек Дайыров, Қазинаш Тоқпанбетова секілді ауданның озат еңбеккерлері қарсы алды. Егемен елінің басшысын көріп, онымен дидарласып, сұқбат құрғанын ауылдықтар әлі де ерекше күйде еске алады. Жезқазған  облысының әкімінің орынбасары  Әлихан Бәйменов ертіп жүріп, қасиетті Ұлытаудың тарихы жайлы әңгімелеп жүрді. Хан ордасында тігілген хан шатырына кірген Президент Нұрсұлтан Назарбаев  ақ кигіз төселген Хан тағына  отырғызылып, бейнелі жағдайда (символически) хан көтеру рәсімі жасалды. Елбасының үстіне хан шапаны жабылып, қолына хан таяғы ұстатылды. Одан кейін  Ұлытау ауданының  ақсақалы Ахмет Арыстанов Президент Нұрсұлтан Әбішұлына бата берді: Ассалаумағалейкум, аяулы халқым менің! Ассалаумағалейкум асыл туған перзентіміз, Мәртебелі Президентіміз, Нұрсұлтан балам!   Ер көгерер деген бар, Үлкендерден бата алған. Жер көгерер деген бар, Жаңбырменен қашаннан. Алмағайып заманда, Маңдайға біткен бағымыз. Қасиетті ордада, Тілекті қабыл алыңыз. Тасымыз өрге домалап, Тәуелсіз болған шағымыз, Елдіктің туы асқақатап, Тұғырлы болсын тағыңыз! Еліміз сенген биліктің, Тізгінін мықтап алыңыз. Тарихи таңдау тұсында Көш бастап шырақ жағыңыз! Тірліктің жалғыз шарты сол- Бірлікті сақтап бағыңыз, Арман болған ақ жолда Сізбенен бірге жанымыз! Қайда жүрсең есен бол, Мүдірмейтін шешен бол, Қиыннан қисын табатын Заманннан озған көсем бол! Қияға құлаш сермейтін бол, Басқаға тізгін бермейтін бол! Беделмен әлем таныған, Халқыңмен бірге өрлейтін бол!   Қадамың құтты болсын, Тұғырың мықты болсын! Алдағың аянды болсын, Бақытың баянды болсын! Бар жаҺанның иесі, Қарт Ұлытаудың киесі қолдай берсін, әумин!   Нұрсерік ЖОЛБАРЫС
06.12.2013 04:10 4051

Еліміздің Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары болатын. Ұлттың рухын қайта жаңғырту үшін Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біршама істерді қолына алғанын көз көрді. Езгіге түскен халықтың еңсесін көтеру ең басты іс екенін түсінген Елбасымыз елге рух беретін тарихи мекендерде бабалар дәстүрімен қазақтың басын қосқанына куә болдық. Иісі қазақ үшін қастерлі, қасиетті Ордабасы, Түркістан, Ұлытау секілді тарихи орындарда үлкен кездесулер өткізді. Әр кездесулердің өзіндік орны бөлек.  Соның бірі осы Ұлытаудағы кездесу еді.

    Әлі есімде, 1993 жылдың 15 қыркүйегі. Кезінде әруақты ата-бабаның әз ұрпағының, бүкіл қазақтың басын қосып, елдігімізді, мемлекеттігімізді сақтауға, халықтығымызды бүгінгі күнге жеткізуге ұйытқы болған, ұлы үрдістің куәсі-бұл өңір, тарихи-мәдени мұраға бай, шежіре-сыры тұнып жатқан киелі де қасиетті жер Ұлытауға  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет ат басын тіреді. Президенттің «Қазақстан» деген жазуы бар арнаулы тікұшағы Жезқазған әуежайынан бірден Жошыхан мазарына бет алды.

    Нұрсұлтан Назарбаев және оның зайыбы Сара Алпысқызы, сондай-ақ, Республика Премьер Министрінің орынбасарлары Сыздық Әбішев пен Сергей Кулагин VIII-XIII ғасырлардың тарихи ескерткіші - Жошыхан және Домбауыл мазарларының салыну ерекшеліктерімен, тарихымен, жүргізіліп жатқан қайта өңдеу жұмыстарының барысымен танысты. Жошы мен Домбауыл ескерткіштерінің ел тарихындағы орны туралы Жезқазған облыстық Тіл басқармасының бастығы Қайырбек Сәдуақасов түсінік беріп еріп жүрді.

   Одан соң  Президенттің назарын аударған  ескерткіш - Алашахан мазары болды. Ол жерде Сарыкеңгір шаруашылығының директоры - Әбілжан Сүлейменов пен ауылдық Кеңестің  төрайымы Зағира Хамитбекова бір топ ауыл өкілдерімен Мемлекет басшысын салтанатты жағдайда қарсы алды.

    Сонан соң Елбасы қазақ елінің тарихында елеулі орны бар Хан Ордасына келді. Едіге, Тоқтамыс, Абылай ту тігіп, хан тағын көтерген осы тарихи орында Аманкелді атындағы кеңшардың өкілдері: Сабыр Қыдырманов, Жақыпбек Дайыров, Қазинаш Тоқпанбетова секілді ауданның озат еңбеккерлері қарсы алды. Егемен елінің басшысын көріп, онымен дидарласып, сұқбат құрғанын ауылдықтар әлі де ерекше күйде еске алады. Жезқазған  облысының әкімінің орынбасары  Әлихан Бәйменов ертіп жүріп, қасиетті Ұлытаудың тарихы жайлы әңгімелеп жүрді. Хан ордасында тігілген хан шатырына кірген Президент Нұрсұлтан Назарбаев  ақ кигіз төселген Хан тағына  отырғызылып, бейнелі жағдайда (символически) хан көтеру рәсімі жасалды. Елбасының үстіне хан шапаны жабылып, қолына хан таяғы ұстатылды. Одан кейін  Ұлытау ауданының  ақсақалы Ахмет Арыстанов Президент Нұрсұлтан Әбішұлына бата берді:

Ассалаумағалейкум, аяулы халқым менің!

Ассалаумағалейкум асыл туған перзентіміз,

Мәртебелі Президентіміз, Нұрсұлтан балам!

 

Ер көгерер деген бар,

Үлкендерден бата алған.

Жер көгерер деген бар,

Жаңбырменен қашаннан.

Алмағайып заманда,

Маңдайға біткен бағымыз.

Қасиетті ордада,

Тілекті қабыл алыңыз.

Тасымыз өрге домалап,

Тәуелсіз болған шағымыз,

Елдіктің туы асқақатап,

Тұғырлы болсын тағыңыз!

Еліміз сенген биліктің,

Тізгінін мықтап алыңыз.

Тарихи таңдау тұсында

Көш бастап шырақ жағыңыз!

Тірліктің жалғыз шарты сол-

Бірлікті сақтап бағыңыз,

Арман болған ақ жолда

Сізбенен бірге жанымыз!

Қайда жүрсең есен бол,

Мүдірмейтін шешен бол,

Қиыннан қисын табатын

Заманннан озған көсем бол!

Қияға құлаш сермейтін бол,

Басқаға тізгін бермейтін бол!

Беделмен әлем таныған,

Халқыңмен бірге өрлейтін бол!

 

Қадамың құтты болсын, Тұғырың мықты болсын!

Алдағың аянды болсын, Бақытың баянды болсын!

Бар жаҺанның иесі, Қарт Ұлытаудың киесі қолдай берсін, әумин!

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға