Жаңалықтар

Шоқанды аға сұлтандықтан ығыстырған Ерден батыр

  Ұлытау өңірін мекен етіп отырған Бағаналы елінде ХІХ ғасырдың ортасында атақты Ерден батыр, би, аға сұлтан өмір сүрген. Ерден-Бағаналының атақты батыры Төлек батырдың Сандыбай деген ұлынан туады. Елді жау шапқанда әкесі Төлекке ырық бермей, жауға қоса аттанған Сандыбай 16 жасында батыр атанған адам. Ерден осы Сандыбайдың төртінші ұлы. Туған жылдарына қатысты әр түрлі деректер бар. Ресейде сақталған, 1842 жылы жазылған құжатта Ерденнің жасын 31-де деп көрсетеді. Егер шынымен солай болса Ерден 1811 жылы дүниеге келген болып шығады. Ал, ресей мұрағаттарында сақталған енді бір құжаттарда Ерденнің туған жылын 1809 жылы етіп жазғанын кездестіруге болады.           Жырық руынан шыққан Сандыбай ерте дүние салған соң, Ерденнің барлық тәрбиесі Бағаналының Шегір биінде болады. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, Ерден маңайындағы елді ығыстырып өз елінің жайылымын кеңейте түсіп, керек десеңіз малдарын да айдап кететіні туралы айтылады. Бағаналының Сарғалдақ руының 400 жылқысын бір өзі айдап әкеткенін ел аңыз етеді. Ерденнің мұндай жағымсыз кейіпкер ретінде көрінуі рулар арасындағы өзара бақталастықтан туындаған болуы да мүмкін. Жалпы Ресей деректері Ерденді пысық, ақылды, зерек, шебер ұйымдастырушы етіп көрсетеді. Кеңестік дәуірдегі бұрмаланған құжаттар оның бейнесін мүлде басқаша етіп жіберді. Қазақтың көрнекі ақын-жыраулары Асаубай, Шөже, Құлтума, Шеген, Орынбай секілді ақындардың Ерденге арнап бекерден жыр жазбасы белгілі. Қарадан шығып хан болған әулеттің тектілігі жайлы аталған ақындар шебер суреттейді. Тіпті оның 1844-1846 жылдары патшалық үкіметтің ұйымдастырған экспедициясына қатысқаны туралы деректер кездеседі. Орыс мұрағаттары Ерденді Кенесарыға қарсы шыққан, орыс әскерінің жақтаушысы етіп көрсетсе, қазақтың ел ауызындағы әңгімелері оны жоққа шығарады. Керсінше, Ерден Кенесарының қолдаушысы, астыртын көмек берген сенімді адамы болғанын айтады. Оған дәлел ретінде Ерден мекендеп отырған аймақта Кенесарының отбасы жасырынып жүргені туралы деректер (Қазіргі Ақши жазығы, Ұлытау ауданы).    Ерденнің Орынбор мен Омбыдағы орыс шенеуніктеріне сөзі өтетін беделі болған. 1829 жылы Қоқан хандары Шерәлі мен Худояр Сыр бойы мен Түркістанды басып алғанда 20-дан енді асқан Ерден қол бастап Қоқан хандығына қарсы аттанған. Аманбай батыр мен Лепесбай батырларды серік еткен ол, Шу бойындағы қыпшақ пен қоңырат руларын қыспаққа алған қоқандықтарды ысырып, Түркістанды азат етеді. Бұл оқиға орыстардың онымен санасатындай деңгейге көтереді. Ерденді 1840 жылы Терісаққан өзені бойындағы Бағаналы руларына болыс етіп бекітеді. Оның ресей шенеуніктеріне айтқанын істете алатын дәрежедегі саяси көзқарасының жоғары болғанын 1848-1849 жылдары қамзол және алтын жалатқан лентамен марапатталуы дәлелдей түседі. Ол 1855 жылы ІІ Александрдың таққа отыру салтанатына құрметті мейман болып барады.  1857 жылы округ басшылығы Ерденге 15 десятина жер беріп, үй салуға көмек жасайды. Даланы еркін кезген, халқына беделі бар, сөзге шешен, іске мығым Ерденді патша үкіметі хорунжий шенімен марапаттайды. Орынборда өтетін кейбір жиналыстарға Ерден келе алмаса жиынды Ерден келетін уақытқа шегеріп отырғанын мұрағат құжаттары дәлелдей түседі. 1859 жылы Атбасар округы ашылып, арада үш жыл өткен соң 1862 жылы Атбасар округінің аға сұлтаны лауазымына сайлау өтеді. Бұл сайлауда Шыңғыс төренің ұлы Шоқан Уәлиханов жеңіп шығуы тиіс болады. Ел танып, Ресейде оқыған зиялы Шоқанның сайлауда жеңетініне қараша халық сенімді еді. Осы тұста отарлау саясатын тереңдету мен Шыңғыс әулетінің билігін әлісірету мақсатымен Шоқанды сайлауда жығып беру амалдары жасалады. Көшпенді қазақтың отырықшылыққа өтуін, білім алу мен ғылымға деген көзқарасын ояту жолында біраз жұмыстар жүргізген Шоқан Уәлихановтың барлық жоспарын жүзеге асыртпау үшін осы сайлау тиімді еді. Сайлау арқылы Шоқанның беделін де әлсірету көзделді. Патша үкіметі бұл саясатына жетті де. Шыңғыс төренің Бағаналының жер дауында қамқорлық көрсете алмағынын естеріне салып, ескі жараның аузын қайта ашып, ішкі дауды қоздырды. Ерден Шоқаннан басым болып, 1862 жылы аға сұлтан болып бекіді. Орыс деректері Шоқанды осы сайлаудан өзі бас тартты деп көрсетеді. Шындығында мұның астында патшаның мысқылдаған саясаты жатыр еді. Өкінішке орай, Ерден  аға сұлтан қызметін ұзақ атқара алмады. Денсаулығының нашарлауына байланысты 1862 жылы ол қызметтен өз еркімен бас тартады. Ерденнің үш жылдық мерзімі біткенше аға сұлтандыққа кандидат Көшек Жадаев аға сұлтан қызметіне тағайындалады. Сол жылы Ерден дүниеден өтеді. Марқұмға арнап Бағаналы елі оған арнап ас береді. Атақты жазушы Сабыр Шәріповтың келтірген деректеріне сүйенсек: «Асқа 500 үй тігіліп, 166 жылқы, 200 қой сойылған. 30 атқа бәйге тігіліп, бас бәйгеге 100 жылқы берілген. Астың мерейін көтеруге келген 25 ақынға да шапан жауып, бәйгеден үлестірген».   Ерденнің артына қалдырған мол мұрасы мен дәулеті мұндай ас беруге жеткілікті де еді. Оған қарауыл руынан шыққан атақты Орынбай ақынның: Сұрасаң арғы атаңыз, Сандыбайды, Сіздерге бақыт берген бір Құдай-ды. Құдайдан бұдан артық не сұрайсың, Қолыммен ұстамадым демесең күн мен айды , - деп жырлауының өзі біраз нәрсені аңғартады.  Бағаналы жұртына алғаш рет шәйді алып келген де осы Ерден болса керек. Шәйді әкеліп ағасы Дүзенге көрсеткенінде: «Қайнатып ана жатқан итке құйшы. Егер сол ит ішсе мен де ішемін» десе керек. Қайнаған шайды ит ішпек түгілі маңайламапты. Осы оқиғадан соң Бағаналы жұртына шәй ішу бертінге дейін сіңісті болмаған көрінеді.   Ерденнің кесенесі Қарағанды облысының Ұлытау ауданында. Бозтұмсық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 шақырым жердегі Қаракеңгір өзені бойында орналасқан.       Батыр туралы жалпы деректер Ресейдің Орынбор, Омбы мұрағаттары, Алматы қаласындағы Ұлттық мұрағатта, Жезқазған қаласының тарихи мұражайында сақталған. Соңғысында ел аузынан жазылып алынған әңгімелер мен фотосуреттер көптеп кездеседі. Ол жөнінде С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романында да болыстыққа байланысты оқиға суреттеледі. Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС  
06.12.2013 03:41 8441

  Ұлытау өңірін мекен етіп отырған Бағаналы елінде ХІХ ғасырдың ортасында атақты Ерден батыр, би, аға сұлтан өмір сүрген. Ерден-Бағаналының атақты батыры Төлек батырдың Сандыбай деген ұлынан туады. Елді жау шапқанда әкесі Төлекке ырық бермей, жауға қоса аттанған Сандыбай 16 жасында батыр атанған адам. Ерден осы Сандыбайдың төртінші ұлы. Туған жылдарына қатысты әр түрлі деректер бар. Ресейде сақталған, 1842 жылы жазылған құжатта Ерденнің жасын 31-де деп көрсетеді. Егер шынымен солай болса Ерден 1811 жылы дүниеге келген болып шығады. Ал, ресей мұрағаттарында сақталған енді бір құжаттарда Ерденнің туған жылын 1809 жылы етіп жазғанын кездестіруге болады.        

  Жырық руынан шыққан Сандыбай ерте дүние салған соң, Ерденнің барлық тәрбиесі Бағаналының Шегір биінде болады. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, Ерден маңайындағы елді ығыстырып өз елінің жайылымын кеңейте түсіп, керек десеңіз малдарын да айдап кететіні туралы айтылады. Бағаналының Сарғалдақ руының 400 жылқысын бір өзі айдап әкеткенін ел аңыз етеді. Ерденнің мұндай жағымсыз кейіпкер ретінде көрінуі рулар арасындағы өзара бақталастықтан туындаған болуы да мүмкін. Жалпы Ресей деректері Ерденді пысық, ақылды, зерек, шебер ұйымдастырушы етіп көрсетеді. Кеңестік дәуірдегі бұрмаланған құжаттар оның бейнесін мүлде басқаша етіп жіберді. Қазақтың көрнекі ақын-жыраулары Асаубай, Шөже, Құлтума, Шеген, Орынбай секілді ақындардың Ерденге арнап бекерден жыр жазбасы белгілі. Қарадан шығып хан болған әулеттің тектілігі жайлы аталған ақындар шебер суреттейді. Тіпті оның 1844-1846 жылдары патшалық үкіметтің ұйымдастырған экспедициясына қатысқаны туралы деректер кездеседі. Орыс мұрағаттары Ерденді Кенесарыға қарсы шыққан, орыс әскерінің жақтаушысы етіп көрсетсе, қазақтың ел ауызындағы әңгімелері оны жоққа шығарады. Керсінше, Ерден Кенесарының қолдаушысы, астыртын көмек берген сенімді адамы болғанын айтады. Оған дәлел ретінде Ерден мекендеп отырған аймақта Кенесарының отбасы жасырынып жүргені туралы деректер (Қазіргі Ақши жазығы, Ұлытау ауданы). 

  Ерденнің Орынбор мен Омбыдағы орыс шенеуніктеріне сөзі өтетін беделі болған. 1829 жылы Қоқан хандары Шерәлі мен Худояр Сыр бойы мен Түркістанды басып алғанда 20-дан енді асқан Ерден қол бастап Қоқан хандығына қарсы аттанған. Аманбай батыр мен Лепесбай батырларды серік еткен ол, Шу бойындағы қыпшақ пен қоңырат руларын қыспаққа алған қоқандықтарды ысырып, Түркістанды азат етеді. Бұл оқиға орыстардың онымен санасатындай деңгейге көтереді. Ерденді 1840 жылы Терісаққан өзені бойындағы Бағаналы руларына болыс етіп бекітеді. Оның ресей шенеуніктеріне айтқанын істете алатын дәрежедегі саяси көзқарасының жоғары болғанын 1848-1849 жылдары қамзол және алтын жалатқан лентамен марапатталуы дәлелдей түседі. Ол 1855 жылы ІІ Александрдың таққа отыру салтанатына құрметті мейман болып барады.  1857 жылы округ басшылығы Ерденге 15 десятина жер беріп, үй салуға көмек жасайды. Даланы еркін кезген, халқына беделі бар, сөзге шешен, іске мығым Ерденді патша үкіметі хорунжий шенімен марапаттайды. Орынборда өтетін кейбір жиналыстарға Ерден келе алмаса жиынды Ерден келетін уақытқа шегеріп отырғанын мұрағат құжаттары дәлелдей түседі. 1859 жылы Атбасар округы ашылып, арада үш жыл өткен соң 1862 жылы Атбасар округінің аға сұлтаны лауазымына сайлау өтеді. Бұл сайлауда Шыңғыс төренің ұлы Шоқан Уәлиханов жеңіп шығуы тиіс болады. Ел танып, Ресейде оқыған зиялы Шоқанның сайлауда жеңетініне қараша халық сенімді еді. Осы тұста отарлау саясатын тереңдету мен Шыңғыс әулетінің билігін әлісірету мақсатымен Шоқанды сайлауда жығып беру амалдары жасалады. Көшпенді қазақтың отырықшылыққа өтуін, білім алу мен ғылымға деген көзқарасын ояту жолында біраз жұмыстар жүргізген Шоқан Уәлихановтың барлық жоспарын жүзеге асыртпау үшін осы сайлау тиімді еді. Сайлау арқылы Шоқанның беделін де әлсірету көзделді. Патша үкіметі бұл саясатына жетті де. Шыңғыс төренің Бағаналының жер дауында қамқорлық көрсете алмағынын естеріне салып, ескі жараның аузын қайта ашып, ішкі дауды қоздырды. Ерден Шоқаннан басым болып, 1862 жылы аға сұлтан болып бекіді. Орыс деректері Шоқанды осы сайлаудан өзі бас тартты деп көрсетеді. Шындығында мұның астында патшаның мысқылдаған саясаты жатыр еді. Өкінішке орай, Ерден  аға сұлтан қызметін ұзақ атқара алмады. Денсаулығының нашарлауына байланысты 1862 жылы ол қызметтен өз еркімен бас тартады. Ерденнің үш жылдық мерзімі біткенше аға сұлтандыққа кандидат Көшек Жадаев аға сұлтан қызметіне тағайындалады. Сол жылы Ерден дүниеден өтеді. Марқұмға арнап Бағаналы елі оған арнап ас береді. Атақты жазушы Сабыр Шәріповтың келтірген деректеріне сүйенсек: «Асқа 500 үй тігіліп, 166 жылқы, 200 қой сойылған. 30 атқа бәйге тігіліп, бас бәйгеге 100 жылқы берілген. Астың мерейін көтеруге келген 25 ақынға да шапан жауып, бәйгеден үлестірген».

  Ерденнің артына қалдырған мол мұрасы мен дәулеті мұндай ас беруге жеткілікті де еді. Оған қарауыл руынан шыққан атақты Орынбай ақынның:

Сұрасаң арғы атаңыз, Сандыбайды,

Сіздерге бақыт берген бір Құдай-ды.

Құдайдан бұдан артық не сұрайсың,

Қолыммен ұстамадым демесең күн мен айды , - деп жырлауының өзі біраз нәрсені аңғартады.

 Бағаналы жұртына алғаш рет шәйді алып келген де осы Ерден болса керек. Шәйді әкеліп ағасы Дүзенге көрсеткенінде: «Қайнатып ана жатқан итке құйшы. Егер сол ит ішсе мен де ішемін» десе керек. Қайнаған шайды ит ішпек түгілі маңайламапты. Осы оқиғадан соң Бағаналы жұртына шәй ішу бертінге дейін сіңісті болмаған көрінеді.

  Ерденнің кесенесі Қарағанды облысының Ұлытау ауданында. Бозтұмсық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 шақырым жердегі Қаракеңгір өзені бойында орналасқан.   

   Батыр туралы жалпы деректер Ресейдің Орынбор, Омбы мұрағаттары, Алматы қаласындағы Ұлттық мұрағатта, Жезқазған қаласының тарихи мұражайында сақталған. Соңғысында ел аузынан жазылып алынған әңгімелер мен фотосуреттер көптеп кездеседі. Ол жөнінде С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романында да болыстыққа байланысты оқиға суреттеледі.

Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға