Қарағанды облысының әкімі 100-жасар соғыс және еңбек ардагерін Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
Тұңғыш Президент Күні Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов биыл 100 жасқа толған соғыс және еңбек ардагері Федор Тимофеевич Огарковты мемлекеттік мерекемен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыс әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Облыс басшысы ардагерді мерекемен құттықтай келе, елі үшін жасаған ерлігі мен адал еңбегі үшін алғысын білдірді.
Федор Тимофеевич Огарков әскер қатарына 1942 жылы шақырылып, Мәскеудегі 68-ші атқыштар дивизиясында болды. Жауынгерлік ерлігі үшін екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Соғыста алған жарақатынан кейін әскерден қайтарылды. 17 жыл бойы банк жүйесінде, кейіннен «Қарағанды Энерго» компаниясында қызмет атқарды.
Екі ұл мен екі қыз тәрбиелеген Федор Тимофеевичтің сегіз немересі, сегіз шөбересі және сегіз шөпшегі бар.
Аймақ басшысы ардагерге материалдық көмек көрсетіп, азық-түлік жиынтығын тапсырып, ақ тілектерін білдірді.
Қарағанды облысында 100 жастан асқан 29 адам тұрады, олардың барлығына көмек көрсетілді.