Жаңалықтар

Зинаида Чумакова: «Мақсатымыз ұлт мұрасын ұлықтау»

Жезқазған тарихи- археологиялық мұражайы – мысты шаһар Жезқазған қаласындағы еліміздің өткені мен бүгінгі жайлы мағұлматтар беретін ғылым мен мәдениеттің ордасы болып табылады. Есігін 1978 жылы айқара ашқан мұражайдың бүгінде 35 жылдық тарихы бар. Айтулы тарихи датаны ұжым ерекше табыспен атап өтуге дайындық үстінде. Осыған орай бүгін мен мұражай ұжымының басшысы, 35 жыл мәдениет саласында қызмет атқарған, мәдениет сарайларының директоры және мәдениет бөлімінің бастығы қызметтерін атқарып, мәдениет саласының  барлық баспалдақтарынан өткен, мәдениет қайраткері, танымал  ақын, публицист-жазушы, журналист, 9 кітаптың авторы, Г.Державин, және М.Мамакаев  атындағы ордендердің, К.Симонов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, Қазақстан және Ресей Жазушылар одақтарының мүшесі Чумакова Зинаида Супиянқызымен сұқбаттасудың сәті түскен еді. Зинаида Супьянқызы, Сарыарқа жұртшылығы Сізді біраз жылдар бойы ұжымға басшылық жасап, ұлт мұрасына қамқорлық танытып жүрген жан ретінде біледі. Оқырман қауымға әуелі, өзіңіз басқарып отырған  мұражай жайлы айтып өтсеңіз?   Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы тұңғыш рет 1978 жылы мамыр айында келушілерге есігін айқара ашты. Алғашқыда небәрі шағын ұжым болып құрылып, бүгінде 40 қызметкер еңбек ететін ұжымға айналды. Қызметкерлер қатарында аймаққа, республикаға танымал әріптестерім бар екенін мақтанышпен айта аламын.  Олардың қатарында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Ерғазы Исатаев, этнограф Райхан Матаева, суретші Өтеген Ахмет, бас қор сақтаушы Разия Ибраева, тарихшы Гүлнұр Жолашарова, өлкетанушы Шолпан Төлегеновалар бар. Айта кету керек,  Шолпан Төлегенқызы мұражайдың алғашқы күнінен бастап қызмет етеді. Бір орында тапжылмастан зейнет жасына келгенше еңбек етіп, өлке тарихында өз қолтаңбасын қалдыруда. Жезқазған тарихи-археологиялық мұражай қызметінің басты бағыттары ғылыми және археологиялық зерттеу жұмыстарымен ерекшеленеді. Мұражай осы бағытта көптеген ғылыми экспедицияларға қатысты. Ең алғаш 1979 жылы Тамғалынұра жеріне, 1980 жылы Ұлытау ауданының тарихи ескерткіштерін зерттеу мақсатында  Республикалық мәдени-тарихи ескерткіштерді қорғау қызметкерлерімен ұйымдастырылған экспедицияға,                       1981жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясымен мұражай қызметкерлері алғашқы рет қазба жұмыстарына Жезқазған обылысындағы ежелгі металлургиялық қола дәуірінің қоныс орыны Атасу және андронов ескерткіштері Атасу 1, Мыржық қорымдарына зерттеуге қатысты. Мұражай қызметкерлері Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрамында Талдысай, Айбас-Дарасы, Теректі әулие,  археологиялық қазба жұмыстарын  жалғастыруда. Археологиялық жұмыстардың нәтижесінде мұражай қоры археологиялық жәдігерлермен  және тарихи құнды мәліметтермен толықтырылып отырады. 2007 жылы Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы алғаш рет «Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін археологиялық зерттеу мәселелері» атты семинар-кеңес, Мәдени мұра бағдарламасы аясында «Жезқазған өңірінің палеонтологиясы», «Ғасырлардан жеткен бай мұралар» атты ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді. Мұражай ғылыми қызметкерлері  «Марғұлан оқулары», «Ақынжан оқулары», «С.Бүкіров оқулары» және Қазақстан тарихын зерттеуге байланысты ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға қатысады.              Ал, мұражайдың қызметі жайлы айтар болсақ, екі қабатта орналасқан 13 тақырыптан тұратын экспозициялық көрмеде аймағымыздың тарихынан мол деректер беретін жәдігерлер орналасқан. Атап айтқанда палеонтология бөлімінде осыдан 1 млн жыл бұрынғы акула тістері, мамонт азу тісі, динозавр сүйектері, алып мүйіз тұмсықтар, осыдан 37,5- 25 млн жыл бұрын өмір сүрген парацератерийдің Жәйрем кентінен табылған аяғы, тасқа айналған ағаш секілді баға жетпес жәдігерлер бар. Тарихи хронологияны сақтай отырып орналасқан геология және минералогия бөлімінде марганец, барит, мыс, тау хрусталі, халькопирит, вольфромит, сияқты Жезқазған аймағының табиғи қазбаларының байлығы көрсетілген. Табиғат бөлігінде Ұлытау- Жезқазған аймағынан Қызыл кітапқа енген ақ қоян, елік, құмтышқан, арқар, кекілік, түлкі, күзен, қарсақ, бозторғай, жабайы шошқа секілді жануарлар әлемінің диарамасы орналасқан.  Археологиялық көркемдегі тас дәуіріне арналған еңбек құралдары, палеолит, неолит дәуірі ескерткіштері, қыш ыдыстар, садақ жебелер ежелгі дүние дәуіріндегі аймақ өмірінен мол мағұлмат береді. Мәдени- архитектуралық ескерткіштер Алашахан, Жошыхан, Аяққамыр күмбездерінің макетінің көшірмесі де біздің мұражайда орналасқан. Мұражайдың ерекше қымбат бұл жәдігерін мұражай суретшісі, бөлім меңгерушісі, «Алтын қобыз» сыйлығының иегері Өтеген Ахметұлы жасаған. Этнографиялық көрменің ең құнды заттары ас үй заттары: мес, торсық, дән үккіш, келі-келсап секілді заттар Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, суретші Ерғазы Исатаевтың қолынан қайта өңделіп, келушілер назарына ұсынылып отыр. Мұражай көрмесін тамашалауға келген шетелдік қонақтардың Өтеген Ахметұлы мен Ерғазы Исатаевтың қолынан шыққан еңбектерге таңдай қағуы, суретшілердің дарындылығы мен еңбекқорлығын айғақтай түседі. Ұлытауда орналасқан «Мемлекет тұтастығы мен Қазақстан халықтарының бірлігі» монументінің көшірмесімен аяқталатын мұражайдың бірінші қабаты еліміздің ежелгі дүниеден бастап орта ғасырлардың кейінгі аралығынан мол деректер береді. Қазақстанның жаңа замандағы және қазіргі уақыттағы тарихына байланысты қандай құнды жәдігерлеріңіз бар?     Қазақстан тарихының бұл кезеңдері жайлы мұражайдың екінші залындағы жәдігерлер сыр шертеді. Қазақ хандығының құрылуы, хандар шежіресі, қазақ батырының қылышы мен найзасы, шоқпары мен қалқаны, қанжары, сауыты да мұражайдың алтын қорының жәдігері болып табылады. Ұлттың азаттығы үшын күрескен Кенесары ханға арналған көрме келушілердің ерекше назарын аударады. Тарихи және көркемдік ерекшелігін сақтай отырып жасалған Кенесарының қамалға шабуылы бейнеленген диарама оқиғаны мүмкіндігінше дәл берген. Бұл диараммадағы көріністер көтерілістің бір кезеңдері осы өлкеде өтуімен байланыстырылған. Атбасар мен Ақмоланы бетке алғанда Ұлытау, Қаракеңгір арқылы Кеңгір өзенін жағалай жүргені ақиқат. Диарама осынысымен де құнды. Келесі бөлімде аймағымызға 20-шы ғасырдың бас кезінде келіп орныға бастаған ағылшын капиталистерінің табиғи қазбаларды игеру тарихы туралы көрністерді қамтиды. Қазақтардың жұмысшы тобына енді қосыла бастаған уақыты да дәл осы уақыт. Мұражай қызметкерлері қазақ жұмысшыларының ауыр тұрмысын суреттеп көрсетуге барынша  күш салғанын осы көрмеде анық көруге болады. Шахта астынан кен таситын арбаның доңғалағы, ағылшын капиталисінің «Павел Бурье» атты қабырға сағаты, Қарсақпайда орналасқан кеніш басқармасы үйінің суреті берілген көрме мұражай қонақтарын қызықтыра түсуде. Кеңес үкіметінің орнауымен қатар келген саяси өзгерістерге арналған көрме қазақ халқының бастан кешкен ауыр нәубеті  1932 жылғы ашаршылық, сталиндік репрессия құрбандарына арналған жәдіргерлер көрмесі мұражайдағы кейіннен тың өзгерістермен толыққан көрме болып саналады. И.Пенчуков жасаған Степлаг картасы, фотосуреттер көремінің басты жаңалығы болып табылады.    Жезқазған қаласының  бірер жылда 60 жылдық мерейтойы да жақындап келеді.  Қала тарихына қатысты тың деректер жинастырылған ба?                         Жезқазған                         Жездінің бұл қатпарынан,                          Еліме иен ырыс ақтарылған.                          Осында жүр жастары, қарттары да,                          Қанышынан үйреніп, хат таныған.                          Басына бақ дарыған, бақ дарыған –деп Мұқағали                          Мақатаев ағамыз жырлағандай Жезқазған жері  бақ дарыған өлке. Тек қана табиғи қазба  байлықтарға ғана бай емес халқына қалаулы,                          еліне елеулі ардақты азаматтарымызға да бай. Жезқазған қаласының аяғынан нық тұруына дамуына, қалыптасуына аянбай еңбек еткен қаланың алғашқы құрылысшыларының еңбегі орасан зор. Мұражайдың «Жезқазған қаласының қалыптасуы мен дамуы» атты экспозицияда  қала тарихына қатысты құжаттардың түпнұсқалары, қаланың алғашқы кезеңдегі фотосуреттері бізде толық сақтаулы.  Жезқазған қаласы орналасқан аумақтың 1937 жылы түсірілген фотосы қала тұрғындары мен келушілердің басты назарын аударатын жәдігер болып саналады. Мұражайға келуші қонақтар өздері туған қаланың осыдан 65 жыл бұрынғы өмірін салыстыра, қызықтап қарайды. Жезқазған өңірі тегіне тартып текті туған азаматтармен де әйгілі. «Ұлы дала ұландары» деп аталатын бөлімде Ө.Байқоңыров, Ә.Иманғалиев, М. Әуезов, Ж. Наурызбай сияқты азаматтардың өмірі мен қызметіне арналады. Ал «Жезқазған қаласының Құрметті азаматтары» атты жоба аясында жасалған экспозицияда қаламыздың 196 құрметті азаматтардың суреттері  қойылды. Ғарышкерлер, қаламгерлер, ақындар мен жазушылар, соғыс ардагерлерінен тұратын тізімді қаламыздың ең алғашқы Құрметті азаматы Қ.И Сәтпаев бастап тұрғанын мақтанышпен атап өте аламын.     Бүгінде мұражайдың қоғаммен байланыс қызметі қалай жүруде? Дұрыс айтасыз. Біз тек зерттеу жұмысымен ғана шектелмеуіміз керек. Қос қабатта орналасқан көрмелердің қатарын мұражай қорындағы 36 мыңнан астам жәдігерлерді насихаттап көрсетуді ұйымдастыратын жылжымалы көрмелердің үлесі зор.  Жыл сайын 30-дан астам көрмелер өтіп тұрады. Жылжымалы көрмелер ұйымдастырып, қаладан тыс жатқан ауылдық елді-мекендерге апарып, жәдігерлермен таныстырып қайтамыз. Болашақта шалғайдағы аудандарды да аралап, рухани сусындату жоспарымызда бар. Отыз жыл бойы көрме жасап, көрермендердің көзайымына айналған қызметкеріміз Кәбира Мақышқызы, көрме залы меңгерушісі Наталья Новгородова бұл істі шебер меңгерген қызметкерлеріміз.  Осы көрме залы мен мұражайды Испания, Франция, Ұлыбритания, Австралия, Түркия, Германия секілді мемлекеттерден келген туристер келіп қызықтайды. Туристерді қызықтыратыны біздің мұражай қорындағы жәдігерлердің көптігі әрі олардың тарихи құндылығы. Шетелдіктер үшін  бүгінде барлық жәдігерлер атауын ағылшын тіліне де аудару ісі жүргізілді. Алдағы  уақытта үш тілде қызмет көрсету ісі қолға алынуда. Ағылшын тілі сарапшыларының көмегімен аударылған мәтіндер бүгінде Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында сараптаудан өтті. Аудармашылар мен сарапшылардың қарауынан өткен қызмет көрсету мәтіндері қазіргі уақытта қолданысқа ие. Сонымен қатар, телеарналар арқылы бірнеше ақпараттық материалдар ұсындық. Аймақтық баспасөз беттерінде бір жылдың ішінде 50-ден астам мұражай жайлы мақалаларымыз жарық көрді. Радиолар арқылы да ақпараттар таралады. Интернет сайтымыздың қонақтары бүгінде бірнеше мыңдап саналады. Одан қалды, мектептер мен мекемелерге барып дәрістер, көрмелер ұйымдастырамыз.       Өзіңіз басшылық еткен жеті жылда 12 мыңнан астам жәдігерді жинап үлгеріпсіз. Жәдігерлермен толықтыру ісі қалай жүруде?      Қазіргі кезде еңбек ерлерінің құнды құжаттары мен фотолары, еңбек ардагерлернің құжаттары, соғыс ардагерінің құжаттары, үй тұрмысы мүліктері жиналды, жәдігерлер қоры молыға түсті. Мұражай қорын толықтыруға қала тұрғындары да өздерінің зор үлесін қосып келеді. Соңғы кезде мұражай жәдігерлерінің қатарын толықтырған 456- тан астам нумизматикалық коллекцияны қала тұрғыны, зейнеткер М. Тұрлыбеков, 32 жәдігері Сәтпаев қаласының тұрғыны Е. Құтыбаева және 43 жәдігерді Р. Алтыкешова әкеліп өткізді. Жәдігер жанашыларының нумизматикалық коллекциялары бүгінде мұражайдың алтын қоры қатарына алынды. Сонымен қатар, қаламызға белгілі бард Л. Барламова әнші А. Полетаевтың гитарасын, қала тұрғыны Ә. Таңқышев өткізген жазу машинкасы, Корей диаспорасы ұжымы өткізген 1937 жылы жасалған «Рояль» қол сағаты, татар- башқұрт мәдени орталығының жетекшісі Гараева Гульсим-апа өткізген музыкалық аспаптар, қала тұрғыны И. Құсайынов өткізген шебер анасының қолөнер туындысы, қолдан тоқылған кілем мұражайдың жәдігерлерік қорын толықтырып ғана қоймай, тарихымыздан сыр шертетін куәгерлерге айналды. Мұражай қорына жәдігерлерін әкеліп өткізіп, бізбен бірге ел тарихын жасауға қатысқандары үшін бұл азаматтарға алғысымыз шексіз екенін деп айта кеткен жөн. Мұражайдың ішінен кітапхана ашқан екенсіз. Шыны керек, бұл сирек кездесетін жағдай. Мұражай кітапханасы жайлы айтып өтсеңіз?   Құжаттық қор фотосуреттерден, сирек кездесетін құжаттардан, жеке кешендік заттар мен мұрағаттық материалдардан тұратын кітапханамыз ел игілігіне жарап келеді. Кітапханалық қорда ХҮІІІ-ХХ ғғ сирек кездесетін кітаптары, халық ақындарының жеке қолтаңбалары, кітаптары, әлемдік және қазақстандық әдеби кітаптар, ғылыми еңбектер, Жезқазған жайлы кітаптар, мұражайға арналған әдістемелік әдебиеттер, жергілікті авторлардың кітаптары бар. Біз тек жәдігер көрмесі ғана емес, оның маңызы мен тарихын оқытумен айналысу үшін осындай жұмыстарды қолға алдық. Тұрғындар кітапханамыздың тегін қызметін пайдаланып келеді. Жезқазған мұражайының заманауи әдіс-тәсілдерге негізделген жаңалықтары бар ма? Әрине. Тіпті мақтанышпен айта аламын. Еліміздегі бірде-бір мұражай қолға алмаған жобаның түрлері бар. Олардың қатарына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену Бағдарламасына сәйкес «Ілгерілеу. Серпіліс. Жаңару» атты жаңа жобамызды айтуға болады. Жоба аясында аймағымыздың экономикасына қомақты үлес қосып келе жатқан 50 ірі кәсіпорындар мен мекемелердің қызметі, адамдардың еңбегі баяндалады.  «Мұражайдың  шеберлік мектебі» атты жобамызда мәдениет, мәдениеттану саласының қызметкерлері, психологтар, ЖОО ғалымдары келіп, біздің қызметкерлерімізге экскурсия жүргізу шеберлігін үйретіп, дәріс береді. Дәріс тыңдаушылар «Дауыс ырғағы», «Сөйлеу мәнері», «Психологиялық кеңестер» тәрізді сабақтардан тыңдаушылар 2 жыл бойы білімділіктерін арттырады. Нәтижесінде сертификат беріледі. Бұл ешқандай мұражайда жоқ. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттайтын «Алтын арна» атты этнографиялық жобамыз бар. Жоба аясында ұлттық нақыштағы ою-өрнектерді оқып, танып білу үшін ұлттық костюмдердің түрлерінің эскиздері жасайтын, қазақ әндерін таспаға, қағазға түсіру жұмыстары жүргізетін да бізде алғаш қолға алынды. Ал, «Ақ әжелер» деп аталатын этнографиялық ансамбліміз біздің мақтанышымызға айналды. Бұл жобаны да қаржыландырып, қариялар айтқан әндердің шығу тарихын, нотасын қағазға түсіріп алтын қорымызға енгізудеміз. Тағы бір ерекшелігіміз, біз тек ғана жәдігерлер көрсетіп қоймаймыз. Оның маңызын көрсету үшін театрландырылған жобаларды қолға алдық. Жыл бойы бірнеше іс-шараларда С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды – драма театрының әртістерінің қатысуымен театрландырылған көріністер қойылды. Олардың қатарына «Сарыарқа аңыздары» (Кетбұғы жайлы аңыз), «Ана монологы», «Бесік жырлары», «Қалындықты ұзату алдындағы рәсімдер» секілді қойылымдарды жатқызуға болады. Соңғы аталған қойылым биыл облыстық конкурста бас жүлдені иеленді. Мұражайдың тағы да бір ерекше «Мұражайдағы кездесулер» жобасында «Поэзия, меніменен егіз бе едің?» атты ҚР Жазушылар одағының мүшелері, ақын, жазушы Ұлықбек Есдәулет және Ғалым Жайлыбайлармен «И вечен благодатный свет...» атты ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, «Нива» әдеби журналының редакторы В.Гундаревпен және «Поэзияның биік шыңында» атты ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Невада-Семей» қозғалысының жауапты хатшысы, О.Сүлейменовтың кеңесшісі Х.Мәмбетовпен кездесу өткізілді. Еліміздің өнер жұлдыздары Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдинамен бірге өткізілген кездесулер біздің қонақтарымызға ұнады. Жуырда ғана сазгер Ахмедия Есмұхановпен кездесу өткізіп, әнсүйер қауымды да қуанышқа бөледік. Ал «Жаңа экспозициялық кешен» атты жобасында біздің ұжым Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің, С.Қожамқұлов атындағы театрдың, Жезқазған медициналық колледжінің, Бизнес және көлік колледжінің мұражай залдарының безендіру жұмыстарын  жүргізді. «Тарихта өз атыңды қалдыр» атты мұражайдың Медиа жобасы аясында «Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен», «Археология.Этнография. Ескерткіштер» атты мұражай тарихын және өлке тарихын баяндайтын буклет-кітапшалар, «Мейірімділік жолымен» атты Жезқазған медициналық колледжінің 50 жылдығына, «Ауған оты шарпыған» аты танымдық кітаптарды да шығардық. Бейне қорымызды да молайттық. «Жезқазған маршы», «Сүйікті қалам Жезқазған», «Деревенка моя», «Табыс кілті», «Аналар менің жүрегімде», «Жезқазған – Қазақстанның мысты інжу-маржаны», «Ынтымағы ұйыған қала», «Все это малой  родиной зовется» атты мұражай тарихын және өлке тарихын баяндайтын  бейнеклиптер жасалды. Жоғарыда аталған барлық баяндайтын істер өз мамандарымыздың қолынан жасалғанын ерекше мақтанышпен атап өткім келеді.   Осындай тамаша бастамаларды жүзеге асырып, елдің қызығушылығын арттырудағы сырларыңызбен бөліссеңіз? Халыққа қызмет ететін мұражай -әр түрлі қызмет түрлерін атқарады. Мұражай ата-бабамыздан қалған бай мұраларды көздерінің қарашығындай сақтап жеткізумен, дәріптеумен қатар, қазіргі заман талабына сай ақылы қызмет түрлерін де жүргізеді. Біздің басты мақсатымыз- мұражай көрермендерінің қызығушылығын арттыра отырып, ақылы қызмет түрлерін қатар жүргізу және мұражай қорын толықтыру. Мұражай қызметкерлері экскурсияның жаңаша түрлерін енгізді, атап айтсам: интерактивті экскурсия, экскурсия-спектакль, экскурсия-концерт, экскурсия-ойын, диорамаларды сөйлету түрлері.   Тамыз айында мұражай жаңа бастаманы қолға алды. Ол Елбасының Н.Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасына сәйкес облыстар арасындағы байланысты нығайту мақсатында Отырар мемлекеттік қорық музейімен бірлесіп «Көне Отырар жәдігерлері» атты көрмесін ашты. Бұл көрме аз уақыттың ішінде қала жұртшылығының алғысына бөленді. Мұражай ұжымы осындай жұмыстардың түрлерін жүргізуде тынбай еңбек етуде. Ең бастысы олар еңбексүйгіш. Ізденімпаздығы өз нәтижесін беріп жатыр. Тарихқа қызығып, еңбектенемін дейтін қызметкерлеріме қолымнан келгенінше көмек жасаймын. Алдағы жылы тойланатын Абылай ханның 300 жылдығы тойына арнап бір қызметкеріміз Қазақстанның 6 облысының 20 шақты қаласында болып қайтты. Тың мәліметтер әкелді. Фотосуреттері құнды. Келер жылы жинақ болып шығады. Археология саласына қызығып жүрген мамандарымыз үшін жыл сайын экспедицияларға өз қаражатымызбен жібереміз. 1 немесе 2 ай бойы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Тың дерек әкеледі. Оны жариялаймыз. Келушілерге мақтанышпен көрсетеміз. Биылғы жылы 15 қызметкерімізді Астана, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларына іс-сапарға жібердік. Мақсатымыз білмейтіні болса үйренсін, өзінікін салыстырсын, өзіне-өзі баға берсін деген ой болатын. Бұл сапардан да қызметкерлеріміз біраз деректер әкелді. Алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарына іс-сапарға жіберуді қолға аламыз. Ел көріп, жер танып жүрген мамандардан ғана жаңашылдықты күтуге болады. Бір орында отырып елді қызықтыратын тың дүние жасай алмасы анық. Биыл отыз бес жылдық мерейтойларыңызды атап өтпекшісіздер. Оқырман қауымды қандай қызықтар күтеді?   Мерейтой –дегеніміз ол бір күндік тойды тойлау ғана емес, ол – санқырлы ұланғайыр еңбектің, мамандыққа адалдықтың және адамдарға мейірімділік сыйлауға деген ізгі ниеттің мерекесі. Осы 35 жыл ішінде мұражайдың іргетасын қалауға қаншама адамдар қыруар еңбек атқарды. Ол адамдар қазіргі таңда мұражай майталмандары. Енді осы мерейтойды өткізуге келетін болсам дайындық жұмыстары биылғы жылдың маусым айынан басталды. Мұражай қызметкерлері музейдің 35 жылдығы аясында ауқымды істер атқармақшы. Жоспары жасалды, бекітілді. Мұражайға 35 жыл болғандықтан 35- санын алға тартамыз. Үлкен көрме өткізбекшіміз. Көрмеге қойылатын 35 жәдігер анықталып та қойды. Бұрын соңды көрсетілмеген бұл жәдігерлер келушілерді қызықтырары сөзсіз, өйткені «Жаңарған көненің көзі» атты бұл көрмеде мұражай қорындағы көне жәдігерлерді қайта қалпына келтіріп, жаңадан өң беріп халыққа тарту етпекшіміз. Айта кететін тағы да бір ауқымды жұмыс орда бұзар жастан асқан ұжымның тарихына арнап кітап жазылу үстінде.     Біз ең бастысы  Елбасының тапсырмаларын алға тарта отырып, Қазақстанның гүлденуі үшін тарихты, мәдениетті және салт-дәстүрді лайықты жеткізу үшін қызмет етеміз. Тарих куәсі ретінде көне заманнан, қазіргі күнге дейінгі халықтың тарихи құндылықтары мен жәдігерлері арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу ісінде аталмыш ұжым қызметкерлерінің еңбегі ұшан-теңіз. Біздің басты мұратымыз болашақта Қазақстанның мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыратын, алдыңғы қатарлы мұражай санатынан көрінуге, «Тарих» атты асыл қазынаны зерделеп, жинақтап,  ғасырдан-ғасырға аманат ету. Сұхбатыңызға рахмет!                                                                                                              Нұрсерік ЖОЛБАРЫС
06.12.2013 03:45 5215

Жезқазған тарихи- археологиялық мұражайы – мысты шаһар Жезқазған қаласындағы еліміздің өткені мен бүгінгі жайлы мағұлматтар беретін ғылым мен мәдениеттің ордасы болып табылады. Есігін 1978 жылы айқара ашқан мұражайдың бүгінде 35 жылдық тарихы бар. Айтулы тарихи датаны ұжым ерекше табыспен атап өтуге дайындық үстінде. Осыған орай бүгін мен мұражай ұжымының басшысы, 35 жыл мәдениет саласында қызмет атқарған, мәдениет сарайларының директоры және мәдениет бөлімінің бастығы қызметтерін атқарып, мәдениет саласының  барлық баспалдақтарынан өткен, мәдениет қайраткері, танымал  ақын, публицист-жазушы, журналист, 9 кітаптың авторы, Г.Державин, және М.Мамакаев  атындағы ордендердің, К.Симонов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, Қазақстан және Ресей Жазушылар одақтарының мүшесі Чумакова Зинаида Супиянқызымен сұқбаттасудың сәті түскен еді.

Зинаида Супьянқызы, Сарыарқа жұртшылығы Сізді біраз жылдар бойы ұжымға басшылық жасап, ұлт мұрасына қамқорлық танытып жүрген жан ретінде біледі. Оқырман қауымға әуелі, өзіңіз басқарып отырған  мұражай жайлы айтып өтсеңіз?

  Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы тұңғыш рет 1978 жылы мамыр айында келушілерге есігін айқара ашты. Алғашқыда небәрі шағын ұжым болып құрылып, бүгінде 40 қызметкер еңбек ететін ұжымға айналды. Қызметкерлер қатарында аймаққа, республикаға танымал әріптестерім бар екенін мақтанышпен айта аламын.  Олардың қатарында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Ерғазы Исатаев, этнограф Райхан Матаева, суретші Өтеген Ахмет, бас қор сақтаушы Разия Ибраева, тарихшы Гүлнұр Жолашарова, өлкетанушы Шолпан Төлегеновалар бар. Айта кету керек,  Шолпан Төлегенқызы мұражайдың алғашқы күнінен бастап қызмет етеді. Бір орында тапжылмастан зейнет жасына келгенше еңбек етіп, өлке тарихында өз қолтаңбасын қалдыруда.

Жезқазған тарихи-археологиялық мұражай қызметінің басты бағыттары ғылыми және археологиялық зерттеу жұмыстарымен ерекшеленеді. Мұражай осы бағытта көптеген ғылыми экспедицияларға қатысты. Ең алғаш 1979 жылы Тамғалынұра жеріне, 1980 жылы Ұлытау ауданының тарихи ескерткіштерін зерттеу мақсатында  Республикалық мәдени-тарихи ескерткіштерді қорғау қызметкерлерімен ұйымдастырылған экспедицияға,                       1981жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясымен мұражай қызметкерлері алғашқы рет қазба жұмыстарына Жезқазған обылысындағы ежелгі металлургиялық қола дәуірінің қоныс орыны Атасу және андронов ескерткіштері Атасу 1, Мыржық қорымдарына зерттеуге қатысты. Мұражай қызметкерлері Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрамында Талдысай, Айбас-Дарасы, Теректі әулие,  археологиялық қазба жұмыстарын  жалғастыруда. Археологиялық жұмыстардың нәтижесінде мұражай қоры археологиялық жәдігерлермен  және тарихи құнды мәліметтермен толықтырылып отырады. 2007 жылы Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы алғаш рет «Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін археологиялық зерттеу мәселелері» атты семинар-кеңес, Мәдени мұра бағдарламасы аясында «Жезқазған өңірінің палеонтологиясы», «Ғасырлардан жеткен бай мұралар» атты ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді. Мұражай ғылыми қызметкерлері  «Марғұлан оқулары», «Ақынжан оқулары», «С.Бүкіров оқулары» және Қазақстан тарихын зерттеуге байланысты ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға қатысады.

             Ал, мұражайдың қызметі жайлы айтар болсақ, екі қабатта орналасқан 13 тақырыптан тұратын экспозициялық көрмеде аймағымыздың тарихынан мол деректер беретін жәдігерлер орналасқан. Атап айтқанда палеонтология бөлімінде осыдан 1 млн жыл бұрынғы акула тістері, мамонт азу тісі, динозавр сүйектері, алып мүйіз тұмсықтар, осыдан 37,5- 25 млн жыл бұрын өмір сүрген парацератерийдің Жәйрем кентінен табылған аяғы, тасқа айналған ағаш секілді баға жетпес жәдігерлер бар. Тарихи хронологияны сақтай отырып орналасқан геология және минералогия бөлімінде марганец, барит, мыс, тау хрусталі, халькопирит, вольфромит, сияқты Жезқазған аймағының табиғи қазбаларының байлығы көрсетілген. Табиғат бөлігінде Ұлытау- Жезқазған аймағынан Қызыл кітапқа енген ақ қоян, елік, құмтышқан, арқар, кекілік, түлкі, күзен, қарсақ, бозторғай, жабайы шошқа секілді жануарлар әлемінің диарамасы орналасқан.  Археологиялық көркемдегі тас дәуіріне арналған еңбек құралдары, палеолит, неолит дәуірі ескерткіштері, қыш ыдыстар, садақ жебелер ежелгі дүние дәуіріндегі аймақ өмірінен мол мағұлмат береді. Мәдени- архитектуралық ескерткіштер Алашахан, Жошыхан, Аяққамыр күмбездерінің макетінің көшірмесі де біздің мұражайда орналасқан. Мұражайдың ерекше қымбат бұл жәдігерін мұражай суретшісі, бөлім меңгерушісі, «Алтын қобыз» сыйлығының иегері Өтеген Ахметұлы жасаған. Этнографиялық көрменің ең құнды заттары ас үй заттары: мес, торсық, дән үккіш, келі-келсап секілді заттар Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, суретші Ерғазы Исатаевтың қолынан қайта өңделіп, келушілер назарына ұсынылып отыр. Мұражай көрмесін тамашалауға келген шетелдік қонақтардың Өтеген Ахметұлы мен Ерғазы Исатаевтың қолынан шыққан еңбектерге таңдай қағуы, суретшілердің дарындылығы мен еңбекқорлығын айғақтай түседі. Ұлытауда орналасқан «Мемлекет тұтастығы мен Қазақстан халықтарының бірлігі» монументінің көшірмесімен аяқталатын мұражайдың бірінші қабаты еліміздің ежелгі дүниеден бастап орта ғасырлардың кейінгі аралығынан мол деректер береді.

Қазақстанның жаңа замандағы және қазіргі уақыттағы тарихына байланысты қандай құнды жәдігерлеріңіз бар?

    Қазақстан тарихының бұл кезеңдері жайлы мұражайдың екінші залындағы жәдігерлер сыр шертеді. Қазақ хандығының құрылуы, хандар шежіресі, қазақ батырының қылышы мен найзасы, шоқпары мен қалқаны, қанжары, сауыты да мұражайдың алтын қорының жәдігері болып табылады. Ұлттың азаттығы үшын күрескен Кенесары ханға арналған көрме келушілердің ерекше назарын аударады. Тарихи және көркемдік ерекшелігін сақтай отырып жасалған Кенесарының қамалға шабуылы бейнеленген диарама оқиғаны мүмкіндігінше дәл берген. Бұл диараммадағы көріністер көтерілістің бір кезеңдері осы өлкеде өтуімен байланыстырылған. Атбасар мен Ақмоланы бетке алғанда Ұлытау, Қаракеңгір арқылы Кеңгір өзенін жағалай жүргені ақиқат. Диарама осынысымен де құнды. Келесі бөлімде аймағымызға 20-шы ғасырдың бас кезінде келіп орныға бастаған ағылшын капиталистерінің табиғи қазбаларды игеру тарихы туралы көрністерді қамтиды. Қазақтардың жұмысшы тобына енді қосыла бастаған уақыты да дәл осы уақыт. Мұражай қызметкерлері қазақ жұмысшыларының ауыр тұрмысын суреттеп көрсетуге барынша  күш салғанын осы көрмеде анық көруге болады. Шахта астынан кен таситын арбаның доңғалағы, ағылшын капиталисінің «Павел Бурье» атты қабырға сағаты, Қарсақпайда орналасқан кеніш басқармасы үйінің суреті берілген көрме мұражай қонақтарын қызықтыра түсуде. Кеңес үкіметінің орнауымен қатар келген саяси өзгерістерге арналған көрме қазақ халқының бастан кешкен ауыр нәубеті  1932 жылғы ашаршылық, сталиндік репрессия құрбандарына арналған жәдіргерлер көрмесі мұражайдағы кейіннен тың өзгерістермен толыққан көрме болып саналады. И.Пенчуков жасаған Степлаг картасы, фотосуреттер көремінің басты жаңалығы болып табылады.

   Жезқазған қаласының  бірер жылда 60 жылдық мерейтойы да жақындап келеді.  Қала тарихына қатысты тың деректер жинастырылған ба?

                        Жезқазған

                        Жездінің бұл қатпарынан,

                         Еліме иен ырыс ақтарылған.

                         Осында жүр жастары, қарттары да,

                         Қанышынан үйреніп, хат таныған.

                         Басына бақ дарыған, бақ дарыған –деп Мұқағали                          Мақатаев ағамыз жырлағандай Жезқазған жері  бақ дарыған өлке. Тек қана табиғи қазба  байлықтарға ғана бай емес халқына қалаулы,                          еліне елеулі ардақты азаматтарымызға да бай. Жезқазған қаласының аяғынан нық тұруына дамуына, қалыптасуына аянбай еңбек еткен қаланың алғашқы құрылысшыларының еңбегі орасан зор. Мұражайдың «Жезқазған қаласының қалыптасуы мен дамуы» атты экспозицияда  қала тарихына қатысты құжаттардың түпнұсқалары, қаланың алғашқы кезеңдегі фотосуреттері бізде толық сақтаулы.  Жезқазған қаласы орналасқан аумақтың 1937 жылы түсірілген фотосы қала тұрғындары мен келушілердің басты назарын аударатын жәдігер болып саналады. Мұражайға келуші қонақтар өздері туған қаланың осыдан 65 жыл бұрынғы өмірін салыстыра, қызықтап қарайды. Жезқазған өңірі тегіне тартып текті туған азаматтармен де әйгілі. «Ұлы дала ұландары» деп аталатын бөлімде Ө.Байқоңыров, Ә.Иманғалиев, М. Әуезов, Ж. Наурызбай сияқты азаматтардың өмірі мен қызметіне арналады. Ал «Жезқазған қаласының Құрметті азаматтары» атты жоба аясында жасалған экспозицияда қаламыздың 196 құрметті азаматтардың суреттері  қойылды. Ғарышкерлер, қаламгерлер, ақындар мен жазушылар, соғыс ардагерлерінен тұратын тізімді қаламыздың ең алғашқы Құрметті азаматы Қ.И Сәтпаев бастап тұрғанын мақтанышпен атап өте аламын.

    Бүгінде мұражайдың қоғаммен байланыс қызметі қалай жүруде?

Дұрыс айтасыз. Біз тек зерттеу жұмысымен ғана шектелмеуіміз керек. Қос қабатта орналасқан көрмелердің қатарын мұражай қорындағы 36 мыңнан астам жәдігерлерді насихаттап көрсетуді ұйымдастыратын жылжымалы көрмелердің үлесі зор.  Жыл сайын 30-дан астам көрмелер өтіп тұрады. Жылжымалы көрмелер ұйымдастырып, қаладан тыс жатқан ауылдық елді-мекендерге апарып, жәдігерлермен таныстырып қайтамыз. Болашақта шалғайдағы аудандарды да аралап, рухани сусындату жоспарымызда бар. Отыз жыл бойы көрме жасап, көрермендердің көзайымына айналған қызметкеріміз Кәбира Мақышқызы, көрме залы меңгерушісі Наталья Новгородова бұл істі шебер меңгерген қызметкерлеріміз.  Осы көрме залы мен мұражайды Испания, Франция, Ұлыбритания, Австралия, Түркия, Германия секілді мемлекеттерден келген туристер келіп қызықтайды. Туристерді қызықтыратыны біздің мұражай қорындағы жәдігерлердің көптігі әрі олардың тарихи құндылығы. Шетелдіктер үшін  бүгінде барлық жәдігерлер атауын ағылшын тіліне де аудару ісі жүргізілді. Алдағы  уақытта үш тілде қызмет көрсету ісі қолға алынуда. Ағылшын тілі сарапшыларының көмегімен аударылған мәтіндер бүгінде Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында сараптаудан өтті. Аудармашылар мен сарапшылардың қарауынан өткен қызмет көрсету мәтіндері қазіргі уақытта қолданысқа ие. Сонымен қатар, телеарналар арқылы бірнеше ақпараттық материалдар ұсындық. Аймақтық баспасөз беттерінде бір жылдың ішінде 50-ден астам мұражай жайлы мақалаларымыз жарық көрді. Радиолар арқылы да ақпараттар таралады. Интернет сайтымыздың қонақтары бүгінде бірнеше мыңдап саналады. Одан қалды, мектептер мен мекемелерге барып дәрістер, көрмелер ұйымдастырамыз.

      Өзіңіз басшылық еткен жеті жылда 12 мыңнан астам жәдігерді жинап үлгеріпсіз. Жәдігерлермен толықтыру ісі қалай жүруде?

     Қазіргі кезде еңбек ерлерінің құнды құжаттары мен фотолары, еңбек ардагерлернің құжаттары, соғыс ардагерінің құжаттары, үй тұрмысы мүліктері жиналды, жәдігерлер қоры молыға түсті. Мұражай қорын толықтыруға қала тұрғындары да өздерінің зор үлесін қосып келеді. Соңғы кезде мұражай жәдігерлерінің қатарын толықтырған 456- тан астам нумизматикалық коллекцияны қала тұрғыны, зейнеткер М. Тұрлыбеков, 32 жәдігері Сәтпаев қаласының тұрғыны Е. Құтыбаева және 43 жәдігерді Р. Алтыкешова әкеліп өткізді. Жәдігер жанашыларының нумизматикалық коллекциялары бүгінде мұражайдың алтын қоры қатарына алынды. Сонымен қатар, қаламызға белгілі бард Л. Барламова әнші А. Полетаевтың гитарасын, қала тұрғыны Ә. Таңқышев өткізген жазу машинкасы, Корей диаспорасы ұжымы өткізген 1937 жылы жасалған «Рояль» қол сағаты, татар- башқұрт мәдени орталығының жетекшісі Гараева Гульсим-апа өткізген музыкалық аспаптар, қала тұрғыны И. Құсайынов өткізген шебер анасының қолөнер туындысы, қолдан тоқылған кілем мұражайдың жәдігерлерік қорын толықтырып ғана қоймай, тарихымыздан сыр шертетін куәгерлерге айналды. Мұражай қорына жәдігерлерін әкеліп өткізіп, бізбен бірге ел тарихын жасауға қатысқандары үшін бұл азаматтарға алғысымыз шексіз екенін деп айта кеткен жөн.

Мұражайдың ішінен кітапхана ашқан екенсіз. Шыны керек, бұл сирек кездесетін жағдай. Мұражай кітапханасы жайлы айтып өтсеңіз?

  Құжаттық қор фотосуреттерден, сирек кездесетін құжаттардан, жеке кешендік заттар мен мұрағаттық материалдардан тұратын кітапханамыз ел игілігіне жарап келеді. Кітапханалық қорда ХҮІІІ-ХХ ғғ сирек кездесетін кітаптары, халық ақындарының жеке қолтаңбалары, кітаптары, әлемдік және қазақстандық әдеби кітаптар, ғылыми еңбектер, Жезқазған жайлы кітаптар, мұражайға арналған әдістемелік әдебиеттер, жергілікті авторлардың кітаптары бар. Біз тек жәдігер көрмесі ғана емес, оның маңызы мен тарихын оқытумен айналысу үшін осындай жұмыстарды қолға алдық. Тұрғындар кітапханамыздың тегін қызметін пайдаланып келеді.

Жезқазған мұражайының заманауи әдіс-тәсілдерге негізделген жаңалықтары бар ма?

Әрине. Тіпті мақтанышпен айта аламын. Еліміздегі бірде-бір мұражай қолға алмаған жобаның түрлері бар. Олардың қатарына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену Бағдарламасына сәйкес «Ілгерілеу. Серпіліс. Жаңару» атты жаңа жобамызды айтуға болады. Жоба аясында аймағымыздың экономикасына қомақты үлес қосып келе жатқан 50 ірі кәсіпорындар мен мекемелердің қызметі, адамдардың еңбегі баяндалады.  «Мұражайдың  шеберлік мектебі» атты жобамызда мәдениет, мәдениеттану саласының қызметкерлері, психологтар, ЖОО ғалымдары келіп, біздің қызметкерлерімізге экскурсия жүргізу шеберлігін үйретіп, дәріс береді. Дәріс тыңдаушылар «Дауыс ырғағы», «Сөйлеу мәнері», «Психологиялық кеңестер» тәрізді сабақтардан тыңдаушылар 2 жыл бойы білімділіктерін арттырады. Нәтижесінде сертификат беріледі. Бұл ешқандай мұражайда жоқ. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттайтын «Алтын арна» атты этнографиялық жобамыз бар. Жоба аясында ұлттық нақыштағы ою-өрнектерді оқып, танып білу үшін ұлттық костюмдердің түрлерінің эскиздері жасайтын, қазақ әндерін таспаға, қағазға түсіру жұмыстары жүргізетін да бізде алғаш қолға алынды. Ал, «Ақ әжелер» деп аталатын этнографиялық ансамбліміз біздің мақтанышымызға айналды. Бұл жобаны да қаржыландырып, қариялар айтқан әндердің шығу тарихын, нотасын қағазға түсіріп алтын қорымызға енгізудеміз. Тағы бір ерекшелігіміз, біз тек ғана жәдігерлер көрсетіп қоймаймыз. Оның маңызын көрсету үшін театрландырылған жобаларды қолға алдық. Жыл бойы бірнеше іс-шараларда С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды – драма театрының әртістерінің қатысуымен театрландырылған көріністер қойылды. Олардың қатарына «Сарыарқа аңыздары» (Кетбұғы жайлы аңыз), «Ана монологы», «Бесік жырлары», «Қалындықты ұзату алдындағы рәсімдер» секілді қойылымдарды жатқызуға болады. Соңғы аталған қойылым биыл облыстық конкурста бас жүлдені иеленді. Мұражайдың тағы да бір ерекше «Мұражайдағы кездесулер» жобасында «Поэзия, меніменен егіз бе едің?» атты ҚР Жазушылар одағының мүшелері, ақын, жазушы Ұлықбек Есдәулет және Ғалым Жайлыбайлармен «И вечен благодатный свет...» атты ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, «Нива» әдеби журналының редакторы В.Гундаревпен және «Поэзияның биік шыңында» атты ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Невада-Семей» қозғалысының жауапты хатшысы, О.Сүлейменовтың кеңесшісі Х.Мәмбетовпен кездесу өткізілді. Еліміздің өнер жұлдыздары Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдинамен бірге өткізілген кездесулер біздің қонақтарымызға ұнады. Жуырда ғана сазгер Ахмедия Есмұхановпен кездесу өткізіп, әнсүйер қауымды да қуанышқа бөледік. Ал «Жаңа экспозициялық кешен» атты жобасында біздің ұжым Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің, С.Қожамқұлов атындағы театрдың, Жезқазған медициналық колледжінің, Бизнес және көлік колледжінің мұражай залдарының безендіру жұмыстарын  жүргізді. «Тарихта өз атыңды қалдыр» атты мұражайдың Медиа жобасы аясында «Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен», «Археология.Этнография. Ескерткіштер» атты мұражай тарихын және өлке тарихын баяндайтын буклет-кітапшалар, «Мейірімділік жолымен» атты Жезқазған медициналық колледжінің 50 жылдығына, «Ауған оты шарпыған» аты танымдық кітаптарды да шығардық. Бейне қорымызды да молайттық. «Жезқазған маршы», «Сүйікті қалам Жезқазған», «Деревенка моя», «Табыс кілті», «Аналар менің жүрегімде», «Жезқазған – Қазақстанның мысты інжу-маржаны», «Ынтымағы ұйыған қала», «Все это малой  родиной зовется» атты мұражай тарихын және өлке тарихын баяндайтын  бейнеклиптер жасалды. Жоғарыда аталған барлық баяндайтын істер өз мамандарымыздың қолынан жасалғанын ерекше мақтанышпен атап өткім келеді.

  Осындай тамаша бастамаларды жүзеге асырып, елдің қызығушылығын арттырудағы сырларыңызбен бөліссеңіз?

Халыққа қызмет ететін мұражай -әр түрлі қызмет түрлерін атқарады. Мұражай ата-бабамыздан қалған бай мұраларды көздерінің қарашығындай сақтап жеткізумен, дәріптеумен қатар, қазіргі заман талабына сай ақылы қызмет түрлерін де жүргізеді. Біздің басты мақсатымыз- мұражай көрермендерінің қызығушылығын арттыра отырып, ақылы қызмет түрлерін қатар жүргізу және мұражай қорын толықтыру. Мұражай қызметкерлері экскурсияның жаңаша түрлерін енгізді, атап айтсам: интерактивті экскурсия, экскурсия-спектакль, экскурсия-концерт, экскурсия-ойын, диорамаларды сөйлету түрлері.

  Тамыз айында мұражай жаңа бастаманы қолға алды. Ол Елбасының Н.Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасына сәйкес облыстар арасындағы байланысты нығайту мақсатында Отырар мемлекеттік қорық музейімен бірлесіп «Көне Отырар жәдігерлері» атты көрмесін ашты. Бұл көрме аз уақыттың ішінде қала жұртшылығының алғысына бөленді.

Мұражай ұжымы осындай жұмыстардың түрлерін жүргізуде тынбай еңбек етуде. Ең бастысы олар еңбексүйгіш. Ізденімпаздығы өз нәтижесін беріп жатыр. Тарихқа қызығып, еңбектенемін дейтін қызметкерлеріме қолымнан келгенінше көмек жасаймын. Алдағы жылы тойланатын Абылай ханның 300 жылдығы тойына арнап бір қызметкеріміз Қазақстанның 6 облысының 20 шақты қаласында болып қайтты. Тың мәліметтер әкелді. Фотосуреттері құнды. Келер жылы жинақ болып шығады. Археология саласына қызығып жүрген мамандарымыз үшін жыл сайын экспедицияларға өз қаражатымызбен жібереміз. 1 немесе 2 ай бойы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Тың дерек әкеледі. Оны жариялаймыз. Келушілерге мақтанышпен көрсетеміз. Биылғы жылы 15 қызметкерімізді Астана, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларына іс-сапарға жібердік. Мақсатымыз білмейтіні болса үйренсін, өзінікін салыстырсын, өзіне-өзі баға берсін деген ой болатын. Бұл сапардан да қызметкерлеріміз біраз деректер әкелді. Алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарына іс-сапарға жіберуді қолға аламыз. Ел көріп, жер танып жүрген мамандардан ғана жаңашылдықты күтуге болады. Бір орында отырып елді қызықтыратын тың дүние жасай алмасы анық.

Биыл отыз бес жылдық мерейтойларыңызды атап өтпекшісіздер. Оқырман қауымды қандай қызықтар күтеді?

  Мерейтой –дегеніміз ол бір күндік тойды тойлау ғана емес, ол – санқырлы ұланғайыр еңбектің, мамандыққа адалдықтың және адамдарға мейірімділік сыйлауға деген ізгі ниеттің мерекесі. Осы 35 жыл ішінде мұражайдың іргетасын қалауға қаншама адамдар қыруар еңбек атқарды. Ол адамдар қазіргі таңда мұражай майталмандары. Енді осы мерейтойды өткізуге келетін болсам дайындық жұмыстары биылғы жылдың маусым айынан басталды. Мұражай қызметкерлері музейдің 35 жылдығы аясында ауқымды істер атқармақшы. Жоспары жасалды, бекітілді. Мұражайға 35 жыл болғандықтан 35- санын алға тартамыз. Үлкен көрме өткізбекшіміз. Көрмеге қойылатын 35 жәдігер анықталып та қойды. Бұрын соңды көрсетілмеген бұл жәдігерлер келушілерді қызықтырары сөзсіз, өйткені «Жаңарған көненің көзі» атты бұл көрмеде мұражай қорындағы көне жәдігерлерді қайта қалпына келтіріп, жаңадан өң беріп халыққа тарту етпекшіміз. Айта кететін тағы да бір ауқымды жұмыс орда бұзар жастан асқан ұжымның тарихына арнап кітап жазылу үстінде.

    Біз ең бастысы  Елбасының тапсырмаларын алға тарта отырып, Қазақстанның гүлденуі үшін тарихты, мәдениетті және салт-дәстүрді лайықты жеткізу үшін қызмет етеміз. Тарих куәсі ретінде көне заманнан, қазіргі күнге дейінгі халықтың тарихи құндылықтары мен жәдігерлері арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу ісінде аталмыш ұжым қызметкерлерінің еңбегі ұшан-теңіз. Біздің басты мұратымыз болашақта Қазақстанның мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыратын, алдыңғы қатарлы мұражай санатынан көрінуге, «Тарих» атты асыл қазынаны зерделеп, жинақтап,  ғасырдан-ғасырға аманат ету.

Сұхбатыңызға рахмет!                                                                                                             

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға