Жаңалықтар

Сергей Тимофеев

Ресей мен Қазақстан біріншілігінде топ жарып, ұлттық құрамада ойыншы, кейіннен бас бапкері болған талантты футболшы – Сергей Тимофеев Сергей Анатольевич Тимофеев 1965 жылы 5 наурызда Павлодар облысында дүниеге келген. Сергей футболды өзі туып өскен Кереку өңірінде бастаған. Қаладағы балалар мен жасөпірмдер спорт мектебінде алғаш Ж. Бөлекбаев және П.Ярышев деген бапкерлерден футбол әліппесін үйренді. Бала кезден допты түзу теуіп қалыптасқан футболшы болашақта еңбегінің жемісін көреді. Кез келген талантты жас жаттығуда маңдайынан тер аққанша дайындалса, шеберлігі де шындала түседі. Серега да осы бағытты ұстанып, 17 жасында жергілікті «Трактор» командасына қабылданды. 17 жастағы футболшы алғашқы жылы 17 ойынға қатысты. Бұл кәмілеттік жасқа толмаған бозбала үшін жоғары көрсеткіш. Жалпы, «Тракторда» үш жыл өнер көрсетті. Әсіресе, ең соңғы маусымында өзінің  жоғары деңгейлі ойынымен бапкерлер мен  жанкүйер көңілінен шыға білді. Осыдан соң елдегі ең талантты футболшыларды жинаған «Қайрат» Тимофеевті де өз қатарына қосады. Алматыда еліміздің ең атақты командасына бірден үйренісіп кету кез келген футболшыға бұйыра бермейтін бақыт. Алғашқы жылы көбіне қосалқы құрамда ойнады. Жоғары лигада бар-жоғы үш матчқа ғана қатысты. Уақыт өте ол ойыншыларын темірдей қатал тәртіппен ұстайтын бас бапкер Леонид Остроушконың негізгі құрамдағы 11 футболшысының қатарына еркін енді. КСРО чемпионатының Жоғары лигасында төрт маусым өткізсе, Бірінші лигада екі жыл ойнады. Жалпы, «Қайрат» сапында 1985-1990 жылдары 115 ойын өткізді. Одан кейін Алматы командасына қайта соққан жоқ. «Қайратта» бес жылын өткізгеннен кейін Владикавказдың «Спартагына» (қазіргі «Алания») ауысады. Жерлесіміз Солтүстік Осетия командасына ауысқан жылы олар Бірінші лигада өнер көрсетіп жүрген еді. Тимофеев барған жылы «Спартак» Бірінші лигада жеңіске жетіп, 19 жылғы үзілістен соң Жоғары лигаға жолдама алды. Кавказдықтардың қуанышында шек болмады. Серега тәп-тәуір ойнап жүрген командадан кетпей, 1991 жылы КСРО чемпионатының соңғы маусымын Жоғары лигада өткізді. Одан кейін Одақ та, футбол да тарады. Осы  тұста оның «Қайраттағы» достарының көпшілігі Украина жерінде доп теуіп жүрген еді. Солардың ізімен жеке дербес құрылған Украина чемпионатындағы «Нива» командасымен келісімшартқа отырады. Негізі маусым басында Полтава аймағының «Ворскла» командасында болды. Бірақ, ол жерде алаңға шыға алмаған соң, екінші айналымда Тернополь қаласына ауысып кетеді. Әйткемен, Украинада көп тұрақтап қалмады. Дәл сол кезде оған Мәскеу клубтарынан ұсыныс түсіп, үш маусым қатарынан «Динамоның» қорғаушысы болды. Әсіресе, 1993  жылы Ресей футболының басшылары мен мамандары оны чемпионаттағы ең үздік 33 футболшының қатарына қосты. 1994 жылы «Динамо» чемпионатта  екінші орын алғанда, ол қосалқы құрамда ойнап жүрді. Осыдан кейін Мәскеуден кетуді жөн санайды. Сол уақытта өзі ойнаған Владикавказдың «Аланиясы» бұрынғы футболшыларды қайта жинай бастаған еді. Қазіргі кездегі «Шахтердің» бас бапкерінің көмекшісі Олег Корниенко, өзбекстандық Мирджалол Қасымовтармен бірге сол команданы алға сүйреді. Осылайша, «Алания» айды аспанға бір-ақ шығарды. Ресей біріншілігіндегі алғашқы, әзірге жалғыз алтындарына қол жеткізді. Бұл алтынның жөні бөлек. Келесі жылы да «Алания» өрнекті ойын көрсетіп, чемпионатты екінші орынмен аяқтады. Екі жыл бойы үздіктердің бірі болып жүрген клуб 1997 жылы қалың топтың ортасында қалып қойды. Қаржылық қиындықтар жоғары орындарға көтерілуге мүмкіндік бермеді. Көп ойыншылар командадан кете бастады. Тимофеев те 1998 жылы Нижнй Новогородтың «Локомотивіне» ауысады. Келесі  жылы Саратовтың «Сокол» клубында ойнады. Он жылғы үзілістен кейін – 2000 жылдардың басында елге оралды. Қолдаушысы мен демеушісі табылған Қызылжардың «Есіл-Богатырь» клубы көптеген танымал футболшыларды жинай бастаған. Сергей де Игорь Авдеев, Болат Есмағанбетов, Александр Фамильцев бастаған ұлттық құрама мүшелерінің қатарына қосылды. Сергей Петропавлда екі жылдың ішінде ел біріншілігінің күмісі мен қоласын олжалады. Жалпы, бұл команданың жейдесімен барлығы 55 рет алаңға шықты. Ал 2002 жылы Дмитрий Огай жаттықтырған «Ертіс» клубы 37 жастағы қорғаушы өз қатарларына шақырады. Жасы біразға келсе де сыр бере қоймайды. Жиырма жастағы жігіттермен бірге жүгіріп, негізгі құрамдағы орнын ешкімге бермеді. Дмитрий Огай Сергей Тимофеевпен футболшы кезінен жақсы таныс. Сондықтан, оның шеберлігі мен тәжірибесіне сенім артты. Огайдың жасақтаған командасы екі жыл қатарынан Қазақстанда өзін теңдессіз екендігін мойындатты. Біздің елде Қазақстан мен Ресей чемпионатында бірдей топ жарған футболшылар некен-саяқ. Осылардың арасында шоқтығы биік футболшы Сергей Тимофеев екені даусыз. Ал карьерасын «Екібастұз» сапында аяқтады. Спорттық ғұмырына нүкте қоймай жатып бапкерлік қызметті қатар алып жүрді. «Екібастұзда» ойнап жүргенде команданы жаттықтыра бастады. Қазақстан Футбол федерациясының басшылары бапкерлік тәжірибесі жоқ Тимофеевке бас команданың тізігінін ұстатады. Бұл кезде Қазақстан құрамасы УЕФА-ға мүше болғаннан кейінгі алғашқы ресми іріктеу ойындарына қатысуға мүмкіндік алған еді. Осындай  ел футболының жаңа тарихындағы құраманы Тимофеев баптады. Украина, Түркия, Грекия, Дания, Албания, Грузия құрамаларымен бір топқа түскен бас командамыз бір ұпаймен іріктеу кезеңдерін аяқтады. Жас маманның қызметіне көңілі толмаған федерация басшылары Тимофеевпен ат құйрығын үзіседі. Бас бапкерліктен кеткеннен соң ол біржола Ресейге қоныс аударады. Ресейге кетпес бұрын ұлттық құрамамен қатар «Атырау» командасын да жаттықтырған болатын. Ал Ресейде осы уақытқа дейін «Ростов», «Содовик», «Спартак» (Луховицы), «Сахалин», «Мостовик-Приморье» клубтарында қызмет істеді. Қазіргі кезде «Сахалин» клубының бас бапкері. Жетістіктері: КСРО чемпионатының Бірінші лигасының жеңімпазы: 1991жылы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2002,2003 жылдары Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2000 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2001 жылы Ресей чемпионатының жеңімпазы: 1995 жылы Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: 1996 жылы   Бек Төлеуов, «Sport»  
28.11.2013 07:01 3516

Ресей мен Қазақстан біріншілігінде топ жарып, ұлттық құрамада ойыншы, кейіннен бас бапкері болған талантты футболшы – Сергей Тимофеев

Сергей Анатольевич Тимофеев 1965 жылы 5 наурызда Павлодар облысында дүниеге келген. Сергей футболды өзі туып өскен Кереку өңірінде бастаған. Қаладағы балалар мен жасөпірмдер спорт мектебінде алғаш Ж. Бөлекбаев және П.Ярышев деген бапкерлерден футбол әліппесін үйренді. Бала кезден допты түзу теуіп қалыптасқан футболшы болашақта еңбегінің жемісін көреді. Кез келген талантты жас жаттығуда маңдайынан тер аққанша дайындалса, шеберлігі де шындала түседі. Серега да осы бағытты ұстанып, 17 жасында жергілікті «Трактор» командасына қабылданды. 17 жастағы футболшы алғашқы жылы 17 ойынға қатысты. Бұл кәмілеттік жасқа толмаған бозбала үшін жоғары көрсеткіш. Жалпы, «Тракторда» үш жыл өнер көрсетті. Әсіресе, ең соңғы маусымында өзінің  жоғары деңгейлі ойынымен бапкерлер мен  жанкүйер көңілінен шыға білді. Осыдан соң елдегі ең талантты футболшыларды жинаған «Қайрат» Тимофеевті де өз қатарына қосады.

Алматыда еліміздің ең атақты командасына бірден үйренісіп кету кез келген футболшыға бұйыра бермейтін бақыт. Алғашқы жылы көбіне қосалқы құрамда ойнады. Жоғары лигада бар-жоғы үш матчқа ғана қатысты. Уақыт өте ол ойыншыларын темірдей қатал тәртіппен ұстайтын бас бапкер Леонид Остроушконың негізгі құрамдағы 11 футболшысының қатарына еркін енді. КСРО чемпионатының Жоғары лигасында төрт маусым өткізсе, Бірінші лигада екі жыл ойнады. Жалпы, «Қайрат» сапында 1985-1990 жылдары 115 ойын өткізді. Одан кейін Алматы командасына қайта соққан жоқ. «Қайратта» бес жылын өткізгеннен кейін Владикавказдың «Спартагына» (қазіргі «Алания») ауысады. Жерлесіміз Солтүстік Осетия командасына ауысқан жылы олар Бірінші лигада өнер көрсетіп жүрген еді. Тимофеев барған жылы «Спартак» Бірінші лигада жеңіске жетіп, 19 жылғы үзілістен соң Жоғары лигаға жолдама алды. Кавказдықтардың қуанышында шек болмады. Серега тәп-тәуір ойнап жүрген командадан кетпей, 1991 жылы КСРО чемпионатының соңғы маусымын Жоғары лигада өткізді. Одан кейін Одақ та, футбол да тарады. Осы  тұста оның «Қайраттағы» достарының көпшілігі Украина жерінде доп теуіп жүрген еді. Солардың ізімен жеке дербес құрылған Украина чемпионатындағы «Нива» командасымен келісімшартқа отырады. Негізі маусым басында Полтава аймағының «Ворскла» командасында болды. Бірақ, ол жерде алаңға шыға алмаған соң, екінші айналымда Тернополь қаласына ауысып кетеді. Әйткемен, Украинада көп тұрақтап қалмады. Дәл сол кезде оған Мәскеу клубтарынан ұсыныс түсіп, үш маусым қатарынан «Динамоның» қорғаушысы болды. Әсіресе, 1993  жылы Ресей футболының басшылары мен мамандары оны чемпионаттағы ең үздік 33 футболшының қатарына қосты. 1994 жылы «Динамо» чемпионатта  екінші орын алғанда, ол қосалқы құрамда ойнап жүрді. Осыдан кейін Мәскеуден кетуді жөн санайды. Сол уақытта өзі ойнаған Владикавказдың «Аланиясы» бұрынғы футболшыларды қайта жинай бастаған еді. Қазіргі кездегі «Шахтердің» бас бапкерінің көмекшісі Олег Корниенко, өзбекстандық Мирджалол Қасымовтармен бірге сол команданы алға сүйреді.

Осылайша, «Алания» айды аспанға бір-ақ шығарды. Ресей біріншілігіндегі алғашқы, әзірге жалғыз алтындарына қол жеткізді. Бұл алтынның жөні бөлек. Келесі жылы да «Алания» өрнекті ойын көрсетіп, чемпионатты екінші орынмен аяқтады. Екі жыл бойы үздіктердің бірі болып жүрген клуб 1997 жылы қалың топтың ортасында қалып қойды. Қаржылық қиындықтар жоғары орындарға көтерілуге мүмкіндік бермеді. Көп ойыншылар командадан кете бастады. Тимофеев те 1998 жылы Нижнй Новогородтың «Локомотивіне» ауысады. Келесі  жылы Саратовтың «Сокол» клубында ойнады. Он жылғы үзілістен кейін – 2000 жылдардың басында елге оралды. Қолдаушысы мен демеушісі табылған Қызылжардың «Есіл-Богатырь» клубы көптеген танымал футболшыларды жинай бастаған. Сергей де Игорь Авдеев, Болат Есмағанбетов, Александр Фамильцев бастаған ұлттық құрама мүшелерінің қатарына қосылды. Сергей Петропавлда екі жылдың ішінде ел біріншілігінің күмісі мен қоласын олжалады. Жалпы, бұл команданың жейдесімен барлығы 55 рет алаңға шықты.

Ал 2002 жылы Дмитрий Огай жаттықтырған «Ертіс» клубы 37 жастағы қорғаушы өз қатарларына шақырады. Жасы біразға келсе де сыр бере қоймайды. Жиырма жастағы жігіттермен бірге жүгіріп, негізгі құрамдағы орнын ешкімге бермеді. Дмитрий Огай Сергей Тимофеевпен футболшы кезінен жақсы таныс. Сондықтан, оның шеберлігі мен тәжірибесіне сенім артты. Огайдың жасақтаған командасы екі жыл қатарынан Қазақстанда өзін теңдессіз екендігін мойындатты.

Біздің елде Қазақстан мен Ресей чемпионатында бірдей топ жарған футболшылар некен-саяқ. Осылардың арасында шоқтығы биік футболшы Сергей Тимофеев екені даусыз. Ал карьерасын «Екібастұз» сапында аяқтады. Спорттық ғұмырына нүкте қоймай жатып бапкерлік қызметті қатар алып жүрді. «Екібастұзда» ойнап жүргенде команданы жаттықтыра бастады. Қазақстан Футбол федерациясының басшылары бапкерлік тәжірибесі жоқ Тимофеевке бас команданың тізігінін ұстатады. Бұл кезде Қазақстан құрамасы УЕФА-ға мүше болғаннан кейінгі алғашқы ресми іріктеу ойындарына қатысуға мүмкіндік алған еді. Осындай  ел футболының жаңа тарихындағы құраманы Тимофеев баптады. Украина, Түркия, Грекия, Дания, Албания, Грузия құрамаларымен бір топқа түскен бас командамыз бір ұпаймен іріктеу кезеңдерін аяқтады. Жас маманның қызметіне көңілі толмаған федерация басшылары Тимофеевпен ат құйрығын үзіседі. Бас бапкерліктен кеткеннен соң ол біржола Ресейге қоныс аударады. Ресейге кетпес бұрын ұлттық құрамамен қатар «Атырау» командасын да жаттықтырған болатын. Ал Ресейде осы уақытқа дейін «Ростов», «Содовик», «Спартак» (Луховицы), «Сахалин», «Мостовик-Приморье» клубтарында қызмет істеді. Қазіргі кезде «Сахалин» клубының бас бапкері.

Жетістіктері:

КСРО чемпионатының Бірінші лигасының жеңімпазы: 1991жылы

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2002,2003 жылдары

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2000 жылы

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2001 жылы

Ресей чемпионатының жеңімпазы: 1995 жылы

Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: 1996 жылы

 

Бек Төлеуов, «Sport»

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға