Жаңалықтар

ЕСІМІ ҰРПАҚТЫҢ ЖЫР ӘНІ

    Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін— жан біткеннің қамқоршысы, жанашыры. Қасиетті кітап Құран Кәрімде де аяулы да асыл жанның алар орны ерекше. Он сегіз мың ғаламды жаратушы Алла Тағала адамзат баласын аналарды құрметтеуге шақырады. «Жұмақ ана табанының астында» деген бір ауыз сөздің өзінде анаға деген құрмет пен ізет жатыр. Дана қазақ, анаңды қасиетті шаһар Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, оның алдындағы парызыңнан құтылмайсың дейді. Иә, баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлетін абзал жанға қанша жақсылық жасап, қанша құрмет көрсетсек те артық етпейді. «Баланың табанына кірген тікен, ананың маңдайына қадалады» демекші, бауыр еті баласы үшін өмірдің азабы мен қуанышына, жылуы мен суығына қатар шыдайтын ақ жүректі аналарымыз — Жаратушы Иемізден кейінгі қамқоршымыз.    Біздің қамқоршымыз,  өміріміздің шуағы атанған асыл жандар бүгінде біздің ортамыздың мерейін көтеріп, бақытты күндеріміздің кепілі секілді болып жүр.  «Ана бейнесі менің жүрегімде» деп аталатын жобамыздың  кейіпкері,  асыл ана – Мырзабекова Қантай Зүбайрақызының тәлім мол, тәрбиесі берік, ұлағатты өмірі біздің тақырыбымыздың арқауы. Қантай апай 1937 жылдың 10 наурызында Сарыарқаның сары белі – Борсеңгір жерінде дүниеге келді. Анасы Күлзейнеп пен әкесі Зүбайра өз заманының көзі ашық. Сауаты бар, ел ісіне араласқан жандар болатын. Өнегелі ана мен әкенің тәрбиесін бойына ерте бастан-ақ сіңіріп өскен Қантай апа бала күнінен еңбекке де ерте араласты. Колхоздың бұзау бағу, сауыншыға көмек беру, егін жинау секілді жұмыстарының ортасында белсеніп жүретін. Ауылдағы  жеті жылдық мектепті аяқтап, еңбек жолын бастап та кетті. Колхоздың «Қызыл бұрыш» ұйымының кітапханасына жетекшілік етті. Ауыл тұрғындарын ағарту ісіне өзінің хал қадірінше үлесін қосты.      Еңбегі елдін тарапынан еленген Қантай апай елдің азаматы Базарбай ағаймен 1956 жылы шаңырақ көтерді. Өмірлік жары болып, әйелінің ел алдындағы құрметін бұрынғыдан да жоғарылата білген Базарбай ағай да аудандағы елге елеулі мамандардың бірі болатын. Екеуі дүниеге 11 бала әкеліп, олардың ел қатарына қосылып, азамат болуын тілеген  ана тілегі бүгінде қабыл болды десек те болады: Тұла бойы тұңғышы Мағрипа мен Алтын  әке жолын қуып есепші болды. Қатира, Гүлбағира, Жанат, Динара есімді қыздары нарықтың бәсекесіне түсіп, кәсіпкер атанды. Еркін – архитектор болса, Бақытжан Санкт-Петербургте ағаштан бұйым жасаудың майталманы. Нұрлан мен Нұржігіт өз кәсібін меңгерген ортасына сый қадірі бар жұмысшылар.  Ал, өнер жолын қуып Еуропа төрінен тәлім алған Алтынай бүгінде сан миллиондаған көрерменін табындырған иллюзия өнерінің хас шебері. Оның таланты мен өнеріне бас ұрмаған жан жоқ! Себебі өнердің осы түрімен Қазақстанда тек жалғыз Алтынай ғана айналысады. Міне, ана арманы, әкенің үміті ақталды деген осы. Бүгінде осы 11 баладан 23 немере, 6 шөбере көріп отырған қос қария өмірдің өнегелі желкенін көтеріп келеді.      «Нәзік жанды әйел баласының ізгі қылығына тұлпар құны татымайды» деп айтатын қазақ халқының бұл сөзі біздің кейіпкеріміз Қантай апайға арнап айтылғандай. Үңіліп қарасаңыз терең мағына жатыр. Себебі, Қантай апамыздың — өнегелі ғұмыры ұлтымызға тән ұлылықтың сыр сандығы. Бойында анаға тән мейірім, еліне деген зор махаббат мәңгі қонақтаған Қантай апамызбен сырласқанымызда дүниеге келген Борсенгірі, тал бесігі Теректі, ағайын туыстың амандығы, балаларының жеткен жетістігіне жасаған тәубесі, жарына деген сүйіспеншілігі аузынан түспей өнегесін көрсете білді. Қантай апаның адалдық мен пәктікті бәрінен де биік қойғаны ар-намыстың байрағы іспеттес. Ердің жары, ұлттың анасы атанған Қантай апа тәрізді аналарымыз  сан ғасырдан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың алтын діңгегі. Ата-бабамыздан қалған мол мұраны өскелең ұрпақтың бойына дарыта білген Қантай апа секілді аналарымыз бұдан басқа да көптеген жақсы қасиеттерге ие. Тек оны жырлап айту үшін Қантай апа тәрізді аналардың үлкен жүрегіндей жүрек керек.        Даналарымыз « Әлемдегі ең жақсы ана – идеалдан алшақ емес» деген екен. Шынымен, ер жігіттердің жамандығын жасырып, жақсылығын асырып жүрер нәзік жанды аруларымыздың, ақ жаулықты аналарымыздың амандығына не жетсін. Қантай апамызға бақыттың базарын аралап, немере мен шөбере қызығын көріп, ағамыз Базарбаймен бірге мағыналы ғұмыр кеше беріңіз деген жүрекжарды тілегімізді арнағымыз келеді. Дүниедегі жыр атаулының таңдаулысы, ән атаулының әуездісі Анаға арналады. Ана есімі қашанда биік құрметке лайық. Ана есімі әрқашан ұрпақтардың жыр әніне айналып қала бермек. Қазақы қайсарлық пен қайрат-күштің байрағы болып Ана есіміңіз биікте мәңгі желбірегей! Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС    
06.12.2013 03:49 5070

    Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін— жан біткеннің қамқоршысы, жанашыры. Қасиетті кітап Құран Кәрімде де аяулы да асыл жанның алар орны ерекше. Он сегіз мың ғаламды жаратушы Алла Тағала адамзат баласын аналарды құрметтеуге шақырады. «Жұмақ ана табанының астында» деген бір ауыз сөздің өзінде анаға деген құрмет пен ізет жатыр. Дана қазақ, анаңды қасиетті шаһар Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, оның алдындағы парызыңнан құтылмайсың дейді. Иә, баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлетін абзал жанға қанша жақсылық жасап, қанша құрмет көрсетсек те артық етпейді. «Баланың табанына кірген тікен, ананың маңдайына қадалады» демекші, бауыр еті баласы үшін өмірдің азабы мен қуанышына, жылуы мен суығына қатар шыдайтын ақ жүректі аналарымыз — Жаратушы Иемізден кейінгі қамқоршымыз.

   Біздің қамқоршымыз,  өміріміздің шуағы атанған асыл жандар бүгінде біздің ортамыздың мерейін көтеріп, бақытты күндеріміздің кепілі секілді болып жүр.  «Ана бейнесі менің жүрегімде» деп аталатын жобамыздың  кейіпкері,  асыл ана – Мырзабекова Қантай Зүбайрақызының тәлім мол, тәрбиесі берік, ұлағатты өмірі біздің тақырыбымыздың арқауы. Қантай апай 1937 жылдың 10 наурызында Сарыарқаның сары белі – Борсеңгір жерінде дүниеге келді. Анасы Күлзейнеп пен әкесі Зүбайра өз заманының көзі ашық. Сауаты бар, ел ісіне араласқан жандар болатын. Өнегелі ана мен әкенің тәрбиесін бойына ерте бастан-ақ сіңіріп өскен Қантай апа бала күнінен еңбекке де ерте араласты. Колхоздың бұзау бағу, сауыншыға көмек беру, егін жинау секілді жұмыстарының ортасында белсеніп жүретін. Ауылдағы  жеті жылдық мектепті аяқтап, еңбек жолын бастап та кетті. Колхоздың «Қызыл бұрыш» ұйымының кітапханасына жетекшілік етті. Ауыл тұрғындарын ағарту ісіне өзінің хал қадірінше үлесін қосты.

     Еңбегі елдін тарапынан еленген Қантай апай елдің азаматы Базарбай ағаймен 1956 жылы шаңырақ көтерді. Өмірлік жары болып, әйелінің ел алдындағы құрметін бұрынғыдан да жоғарылата білген Базарбай ағай да аудандағы елге елеулі мамандардың бірі болатын. Екеуі дүниеге 11 бала әкеліп, олардың ел қатарына қосылып, азамат болуын тілеген  ана тілегі бүгінде қабыл болды десек те болады: Тұла бойы тұңғышы Мағрипа мен Алтын  әке жолын қуып есепші болды. Қатира, Гүлбағира, Жанат, Динара есімді қыздары нарықтың бәсекесіне түсіп, кәсіпкер атанды. Еркін – архитектор болса, Бақытжан Санкт-Петербургте ағаштан бұйым жасаудың майталманы. Нұрлан мен Нұржігіт өз кәсібін меңгерген ортасына сый қадірі бар жұмысшылар.  Ал, өнер жолын қуып Еуропа төрінен тәлім алған Алтынай бүгінде сан миллиондаған көрерменін табындырған иллюзия өнерінің хас шебері. Оның таланты мен өнеріне бас ұрмаған жан жоқ! Себебі өнердің осы түрімен Қазақстанда тек жалғыз Алтынай ғана айналысады. Міне, ана арманы, әкенің үміті ақталды деген осы. Бүгінде осы 11 баладан 23 немере, 6 шөбере көріп отырған қос қария өмірдің өнегелі желкенін көтеріп келеді.

     «Нәзік жанды әйел баласының ізгі қылығына тұлпар құны татымайды» деп айтатын қазақ халқының бұл сөзі біздің кейіпкеріміз Қантай апайға арнап айтылғандай. Үңіліп қарасаңыз терең мағына жатыр. Себебі, Қантай апамыздың — өнегелі ғұмыры ұлтымызға тән ұлылықтың сыр сандығы. Бойында анаға тән мейірім, еліне деген зор махаббат мәңгі қонақтаған Қантай апамызбен сырласқанымызда дүниеге келген Борсенгірі, тал бесігі Теректі, ағайын туыстың амандығы, балаларының жеткен жетістігіне жасаған тәубесі, жарына деген сүйіспеншілігі аузынан түспей өнегесін көрсете білді. Қантай апаның адалдық мен пәктікті бәрінен де биік қойғаны ар-намыстың байрағы іспеттес. Ердің жары, ұлттың анасы атанған Қантай апа тәрізді аналарымыз  сан ғасырдан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың алтын діңгегі. Ата-бабамыздан қалған мол мұраны өскелең ұрпақтың бойына дарыта білген Қантай апа секілді аналарымыз бұдан басқа да көптеген жақсы қасиеттерге ие. Тек оны жырлап айту үшін Қантай апа тәрізді аналардың үлкен жүрегіндей жүрек керек. 

      Даналарымыз « Әлемдегі ең жақсы ана – идеалдан алшақ емес» деген екен. Шынымен, ер жігіттердің жамандығын жасырып, жақсылығын асырып жүрер нәзік жанды аруларымыздың, ақ жаулықты аналарымыздың амандығына не жетсін. Қантай апамызға бақыттың базарын аралап, немере мен шөбере қызығын көріп, ағамыз Базарбаймен бірге мағыналы ғұмыр кеше беріңіз деген жүрекжарды тілегімізді арнағымыз келеді. Дүниедегі жыр атаулының таңдаулысы, ән атаулының әуездісі Анаға арналады. Ана есімі қашанда биік құрметке лайық. Ана есімі әрқашан ұрпақтардың жыр әніне айналып қала бермек. Қазақы қайсарлық пен қайрат-күштің байрағы болып Ана есіміңіз биікте мәңгі желбірегей!

Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға