Жаңалықтар

Қазақтың ұлттық үй жиһазы - Асадал

Сайлау Асхат Қожакелдіұлы - Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Қазақтың ұлттық үй жиһазы -   Асадал           Қай дәуірде болмасын қазақ ұсталары жасаған дүниелері өзінің құндылығын ешқашан жоғалтқан емес. Оның дәлелі еліміздің музейлерінің қорларында сақтаулы қазақтың ұлттық үй жиһаздары. Жалпы қазақ халқы үй тұрмысында жиһаздардың бірнеше түрін пайдаланған. Солардың бір түрі - асадал. «Ас және адал» деген сөздерден құралған. Асадал негізінен шкафтың қызметін атқарған. Этнографиялық деректерге қарағанда асадалдың бірнеше түрі болған және асадалды түркі халықтарының бәрі пайдаланған екен.                        (Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» 1998.-470 б) Белгілі этнограф Х.Арғынбаев өзінің еңбегінде асадалдың ең көнесі қазіргі уақытта тумбочка тәрізденіп енінен биіктігі артық болып жасалса, екінші түрінің ені мен биіктігі шамалас келеді. Үшінші түрінің биіктігі кебежедей ғана болған. Ал төртінші түрі буфет тәрізденіп жасалған асадалдар деп жазады. (Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Өнер баспасы, 1987.- 44б) Қазіргі уақытта музей қорында асадалдың тумбочка және буфет тәрізді етіп жасалған екі түрі сақтаулы. Cолардың бірі буфет етіп жасалған асадал. Асадал қазіргі уақытта музейдің «Этнография» залында орналасқан. Асадал музей қызметкерлерінің құнды жәдігерлер жинақтау экспедициясы кезінде Қазалы өңірінен табылып, 1982 жылы музей қорына өткізілген. [Музейдің түсім кітабы] Бұл асадал қазіргі уақытта елімізде сақталған басқа асадал түрлеріне ұқсамайды және өзіндік пішінімен ерекшеленеді. Асадалдың екі ашпалы есігі бар. Асадалдың ең үстіңгі ашық бөлігіндегі ою-өрнектерде көңіл аударарлық. Маңдай бетіндегі гүл тәріздес оюлар және қаз мойын тәріздес өрнектермен өз реңкін, өз нақышын тапқан. Ал асадалдың бет жағы, екі жаны төрткілденген және бір зер саларлық жәй төрткіл іші қауызын жарған гүл тәріздес ою бедерленіп айналасына шаттық оюымен безендірілген өрнкетер жүргізілген. Осындай әртүрлі ою-өрнектердің бір-бірімен қиылысуы, үйлесуі, шебердің ұсталық өнерінің жоғары дәрежеде болғандығын көрсетеді (Көшекбаев Ә. Арал өңіріндегі дәстүрлі мәдени бұйымдар. Мәдениет журналы №9, 2013.-              31-33 б) Асадалдың авторы ХХ ғасырдың І-жартысында Арал-Қазалы өңіріне танымал болған Қарайғыров Әжімбет (1888 жылы дүниеге келген, 1937 жылы Сталиндік зұлматтың құрбаны болған, 1953 жылы қайта ақталған) деген ағаш ұстасы. Бұл жерде асадалдың Қазақ ССР-нің Мәдениет министрі Өзбекәлі Жәнібековтың қызығушылығын тудырғанын айтуымыз қажет. Сол кездегі музей қызметкерлерінің айтуынша Өзбекәлі ағамыздың  асадал бетіндегі ою-өрнектерге алғаш рет сипаттама берген. Мағынасы ағаш ұстасы өз өмірін баяндаған. Сонымен бірге мұндай асадалдың қазақ даласында өте сирек кездесетінін айтқан. Алайда өкініштісі  асадалдың сипаттамасы қағаз бетіне түспеген. Осының өзі Әжімбет ұстаның қолынан шыққан дүниелердің қайсыбірі болмасын қазақтың ағаш өңдеу өнеріндегі бірегей дүниелер деп айтуымызға әбден болады. Жергілікті халықтың айтуынша Әжімбет ұста көптеген құрал-сайман, әр түрлі жабдықтар және басқа да үлкенді-кішілі үй жиһаздарын жасаған. Келешекте халық қолында сақталған ұстаның төл туындыларының әлі де табылатыны күмәнсіз. Қорыта айтқанда жоғарыда аталған дүниелер еліміз бойынша баламасы жоқ құнды дүниелер. Бұл дегеніңіз қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде екенінің нақты айғағы. Бұл жәдігерлердің әлі де толыққанды зерттелетіні сөзсіз. Сондықтан да, ұлтымыздың інжу маржан асыл құндылықтарын ардақтау – бүгінгі ұрпақтың киелі міндеті.
28.11.2013 20:15 15018

Сайлау Асхат Қожакелдіұлы - Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі

Қазақтың ұлттық үй жиһазы -   Асадал 

         Қай дәуірде болмасын қазақ ұсталары жасаған дүниелері өзінің құндылығын ешқашан жоғалтқан емес. Оның дәлелі еліміздің музейлерінің қорларында сақтаулы қазақтың ұлттық үй жиһаздары. Жалпы қазақ халқы үй тұрмысында жиһаздардың бірнеше түрін пайдаланған. Солардың бір түрі - асадал. «Ас және адал» деген сөздерден құралған. Асадал негізінен шкафтың қызметін атқарған. Этнографиялық деректерге қарағанда асадалдың бірнеше түрі болған және асадалды түркі халықтарының бәрі пайдаланған екен.                        (Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» 1998.-470 б) Белгілі этнограф Х.Арғынбаев өзінің еңбегінде асадалдың ең көнесі қазіргі уақытта тумбочка тәрізденіп енінен биіктігі артық болып жасалса, екінші түрінің ені мен биіктігі шамалас келеді. Үшінші түрінің биіктігі кебежедей ғана болған. Ал төртінші түрі буфет тәрізденіп жасалған асадалдар деп жазады. (Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Өнер баспасы, 1987.- 44б) Қазіргі уақытта музей қорында асадалдың тумбочка және буфет тәрізді етіп жасалған екі түрі сақтаулы.

Cолардың бірі буфет етіп жасалған асадал. Асадал қазіргі уақытта музейдің «Этнография» залында орналасқан. Асадал музей қызметкерлерінің құнды жәдігерлер жинақтау экспедициясы кезінде Қазалы өңірінен табылып, 1982 жылы музей қорына өткізілген. [Музейдің түсім кітабы] Бұл асадал қазіргі уақытта елімізде сақталған басқа асадал түрлеріне ұқсамайды және өзіндік пішінімен ерекшеленеді. Асадалдың екі ашпалы есігі бар. Асадалдың ең үстіңгі ашық бөлігіндегі ою-өрнектерде көңіл аударарлық. Маңдай бетіндегі гүл тәріздес оюлар және қаз мойын тәріздес өрнектермен өз реңкін, өз нақышын тапқан. Ал асадалдың бет жағы, екі жаны төрткілденген және бір зер саларлық жәй төрткіл іші қауызын жарған гүл тәріздес ою бедерленіп айналасына шаттық оюымен безендірілген өрнкетер жүргізілген. Осындай әртүрлі ою-өрнектердің бір-бірімен қиылысуы, үйлесуі, шебердің ұсталық өнерінің жоғары дәрежеде болғандығын көрсетеді (Көшекбаев Ә. Арал өңіріндегі дәстүрлі мәдени бұйымдар. Мәдениет журналы №9, 2013.-              31-33 б)

Асадалдың авторы ХХ ғасырдың І-жартысында Арал-Қазалы өңіріне танымал болған Қарайғыров Әжімбет (1888 жылы дүниеге келген, 1937 жылы Сталиндік зұлматтың құрбаны болған, 1953 жылы қайта ақталған) деген ағаш ұстасы. Бұл жерде асадалдың Қазақ ССР-нің Мәдениет министрі Өзбекәлі Жәнібековтың қызығушылығын тудырғанын айтуымыз қажет. Сол кездегі музей қызметкерлерінің айтуынша Өзбекәлі ағамыздың  асадал бетіндегі ою-өрнектерге алғаш рет сипаттама берген. Мағынасы ағаш ұстасы өз өмірін баяндаған. Сонымен бірге мұндай асадалдың қазақ даласында өте сирек кездесетінін айтқан. Алайда өкініштісі  асадалдың сипаттамасы қағаз бетіне түспеген. Осының өзі Әжімбет ұстаның қолынан шыққан дүниелердің қайсыбірі болмасын қазақтың ағаш өңдеу өнеріндегі бірегей дүниелер деп айтуымызға әбден болады. Жергілікті халықтың айтуынша Әжімбет ұста көптеген құрал-сайман, әр түрлі жабдықтар және басқа да үлкенді-кішілі үй жиһаздарын жасаған. Келешекте халық қолында сақталған ұстаның төл туындыларының әлі де табылатыны күмәнсіз.

Қорыта айтқанда жоғарыда аталған дүниелер еліміз бойынша баламасы жоқ құнды дүниелер. Бұл дегеніңіз қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде екенінің нақты айғағы. Бұл жәдігерлердің әлі де толыққанды зерттелетіні сөзсіз. Сондықтан да, ұлтымыздың інжу маржан асыл құндылықтарын ардақтау – бүгінгі ұрпақтың киелі міндеті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға