Жаңалықтар

Болат қорытушының қорғаныш көзәйнегі

Экспонатты музейге Социалистік Еңбек ері, КСРО-ның құрметті металлургы, болат қорытушы Дәрібаев Алтынбек Дәрібайұлы тарту етті. Көзәйнек қолдан жасалған. Көзәйнекті жасау үшін кобальт шынысы мен металл пайдаланылады. Балқыған металдың жалынынан көзді қорғау үшін жарықсүзгі ретінде бас киімге бекітіледі. Дәрібаев Алтынбек Дәрібайұлы ( 1927 – 1985 ж.ж.) – болат қорытушы, стаханов әдісінің еңбек озаты, Социалистік Еңбек ері (1971 ж.), КСРО – ның құрметті металургі. Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілдір ( Отырар ) ауданында шопан отбасында дүниеге келген. «1927 жылы туылған қазақ ұлтының өкілдерін Қазақ  металлургиялық зауытына мобилизациялау (жұмылдыру) туралы » 1943 жылғы Кеңестік Халық комиссарларының және Қазақстанның КП (б) Орталық комитетенің қаулысына сәйкес, металлург мамандығын игеруге Ревден металлургиялық зауытына жіберіледі. 1944 жылы 31 желтоқсанда қазақ металлургиясының тұңғышы - Қазақ металлургиялық  зауытын іске қосу салтанатына қатысты. 1946 жылдан бастап болат қорытушы, Қазақ металлургиялық зауытының екінші мартен пешінде мастер болды. Қазақстандағы жеделдетіп металл құю әдісін жүргізушілердің бірі. 1968 жылдан бастап Қарағанды металлургиялық зауытында аға конвертерші қызметін атқарды. Қарағанды металлургиялық зауытында КСРО – дағы ең күшті 250  тонналық конверторды іске қосу ісіне қатысты. 1972 жылы Қазақстан Магниткасы мен « Запорожсталь » зауыттары арасында өткен болат қорытушылардың социалистік сайысының қатысушысы.  Бұл сайыс еліміздің барлық өңірлеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілді. Қазақ металлургі « Запорожсталь» зауытының мартен цехында металл балқыту кезінде металл балқыту жылдамдығынан әлемдік рекордты қайталады – 1 сағат 40 минут. «Достық балқыту» сайысының екінші кезеңінде Алтынбектің бригадасы украин металлургтарымен бірлесе отырып Қарағанды металлургиялық зауытының конвертор цехында бүкілодақтық рекордты жасады – 3 сағат 12 минутта 6 рет балқыту жұмысын жүргізді. Әрқайсысының ұзақтығы орта есеппен 32 минутты құрады, ал жоба бойынша 65 минут еді. Бірінші қазақ болат қорытушысы Дәрібаев Алтынбек Дәрібайұлының ерен еңбегі, жеткен жетістіктері мен тәжірибесі бүгінгі күнде де Қазақстан Магниткасындағы жас болат қорытушыларға үлгі және бағыт бағдар бола алады.    Теміртау қалалық тарихи - өлкетану музейінің қорында Социалистік Еңбек ері, болат қорытушы Дәрібаев Алтынбекке арналған фото және құжаттардың кешені сақталуда. Олардың бір бөлігі  «Қала тарихы » залындағы экспозицияда көрсетілген.      
28.11.2013 20:33 4976

Экспонатты музейге Социалистік Еңбек ері, КСРО-ның құрметті металлургы, болат қорытушы Дәрібаев Алтынбек Дәрібайұлы тарту етті.

Көзәйнек қолдан жасалған. Көзәйнекті жасау үшін кобальт шынысы мен металл пайдаланылады. Балқыған металдың жалынынан көзді қорғау үшін жарықсүзгі ретінде бас киімге бекітіледі.

Дәрібаев Алтынбек Дәрібайұлы ( 1927 – 1985 ж.ж.) – болат қорытушы, стаханов әдісінің еңбек озаты, Социалистік Еңбек ері (1971 ж.), КСРО – ның құрметті металургі.

Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілдір ( Отырар ) ауданында шопан отбасында дүниеге келген.

«1927 жылы туылған қазақ ұлтының өкілдерін Қазақ  металлургиялық зауытына мобилизациялау (жұмылдыру) туралы » 1943 жылғы Кеңестік Халық комиссарларының және Қазақстанның КП (б) Орталық комитетенің қаулысына сәйкес, металлург мамандығын игеруге Ревден металлургиялық зауытына жіберіледі.

1944 жылы 31 желтоқсанда қазақ металлургиясының тұңғышы - Қазақ металлургиялық  зауытын іске қосу салтанатына қатысты. 1946 жылдан бастап болат қорытушы, Қазақ металлургиялық зауытының екінші мартен пешінде мастер болды. Қазақстандағы жеделдетіп металл құю әдісін жүргізушілердің бірі. 1968 жылдан бастап Қарағанды металлургиялық зауытында аға конвертерші қызметін атқарды. Қарағанды металлургиялық зауытында КСРО – дағы ең күшті 250  тонналық конверторды іске қосу ісіне қатысты. 1972 жылы Қазақстан Магниткасы мен « Запорожсталь » зауыттары арасында өткен болат қорытушылардың социалистік сайысының қатысушысы. 

Бұл сайыс еліміздің барлық өңірлеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілді. Қазақ металлургі « Запорожсталь» зауытының мартен цехында металл балқыту кезінде металл балқыту жылдамдығынан әлемдік рекордты қайталады – 1 сағат 40 минут. «Достық балқыту» сайысының екінші кезеңінде Алтынбектің бригадасы украин металлургтарымен бірлесе отырып Қарағанды металлургиялық зауытының конвертор цехында бүкілодақтық рекордты жасады – 3 сағат 12 минутта 6 рет балқыту жұмысын жүргізді. Әрқайсысының ұзақтығы орта есеппен 32 минутты құрады, ал жоба бойынша 65 минут еді.

Бірінші қазақ болат қорытушысы Дәрібаев Алтынбек Дәрібайұлының ерен еңбегі, жеткен жетістіктері мен тәжірибесі бүгінгі күнде де Қазақстан Магниткасындағы жас болат қорытушыларға үлгі және бағыт бағдар бола алады. 

  Теміртау қалалық тарихи - өлкетану музейінің қорында Социалистік Еңбек ері, болат қорытушы Дәрібаев Алтынбекке арналған фото және құжаттардың кешені сақталуда. Олардың бір бөлігі  «Қала тарихы » залындағы экспозицияда көрсетілген.

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға