Бүгін - Информатика күні
1948 жылы 4-желтоқсанда КСРО-ның Министрлер одағының Мемлекеттік комитеті И.С.Брук және Б.И.Рамеев ойлап тапқан сандық электронды есептеуіш машинасын халықтық шаруашылығына енгізілді. Бұл Ресей Федерациясының есептеуіш техникасының дамуына қатысты алғашқы ресми түрде тіркелген құжат. Бұл күн ресей информатикасының туған күні деп айтылуға толық негіз бар.
Информатика жеке ғылым ретінде 1970 жылы атала бастады. Оған дейін математика, электроника сияқты техникалық ғылымдардың құрамында болып келді. Дүние жүзінде алғашқы информатика факультеті АҚШ-тың Индиана штатында орналасқан Пердью университетінде ашылған. Информатика ғылымы компьютер мен басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын зерттейді.