Жаңалықтар

Алғашқы Қазақстандық шойынның құйылымы, 3 шілде 1960 жыл

Жәдігер мұражайға Қазақ ССР КП Қалалық комитетінен түсті. Орталық Қазақстанда үлкен металлургия зауытын салу идеясы 1930 жылдары пайда болды. Сол жылдары Самарқанд қалашығының аймағын зерттеген Қазақстан ғылым академиясының болашақ президенті Қ.И. Сәтпаев және  М.И. Русаков пен А.Н. Сперанский сияқты ғалым геологтар - бұл жердің табиғаты қара түсті металлургияның орталығы болуға жаралған – деген тұжырымға келіпті. Бұл тұжырымға - Қарағанды кокс көмірінің, Атасу мен Жезқазғанның темір және марганец кенінің,Топардың флюс ізбестасының, Байқоңырдың отқа шыдамды балшығы мен Самарқандтың су  қоймасының  экономико-географиялық тиімді орналасуы әсер етті. - 1942 жылдың сәуірінде КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қара түсті металлургия кәсіпорындарын құру және қалпына келтіру»  қаулысына сәйкес ҚазКСР-ның үкімет басшылығына Қазақ металлургиялық зауытын салу міндеті жүктелді. - 1948 жылы қазан айында Қарағанды металлургиялық зауытының толық технологиялық цикліне арналған құрылыс алаңы бекітілді. - 1957 жылдың 3 желтоқсанында салтанатты түрде бірінші домен пешінің кірпіші қаланды. Бріақ жұмыс күшінің жетіспеуінен ірі өнеркәсіп құрылысы ұзаққа созылды, міне осы кезде үкімет басшылары комсомол жастарды көмекке шақырды. - 1958 жылдың 15-17 сәуірінде БЛКЖО-ның кезекті 13 съезінде Қазақстан Магниткасы - бүкілодақтық комсомол құрылысы деп жарияланды. Осы съезден кейін барлық Одақтас елдерден және Болгариядан, ГДР, Чехославакиядан, Польшадан жастар «Комсомолдық жолдамамен» ағылып келіп жатты. Кеңестік кезеңде 27 жасқа дейінгі жастардың 70% пайызы комсомол ұйымына мүше болды, солардың көбінің тағдыры «Комсомолдық жолдама» деген жазуы бар кішірек күрең қызыл түсті кітапшамен тығыз байланысты болды. Жас комсомолдар болашақ жарқын өмірге деген үмітпен жергілікті райкомнан, горкомнан жолдамалар алып Қазақстан Магниткасының құрылысына жол тартты. Солардың ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта бар еді.       3 шілде 1960 жылы №1 домна пеші тұңғыш Қазақстандық шойынды берді. 15 сағ. 07 минутта аға көрікші Ахат Набибулин бірінші домнаның леткасын ашты, науа бойымен тұңғыш Қазақстан шойыны ақты. Бұл күн Қарағанды металлургиялық зауытының туған күні аталды. Ел тарихы мен қала тарихындағы осы бір атаулы оқиғаға байланысты Теміртау тарихи өлкетану мұражай қорында ірі комплекс қалыптастырылған. Құжаттамалардың бір шамасы «Теміртау қаласының тарихы» залының «Қазақстан Магниткасы еліміздің екпінді құрылысы» бөлімінде көрсетілген.        
28.11.2013 20:36 5494

Жәдігер мұражайға Қазақ ССР КП Қалалық комитетінен түсті.

Орталық Қазақстанда үлкен металлургия зауытын салу идеясы 1930 жылдары пайда болды. Сол жылдары Самарқанд қалашығының аймағын зерттеген Қазақстан ғылым академиясының болашақ президенті Қ.И. Сәтпаев және  М.И. Русаков пен А.Н. Сперанский сияқты ғалым геологтар - бұл жердің табиғаты қара түсті металлургияның орталығы болуға жаралған – деген тұжырымға келіпті. Бұл тұжырымға - Қарағанды кокс көмірінің, Атасу мен Жезқазғанның темір және марганец кенінің,Топардың флюс ізбестасының, Байқоңырдың отқа шыдамды балшығы мен Самарқандтың су  қоймасының  экономико-географиялық тиімді орналасуы әсер етті.

- 1942 жылдың сәуірінде КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қара түсті металлургия кәсіпорындарын құру және қалпына келтіру»  қаулысына сәйкес ҚазКСР-ның үкімет басшылығына Қазақ металлургиялық зауытын салу міндеті жүктелді.

- 1948 жылы қазан айында Қарағанды металлургиялық зауытының толық технологиялық цикліне арналған құрылыс алаңы бекітілді.

- 1957 жылдың 3 желтоқсанында салтанатты түрде бірінші домен пешінің кірпіші қаланды. Бріақ жұмыс күшінің жетіспеуінен ірі өнеркәсіп құрылысы ұзаққа созылды, міне осы кезде үкімет басшылары комсомол жастарды көмекке шақырды.

- 1958 жылдың 15-17 сәуірінде БЛКЖО-ның кезекті 13 съезінде Қазақстан Магниткасы - бүкілодақтық комсомол құрылысы деп жарияланды. Осы съезден кейін барлық Одақтас елдерден және Болгариядан, ГДР, Чехославакиядан, Польшадан жастар «Комсомолдық жолдамамен» ағылып келіп жатты. Кеңестік кезеңде 27 жасқа дейінгі жастардың 70% пайызы комсомол ұйымына мүше болды, солардың көбінің тағдыры «Комсомолдық жолдама» деген жазуы бар кішірек күрең қызыл түсті кітапшамен тығыз байланысты болды. Жас комсомолдар болашақ жарқын өмірге деген үмітпен жергілікті райкомнан, горкомнан жолдамалар алып Қазақстан Магниткасының құрылысына жол тартты. Солардың ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта бар еді.

      3 шілде 1960 жылы №1 домна пеші тұңғыш Қазақстандық шойынды берді. 15 сағ. 07 минутта аға көрікші Ахат Набибулин бірінші домнаның леткасын ашты, науа бойымен тұңғыш Қазақстан шойыны ақты. Бұл күн Қарағанды металлургиялық зауытының туған күні аталды.

Ел тарихы мен қала тарихындағы осы бір атаулы оқиғаға байланысты Теміртау тарихи өлкетану мұражай қорында ірі комплекс қалыптастырылған. Құжаттамалардың бір шамасы «Теміртау қаласының тарихы» залының «Қазақстан Магниткасы еліміздің екпінді құрылысы» бөлімінде көрсетілген.

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға